Бекітемін. Мектеп директоры: «Жолы болсын әркімнің, орында жол тәртібін!»



бет15/29
Дата02.02.2024
өлшемі145.43 Kb.
#490587
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29
Бастауыш ҚМЖ тәрбие сағаты 23ж24 (3)

Мектеп директоры:


«Экология өмірдің соғып тұрған жүрегі »

Сынып жетекші:



2023-2024

Сынып жетекшінің аты-жөні




Күні:




Сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

Экология өмірдің соғып тұрған жүрегі

Тәрбие жұмысының бағыты




Мақсаты

Ойлау қабілетін, жалпы дүниетанымын, ғылыми көзқарасын дамыта отырып, өз елінің қамын ойлайтын, табиғат байлығын көз қарашығындай қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу.

Бағалау критерийлері:




Тәрбие сағатының барысы

Барысы

Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар

Кіріспе
10 мин

Негізгі бөлім
25 мин



Тәрбие сағатының жүру барысымен және мақсатымен таныстыру. Оқушыларды төрт топқа бөліп отырғызу. Оқушылардың ішінен 3 оқушыдан тұратын «Эксперт» тобын құрып, олардың міндеттерін түсіндіру. Қалған оқушыларды басқа топтарға бөлу. Ол үшін оқушыларға ақын, жазушы, жыршылардың суреттері, калькулятор, шот, компьютердің суреттері және қайшы, желім, жіп, ине салынған суреттер көрсетіледі. Оқушылар өдеріне ұнаған суреттерді таңдайды, соған байланысты топтарға бөлінеді: «Шығармашыл» , «Үнемшіл» , «Өнер» топтарына бөлініп отырады
1. «Танысу» аялдамасы. Глобусты бір – біріне бергенде өзінің аты – жөнін және немен айналысатынын айтып, келесі оқушыға береді. Глобусты ұстап айтуды мұғалім өзінен бастайды.
Сол кезде «Эксперт» тобы оқушылардың Жер шарын қалай ұстағанға мән береді. Глобус мұғалімге қайтып келгенде, «Біз жерде өмір сүреміз. Бәріміз ата- ана үшін, оқу үшін, болашақ үшін жауап береміз, ал Жер үшін жауапкерлікті сезінеміз бе? Оның өсімдігімен, топырағымен, ауасымен, қалаларымен не болып жатқанын білеміз бе? Әркім осы жерде өзінің ізін қалдырады. Сендер әлі оқушысыңдар, болашақта Қазақстанның белгілі де, білімді азаматы болсаңдар сендерде Жерде іздеріңді қалдырасыңдар. Мысалы қазақтың қара тасын құрметтеген Қаныш Имантайұлы Сәтбаев өз ізін қалдырды. Ол адамның орасан еңбегі үшін, 1976 жылғы маусым айында ашылған № 2402 кіші планетаға аты берілді. «Сәтбаев» планетасын әрдайым Торпақ жұлдызынан көріп отыруға болады» - дей отырып ол «Эксперт» тобына сөз береді. Бұл топ өздерінің байқағандарын айтады.
2. Енді «Киностудио» аялдамасына келеді.
«Қазақстанның байлықтары» фильмін көру. 2-3 мин
3. «Ой шақыру» аялдамасы.
«Қазақстанның байлықтары» фильмін көріп, оқушылар Қазақстанның байлықтарын айта келіп, оны өндірудегі табиғатқа зиян келтіретін екінші жақтарын көрсетеді. «Байлықтарды дұрыс игермеу неге әкелді?», «Адамзаттың әдейі жасалған қастандықтарының соңы неге әкеп соқтырды ?» - деген сұрақтарға жауап береді.
4. «Қасірет» аялдамасы. «Арал тағдыры», «Семей полигоны» видеофильмдерінен үзіліс көрсетіледі.
«Арал тағдыры» бейнефильмінен қандай ой түйдіңдер?
«Семей полигоны» бейнефильмінен қандай жағдайды көріп тұрмыз.
Қазақстанның экологиялық картасы көрсетіледі.
«Шығармашыл», «Өнер», «Үнемшіл » топтарының тапсырмаларын беру.
«Шығармашыл» тобына тақпақтарды беріп, мәнерлеп оқуды, аңыз әңгімені аяқтауды және осылар бойынша қандай ой түйгенін білу.
«Өнер» тобына қалдық заттарды беріп, ойыншықтар жасауды сұрау, жасау себептері мен мақсаттарына көңіл бөлу.
«Үнемшіл» тобына жанұяның бір күнгі үйден шығатын қоқыстарын есептеуін, олардың азайту жолдарын сұрау, ұсыныстарын білуге тапсырмалар беру. Қазақстанның экологиясын бүлдірмеу үшін қандай ұсыныстар айтылатынын білу.
5. «Ұлттық – тәлім тәрбие» аялдамасы.
«Шығармашыл» тобының қазақтың экологиялық тыйым сөздері, мақал – мәтелдері, нақыл сөздері бойынша жарысын және аңыздар мен салт – дәстүрлеріне Наурыз мейрамын мысалға алғанын тыңдау.
Тыйым сөздер: «Бұлақты былғама» , «көкті жұлма», «ағашты сындырма», «аршаны аралама», «суға түкірме», «суды ылайлама», «құмырсқаның илеуін бұзба» , «аққуды атпа», «қүстың ұясын бұзба» және тағы сол сияқты
Мақал – мәтелдер, нақыл сөздер: «Судың да сұрауы бар» , «Өзен жағалағанның өзегі талмас» , «Бақ өсіргеннің баңғы жанады», «Тоғайды тұяқ тоздырады» және тағы басқа








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет