Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Артикуляциялық және дыбыстық аппаратты, сөйлеу кезінде тыныс алуды, естуді дамыту. Көрнекілікпен немесе көрнекіліксіз өзіне айтылған сөзді тыңдау және түсінуді дамыту. Қазақ тіліне тән ә, ө, қ, ү, ұ дыбыстарын өздігінен дұрыс айтуға баулу.
Сөздік қор.
Ауызекі сөйлеуде түрлі балалар әрекеттерінде қоршаған орта заттары мен табиғат нысандарының атауларын өздігінен қолдануды қалыптастыру. Баланың сөздік қорын дамытуда, санамақтар, тақпақтар, жаңылтпаштарды жаттауға баулу.
Тілдің грамматикалық құрылымы.
Сөздерді байланыстырып, сөз тіркестерін құрастыруға (зат есім және сын есім, зат есім және етістік) үйрету.
Байланыстырып сөйлеу.
Ойыншықтар мен заттарды қарастыра отырып, сұрақтарға жауап беруге, оларды жай сөйлемдермен сипаттап айтып беруге баулу.
Таныс ертегілер мен шағын шығармалардың мазмұны бойынша алдымен сұрақтарға жауап беруге, кейіннен өздігінен қайталап айтуға баулу.
Математика негіздері
|
- қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру;
- бақылау арқылы қоршаған орта заттарының санын, пішінін, шамасын, олардың кеңістікте орналасуын ажыратуға үйрету;
- заттарды зерттеуге қызығушылықты ояту, жаңаны тануға, өзіне сенімділікке баулу;
- командада жұмыс істей білуге дағдыландыру;
- көрнекі-қимылдық ойлауды және шығармашылық қиялдауды дамыту.
Шама.
Екі затты өлшемі бойынша (ұзын-қысқа, биік-аласа, артық-кем) салыстыру. Өлшемдері қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру, заттарды салыстыруда шаманың берілген белгісі бойынша (ұзындығы, ені, биіктігі, жалпы шамасы бойынша) бір затты екінші затпен беттестіру және жанына қою тәсілдері арқылы салыстыру, салыстыру нәтижелерін ұзындығы бойынша ұзын-қысқа, бірдей, тең, ені бойынша кең-тар, бірдей, тең, биіктігі бойынша биік-аласа, бірдей, тең, жалпы шамасы бойынша үлкен-кіші сөздерімен белгілеу.
|
Қоршаған ортамен таныстыру
|
- балаларды қоршаған ортадағы заттардың атауларымен және олардың міндеттерімен таныстыру, таныс заттарды ажыратуға үйрету;
- отбасына, туған өлкесіне, Отанға деген сүйіспеншілікке, ересектерге құрмет көрсете білуге, кішілерге жанашыр болуға тәрбиелеу;
- еңбектің нәтижесіне құрметпен қарауға тәрбиелеу, көмек көрсету ниеттерін қолдау;
- тірі және өлі табиғат туралы білімдерін байыту;
- табиғатта қауіпсіздікті сақтау (саңырауқұлақтар мен жидектер жемеу, жануарларға тиіспеу);
- құммен, сумен, қармен, ұсақ заттармен ойындарда қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыру (оларды ауызға алмау, құмды шашпау, заттарды
құлаққа, мұрынға тықпау);
- табиғатқа сүйіспеншілікке және қамқорлық жасауға баулу.
|
Құрастыру
|
- қарапайым заттарды, құбылыстарды, пішіндерді, түстерді, бөліктердің орналасуын бере отырып, бейнелеу дағдыларын қалыптастыру, көз бен қолдың үйлесімін дамыту.
Ұжымдық құрылыс жасауға баулу, алдын ала келісе отырып, құрылыс бөліктерін жеке дайындау, өздерінің құрастырған бұйымдарын біріктіре отырып, дайын болған құрылыспен бірге ойнату.
|
Сурет салу
|
- бейнелеу өнеріне қызығушылықты қалыптастыру, шығармашылық ойлауы мен қиялдауын дамыту;
- бейнелеу әрекеті мен оның нәтижесіне эмоционалды жағымды қарым қатынас орнату;
- бейнелеу әрекетін балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, ұйымдастыру, балаларға бейнелейтін заттарды өз бетінше зерттеуге мүмкіндік беру;
- қазақ халқының өнер туындыларымен, сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыру;
- өнер туындыларына, қоршаған шынайы әлемнің эстетикалық жағына қызығушылықты тәрбиелеу;
- бейнелеу әрекеті барысында қауіпсіздікті сақтауға және еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа баулу.
Бір заттың немесе түрлі заттардың суретін салуды қайталай отырып, қарапайым сюжеттік композициялар жасауға үйрету, тұтас қағаз парағына бейнені орналастыру, қызыл, сары, жасыл, көк, қара, ақ негізгі түстер мен олардың реңктерін (қызғылт, көгілдір, сұр) қолдану.
|
Мүсіндеу
|
- балалардың қалауы бойынша материалдарды, бейнелеу техникасын (саусақпен, алақанмен, мақтамен, сазбалшықпен, ермексазбен, қағазбен) таңдауға мүмкіндік беру;
- қазақ халқының өнер туындыларымен, сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыру;
- өнер туындыларына, қоршаған шынайы әлемнің эстетикалық жағына қызығушылықты тәрбиелеу.
Бірнеше бөліктерді қосу, қысу, біріктіру арқылы өсімдіктерді және жануарларды мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.
|
Жапсыру
|
- балалардың қалауы бойынша материалдарды, бейнелеу техникасын (саусақпен, алақанмен, мақтамен, сазбалшықпен, ермексазбен, қағазбен) таңдауға мүмкіндік беру;
- қазақ халқының өнер туындыларымен, сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыру;
- өнер туындыларына, қоршаған шынайы әлемнің эстетикалық жағына қызығушылықты тәрбиелеу.
Жапсыруда табиғи материалдарды және қағазды түрлендіру әдістерін (жырту, умаждау, бүктеу, қатпарлау) қолдану.
|
Музыка
|
- музыкаға қызығушылықты қалыптастыру, шығармашылық ойлауы мен қиялдауын дамыту;
- қазақ халқының өнер туындыларымен, сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыру;
- өнер туындыларына, қоршаған шынайы әлемнің эстетикалық жағына қызығушылықты тәрбиелеу.
|
«Ласточка» бөбекжай балабақшасы
Ортаңғы «Балапан» тобы
Балалардың жасы: 3 жастан.
Жоспардың құрылу кезеңі: наурыз айы, 2023-2024 оқу жылы.
Достарыңызбен бөлісу: |