Ән: «Қазақ қыздары»
Орындайтын: 6б сынып оқушысы Мелдебек Нұрсұлтан
Жүргізуші: «Қыз»-ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны, бүкіл адамзат қыздан тарайды.Қыз келін болады,ана болады,әжеге айналады. Қыздар ! Өздеріңді алақанға салып әлпештеп отырған осынау бір елімізге адал перзент,асыл азамат боламын десеңдер,еңбекшіл болыңдар! Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тұтқасы сендерсіңдер!
Қорытынды сөз: Мектебіміздің директоры беріледі.
Құрметті ұстаздар,ата-аналар, оқушылар бүгінгі дөңгелек үстелге қатысқандарыңызға , ат салысқандарыңызға рақмет!
Сырғалым» аналар мектебі
«Қыз тәрбиесі –ұлт тәрбиесі» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелдің анықтамасы
Дөңгелек үстелдің мақсаты: Қазақ халқының әдет-ғұрып,салт дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс –тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті ,сыпайы, адамгершілігі мол, білімді, жан-жақты жетілген қыз бала тәрбиелеу.
Қыз баланы қазақта кішкентайынан мәпелеп, аялап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірген. Жалғандағы нәзіктік пен пәктікті, инабаттылықты әрбір қазақ қызының бойына сіңіріп өсірген.
Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп апамыз өзінің «Бабалар аманаты» атты кітабында: «Қазақ қазақ болғалы қыз сыйлаған, қызын алқалаған текті халық еді. Сандығында кілті жоқ жомарт қазақ сол жомарттығын алдымен қызына жасаған. «Ұл – түтін, қыз – күтім» деп қызға жақсыны кигізіп, дәмдіні жегізіп, жорғаны мінгізген. Үйдің оң жақ төріне отырғызған. Тұрмысқа шықпаған қызды «оң жақтағы қыз» дейтіні сондықтан. «Ұрыс-керіс естіген қыздың мінезінің мәні болмайды» деп, қыз көзінше өрескел, бейпіл сөз сөйлемеген, анайы қылық көрсетпеген. «Бақыты байланады, жолы кесіледі» деп қызға қол көтермеген. Тіпті, отырған қыздың аяғынан аттамаған. Мұны кесір деп түсіндірген. Өйткені еркектің де, әйелдің де тарайтын түбі – қыз. Оң жақта отырғанда жүз жігіттің арманы болса да, қызға бір азаматтың адал жан жары болу – парыз», – деп жазады.
Міне, кешегі қазақ қыздары ата-анадан осылай тәрбие алып, өз отбасының ұйытқысы бола білді.
«Қызым үйде – қылығы түзде» демекші, қыз баланың жүріс-тұрысы мен киім киісі тәрбиенің негізі болып саналады. Жасыратыны жоқ кейбір ата-ананың баласымен араласуға да уақыты жоқ. Осыдан барып бала әке – шешесінен суып, оларға деген сыйластықтан алыстай бастайды. Бала кезінен жылылық мейірімді көрмеген адам баласы жүрегін бойлаған суық ызғардың өшін өзгелерден алатын қатыгездікпен өседі.
Бүгінгі күнде қыздарымыздың көзге оғаш көрінетін киімдерін айтар болсақ, бұрын-соңды болмаған, құлақ естіп, көз көрмеген. Ата-ана баламыз қатар құрбысынан қалмасын деген оймен заман талабына сай жаңа үлгімен киіндіріп, қалталылар көлік мінгізеді. Сондада әр нәрсенің өз орны бар емеспе.
Достарыңызбен бөлісу: |