Пәннің/модульдің саясаты:
|
- Білім алушылар дәріс, практикалық және ОБӨЖ сабақтарының кестесіне сәйкес тапсырмаларды күн сайын орындап отыруы керек.
- Білім алушылар сабақты талқылауға қатысып, жеке және топтық тапсырмаларды орындап, басқа ресурстарды да зерттеуі керек.
- Білім алушылар тапсырманың соңғы орындау мерзімін қадағалап отыруы керек.
- Білім алушылар сабақтың барлық түрін себепсіз жіберіп алуға болмайды.
- Білім алушылар БӨЖ-ын бағдарламада көрсетілген кестеге сәйкес орындауы керек.
|
Пәнді оқу мақсаты:
|
Егде және кәрілік жастағы пациенттердің проблемаларын дербес шешу үшін геронтология мен гериатриядағы мейіргерлік процесті ұйымдастыру, жоспарлау және іске асыру туралы білімді қалыптастыру
|
Пәнді оқу міндеттері:
|
Егде жастағы және кәрі жастағы науқастардың денсаулық жағдайын бағалау бойынша терең жүйелі білімді қалыптастыру;
- егде жастағы науқастарды күтудің теориялық және практикалық негіздеріне оқыту;
- егде жастағы пациенттерді стационарда және үйде медициналық көмек көрсету қағидаттарына оқыту;
- гериатрияның кәсіби этика және деонтология қағидаттарына үйрету.
- Әріптестермен және ұжыммен жұмыс істей білу, сондай
- ақ емдеу бригадасымен жұмыс істей білу - құрамында науқасқа медициналық көмек көрсету тәртібіне сәйкес жұмыс істеу-оқыту.
- Мейіргерлік манипуляция техникасын жүргізу және мейіргерлік күтімді жүзеге асыру
-оқытуды жүзеге асыру.
|
Құзыреттіліктер (оқыту нәтижелері):
|
БК-1.2 Сыни тұрғыдан ойлау және шешім қабылдау: күнделікті жағдайларда проблемалар мен ықтимал шешімдерді анықтайды, фактілерді, пікірлерді логикалық түрде талдайды және оның кәсіби қызметі аясында негізделген шешімдер қабылдайды.
БК-2.2 Этикалық қағидалар: кәсіби этикалық қағидаларды ұстанатынын көрсетеді, құпиялылықты сақтайды, пациенттердің өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік шараларын түсінеді, пациенттердің/клиенттердің, отбасылар мен топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында белгілі бір жағдайларда этикалық мәселелер туындаған кезде сыни бағалайды және шешімдер қабылдайды.
БК -3.2 Командада жұмыс істеу: әртүрлі кәсіби командаларда жұмыс істей отырып, жауапкершілікті көрсетеді, бірлескен жұмыстың нәтижелілігі мақсатында Өзін-өзі басқарудың жеке дағдыларын көрсетеді.
КК-1.3 Кеңес беру: емделушілер мен оның отбасы мүшелерін денсаулықты сақтау, ауруларды күту және алдын алу мәселелері бойынша оқытады, қауіп факторларын және қорғауды анықтайды. Әр түрлі әдістерді қолдана отырып, жеке және отбасылық деңгейде алдын-алу шараларын жоспарлайды және орындайды.
КК-2.1 Күтім және қоршаған орта қауіпсіздігі: стандарттарға, дәлелді білімге және клиникалық дағдылардың кең спектріне сәйкес қауіпсіз күтімді орындайды, адамдарды зиянды факторлардың әсерінен қорғаудың заманауи технологиялары мен тиімді әдістерін пайдаланады, қауіпсіз фармакотерапияны жүзеге асырады.
КК-3.1 Пациент-орталықтандырылған мейірбике күтімі: пациенттердің қажеттіліктерін анықтайды, пациент-орталықтандырылған жоспарды жасайды және енгізеді, күтім нәтижелерін құжаттайды және бағалайды. Науқас пен отбасының қатысуымен мейірбикелік шешімдер қабылдайды.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |