Сценарийі Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғырым»



бет1/3
Дата07.03.2023
өлшемі21.35 Kb.
#470486
түріСценарий
  1   2   3
тәуелсіздік кеші

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған тәрбие сағатының


сценарийі
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғырым»
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту; Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру; бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел азаматы етіп тәрбиелеу..

1 -жүргізуші: Құрметті Ұстаздар және оқушылар! Баршаңызды бүгінгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз.
2 -жүргізуші: Бүгінгі іс шарамыз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады. « Тәуелсіздік тұғырым» деп аталатын мектебіміздің 9 «А» және 9 «Б» сыныптарының ұйымдастырумен өткелі тұрған кешін бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтуді жөн көрдік.
1 -жүргізуші: Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.
2 -жүргізуші: тіліміз бен дінімізден безіп, ұлттығымызды жоғалтып алғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ербол, Ляззат, Сабира сынды аға апаларымыздың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық десек артық айтпаған болар едік. Тәуелсіздікке табан тірердегі осынау бір оқиға жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.
Міне, содан бері 30 жыл.
1 -жүргізуші: Ел болдық егеменді, теңдік алып,
Бар әлем қазақ елін болды танып.
Қойнауы кенге толы Қазақ елі,
Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет