10-сынып ЖМБ бойынша:
Тыңдалым және айтылым. Тыңдалған мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды.
Оқылым. Білім алушы өзі жазған эссе мәтінінен негізгі ойды анықтап, сұрақтар құрастырады.
Жазылым.
«Келісу, келіспеу» эссесін жазады. Жазылым барысында мәтіндердегі мәліметтер мен пікірлерді өңдеп, қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданады, тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады.
Балл қою кестесі
Балл
|
Сипаттамасы
|
5
|
Оқылым мәтіндеріндегі негізгі ақпараттарды пайдаланады. Эссе тақырыбын ашады. Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселеге баға беріп, мәтіндердегі мәліметтер мен пікірлерді өңдеп, өз ойын дәлелдеп жазады. Лексика мен грамматикалық формалардың кең ауқымын қатесіз, еркін және тиімді пайдаланады. Тілдің тыныс белгілері мен орфографиялық нормаларын сақтайды. Бір қате жібереді.
|
4
|
Оқылым мәтіндеріндегі негізгі ақпараттарды пайдаланады. Эссе тақырыбын ашады. Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша мәтіндердегі мәліметтер мен пікірлерді қамтып, өз ойын дәлелдеп жазады. Осы деңгейде күтілетін лексика мен грамматикалық формаларды жеткілікті түрде қолданатынын көрсетеді. Жіберілген қателіктері жауапты түсінуге кедергі келтірмейді. Тілдің тыныс белгілері мен орфографиялық нормаларын сақтайды. Бір-екі қате жібереді.
|
3
|
Оқылым мәтіндеріндегі негізгі ақпараттарды пайдаланады. Эссе тақырыбын ашады. Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, мәселе бойынша өз ойын жазады, пікірлер мен мәліметтерді қолданады. Осы деңгейде күтілетін лексика мен грамматикалық формалардың шектеулі көлемін қолданатынын көрсетеді. Жіберілген қателіктері жауапты түсінуге аздап кедергі келтіреді. Үш-төрт тыныс белгілері немесе емле қателеріне жол береді.
|
2
|
Оқылым мәтіндеріндегі ақпараттарды жалпылама пайдаланады. Эссе тақырыбынан ауытқу байқалады. Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды орынды қолдана алмайды, пікірлер мен мәліметтерді қолдана алмайды, көтерілген мәселе бойынша жалпылама жазады. Сөздік қорды қолдануда өрескел қателер жібереді, осы деңгейде күтілетін лексикалық және грамматикалық формалардың қолдануда қиналатыны байқалады. Жіберілген қателіктері жауапты түсінуде қиындық тудырады. Тыныс белгілері немесе емле қателері төрттен асады.
|
1
|
Оқылым мәтіндеріндегі ақпараттарды жалпылама пайдаланады. Эссе тақырыбынан ауытқу байқалады. Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды орынды қолдана алмайды, көтерілген мәселе бойынша өз пікірін жазбайды. Тіл нормалары туралы қарапайым білімі жоқ, сөздік қоры өте жұтаң. Грамматикалық, пунктуациялық, орфографиялық қателердің көп болу жауапты түсінуді қиындатады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |