15 лекция. ЕАЭО-дағы біртұтас кедендік реттеу.
Дәрістің мақсаты: осы тақырыпты игеру мен зерделеу.
Жоспар:
ЕАЭО біртұтас кедендік реттеудегі кедендік саясатының халықаралық қатынастары.
ЕАЭО біртұтас кедендік реттеудегі дипломатиялық қатынастары.
Біріккен экономикалық кеңістік (БЭК) экономикалық және саяси интеграциясы ретінде. Біріккен экономикалық кеңістікті құрудың негізгі мақсаттары. Тауарлар, қызметтер, капитал және еңбектің жалпы нарығы. Салықтық, қаражат-несиелік, валюта-қаржылық, сауда, кедендік және тарифтік саясат. Аумақтық интеграцияның болашағы.
ЕЭК Министрі бизнес үшін анық және тұрақты қағидалардың құрылуы аса маңызды екендігін атап айтты. Ол өз сөзінде «ЕАЭО Кеден кодексі әрбір кәсіпкер ЕАЭО кедендік аумағына жүк әкелінген кезде қағидалар кенеттен өзгермейтініне сеніммен қарап, қажетті экономикалық есептемелерін алдын ала жасап алуға болатынына кепіл болатынын» айта кетті.
Одаққа мүше мемлекеттердің географиялық жағдайындағы артықшылықтарды ескерді, үздік халықаралық тәжірибелер зерттелді, Одаққа мүше мемлекеттердің озық әзірлемелері пайдаланылды. Бұдан басқа, ЕАЭО КК жобасында әлемдік экономиканың жаңа үрдістері көрініс тапты. Осындай трендтердің бірі – жаһанданудан аймақтануға қарай болжамды көшу болып отыр.«Бүгінде бізде ЕАЭО транзиттік әлеуетін іске асыру үшін ең қолайлы жағдайлар бар, – екенін Владимир Гошин атап өтті, дей тұра, осы әлеуетті іске асыру үшін Комиссияның және Тараптардың негізгі міндеті – ЕАЭО біртұтас субъект ретінде, еуразиялық кеңістікте нақты ойын ережелерінің кепілі ретінде ұсынатын осындай нормативтік-құқықтық базаны құрып алу болып отыр.
АЭО Іскерлік кеңесі – бұл Одаққа мүше мемлекеттердегі іскерлік топтардың тұрақты әрекет ететін үйлестіру-кеңесу органы. Кеңеске Арменияның өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің (жұмыс берушілері) Одағы, Беларуссияның өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің (жалдаушылар) Конфедерациясы, Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қырғыз өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің одағы мен Ресейлік өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің одағы кіреді. Кеңес Одақтың органдарымен өзара әрекеттесу кезінде ЕАЭО іскерлік топтарының арасында диалог пен тура байланыстар құруда, сауда-экономикалық қарым-қатынастарды, өнеркәсіптік және қаржылық ынтымақтастықты дамытуға, ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға қолдау жасауда, тосқауылдарды, алып тастаулар мен шектеулерді жоюға, интеграциялық бірлестіктің нарығына өзара қолжетімділікті анықтауға ЕАЭО мемлекеттерінің іскерлік қоғамдастығының үйлестірілген көзқарастарын әзірлеу мақсатында қызметтерді жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |