Бекітемін факультетінің деканы Мухамбетова А. 2020 ж


лекция. Кеден саласындағы ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологиялар



бет15/19
Дата15.11.2022
өлшемі133.51 Kb.
#464888
түріЛекции
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
кеден құқығы

12 лекция. Кеден саласындағы ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологиялар.

Дәрістің мақсаты: осы тақырыпты игеру мен зерделеу.


Жоспар:

  1. Кеден саласындағы ақпараттық жүйелер түсінігі

  2. Кеден саласындағы ақпараттық технологиялар түсінігі.

  3. Кеден саласындағы ақпараттық технологиялар түрлері.

Кеден органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелер, ақпараттық технологиялар және оларды қамтамасыз ету құралдары. Бағдарламалық өнімдер және ақпараттық алмасу. Электрондық құжаттарды құрастыру. Кеден органдарының ақпараттық ресурстары. Ақпаратты және ақпараттық процестер мен ақпараттандыруға қатысатын субъектілердің құқықтарын қорғау.
Ақпаратты өңдеудің техникалық әдістеріне үрдістерді ақпараттың программалық және математикалық қамтамасыз ету үрдістері жатады. Ақпараттық технологиялардың құралдары компоненттің белгілі бір типіне бір немесе бірнеше өзара байланысты бағдарламалық өнімдердің қолданушымен қойылған мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін жұмыс технологиясы. Дербес компьютер үшін құралдар ретінде келесі кеңінен тараған программалық өнімдердің түрлерін қолдануға болады:
Мәтіндік процессор (редактор), үстелдік баспалық жүйелер электронды кестелер, мәліметтер базасымен басқару жүйелері, электронды жазба кітапшалары, электронды күнтізбе, функционалды қойылымдардың ақпараттық жүйелері (қаржылық, бухгалтерлік, маргетингке арналған және т.б) экспертті жүйелер және т.б.
Ақпараттық технологиялар және ақпараттық жүйе.
Ақпараттық технологиялар негізгі ортасы болып табылатын ақпараттық жүйемен тығыз байланысты. Ақпараттық технологиялар компьютерде сақталатын операцияларды, әрекеттерді, қиындығы әртүрлі дәрежелі мәліметтер кешендерін орындайтын ережелерден құралатын жүйе болып табылады. Ақпараттық технологиялардың негізгі мақсаты – бірлік ақпараттарды қайта өңдеу бойынша мақсатты бағытталған әрекеттердің нәтижесінде қолданушыға қажетті ақпаратты алу.
Ақпараттық жүйе ақпартты өңдеудің адам-компьютерлік жүйесін ұсынады. Ақпараттық жүйе компьютер, компьютерлі желілер, бағдарламалық өнімдер, дерек қорлар, адамдар, әр түрлі техникалық және бағдарламалық әдістердің, байланыстардың құраушы элементтері болатын орта болып табылады. Ақпараттық жүйенің негізгі мақсаты – ақпараттары жіберуімен және сақталуын ұйымдастыру.
Ақпаратты жүйенің функциясын соған бағытталған ақпараттың технологияның – білімсіз іске асыру мүмкін емес. Ақпараттық технологиялар Ақпараттық жүйеден тыс аймақта да пайда бола береді.
Мысалы, ақпараттық жүйе болып табылмайтын мәтіндік процессор Microsoft Word ортасындағы жұмыстың ақпараттық технологиясы.
Осындай түрде, ақпараттық технология ақпарттық қоғамдағы ақпараттардың түрленуінің үрдістері туралы қазіргі ұсыныстарды бейнелейтін сыйымды түсінік болып табылады.
Ақпараттық технология - компьютердегі ақпараттарды қайта өңдеу бойынша мақсатта бағытталған тұлғаның нақты анықталған әрекеттерінің жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет