«Бекітемін» жшс «Ласточка» бөбекжай балабақшасы меңгерушісі Мергенбаева М. А. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары



бет15/36
Дата02.10.2023
өлшемі112.32 Kb.
#479538
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36
Перспективка қыркүйектен бастап

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Дауысты (а, ә, е) және кейбір дауыссыз (п-б, к-қ, т-д) дыбыстарды анық айту, дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту, артикуляциялық аппаратты дамыту, сөйлеу қарқынын өзгерту қабілетін дамыту: баяу сөйлеу, жаңылтпаштар айту.
Сөздік қор.
Балалардың сөздік қорын ойындар мен ойын жаттығулары арқылы кеңейту, сөздік қорды заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін, заттарды жалпы (ойыншықтар, киім, аяқ киім, ыдыс, жиһаз) және ерекше белгілері бойынша жалпылаушы сөздермен байыту, қарама-қарсы мағынадағы сөздерді - антонимдерді енгізу.
Тілдің грамматикалық құрылымы.
Сөздерді жіктелуіне, септелуіне қарай байланыстыру, зат есімдерді үстінде, астында, артында, жанында тәрізді көмекші сөздермен бірге қолдану, зат есімдерді жекеше, көпше түрде, етістіктерді келер және өткен шақта қолдану.
Байланыстырып сөйлеу.
Ересектердің сөзін тыңдау және түсіну, сөйлеу әдебінің тиісті формаларын дұрыс қолдану, ересектермен диалог құру, берілген сұрақтарды тыңдау және толық жауап беру.

Көркем әдебиет

- шешендікке, әдеби тілде сөйлеуге баулу;
- қазақ халық ауыз әдебиеті шығармаларымен, салт-дәстүрлерімен, мәдениетімен таныстыру;
- балалар әдебиетіне, театр әлеміне қызығушылықты қалыптастыру.
Таныс кітаптардағы суреттерді балалармен бірге қарастыру, оларға суреттердің мазмұны туралы эмоционалды түрде айту, балалардың пікірлерін тыңдау.
Жаңа ертегілерді, әңгімелерді, өлеңдерді тыңдай білуге, олардың мазмұнындағы әрекеттердің дамуын бақылауға, шығарманың кейіпкерлеріне жанашырлық танытуға тәрбиелеу. Балалармен кейіпкерлердің әрекеттері мен олардың әрекеттерінің салдарын талқылау.
Балаларды тақпақтар мен шағын өлеңдерді жатқа айтуға үйрету.

Қазақ тілі

- артикуляциялық және дауыс аппаратының, есту қабілетінің дамуына ықпал ету;
- қарым-қатынас мәдениетіне, көркем қабылдау мен эстетикалық талғамға тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет