Бекітемін: Мектеп директоры: М. Оспанов 2015ж


Т3. С22. Бас, кеуде, құрсақ, дененің жамбас бөлігі және аяқ- қолдарды таңу ережесі және әдістері



бет3/4
Дата16.06.2016
өлшемі338 Kb.
#138507
1   2   3   4

Т3. С22. Бас, кеуде, құрсақ, дененің жамбас бөлігі және аяқ- қолдарды таңу ережесі және әдістері.

Басқа: "чепец" таңғышы ыңғайлы және берік болып саналады, ол бинт жолағы арқылы төменгі жақ астына бекітіледі. Бинтті әрбір ораған сайын тік ленталардан асыра тастау арқылы оны біртіндеп барған сайын тік ете отырып, басты толық жапқанша орайды. Осыдан кейін бинтті тік лентаға бекітеді. Лента ұштарын иек астына бант түрінде байлайды, бұл бүкіл таңғыштың беріктігін қамтамасыз етеді.

Қолға: саусаққа спиральді таңғыш салу білезік аумағында біркелкі айнала жүрістен басталады (1), содан кейін бинтті қолдын сырты арқылы қиғаштап бас бармаққа әкеледі (2). Осы жерде спиральді айналыммен саусақ түбіне дейін бинттеледі (3, 4, 5, 6, 7). Қолдын сырты арқылы (8) бинт білезікке апарылып, осы жерде бекітіледі (9). Осындай таңғыш барлық саусаққа салынуы мүмкін, ол қолғапқа ұқсайды. Қол басына әдепті сегіздік түріндегі таңғыш салынады. Білек пен бүгілген шынтаққа таңғышты спиральді иілме түрінде салады, тік бұрышта бүгілген шынтаққа (шынтақ буынының ауруы немесе зақымдануы) "тасбақа" типті (ұштасатын немесе алшақтайтын) таңғыш салады, ол тізе аумағына салынатын таңғыш сияқты

Кеудеге: спиральді таңғыш салады. Бинттен 1,5 м бөлік кесіп алып, бір ұшы арқада, ал бір ұшы кеудеге салбырап тұратындай етіп сау білекке қояды, семсер түріндегі ұшынан әжептәуір төмен айнала жүріспен бинтті бекітеді, осыдан кейін төменнен жоғарыға спираль секілді айналдыра барлық кеуде клеткасын қолтық астына дейін орайды және осы жерде айнала жүріспен бекітеді. Бинттің бос салбырап тұрған бөлігін (1) он иықтан ары тастап, арқада салбырап тұрған ұшымен байлайды.

Ішке: іштің жоғаргы белігі үшін жоғарғы жақтан бинттің кәдімгі спираль таңғышы қолданылады. Іштің төменгі бөлігіндегі таңғыш іштің спиральді таңғышының жамбас таңғышымен біріктірілуінен тұрады (151-сурет).

Аяққа және шапқа (бұт арасына) таңғыш салу ережелері мен тәсілдері

Аяққа; сан аумағында иілмелері бар спиральді таңғыш қолданылады, айқыш түріндегі таңғыш жүрістері арқылы санның жоғарғы үштен бір бөлігіне бекітеді; тізе буыны аумағында — аяқты бүгіп қойған қалыпта "тасбақа" типті таңғыш, ал аяқты буса — тізе буынының жоғарғы және төмен айнала отырып, тізе асты шұңкырында айқасатын қиғаш айналымдар жасайтын сегіздік түріндегі таңғыш салынады.

Балтыр аумағына әдеттегі спиральді ділмелері бар, көбіне көтерілетін таңғыш салынады. Таңғыш берік болу үшін балтырдың бәрі оралуы керек (152-сурет).

Бұт арасына: бинттің бекіткіш жүрісі — бел айналасында болады. Бинттің келесі орамы шап арасынан жүргізіледі. Таңғыш берік болу үшін, қосымша сан арасынан жүргізу арқылы бекітуге болады. Бұт арасына, сондай-ақ сақпан тәрізді таңғыш қоюға да болады, оны бинттен жасалған белдікке бекітеді.

Алғашқы әскери дайындық пәнінің

ұйымдастырушы - оқытушысы: _________ М.Сериков


Бекітемін:

Мектеп директоры:

__________М.Оспанов

«___» ________ 2015ж

28 IІI-тарау. Өмір қауіпсіздігінің негіздері.



Сабақтың тақырыбы: Бас және ми жараланған кезде жәбірленушіге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету, көкірек қуысының жарақаттану сипаты, көкірек қуысы және құрсақ жараланған кезде көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек.


  1. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға алғашқы медициналық көмек беруді, таңғыш салу әдістерін үйрету

  2. Уақыты: 45 мин

  3. Өткізілетін орны: 11 сынып, АӘД бөлмесі.

  4. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы,плакаттар.

  5. Сабақтың барысы:


а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.



б) Негізгі бөлім – 22 мин.

Бас және ми жараланған кезде жәбірленушіге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету, көкірек қуысының жарақаттану сипаты, көкірек қуысы және құрсақ жараланған кезде көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек.



в) Қорытынды бөлім – 10 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Басқа таңғыш қою тәсілдерін айтыңдар және көрсетіңдер.



2. Кеудеге, ішке, аяққа, бұт арасына таңғыш қою туралы айтыңдар (150,153-суреттер бойынша).
Т3. С23. Бас және ми жараланған кезде жәбірленушіге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету, көкірек қуысының жарақаттану сипаты, көкірек қуысы және құрсақ жараланған кезде көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек.

Бас сүйегі мен мидың жаралануы тесіп өткен немесе соқыр болуы мүмкін және ауырлығымен ерекшеленеді, өйткені өмірлік маңызды ми бөліктерінің зақымдануы, оның шайқалуының ауыр дәрежесі, соғып алу немесе қысу, сондай-ақ іріңді инфекцияның дамуы қабаттаса жүреді. Белгілері — жараның болуы, жарадан ликвордың ағуы, бас миы заттарының ісінуі және т. б.

Алғашқы медициналық көмек — мақта-дәкелі қалтқымен асептикалық таңғыш салады, бас сүйек сынғанда басты иммобилизациялайды, медкызметкердін алып жүруімен сақтықпен емдеу мекемесіне тасымалдайды.

Кеуде клеткасының жаралануы оқ немесе суық кару әсері нәтижесінде пайда болады және кеуде қабырғасының плевражұмсақ тілінің зақымдануы қабаттаса жүруі мүмкін (өтіп кеткен жара). Бұл кезде плевра қуысына ауа кіріп кетуі (плевраторакс) және органдардың жүрек, өкпе зақымдануы ықтимал. Бұл органдар орнынан жылжып және қысылып, тыныс алу мен қан айналымы бұзылуы қабаттаса жүреді. Дем алғанда плевра қуысына ауаның түсуі және дем шығарғанда оның шығуы — клапанды пневмоторакс деп аталады.

Сондықтан мейлінше ауа шығару фазасында асептикалық таңғыш салу жолымен плевральды қуысқа ауаның енуін дереу тоқтату керек. Бұл кезде кеуде клеткасы жарасына стерильді салфетка (вазелин жағылған) үстіне клеенка бөлігін (ЖТП клеенка қабығын немесе жыртылған резина қолғапты пайдалануға болады) салады, ал оның үстіне мақтаның қалың қабатын бинттеп байлап тастайды (154, 155-суреттер), Сондай-ақ ауырғанды басатын құралдарды пайдалануға (промедол инъекциясы), кеудеге суық басуға болады. Жаралыны тізесін бүктірген қалыпта АМКЖ дереу тасымалдап жеткізу керек.

Еніп кеткен (ашық) жарақаттануы іш қабырғасы және іш қуысы органдарының (әсіресе оқ тиген немесе шаншылған) жаралануы кезінде пайда болады (156-сурет). Жараға таңғыш салып, дереу АМКЖ жеткізеді. Салбырап түсіп тұрған органдарды іш қуысына қайта салуға болмайды. Оларды бірнеше қабат стерильді дәкемен жауып қояды. Жаралыға ас-су ішуге тыйым салынады. Таңғыш салар алдында оған тері астына промедол (2% ерітіндісінің 1мл) немесе морфин (1% ерітіндіндісін 1мл) инъекциясын жібереді. Дененің аумағына қолда бар шралдардан Маштафаров тәсілі бойынша таңғыш салу тәсілдері:

• бөз немесе полотнодан жасалған контурлық таңғыштар кең қолданылады. Контурлық таңғыштар Лукьянов бойынша және Маштафаров бойынша деп бөлінеді;

• Маштафаров бойынша контурлық таңғыштар білекке, табанға, балтырға, санға, кеудеге салынуы мүмкін;

• клеолды және лейкопластырлы таңғыштар.

Алғашқы әскери дайындық пәнінің

ұйымдастырушы - оқытушысы: _________ М.Сериков

Бекітемін:

Мектеп директоры:

__________М.Оспанов

«___» ________ 2015ж
29 IІI-тарау. Өмір қауіпсіздігінің негіздері.

Сабақтың тақырыбы: Сүйектің сынуы және оны анықтау туралы түсінік, буынның шығып кетуі, сіңірдің созылуы және оларды анықтау , шинаның салудың негізгі тәртібі, бассүйегі,бұғана , қабырға, омыртқа, жамбас сүйегі, аяқ-қол сүйектері сынған жағдайда қолда бар заттарды пайдаланып алғашқы дәрігерлік көмек көрсету әдістері.


  1. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға алғашқы медициналық көмек беруді, таңғыш салу әдістерін үйрету

  2. Уақыты: 45 мин

  3. Өткізілетін орны: 11 сынып, АӘД бөлмесі.

  4. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы,плакаттар.

  5. Сабақтың барысы:


а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.



б) Негізгі бөлім – 22 мин.

Сүйектің сынуы және оны анықтау туралы түсінік, буынның шығып кетуі, сіңірдің созылуы және оларды анықтау , шинаның салудың негізгі тәртібі, бассүйегі,бұғана , қабырға, омыртқа, жамбас сүйегі, аяқ-қол сүйектері сынған жағдайда қолда бар заттарды пайдаланып алғашқы дәрігерлік көмек көрсету әдістері.



в) Қорытынды бөлім – 10 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Бас сүйегі мен ми жаралануы кезінде зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек қалай көрсетіледі?

2. Кеуде клеткасының жаралануын қалай сипаттауға болады?

З.Кеуде клеткасы жараланған адамға қандай медициналық көмек

көрсетіледі?

4. Іші жараланған адамға таңғышты қандай тәсілмен салады?


Т3. С24. Сүйектің сынуы және оны анықтау туралы түсінік, буынның шығып кетуі, сіңірдің созылуы және оларды анықтау , шинаның салудың негізгі тәртібі, бассүйегі,бұғана , қабырға, омыртқа, жамбас сүйегі, аяқ-қол сүйектері сынған жағдайда қолда бар заттарды пайдаланып алғашқы дәрігерлік көмек көрсету әдістері.

Сүйек тұтастығының бұзылуы — сыну деп аталады. Бұл механикалық күш әсерінен болып, жұмсақ тіндердің зақымдануымен сипатталады. Сынықтың, жабық және ашық түрлері бар. Ашық сынықтарда сынған жерде жара болады. Бұл өте кауіпті, өйткені жараға инфекция түсу қатері жоғары. Егер сынық екі жарықшақты болса, онда ол:

1) жабық (бейбіт уақытта — терінің зақымдануынсыз);

2) толық (сүйектің бүкіл тұтастығының бөлігі бұзылуы), толық емес (сүйек шыбығының белгілі бір бөлігі бұзылуы) болып бөлінеді.

Зақымданған сүйектің өзінде едәуір өзгерістер болуымен бірге, оның айналасындағы жұмсақ тіндер де (тері, бұлшық ет, буын жүйке) өзгеріске ұшырауы мүмкін.

Сынық белгілері:

— сынған жердің қатты ауруы (шүғыл, сол жердің ауруы);

— аяқ-қол функцияларының бұзылуы — толық сыну кезінде анық, ал толық, емес сыну кезінде және шаншылған немесе аяқ-қол сүйегінің бірі сынуы кезінде онша білінбейді;

— аяқ-қол сүйектерінің қыскаруы (тексеру немесе өлшеу кезінде);

— аяқ-қол сүйектері формасының өзгеруі (деформация-майысу);

— зақымданған жердегі қалыпсыз қозғалыстың болуы (сипалап көру кезінде);

— кейде сықырлау немесе сүйек сықырлауы (сынықтардың қажалуы — қолмен сезуге немесе естуге болады);

— кейде дене қызуының көтерілуі (алғашкы күндері — 38°С-қа дейін);

— бас сүйегі, қабырға, омыртқа мен жамбас сүйектері сынған кезде бас пен омыртқа кемігі, өкпе, қуық, тік ішек және басқаларының зақымдану белгілері айқындалады.

Сынық түрлері мен олардың асқынулары

Толық сынық түрлері:

1) көлденең сыну сызығы — сүйек ұзындығына көлденең келеді (түтікті сүйектерде, қысқа сүйектерде — білек, балтыр, табан сүйектері, тізе тобығы, өкше сүйегі және т.б.);

2) қиғаш сыну сызығы — сүйек ұзындығына көлденең (аяқ-қолдың ұзын сүйектерінде жиі кездеседі);

3) бойлық сыну сызығы — сүйек ұзындығына параллель (көбіне саусақ сүйектерінде немесе аяқ-қол ұзын сүйектерінің буын ұштарында);

4) бұранда тәрізді сыну сызығы — бұранда тәрізді сызық түрінде (ұзын сүйектердің бұралған кезінде —көбінесе аяқ, иық сүйектерінде);

5) аралас сыну (сызықтарының бірнешеуі Т—тәрізді, Ш—тәрізді, сына тәрізді және т. б.) сызығы. Көбінесе ішкі және буын айналасы сүйектерінің сынуы;

6) шаншылған сүйек сынығы — басқа сүйекке еніп ("шаншылып") кетеді. Сүйек тұтастығының бұзылуы саны бойынша жекеленген және көптеген, жарықшақты болады (сүйектің үш және одан да көп сынуы, көбінесе оқ тиген жараларда).

Сыну кезінде сүйек сынықтарының орны ауысуы мүмкін (бұлшық еттің жиырылуы сүйек сынығына жабысып тұрган) инфекцияның дамуы (жұмсақ тіндердің іріңдеуі, зақымданған сүйекте іріңді некротикалық процестің дамуы —оқ тиген жара остеомиелиті).

Балаларда ерекше сынықтар жиі байқалады — мертігулер сүйек дөңесі бетіндегі сынық сүйек асты-үсті аз жылжуы, эпифизиолиздер, сүйек ұштарындағы сүйектенбеген эпифизарлы шеміршек аумағындағы сынық.

Сынық кезінде зардап шегушіні толық тыныш қалыпқа келтіру керек. Бұл шоктың пайда болу себептерін азайтады, жұмсак тіндер мен тамырлардың сүйек сынықтарымен зақымдануының алдын алу қажет. Егер сынықтар ашық болса, онда алдымен қан кетуді тоқтатып, жараға таңғыш салады. Киім мен аяқкиім шешіледі немесе тігісінен сөгіледі. Жарақаттық уыттану туралы тусінік (жұмсақ тіндердің ұзақ уақыт бойы шаншылып қалу синдромы) және оның белгілері

Жұмсақ тіндер көбінесе (аяқ-қолдың) қиратылған ғимараттар, құрылыстар, шахталардағы опырылған тау жыныстарының сынықтарымен шаншылып қалуы мүмкін.

Ұзак уақыт бойы шаншылып қалу синдромы төтенше жағдайларда (жер сілкіну, шахтадагы опырылу, соғыс уақытында) кездеседі. Ұзақ уақыт бойы шаншылып қалу синдромының апаттар кезінде ауыр формалары жиі болады (зақымданудың бірдейлігі, шаншылыл қалудын ұзақтылығы, зақымданушыны іздестірудің қиыншылығы және оларға өз уақытында жәрдем көрсету).

Бұлшық еттердің ұзақ уақыт бойы шаншылып немесе олардың жаншылып, дененің амалсыз жағдайында ұзак уақыт бойы ишимияға ұшырауы кезінде:

1) алғашқы екі күнде (ерте кезеңде) зақымданған бұлшық еттердін көлемді өлі еттенуі мен жүрек-қан тамыр қызметінің жеткіліксіздігі әсерінен аяқ-қолдың ісінуі;

2) бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі (2-3 күннен соң байқалып, 3—5 аптаға созылады) (аралық кезеңі);

3) буындардағы сіресімдермен, көп қозғалмаушылықпен, некроз аумағындары жаралар мен жарақаттанудан жүйке қабынуы (кеш кезең) байқалады.

Ұзак уақыт бойы шаншылу синдромының клиникалық өту ауырлығы шаншылудын көлемі мен ұзақтығына байланысты төрт түрге бөлінеді:

1 — аса ауыр (8 сағаттан астам уақыт бойы қол-аяқтың шаншылып қалуы; бұл кезде ауыр шок құбылысы байқалыл, 1 -2 тәулікте жүрек-кан тамыр қызметі мен өкпе қызметінің жеткіліксіздігі салдарынан өлімге соқтырады);

2 — ауыр (4—6 сағат бойы аяқтың немесе қолдың шаншылып қалуы; бұл кезде шок құбылысы байқалады, 14—21 тәулік бойы бүйрек қызметінің бұзылуы, өлім-жітім 50—70 пайыз жағдайда);

3 — орташа ауырлық (кемінде 4 сағат бойы қол немесе аяқтың шаншылуы, жеңіл шок құбылысы артериялық кысымның тұрақсыздануы, жедел бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі омегоанурия ұзақтығы — 5—14 күн, станционарлық емдеуден кейінгі жазылып шығуы — 2—2,5 ай, өлім-жітім жағдайының мөлшері 30 пайыздан аспайды);

4 — жеңіл, кемінде 4 сағат бойы (аяқ-қол шеткі бөлшектерінің жұмсақ тіндерінің шаншылуы). Шок құбылысы симптомы әлсіз білінеді, қысқа уақытты олигоанурия (1—2 күн), ауру жазылады.

Ұзақ уақыт бойы шаншылу синдромы кезіндегі өзгерістер бұлшық ет, бүйрек, бауыр, өкпе және бүйрек үсті безінің зақымдану жағдайында байқалады.

Белгілер: зақымданған қол-аяқта байқалады — көлемінің ұлғаюы, ісіну, жара, қанталау, сұйықтыққа толған көпіршіктер, жарақаттанған заттан қалған іздер; сонымен қатар бұлшық еттердегі, бүйрек және бүйрек үсті бездеріндегі патоморфологиялық өзгерістер.

Үзақ уақыт бойы шаншылу синдромы кезеңдері бойынша негізгі клиникалық белгілер

1. Ерте кезең (жарақат алған соң 1—3 тәулікте) шок құбылысына тән қан айналым бұзылуы басым болады. Білінуі — ауру сезімі, қозғалыс шектеулігі және қол-аяқтың ісінуі, жаншылуы, қанталау, соңына қарай — ісіну, қол аяқтағы тамырдың соғуы әлсіз. Одан ары қарай ісіну мен ауру сезімі ұлғайды, көбіршік пен өлі еттену учаскелері пайда болады, қол-аяқ суынып, қозғалыс шектеледі, сезгіштік бұзылады (жарақаттар мен жүйке тамшығының ишимия есебінен); жалпы жағдайы нашарлайды, қан қысымы төмендейді, тамыр соғуы жиіленеді, оған әлсіздік, енжарлық, талғаусыздық қосылады, дене қызуы төмендейді.

2. Аралық кезең (2—3 күннен соң): жедел бүйрек қызметі жеткіліксіздігінің клиникалық симптомдары өсе түседі, ауру сезімі, терінің жансыздануы мен жұлынып қалуы азаяды, дене қызуы мен қан қысымы көтеріледі. 4—5 күннен кейін аурудың жағдайы нашарлайды (олигоанурия, ОЖЖ, тыныс алу органдары, жүрек-қан тамыр жүйесі жағынан өзгерістер).

3. Кеш кезең (жарақат алған соң 1—1,5 айдан кейін): жарақат симптомы мен сол жердің білінуі басым болады; бүйрек қызметі біртіндеп қайта қалпына келеді; қол-аяқтың ауруы мен сезгіштігі өте баяу өтеді.


Соғып алу, буынның шығуы, сіңірдің созылуы, олардың белгілері

Соғып алу—жұмсақ тіндердің бұзылуы, көбінесе құлау немесе бір нәрсеге ұрып алу кезінде пайда болады; бұл кезде тері, ұсақ тамырлар заңымданады; тіндерде қан құйылуы немесе жиналуы (қанды ісік) пайда болады.

Белгілері: ауру сезімі, ісуі, қанталау, қол-аяқтың қозғалысының аздап шектелуі, тек кейбір жағдайларда (ішті, жұмыртқаны соғып алу) шок құбылысы немесе дене қызуының аздап көтерілуінің байқалуы мүмкін.



Буынның шығуы — буын айналасындағы сүйек ұштарының жылжып кетуі, иық, шынтақ және жамбас буындарының жиі шығуы, ал кейбір жағдайда қол саусақтарының және төменгі жақ сүйек буындары шығып кетеді. Буын қапшығының жарылып кетуі мүмкін, буын айналасындағы байламдардың, бұлшық еттің, сіңірдің, терінің, тамырдың, жүйкенің, сүйектің зақымдануы.

Белгілері: зақымданған буынның ауыруы, қол-аяқтың қозғалысқа келмей калуы, буынның өзгеруі, буын басы-ның баска жерден табылуы, тексеру кезінде созылмалы болуы.



Буын аралығының созылуы мен үзілуі — буын тұсындағы шұғыл қозғалыс кезінде буын аралығының созылуы және үзілуі мүмкін көбінесе аяқ-басы — балтыр буынының тұсында, ал басқа жерлерде (тізе, кәрі жілік, білезік буынында және т.б.) сирек болады.

Белгілері: соғып алу кезіндегідей, бірақ буын аралығы бекітілген жерлерде жанға батарлық және қатты ауру: қол-аяқ қозғалысы шектеліп, кейде буын қуысына қан құйылуы (қанды буын) мүмкін.



Ашық және жабық сынықтар кезінде алғашқы медициналық жәрдем көрсетудің (АМЖК) жалпы ережелері

АМЖК кезінде сынықтардың асқынып кетпеуіне (жарақатты шок, қансырау және т.б.) көп көңіл бөлінеді. Ең алдымен, шок немесе артериядан қан кету кезінде (аз уақытқа жгут салынады) жәрдем көрсетіледі. Үлкен түтікті сүйектердің (жамбас және т.б.) сынуы кезінде зардап шегушіге шоктың алдын алу және ауыру сезімін азайту үшін ауыруды басатын дәрілер (промедол, морфин және т.б.) енгізіледі. Морфинді қабырға, жамбас және т.б. сынуы кезінде қолдануға болады.

Зақымданған қол-аяқты иммобилизациялау керек (уақытша бекіткіш таңғыш немесе қол-аяқтың, дене бөліктерінің қозғалысы мен тыныштығын қамтамасыз ететін тасымалдағыш жақтаулар салынады). Олар:

1) ауыру сезімін (шоктың алдын алу) азайтуға ;

2) жарақаттық бүлінудің (жұмсақ тіндер мен ішкі органдар) пайда болуына жол бермеуге;

3) ашық сынық кезінде жара жұқпасы пайда болуы мен дамуының қаупін азайтуға;

4) сынық сүйектерінің бітіп кетуі үшін қолайлы жағдайлар жасауға көмектеседі.

Егер ашық сынық болса, онда жақтауларды салмас бұрын жараны өңдеп, стерильді таңғыш салу керек. Жараға жұқпа түспеу үшін, сүйек сынықтарын түзетуге болмайды.

Зақымданған ошақта стандартты жақтаулардан басқа жасанды (қолда бар) жақтаулар (ағаштан, шыбықтан, ағаш қабығынан, қабықшадан, сабан байламынан, картон қағаздан, қолшатырдан, күректен, сүңгі пышақтан, мылтықтан жасалған) қолдануы мүмкін.

АМЖК қолдануындағы түрлі стандартты жақтауларды пайдалану керек; металдан жасалған (мысалы, Крамер сатылы жақктаулары) ағаштан жасалған (Дитерихс типті жақтаулар), кейде пластмастан жасалған (қол-аяқты ыстық суға түсіргеннен соқ оларды реттейтін).

Жақтаулар — алдын ала мақта немесе басқа матамен оралады; жақтаудың бір бөлігін киім үстінен (соғыс немесе қыс кезінде) салады, оның астында жараға салынатын стерильді таңғыштар қалады.

Дененің ашық жерлерін де мақтамен орауға болады. Мақтамен оралған жақтау үстінгі жағынан дәкелі бинтпен бекітіледі, оны қол-аяқ формасы мен көлемі бойынша бүкіл салу керек (ол үшін өзіне немесе басқа сау адамға салып көру қажет). Дайын жақтауды бекіту (бүкіл, мақтамен оралған) дәкелі бинтті ал ол қолда болмаған кезінде — үшкіл орамалды, орамалды, ішкі киім етегін, жіп-арқанды, бау-белдікті долданумен жүзеге асырылады. Бұл кезде қол-аяқ физиологиялық жағдайға келтіріледі. Аяқтың сынуы кезінде жақтау (тасымалдағыш) аяқтын түзетілген жағдайында салынады.

Жақтауды салудың негізгі ережелері: сүйектің сынуы кезінде кем дегенде сынған жерге жақын жатқан екі буын оралатындай етіп жақтауды салу керек (яғни сынақтан биік және төмен).

Мысалы:


• балтыр сүйектерінің сыну кезінде — тізе және аяқ басы-балтыр буындарын орап алу;

• иық сүйегінің сынуы кезінде — иық, шынтақ және кәрі жілік білезік буындарын орап алу;

• жамбас сүйегінің сынуы кезінде — жамбас, тізе және аяқ; басы, балтыр буындарын орап алу.

Қол немесе аяқ басы саусақтарының ұштарын (егер олар зақымданбаса) таңғыштан бос қалдырады (қол-аяқтың қан айналымын тексеру үшін);

Қолды иммобилизациялау үшін сым темір немесе сатылы жақтаулар (Крамер), фанер және картон жақтаулар, үшкіл орамалмен байлау және т.б. қолданылады; аяқ үшін — Дитерихс арнайы тасымалдағыш жақтауларын (ағаш) немесе бірнеше үлкен сатылы Крамер жақтауы қолданылады.

Бас сүйегі, бұғана, қабырға, омыртқа, жамбас сүйектері, қол-аяқ сүйектерін сынуы кезіндегі алғашқы медициналық жәрдем көрсету тәсілдері

(иммобилизацияның табельді және қолда бар құралдарын пайдаланумен)

Бас сүйегі сынғанда: зардап шегушіні зембілге жатқызып, тезірек емдеу мекемесіне жеткізуді қамтамасыз ету керек. Жүрек қызметі бұзылған кезде камфора немесе кофеин, ал тыныс алу әлсізденгенде—лобелин және жасанды тыныс алдыру қолданылады. Ми шайқалғанда морфин енгізуге болмайды (өйткені, тыныс алуды жауып қалуы мүмкін). Тасымалдау кезінде зардап шегушінің жағдайын (тамыр соғуы, тыныс алуы) бақылап отыру қажет, басын бір қырына бұрып жатқызып (құсыққа тұншығып қалмауы үшін) және оны мақта-дәкеден жасалған дөңгелек үстіне жатқызады (көрпе, киім, мақта, сабан салынған канша немесе үрмелі резеңке дөңгелекке).

Бұғана сынғанда: сынған жерді басып көргенде, ондағы майысулардың болуы байқалады. Жәрдем көрсету кезінде қолтық астына мақта немесе дәкеден жасалған тығыз қалтқы қойылып, сосын зардап шегушінің қолын шынтақ буынынан бүгеді, иық сүйегін денеге қатты қысып тұрып, оған қолды мықтап бинтпен орайды немесе үшкіл орамалмен бекітеді.

Қабырға сынғанда: тура (жоғарыдан құлағанда, соққы тигенде) және тура емес (кеуде клеткасы қысылғанда) жарақаттар нәтижесінде пайда болады. Бір уақытта қабырғадағы өкпе қабы, қабырға аралық тамырлар мен жүйкелер, кейде өкпе, бауыр, көк бауыр да зақымдануы мүмкін. Қабырғаның өткір сынықтары өкпеге зақым келтіріп, пневмоторакс пен ішке қан кету дамуына ықпал етуі мүмкін.

Иммобилизация — барынша дем шығару кезінде кеуде клеткасына нығыздалған айналма таңғыш салу. Ауру сезімі мен жөтелді азайту үшін промедол және кодеин колданылады. Көптеген сынықтар, ішкі органдардың зақымдануы, пневмоторакс және жарақаттың тұншығу кездерінде жартылай отырған жағдайға тасымалданып, емдеу мекемесіне жіберіледі, зардап шегушінің жағдайы бақыланады.

Омыртқа сынғанда: бұл аса ауыр зақымдану; жамбас сүйектері қызметінің бұзылуына, қол-аяқтың сал болып қалуына әкеп соқтыратын жұлынның жаншылуымен қоса беріледі. Сынықтар ашық, жабық, асқынған, асқынбаған, жаншылған болуы мүмкін.

Алғашқы медициналық жәрдем көрсету кезінде жұлынның жаншылып қалуын (зақымдануын) тудырмас үшін, омыртқа бүгілуін болдырмау қажет. Арнайы уақытша белгілеулер — зардап шегушіні етпегінен абайлап зембілге салады, иық асты мен бас жағына жастық немесе қалтқы қояды. Жұмсақ зембілге арқасымен жатқызғанда, оған ағаш жайма тақта, фанер, кең тақтайша немесе бірнеше ұзын фанер жақтаулар салынады (аурудың арқасына және бүйіріне төрт фанер жақтауларды бинтпен орап байлап қоюға болады).



Мойын омыртқалар сынған кезде — зардап шегушіні зембілге арқасымен жатқызады, ал мойын астына (кейде иық астына) жастық; немесе бүктелген киім, мүмкіндік болса, мойын астына мақта жағалық салынады (мақтаның қалың қабатымен орап, дәкелі бинтпен таңу). Жарақаттың шок құбылыстары кезінде шокка қарсы шаралар жүргізу және тездетіп емдеу мекемесіне жеткізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет