Бекітемін ОӘКтөрағасы Б. Рскелдиев


Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Каламов Б.Х



бет2/3
Дата13.06.2016
өлшемі344 Kb.
#133183
1   2   3

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Каламов Б.Х


21

TAA 0321

Топырақты агрономиялық аудандастыру

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS – 3 кредит

Пререквизит –65

Постреквизит – Агрохимия; егіншілік; өсімдік қорғау;

Оқытудың мақсаты: Мамандарды дайындауда пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері топырақты тиімді пайдалану, құнарлылығын көтеру және оны қорғау жолдары.

Қысқаша мазмұны: Қазақстан аймағы бойынша топырақтарын зерттеп, картогарфиясын жасауды меңгеру.

Дәрістер: Топырақ картасы және картографиялық негіз туралы жалпы аудандастыруға түсінік. Аудандастырылған топырақты зерттеу әдістері, топырақты далалық жағдайда картаға түсіру, топырақ картасын жасау кезендері және олардың мазмұны.

Лабораториялық сабақтар: Ауыл шаруашылығының мұқтажына ірі масштабты топырақ карталарын пайдалану жолдары. Топырақтарды агроөндірістік топтарға бөлу. Сортаңданған, кебірленген және эрозияға ұшыраған топырақтарды мелиорациялау жұмыстарының түрлері мен көлемін табу. Шаруашылық топырақтарын тиімді пайдалану және олардың құнарлығын көтеру шараларын аныктап кұрастыру. Жекелеген ауыл шаруашылық дақылдарына сай топырақ түрлерін анықтау.

Күтілетін нәтижелер: топырақты агрономиялық аудандастыру материалдарды өндірістің мұқтажына дұрыс қолдану.

Білімі: Стереоскоппен жұмыс істеу, аэро- және космостық суреттерде, аймақтық дешифрлеу ерекшеліктерін табу.

Икемділік: топырақты агрономиялық аудандастыруды жерді экономикалық тұрғыдан бағалауға сүйене отырып шешу.

Дағды: Тек жоғарыда көрсетілген шаралар арқылы шаруашылықтар жердің саны мен сапасы туралы мәліметтерді жетік меңгеруге дағдыланулары керек.

Құзіреттілігі: Ауылшаруашылық өсімдіктерін өсіруде топырақты аудандастыру карталарын жасау және оларды оқтын-оқтын жанартып отыру шаруашылықта жүргізілетін химиялық, мелиорациялық жұмыстар мен топырақ қорғауда әрдайым қажетті іс шараларды жүргізу пәннің құзіреттілігі болып табылады.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Каламов Б.Х


22

ASSA 0222

А/ш дақыл сорттарын сынау әдістемесі

Кредит көлемі – 3 (1+2+0), ECTS – 5 кредит

Пререквизиттер-101

Постреквизиттер- -«Агрохимия», «Өсімдік шаруашылығы», «Егіншілік», «Агрономия негіздері» «Өсімдікті қорғау».

Оқытудың мақсаты: Ауыл шаруашылық дақылдарының сорттарын мемлекеттік сынау олардың мол өнімді, жоғарғы сапалы, өсімдік ауыруларына, зиянкестеріне төзімді, жаңа сорттарын шығарудағы күрделі селекциялық жаңа сорттарын шығару болып табылады.

Қысқаша мазмұны: Негізгі ауылшаруашылық дақылдарын алдыңғы қатарлы технология бойынша өсіруді оқып үйрету.

Аймақтың топырақ-климатық жағдайларын ескере отырып қор сақтаушы технологияны тиімді пайдалану жолдарынт көрсету.

Қор сақтаушы технологияның агроэкологиялық және экономикалық басымдылықтарын қарастыру.

Күтілетін нәтижелер: Студенттер алған білімдері арқылы теориялық дайындығын шыңдап, білік пен дағыдыларын іс жүзінде асыра отырып ауыл шаруашылық дақылдарын дұрыс пайдалануды жүзеге асыра білуі керек.

Білімі: Студенттер алған білімдері арқылы теориялық дайындығын шыңдап, білік пен дағыдыларын іс жүзінде пайдалана білу қажет.

Икемділік: Қор үнемдеуші технологияда ауылшаруашылық техникаларын тиімді пайдалану.

Дағды: А/ш дақыл өнімдерінің сорттық қасиетін арттыруға дағдыландыру.

Құзіреттілігі: Студенттерге ауылшаруашылық дақылдарын қор сақтаушы технология негізінде өсірудің алғы шарттарын студенттерге оқып үйрету және дайындалатын мамандары теориялық біліммен қаруландыру, практикалық іскерлігін арттыру.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Каламов Б.Х



Профилді пән -27 кредит

Оқу траекториясы 1. Көкөніс дақылдарының тұқым шаруашылығы және селекциясы

1

ASHM 0301

Ауыл шаруашылқ мелиорациясы

Кредит көлемі – 3 (1+2+0), ECTS – 5 кредит

Пререквизиттер- 65 кредит

Постреквизиттер- Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы, ауыл шаруашылық дақылдарының әдістемесі.

Оқытудың мақсаты: Мамандарды дайындаудa пәнді оқыту мақсаты жерді мелиорациялау-гидротехникалық және культуртехникалық жұмыстардан, топырақтың су және жел эрозиясымен күресуден ащы топырақтарды әктеуден және сорланудан топырақтарды, гипстеуден агролесомелиорациялық іс шараларын жетік меңгере білулері керек.

Қысқаша мазмұны: Суармалы жерлерді пайдаланудың қазіргі жағдайы және болашағы. Жерді суару және суару жүйелері туралы түсініктемелер. Ауыл шаруашылық дақылдардың суару режимі. Ауыл шаруашылық дақылдарын суару әдістері және техникасы. Егістік жерлер мен суару уческесіндегі арық атыз жүйесі. Су таратқыш арық атыз жүйесі. Жер суару және суландыру үшін пайдаланылатын су көздері. Далалық аудандарда өзен суын және жергілікті жерде ағатын суларды пайдалану негізінде суару. Суармалы жерлерді сорлану мен батпақтанудан сақтау. Суды механикалық әдіспен көтеріп суару.

Күтілетін нәтижелер: Мелиоративтік жүйелерді жобалау және ол үшін жүргізілетін іздеулер. Топырақ эрозиясымен күресу шараларын жетік меңгеру.

Білімі: Ғылыми эксперименттерді жүргізгенде және дипломдық жұмысты жазғанда пайдаланады.

  • дала жұмыстарын ұйымдастыруды ;

  • орындалған жұмыстың сапасын бағалауды;

қазіргі заманның есептеу және ұйымдастыру техникасында, коммуникация және байланыс құралдарында жұмыс жасауды.

Икемділік: Студенттерге ауылшаруашылықдақылдарын қор сақтаушы технология негізінде өсірудің алғы шарттарын студенттерге оқып үйрету және дайындалатын мамандары теориялық біліммен қаруландыру, практикалық іскерлігін арттыру.

Дағды: Өсімдік шаруашылыгы өнімдерін өндірудiң бүгiнгi технологиясы туралы, қазiргi ғылыми жетiстiктерi мен жинақталған бiлiмге сүйене отырып ұғым беру және олардың теориялық дайындығын калыптастыру; мәдени өсiмдiктердi өсiруге қажеттi топырақтың оңтайлы параметрлi, жоғары құнарлылығын жасау және жердi экономикалық, экологиялық және технологиялық тұрғыдан тиiмдi пайдалану; ауыл шаруашылыгы дақылдарының өсiп-дамуына колайлы жағдай жасап, оларды ен аз шығын жұмсап -өсiруге үйрету

Құзіреттілігі: Ауыл шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік шешімдерін, егістік дақылдарының маңызын, морфологиялық құрылысын, биология ерекшеліктерін, дақылдарды өсіруге қолданылатын алдыңғы қатарлы технологияларды, егістіктерде жүргізілетін өндірістік жұмыстарды ұйымдастыруды, ауыл шаруашылығы өнімдері сапасын жоғарылатудың жолдары және әдістерін, өнім шығынын және өсіруге жұмсалатын еңбек, құрал-жабдықтар шығындарын азайтады.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Каламов Б.Х, оқытушы Ахметова А.А.

2

KDSO 0302

Көкөніс дақылдарын сақтау және өңдеу

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS – 3 кредит

Пререквизиттер- 65 кредит

Постреквизиттер-ауыл шаруашылық дақылдарының әдістемесі, өсімдік шаруашылығы.

Оқытудың мақсаты: Студенттерге көкөніс дақылдары өнімдерін өндірудiң бүгiнгi технологиясы туралы, казiргi ғылыми жетiстiктерi мен жинақталµан бiлiмге сүйене отырып уғым беру және олардың теориялық дайындығын калыптастыра білулері керек.

Қысқаша мазмұны:Көкөніс дақылдарын егу, олардан өнім алу және сақтау мен тамақ өнеркәсібіне өңдеу технологиялары қарастырылады.

Дәрістер: Кiрiспе. Өсімдік шаруашылыгы онімдерін ондіру технологиясы пәнінің мақсаты, кұрамы, зерттеу әдісі.

Көкөніс дақылдарының өсіру технологиясы. Картоп, қырықабат, сәбіз, қызылша, рапс, қызанақ, қиярдың халықшаруашылығындағы маңызы, өкілдері, жалпы сипаттамасы, егіс көлемі, өнімділігі, өсірілетін аудандары, сорттары, өсіру технологиясы. Лабораториялық сабақтар: Егін жинау алдындағы қолайлы технологияны пайдалану. Оларды тасымалдау, сақтау кезінде ескерілетін физикалық қасиеттер, сусымалдылығы, қуыстылығы, механикалық төзімділігі, булануына тоқталу. Егінді жинағаннан кейінгі көкөністерді сақтау технологиясы.Көкөністерді өңдеу технологиясы.

Күтілетін нәтижелер: Көкөністерді сақтау және өңдеу технологияларын меңгеру.

Білімі:Көкөніс дақылдарын сақтауға және өңдеуге әсер ететін барлық жағдайларды меңгеру. Картопты, қырықабат, сәбіз, қызылша сақтау мен өңдеу технологиясы.

Икемділік: Қазақстандағы көкөніс шаруашылығын дамыта отырып, оларды сақтау және өңдеу технологияларын меңгеру

Дағды: Көкөніс дақылдарын өсіру, өңдеу технологиясын жасай білуге дағдыландыру керек.

Құзіреттілігі: Картоп, көкөніс және жемістер сақтау обьектісі ретінде. Сақталу кезіндегі зиянкестер мен микроорганизмдердің әсерінен болатын шығындарды болдырмау жолдарын қарастыру. Ауыл шаруашылық жағдайларында пайдалану үшін ұсынылған қойма жобалары. Сақтау кезінде өнімді бақылау жүйесі. Картоп, көкөніс және жемісті сақтау стандарттары. Картоп, көкөніс және жеміс –жидек өнімдерін өңдеу. Қант қызылшасын сақтау және өндеу, құрама азық өндіру негіздері.өсімдік талшықтарын алғашқы өңдеу және сақтау негіздері, темекі өнімін алғашқы өңдеу негіздері.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушысы Мухаметжанова О.Т

аға оқытушы Байгаринова Р.М



3

TKSGH 0303

Тыңайтқыш қолдану жүйесі

Кредит көлемі – 3 (1+1+1), ECTS – 6 кредит

Пререквизиттер- 65 кредит

Постреквизиттер-«Агрохимия», «Өсімдік шаруашылығы», «Егіншілік», «Агрономия негіздері» «Өсімдікті қорғау»

Оқытудың мақсаты: Студенттерге курстың мақсаты болып тыңайтқыш арқылы өсімдікте жақсы орта жасау туралы оқытады.

Қысқаша мазмұны: 05080100 «Агрономия» мамандығының студенттеріне арналған «Тыңайтқыш қолдану жүйесі» пәні ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін жоғарылату мен топырақ құрамылығын жақсартуға минералдық және органикалық тыңайтқыштардың маңызы, өсімдіктердің қоректенуімен тыңайтқыш қолдануға байланысты топырақтарының қасиеттері. Органикалық және минералды тыңайтқыштар, құрамы, қасиеттері және қолдану тәсілдері. Өсімдіктердің көрсету диагностикасымен таныстыру.

Дәрістер: Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін жоғарылату қазіргі кезеңде егіншіліктің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі болып қала бермек. Бұл міндетті шешуде өсімдіктердің минералдық қорегінің негізгі қоры ретінде минералдық және органикалық тыңайтқыштардың атқаратын рөлі зор. Тыңайтқыш қолдану жүйесі ғылым ретінде өнімді қалыптастыруға қатысты ауылшаруашылық дақылдарын интенсивті технологиялармен өсіру, барлық факторлардың оптимальды деңгейлерін жасауда шешуші рөл атқарады.

Лабораториялық сабақтар: Ауылшаруашылық өсімдік өнімділігін көтеруде органикалық және минералды тыңайтқыштарының рөлі үлкендігін, дұрыс қолданғанда тыңайтқыштар өнімділіктің эффективтілігін жақсартатындығын, барлық ауылшаруашылық өсімдік өнімдерін 40-50 пайызға көтеруді, тыңайтқышты есептеуді, орындалған жұмыстың сапасын бағалауды, қазіргі занның есептеу және ұйымдастыру техникасында, коммуникация және байланыс құралдарында жұмыс жасау.

Күтілетін нәтижелер: Студенттер алған білімдері арқылы теориялық дайындығын шыңдап, білік пен дағыдыларын іс жүзінде пайдалана білу қажет.

Білімі: Ауылшаруашылық өсімдік өнімділігін көтеруде органикалық және минералды тыңайтқыштарын меңгере отырып Агрономиялық біліктілігін арттыра білуі керек.

Икемділік: Ауылшаруашылық өсімдік өнімдерін 40-50 пайызға көтеруді, тыңайтқышты есептеуді, орындалған жұмыстың сапасын бағалауды, қазіргі занның есептеу және ұйымдастыру техникасында, коммуникация және байланыс құралдарында жұмыс жасау.

Дағды: Студент өсімдіктің қоректенуінің теориялық мәселелерін және оларды реттеу тәсілдерін меңгеріп, органикалық және минералдық тыңайтқыштардың негізгі қасиеттерін және өсімдіктердің қоректенуі мен тыңайтқыштарды қолдануға байланысты топырақтың агрохимиялық қасиеттерінің өзгеруін біліп дағдылану керек.

Құзіреттілігі: Студенттер топырақпен бірігіп әрекет етуі, жеке өсімдік тыңайтқышы қолдануда систематиканың дұрыс құрылуына, айналымына әсер етуі. Сонымен қатар студенттер химизация жер шаруашылығының теоретикалық негіздерін меңгереді және тыңайтқышты қолдану мен бірге жердің агрохимиялық құрамын зерттеуді, органикалық және минералды тыңайтқышты қолдану жоспарын құрастыруды үйренеді.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Каламов Б.Х, доцент Лавриненко Г.Е.


4

OASOSKOT 0304

Өсімдіктің ауыл шаруашылық сақтау және қайта өндіру технологиясы

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS – 3 кредит

Пререквизиттер- 65 кредит

Постреквизиттер-Ауыл шаруашылық дақылдарының әдістемесі, өсімдік шаруашылығы.

Оқытудың мақсаты: Студенттерге өсімдік шаруашылығы өімдерін сақтаудың және өңдеудің бүгiнгi технологиясы туралы, қазiргi ғылыми жетiстiктерi мен жинақталған бiлiмге сүйене отырып ұғым беру және олардың теориялық дайындығын қалыптастыра білулері керек.

Қысқаша мазмұны: Ауыл шаруашылық өсімдіктерінен өндірілетін өнімге әсер ететін факторлар мен оларды сақтау және қайта өндіру технологияларының әдістерін меңгеру.

Дәрістер: Кiрiспе. Өсімдіктің ауыл шаруашылық сақтау және қайта өндіру технологиясы пәнінің мақсаты, кұрамы, зерттеу әдісі. Ауыл шаруашылыгы және онын егіншiлiктерi. Егiншiлiк туралы түсiнiк. Өсiмдiктердiң тiршiлiк факторлары. Жарық, жылу, су режимi. Ауыспалы егiс. Дақылдар ауысуының теориялық негіздері. Ауыспалы егiстерінің схемалары.Топырақ өңдеу, оның мақсаттары. Топырақтың технологиялық қасиеттері. Оңдеу әдістері. Топырақ өңдеу жүйелерi және оларды жiктеу.Өсімдіктердің қоректенуі және олардың түрлері. Тынайтқыштар қолдану, олардың түрлері, қасиеттері. Өсімдік қорғау. Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауырулары және олардан жүйелі қорғау шаралары.

Өсімдік шаруашылығы. Тұқымның сорттық және егістік сапасы. А/ш дақылдарының өсіру технологиясы.Астық (күріш, жугері, қара бидай, тары, қарақұмық,арпа т.б) дақылдарының халықшаруашылығындағы маңызы, өкілдері, жалпы сипаттамасы, егіс көлемі, өнімділігі, өсірілетін аудандары, сорттары, сақтау технологиясы.

Лабораториялық сабақтар: Тұқым үлгілерін сүрыптау үлгілері. 1000 тұқымның массасын анықтау.Топырақтың ылғалдылығын анықтау. Күтілетін нәтижелер:



Білімі: Студенттер нақтылы бір шаруашылықта негізгі өсірілетін дақылдың сақтау технологиясын жасап, әр түрлі типтегі (қоймалардың, жер төлелер) агротехникалык -экономикалық тұрғыдан бағалау керек. Қоршаған ортаны ластағыштардан қорғау шаралары жасалады.

1. Көкөніс дақылдарының сақтау технологиясы.

2. Дәнді масақты (бидай, сүлы, тары, карақүмык, күріш, дәндік жүгері) дақылдарының интенсивті сақтау технологиясы.

Икемділік: Қазақстанда ауыл шаруашылық өсімдік қоймалары мен жертөбелерін жобалауды және сақтауды, пайдалануды игеру.

Дағды: Ауылшаруашылық өсімдік өнімдерін сақтау, өндіру технологиясын жасай білуге дағдыландыру керек.

Құзіреттілігі: Картоп, көөкөніс және жемістер сақтау обьектісі ретінде. Оларды жинау, тасымалдау, сақтау кезінде ескерілетін физикалық қасиеттер, сусымалдылығы, қуыстылығы, механикалық төзімділігі, булануына тоқталу. Сақталу кезіндегі зиянкестер мен микроорганизмдердің әсерінен болатын шығындарды болдырмау жолдарын қарастыру. Ауыл шаруашылық жағдайларында пайдалану үшін ұсынылған қойма жобалары. Сақтау кезінде өнімді бақылау жүйесі. Картоп, көкөніс және жемісті сақтау стандарттары. Картоп, көкөніс және жеміс –жидек өнімдерін өңдеу. Қант қызылшасын сақтау және өндеу, құрама азық өндіру негіздері.өсімдік талшықтарын алғашқы өңдеу және сақтау негіздері, темекі өнімін алғашқы өңдеу негіздеріне студенттер құзіретті болулары керек.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушысы Мухаметжанова О.Т

аға оқытушы Байгаринова Р.М




5

TMAG 0305

Табиғи мал азықтық жерлер

Кредит көлемі: – 2 (1+1+0), ECTS – 3 кредит

Пререквизиттер-65 кредит

Постреквизиттер- Өсімдік шаруашылығы, егіншілік, топырақтану

Оқытудың мақсаты: шалғындық шаруашылығын ғылыми негізі ретінде шалғындық өсімдіктердің өсіп, даму заңдылықтарын зерттеп анықтау.

Қысқаша мазмұны: Шалғынтану өсімдік қауымдастығы қалыптасатын заңдылықтарды зерттейді. Шалғын шаруашылығы мезофильді өсімдіктер өсетін шалғындық жерлерді жақсарту жолдары.

Күтілетін нәтижелер: Өсімдіктің өсуі мен даму ерекшеліктерін жақсарту.

Білімі: студенттерге теориялық білім берумен қатар, егістік дақылдардан жоғары өнім алу тәжірибесіне дағдыланған, ауыл шаруашылығы өндірісінің іссаналық мәселелерін теориялық жолмен шешуге жағдай жасау болып табылады.

Икемділік: Студенттерге ауылшаруашылық дақылдарын ғылыми негізде өсіру технологиясын қолдану арқылы жоғары өнім алу жолдарын үйрету және дайындалатын мамандарды теориялық біліммен қаруландыру және практикалық іскерлігін арттыру.

Дағды: Өсімдік шаруашылық мамандардың агрономиялық ойларын қалыптастырып олардың тәжірибесіндегі ғылыми негізделген шаралар жиынтығын өндірісте білгірлікпен қолдануға жағдайлар жасап, аймақтық және егін шаруашылығын басқа да жүйелері негіздерін жасауға жол ашады.

Құзіреттілігі: Шалғындықты өсімдіктерді өсіруге және жоғары өнім алуға қажетті топырақтың оңтайлы параметрі жоғарғы құнарлылығын жасау және жерді экономикалық, экологиялық, технологиялық тұрғыдан тиімді пайдалану.

Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы Каламов Б.Х, доцент м.а. Джаманова Г.И.


Профилді пәндер-27 кредитов

Оқу траекториясы 2. Фитосанитарлық диагностика және болжау

6

ОHК 0306

Өсімдіктерді химиялық қорғау

Кредит көлемі – 3 (1+1+1), ECTS – 3 кредит

Пререквизиттер- 65 кредит

Постреквизиттер-ауыл шаруашылық фитопатологиясы, тыңайтқыштарды қолдану

Оқытудың мақсаты: Өсімдіктерді химиялық препараттарды қолдана отырып, зиянды организмдерден қорғау шараларын дер кезінде, тиімді және қоршаған ортаны ластанудан сақтай отырып сауатты қолданулары керек.

Пәнді оқу барысында студенттер нақтылы ауылшаруашылық дақылдарын химиялық әдістермен кешенді қорғау шарларының жүйесімен танысады.



Қысқаша мазмұны: Дәрістер: Кіріспе..Өсімдіктердің химиялық қорғаудың жіктелуі. Химиялық әдіс Пестицидтерді химиялық құрамы және қолдану объектісі бойынша жіктеу.Агротехниканың негіздері. Улану мен у туралы түсінік.Пестицидтерді нәтижелі пайдалану. Пестицидтердің улылығы. Пестицидтердің қолданудың санитарлы гигиеналық негіздері.Уланудың себептері мен шарттары.,Гигиеналық классификациясы. Қолдану уақыт регламенті. ,Өзіндік және қоғамдық қорғаныс шаралары.

Күтілетін нәтижелер: Өсімдіктерді химиялық әдістерді қолдана отырып, қорғаудың тиімді жолдарын меңгеру.

Білімі: Пестицидтерді сақтауда тасмалдау және қолдануда техника қауіпсіздігі Тұқымды залалсыздандыру және зиянкестермен күресу негізінде қауіпсіздік шараларын іске асыру. Бидайды еккенде арамшөптермен күресуде 2,4 Д аминді тұздың техникалық әсерін анықтау. Ауылшарушылығындағы ұрықтарды химиялық жолмен тазалау.

Икемділік :Химиялық: тұқымды залалсыздандыру және зиянкестермен күресу негізінде қауіпсіздік шараларын іске асыруды меңгеру.

Дағды: Өсімдіктерді химиялық жолмен корғау пәнін оқыту барысында көптеген кешенді материалдар қолданып, далалық жағдайда өткізілетін оқу практикасында студенттердің алған теориялық білімдері толықтырылады

Құзіреттілігі: Өсімдікті зиянды организмдерден қорғау шараларын дер кезінде, тиімді және қоршаған ортаны ластанудан сақтай отырып сауатты қолданулары керек.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Каламов Б.К, доцент Лавриненко Г.Е.

7

TMAG 0307

Ауыл шаруашылық токсикологиясы

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS – 5 кредит

Пререквизиттер- 65 кредит

Постреквизиттер- ауыл шаруашылық фитопатологиясы,ауыл шаруашылық өсімдіктерін қайта өңдеу және сақтау технологиясы

Оқытудың мақсаты: Ауыл шаруашылық өсімдіктерін адам мен жануарларға зиянды улы өсімдіктер және жарамды өсімдіктерді улы заттардан таза өнім алу жолдарын оқыту мақсаты болып табылады.

Қысқаша мазмұны: Ауыл шаруашылық өсімдіктерін улайтын зиянды организмдерді , олардың алдын алу және олармен күресу әдістерін жолдарын меңгеруді үйрету.

Күтілетін нәтижелер: Ауыл шаруашылық өсімдіктерін экономикалық, экологиялық, технологиялық тұрғыдан тиімді пайдалану.

Білімі: ауыл шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік шешімдерін, егістік дақылдарының маңызын, морфологиялық құрылысын, биология ерекшеліктерін, дақылдарды өсіруге қолданылатын алдыңғы қатарлы технологияларды, егістіктерде жүргізілетін өндірістік жұмыстарды ұйымдастыруды, ауыл шаруашылығы өнімдері сапасын жоғарылатудың жолдары және әдістерін, өнім шығынын және өсіруге жұмсалатын еңбек, құрал-жабдықтар шығындарын азайтады.

Икемділік: Ауыл шаруашылық өсімдіктерін өсімідіктер өсіруде кездесетін кедергілерді болдырмау жолдарын меңгеру.

Дағды: Улы өсімдіктерге қарсы жүргізілетін жұмыстарды жете меңгеру, токсикологиялық жұмыстар жүргізуге жете баға беруге дағдыландыру.

Құзіреттілігі: Ауылшаруашылық дақылдарын токсикологиясын ғылыми негізде өсіру технологиясын қолдану арқылы жоғары өнім алу жолдарын үйрету және дайындалатын мамандарды теориялық біліммен қаруландыру және практикалық іскерлігін арттыру.

Бағдарлама жетекшісі: доцент Қорабаев Ж.З, доцент Лавриненко Г.Е.

8

ASHOIA 0308

Ауыл шаруашылық өсімдіктердің жұқпалы (инфекциялық) аурулары

Кредит көлемі – 3 (1+2+0), ECTS – 3 кредит

Пререквизиттер-101 кредит

Постреквизиттер- ауыл шаруашылық фитопотологиясы

Оқытудың мақсаты: Ауылшарушылық дақылдарының зиянкестері мен ауруларының түр құрамы және олардың биологиялық негізде зияндылығын азайту

Қысқаша мазмұны: Қазіргі кезде өсімдік шаруашылығында жаңа технологияларды қолданып, өсімдікті зиянкестер мен аурулардан жүйелі қорғау шараларын ескермей ауылшарушылық өндірісін дамытуды іске асыру мүнкін емес. Осыған байланысты «Агрономия» мамандығында бойынша дайындалатын пәндердің ішінде «Ауыл шаруашылық өсімдіктердің жұқпалы (инфекциялық) аурулары» пәні бойынша білім алу өте қажет.

Күтілетін нәтижелер: Пәнді оқу барысында студенттер нақтылы ауылшаруашылық дақылдарын агротехникалық, биологиялық және химиялық әдістермен кешенді қорғау шарларының жүйесімен танысады.

Білімі: Өсімдіктерді жұқплы аурулардан корғау пәнін оқыту барысында көптеген кешенді материалдар қолданып, далалық жағдайда өткізілетін оқу практикасында студенттердің алған теориялық білімдері толықтырылады.

Икемділік: Теориялық білімен қаруланып және практикалық іскерілген арттыра білуі.

Дағды: Өсімдікті зиянды организмдерден қорғау шараларын дер кезінде, тиімді және қоршаған ортаны ластанудан сақтай отырып сауатты қолданулары керек.

Құзіреттілігі: Студенттерді ауылшаруашылық дақылдары зиянкестермен аурулардың тұр құрамдарымен таныстырып, олардың биологиялық ерекшеліктерін, зиянды организімдермен өзара байланысын, олардың жаппай көбеюі мен таралу себептерін, жұқпалы аурулардың таралуын анықтау және есептеу әдістерін меңгеру сондай-ақ экологиямен қоршаған ортаға ескере отырып, қорғау шараларын жүйесін дұрыс жүргізуді жоспарлау болып табылады.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Каламов Б.Х, доцент Лавриненко Г.Е.

9

KZAA 0309

Карантинді зиянкестер, аурулар арамшөптер

Кредит көлемі – 3 (1+2+0), ECTS – 6 кредит

Пререквизиттер- 31 кредит

Постреквизиттер- -«Агрохимия», «Өсімдік шаруашылығы», «Егіншілік», «Агрономия негіздері» «Өсімдікті қорғау»

Оқытудың мақсаты: Ауылшарушылық дақылдарының зиянкестері мен ауруларының түр құрамы және олардың биологиялық негізде зияндылығын азайту.

Қысқаша мазмұны:

Дәрістер: Қазіргі кезде өсімдік шаруашылығында жаңа технологияларды қолданып, өсімдікті зиянкестер мен аурулардыан жүйелі қорғау шараларын ескермей ауылшарушылық өндірісін дамытуды іске асыру мүнкін емес. Соған байланысты «агрономия» мамандығында бойынша дайындалатын суреттерде «Карантинді зиянкестер, аурулар арамшөптер» пәні бойынша білім алу өте қажет. Пәнінің негізгі міндетті мен мақсаты студенттерді ауылшаруашылық дақылдары зиянкестермен аурулардың тұр құрамдарымен таныстырып, олардың биологиялық ерекшеліктерін, зиянды организімдермен өзара байланысын, олардың жаппай көбеюі мен таралу себептерін, аурулармен зиянкестерін ақықтау және есептеу әдістерін меңгеру сондай-ақ экологиямен қоршаған ортаға ескере отырып, қорғау шараларын жүйесін дұрыс жүргізуді жоспарлау болып табылады. Бұл мақсаттарда іске асыру үшін пәнді оқыту барысында ауыл шаруашылық зиянды организмдерден қорғауда биологялық, химиялық шараларды төзімді сорттарды енгізу сияқты қазіргі кездегі ғылыми жетістіктерді тиімді пайдалананып егістің фитосанитарлық жағдайын қалыпта ұстау жағына аса көңіл бөлу қажет.



Лабораториялық сабақтар: Карантиндік зиянкестердің, оның ішінде бунақденелердің құрлысымен танысу. Зиянды бунақденелерді бөлшектеу қосалқылары, ауыз мүшелерінің түрлері; ауыл шаруашылық дақылдарын кеміргіш және түйреп-сорғыш зиянкестердің зақымдау белгісі. Басты жұйелік топтарды анықтау тәсілі.Бунақденелердің дернәсілдері мен қуыршақтарының түрлерін анықтау. Басты зиянкестерді тұқымдаспен түрге дейін анықтау арқылы олармен таныстыру. Ауыл шаруашылық дақылдарының негізгі зиянкестерімен танысу олардың фенологиясымен зияндылығы. Сонымен қатар лабораториялық сабақтарда тұқымға отырғызылатын материалдарға фитопотологиялық экспертиза жүргізеді. Практикалық сабақтар өсімдікті химиялық қорғау шараларының тиімділігі анықталады.

Күтілетін нәтижелер: Ауылшаруашылық өндірісінде зиянкестер мен аурулар аса зиян келтіріп өнімдердің сапасы мен түсімін арттыру.

Білімі: Қазіргі кезде өсімдік шаруашылығында жаңа технологияларды қолданып, өсімдікті зиянкестер мен аурулардыан жүйелі қорғау шараларын іске асыру.

Икемділік: Студенттерді ауылшаруашылық дақылдары зиянкестермен аурулардың тұр құрамдарымен таныстырып, олардың биологиялық ерекшеліктерін, зиянды организімдермен өзара байланысын, олардың жаппай көбеюі мен таралу себептерін, аурулармен зиянкестерін ақықтау және есептеу әдістерімен жұмыс жасай білуі керек.

Дағды: Студенттерді ауылшаруашылық дақылдары зиянкестермен аурулардың тұр құрамдарымен таныстырып, олардың биологиялық ерекшеліктерін, зиянды организімдермен өзара байланысын, олардың жаппай көбеюі мен таралу себептерін, аурулармен зиянкестерін ақықтау және есептеу әдістеріне дағдыландыру.

Құзіреттілігі: Ауылшаруашылық өндірісінде зиянкестер мен аурулар аса зиян келтіріп өнімдердің сапасы мен түсімін төмендетеді. Ауылшаруашылық дақылдарының негізгі зиянкестері, және оларға қарсы жүйелі күрес шараларымен таныстыру.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Каламов Б.Х, оқытушы Ахметова А.А.

1,2 траектория бойынша оқу үшін қосымша жалпы пәндер

10

AOB 0310

Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің биотехнологиясы

Кредит көлемі – 3(1+1+1), ECTS – 5 кредит

Пререквизиттер- 65 кредит

Постреквизиттер- агрохимия, агрономияға кіріспе, өсімдік қорғау

Оқытудың мақсаты: Студенттерге өсімдік шаруашылығының бүгінгі бай дәстүрлі әдістеріне үйрету, өсімдік шаруашылығы мен селекция саласында өсімдіктердің ерекше генотиптерін сақтау және жедел көбейту, көшеттік материалдарды сауықтыру және жасанды қоректік ортада клетка, ұлпа мен өсімдік мүшелерін өсіру арқылы өсімдіктердің аса өнімді және төзімді түрлерін алуды болашақ мамандарға жетік оқыту болып табылады.

Қысқаша мазмұны: Ауыл шаруашылығындағы өсімдік селекциясының биотехнологиялық әдіс тәсілдерін меңгеру.

Дәрістер: Биотехнология ғылым және өнеркәсіп саласы. Ауыл шаруашылығындағы биотехнологиясының зерттеу нысандары және әдістері. Осы заманғы биотехнологияның негізгі бағыттары мен міндеттері. Биотехнология әдістерін ауыл шаруашылығы өсімдіктері селекциясында, тұқым шаруашылығында және өсіру технологиясында пайдалану. Жасанды қоректік ортада өсірілетін клеткалар мен ұлпалар биологиясы, өсімдіктерді клональді микрокөбейту және сауықтыру, өсімдіктердің өсуі мен дамуын реттегіштер, мұздатып сақтау және клеткалар мен ұлпалар банкі, генетикалық инженерия негіздері, in vitro әдістерін өсімдік селекциясында қолдану.

Білімі: Пәнді оқу нәтижесінде студент мынаны білуге міндетті:

  • студенттерді өсімдік шаруашылығының бүгінгі байдәстүрлі әдістеріне үйрету;

  • өсімдік шаруашылығы мен селекция саласында өсімдіктердің ерекше генотиптерін сақтау және жедел көбейту;

  • көшеттік материалдарды сауықтыру және жасанды қоректік ортада клетка;

  • ұлпа мен өсімдік мүшелерін өсіру арқылы өсімдіктің аса өнімді және төзімді түрлерін алу;

Икемділік:

  • Пәнді оқу нәтижесінде студенттер мынаны игере білулері керек; ұлпалары мен мүшелері өскіндерімен жұмыс істеуді игеруі тиіс;

  • Биотехнология әдістерінің көмегімен селекция процессін жүргізуде ежелден қолданып келе жатқан тәсілдерді (будандастыру, мутагенез, сұрыптау т.б) едәуір жеңілдетуге, тездетуге болады.

Дағды: Студенттер өсімдіктер биотехнологиясын өткен соң өсімдіктердің үлпаларымен және өскіндерімен жұмыс жасауға дағдылана білулері керек

Құзіреттілігі: Өсімдіктер биотехнологиясын оқыған болашақ мамандар

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Мухаметжанова О.Т., аға оқытушы Байгаринова Р.М.


11

ASHS 0311


Ауыл шаруашылық статистикасы

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS – 5 кредит

Переквизиттер-65 кредит

Постреквизиттер-«Агрохимия»,«Өсімдік шаруашылығы», «Егіншілік», «Агрономия негіздері» «Өсімдікті қорғау»

Оқытудың мақсаты: -студенттер статистикалық органдар арқылы көптеген қоғамдық құбылыстардың өзгерістерін жүйелі түрде есепке алуды, статистикалық жинақтарда, анықтамаларда, мерзімді баспасөздерде, жарияланатын сандық көрсеткіштерді жасаудың, аса маңызды халық шаруашылық салаларының есебін жүргізуді және орындалуын қамтамасыз етулері қажет.

Қысқаша мазмұны:

Дәрістер: Статистика пәні және оның зерттеу обьектісі. Статистикалық бақылау әр қашанда кең көлемді, толық жүргізіледі.

Күтілетін нәтижелер: Студенттер статистикалық мәліметтерге талдау жасап және жинақталған және топтастырылған, өңделген көрсеткіштерді салыстырып қортындылап ғылыми тұжырымдар мен ұсыныстар жасауды қолдана білулері керек.

Білімі: Статистика әлеуметтік –экономикалық құбылыстар мен процестерге статистикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде қоғамдық ғылымның негізгі қағидалары мен заңдылықтарына, құбылыстарды танып білудің диалектикалық әдісіне сүйенеді.

Икемділік: Осы әдісті қолдану кезінде статистикалық бақылау арқылы жиналған мәліметтер өздеріне тән жекелеген белгілері бойынша біртекті топтарға және іштей жіктерге бөлінеді.

Дағды: Статистика әлеуметтік дағдысын қалыптастыру.

Құзіреттілігі: Статистикалық көрсеткіштерді топтау, өңдеу және жинақтау бұл статистикалық зерттеудің екінші саласы болып табылады



Бағдарлама жетекшісі: доцент Сеилгазина С.М

Аға оқытушы Байгаринова Р.М, Аға оқытушы Каламов Б.Х.



12

AGZA 0312


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет