«Бекітемін» Мәдениет және өнер факультетінің деканы М. Ж. Таңірбергенов (Т. А. Ж. қолы) 202 ж. Практика бағдарламасы



бет6/15
Дата15.03.2024
өлшемі1.16 Mb.
#495730
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Бағдарлама Өндірістік практика 2 (1)

2. Практика мазмұны
2.1 Практика базасының қысқаша сипаттамасы
Студенттердің өндірістік ІІ практикасының базалары төмендегідей:
1 ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖАСТАРДЫҢ УАҚЫТЫН ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ» МКҚК
Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығы 1976 жылдан бері тоқтаусыз жұмыс істеп келеді. Мұнда қырыққа жуық үйірме бар. Осы үйірмеде қала мектептерінің 4 мыңнан астам оқушысы өз мүмкіндіктерін ашуда. Кәсіби білім алып, белгілі бір мамандықтың қыр-сырын үйренген жас арнайы сертификатқа да ие болады. Үйірмелерге 1-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі оқушылар қатыса алады. балалар спорттың 15 түрімен де шұғылдана алады. Ең бастысы — барлығы тегін. Сондықтан жастардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы іске жұмсайтын мұндай орталықтың бүгінде пайдасы зор





2 ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ» МКҚК
Оқушылар сарайында техникалық бағытта 5 үйірме жұмыс істейді. Мұнда 240 бала қосымша білім алады.
«Авиамодельдеу» үйірмесі
«Авиамодельдеу» үйірмесі мекемедегі тәжірибелі үйірмелердің бірі. Бұл үйірме қала деңгейінде авиамодельдеу саласындағы бірегей үйірме. Мұнда балалар мен жасөспірімдер түрлі модельдер мен құрылғыларды құрастыру және дайындау дағдысын қалыптастырып, ұшатын аппараттың шығу тарихы, техникалық сызу және сызбаларды қолдануды үйренеді. Мамандық таңдау бағытында жарыс, байқау, көрмеге қатысу, экскурсияға бару, т.б. іс-шаралар ұйымдастырылады.
Жыл сайын жазғы маусымда үйірме авиамодельдеу спорты бойынша Алматы қаласындағы «Байсерке» аэродромында өтетін ҚР Ашық Чемпионатына қатысады
Тәуелсіздік күні қарсаңында мекемеде “Тәуелсіздік: жаңа мүмкіндіктер, жаңа идеялар, жаңа технологиялар...” тақырыбында “Арабеска”, “Галатея”, “Мастер класс”, “Радуга”, “Шаңырақ” студиялары, “Авиамодельдеу” үйірмесі және “”Robopark” үйірмелері көрме ұйымдастырды.
«Еркетай» балалар би ансамблі
10 жылдан астам уақыт жұмыс жүргізіп келе жатқан бұл ансамбльге балалар 3 жастан бастап қабылданады. Ансамбль әдемі би қойылымымен, костюмдерінің ерекшелігімен көрермен көңілінен шығады. Бүгінгі таңда бірнеше Халықаралық байқаулардың жүлдегері, әлемдік фестивальдердің лауреаты, мекеменің мақтанышы.
«Алтын ғасыр” эстрадалық вокал үйірмесі (жетекшісі: Ашимов Т.О.) Репертуары патриоттық әндермен толыққан бұл үйірменің өнерпаздары қаламыздың ауқымды мерекелік іс-шараларына сән келтіріп, қалалық, республикалық байқауларда жүлделі орындар иеленіп келеді.
Дәстүрлі ән «Әгугай домбыра» (жетекшісі: Оразбаева М.С.) үйірмесі Ұлттық аспабымыз домбыраны тәрбие құралы ретінде пайдаланып, балаларды отансүйгіштікке баулу, ұлтжанды, жан-жақты дамыған жеке тұлға етіп тәрбиелеу мақсатында жұмыс жасап келе жатыр.
«Алпамыс» аула клубында балалардың қызығушылығына, ата-аналардың сұранысына қарай “Мәнерлеп оқу”, "Ағылшын тілі", ”Алтын қолдар” үйірмелері жұмыс жасайды.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет