Бекітемін: Мектеп директоры Б. Х. Жангельдин жыл Саға жббом 2022-2023 оқу жылы бойынша «Ұмай» аналар мектебінің жылдық жұмыс жоспары


«Қызды көргенді ету үшін алдымен ана өзіне шек қойған»



бет3/18
Дата09.03.2023
өлшемі55.62 Kb.
#470560
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
аналар мектебі 22-23

«Қызды көргенді ету үшін алдымен ана өзіне шек қойған»
Семинардың қорытындысы іспетті соңғы жұмыс секциясы «Бойжеткенмен сырласу» деп аталды. Ол семинардың тұщымды практикалық жұмысы болды. Мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалымы Гүлдана Байжан жетекшілігімен өткен секция жұмысында мектеп бітіргелі отырған оқушылармен сырласу форматында өтті. Алдымен жетекші қатысушы қыздар аналарымен ой бөлісіп, отбасындағы әйел мен ер міндеттері, бала алдындағы, әсіресе, қыз тәрбиесіндегі жауапкершілігі туралы түсіндірді. «Әлемнің жарығы», «Анашым», «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты үш топқа бөлінген қатысушы қыздар мен аналар өздерінің қыз тәрбиесіндегі тәжірибесімен сыр бөлісіп, қатысушы бойжеткен қыздар «Анамның айтқандары» күнделігі бойынша тапсырма алды. Сабақ барысында бұрынғы аналар қыздары әдепті болуы үшін жасаған тәрбие тетіктерін тізіп шықты. «Қызды көргенді ету үшін алдымен ана өзіне шек қойған», «әже - қыз бала тәрбиесінде мықты қорған», «қыздың тыңдайтыны – ата-ана, сескенетіні, сыйлайтыны – аға, сырласатыны –жеңге, ұялатыны – ауыл, ру» деген қазақтың жазылмаған заңдылықтары мен қыз тәрбиесіндегі қағидалары қайталанды. - «Қыз» - ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны, бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана, әже деген зор дәрежеге жетеді. Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді,- деген оймен қорытындылап, қатысушы ұстаздар тарапынан сабақ «өте жақсы» деген бағасын алды. Бюджеттен бір тиында бөлінбеген жобаны Жалау Мыңбаев мектеп-гимназиясы ата-аналар мен ұстаздар көмегімен мектеп ұжымының ұйымшылдығы негізінде ұйымдастырып, өнеге бола білді. Қатысушылар мектепке ата-ана келмейді, ата-ананы қоғамдық жұмыстарға тарту қиын деген әңгімелердің бос сылтау екенін осы шарадан байқағандарын да жеткізіп жатты. Семинардың шығармашылық қорытындысы мектептің ата-аналары мен ұстаздарынан құралған «Әжелер ансамблі», оқушылардан құралған «Домбырашылар ансамблі» өнер көрсетті. Айтпақшы, дәл осы «Домбырашылар ансамблі» жақын күндерде Түрік еліндегі фестивальге қатысып, Қара теңізді күй күмбіріне бөлеп қайтып, қуантты. Бұл да аталмыш мектептің ең үлкен жетістіктерінің бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет