Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Дауысты (а, ә, е, о) және кейбір дауыссыз (п-б, к-қ, т-д, ж-ш) дыбыстарды анық айту, дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту, артикуляциялық аппаратты дамыту, сөйлеу қарқынын өзгерту қабілетін дамыту: баяу сөйлеу, жаңылтпаштар айту.
Сөздік қор.
Балалардың сөздік қорын ойындар мен ойын жаттығулары арқылы кеңейту, сөздік қорды заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін, заттарды жалпы (ойыншықтар, киім, аяқ киім, ыдыс, жиһаз) және ерекше белгілері бойынша жалпылаушы сөздермен байыту, қарама-қарсы мағынадағы сөздерді - антонимдерді енгізу.
Тілдің грамматикалық құрылымы.
Сөздерді жіктелуіне, септелуіне қарай байланыстыру, зат есімдерді үстінде, астында, артында, жанында тәрізді көмекші сөздермен бірге қолдану, зат есімдерді жекеше, көпше түрде, етістіктерді келер және өткен шақта қолдану.
Байланыстырып сөйлеу.
Ересектердің сөзін тыңдау және түсіну, сөйлеу әдебінің тиісті формаларын дұрыс қолдану, ересектермен диалог құру, берілген сұрақтарды тыңдау және толық жауап беру.
Көркем әдебиет
|
- шешендікке, әдеби тілде сөйлеуге баулу;
- қазақ халық ауыз әдебиеті шығармаларымен, салт-дәстүрлерімен, мәдениетімен таныстыру;
- балалар әдебиетіне, театр әлеміне қызығушылықты қалыптастыру.
Оқылған шығармадан ең қызықты, мәнерлі үзінділерді қайталау, балаларға сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін қайталап айтуға мүмкіндік беру.
Балаларды тақпақтар мен шағын өлеңдерді жатқа айтуға үйрету.
|
Қазақ тілі
|
- артикуляциялық және дауыс аппаратының, есту қабілетінің дамуына ықпал ету;
- қарым-қатынас мәдениетіне, көркем қабылдау мен эстетикалық талғамға тәрбиелеу.
Тілдік дамытушы орта.
Балалардың ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауына жағдай жасау: бір-бірімен күнделікті еркін ойында, дербес әрекеттерде ауызекі сөйлесуге, бірлескен әрекеттері туралы келісуге, ортақ тақырыпта әңгімелесуге, сұрақтарға жауап беруге, өз бетінше кітаптарды қарауға, өзінің алған әсері мен қалауын білдіруге, сәлемдесуде, өтінішін, ырзашылығын білдіруде сыпайы сөйлеу әдебін сақтауға, құрдастарын есімімен толық, дұрыс атауға баулу.
|
Достарыңызбен бөлісу: |