Бекітемін Білім және ғылым вице-министрі М. Орынханов 2013 ж. 5В080500-«Су ресурстары және суды пайдалану»



жүктеу 37.59 Kb.
Дата17.07.2016
өлшемі37.59 Kb.
Бекітемін

Білім және ғылым вице-министрі

___________М. Орынханов

2013 ж.«______»_____________

5В080500-«Су ресурстары және суды пайдалану»

5В080700 – «Орман ресурстары және орман шаруашылығы»

5В081000-«Мелиорация, жерді баптау және қорғау»

мамандықтарына арналған

«Геодезия» («Инженерлік геодезия») пәні бойынша

Тест спецификациясы

1. Құрастырылу мақсаты:

Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.



2. Міндеті:

ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.



3. Тест мазмұны мен жоспары:

Тест «Геодезия» («Инженерлік геодезия») пәнінің типтік оқу жоспарына сәйкес оқу материалының келесi тақырыптарынан тұрады:





Мазмұны

Тапсырмалар саны

1

Жердің пішіні және өлшемдері туралы түсінік

1

2

Геодезиядағы координаталар жүйесі

1

3

Топографиялық пландар мен карталар

1

4

Жер беті объектілерінің шартты белгілері

1

5

Жердің профилі

1

6

Сызықтарды бағдарлау

2

7

Геодезиялық өлшеулер туралы түсінік

1

8

Сызықтық өлшеулер

1

9

Бұрыштық өлшеулер

2

10

Биіктік өлшеулер

1

11

Геометриялық нивелирлеу

1

12

Ауданды өлшеу

1

13

Геодезиялық түсірілістер. Топографиялық түсірілістер туралы алғашқы мәліметтер.

1

14

Теодолиттік түсіріс

2

15

Теодолиттік жүрістің нәтижелерін есептік өңдеу

2

16

Жер бедері мен жер жағдайын түсіру

2

17

Тахеометриялық түсіріліс

2

18

Тахеометриялық түсірілістің жоспарын салу

2




Бір нұсқадағы тест тапсырмаларының саны:

25


4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Тест тапсырмалары студенттің геодезиялық, топографиялық түсірілімдер және өлшеулер жасауды игергенін анықтауға мүмкіншілік береді.



5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.



6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.

Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.

7.Тапсырманың формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.

Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.

8. Тапсырманың апробациясы:



Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.

Директор Қ.Әбдиев


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет