«бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие



бет135/230
Дата31.05.2024
өлшемі3.7 Mb.
#502171
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   230
pr vn bol sd kz

Ағымы: созылмалы нефрит 2-3 жылдан 10-15 жылға дейін жалғасады. Аурудың бірінші кезеңі ұзақ, екінші кезеңі қысқа болады. Аурудың барысында суықтың, жұқпалы аурудың әсерінен әр түрлі уақытқа созылатын асқыну кезеңдері байқалады. Уақытша оңалу кезеңдері де болады. Ауру барысының сипатына және белгілерінің басым болуына байланысты созылмалы гломерулонефриттің бірнеше клиникалық түрлерін ажыратады.
Нефротикалық ісінуге, несептік синдромдар мен ауру барысының тез ағымы тән. Гипертониялық түрі қатерсіз ағыммен, артериялық қан қысымының жоғарылауымен, аздаған зәр өзгерістерімен ғана шектеледі. Аралас түрде ісінуде, несептік және гипертензивті синдромдар орын алады. Гломерулонефриттің бұл түрінің ағымы ауыр да және тез жүреді. Ол 2-3 жылдан соң айқын бүйрек қызметінің жетіспеушілігіне әкеліп соғады. Латентті түрі - жасырын түрде өтеді, ол зәрдің аздаған өзгерістерімен сипатталады. Ісіну, гипертензиялық синдромдар болмайды. Бүйрек қызметінің жетіспеушілігі өте кеш, 10-15 жылдан соң ғана дамиды. Барлық жағдайда да науқастардың өлімі бүйрек қызметінің жетіспеушілігінен болады.
Емдеу. Симптомдардың асқынуы кезінде төсек тартып, ас тұзы шектелген (тәулігіне 1,5-2,5 г) сүт, өсімдік тағамдары, орташа өлшеммен белок (науқастың 1 кг дене салмағына 1 г-нан) беріледі; гломерулонефриттің нефротикалық түрінде және гипопротеинемияда белоктың мөлшерін тәуліктік рационда көбейтілуі ұсынылады.
Созылмалы инфекция ошақтарын тазарту (шіріген тістерді емдеу, қабынған бадамша безді алып тастау т. б.) жүргізіледі. Жұқпалы ауру ошақтарымен күресу үшін антибиотиктер беріледі. Нефриттің гипертензия және азотемия синдромынсыз асқынған кезеңінде кортикостероид гормондарын дәлдану жақсы нәтиже береді. Созылмалы гломерулонефриттің нефротикалық түрінде хингаминді ұзақ уақыт қолданғанда біршама дұрыс нәтиже береді. Емдеу курсы - бірнеше айға созылады. Көп жағдайда осындай емдеу жолымен тұрақты клиникалық уақытша оңалуға қол жеткізуге болады.
Созылмалы гломерулонефриттің гипертониялық және ісіну түрлерінде симптоматикалық ем жүргізіледі, яғни гипотензивті заттар, салуретиктер (гипотиазид) қолданылады. Гломерулонефриттің гипертониялық және нефротикалық түрімен ауыратын, бірақ бүйрек қызметінің орны толтырылған (компенсированная почка) науқастардың жағдайын санаториялық емдеумен жақсартуға болады.
Зәрліқан кезінде негізінен азотемиямен күресуге тура келеді. Ет тағамдарымен ішке түсетін жануар текті белоктар тәулігіне 18-30 г дейін шектеледі. Ішектегі шіру үдерісін төмендету үшін кең спектрлі антибиотиктер курсы, сонымен қатар сүт-қышқылды тағамдары, айран қолданылады. Ісінуге бейімділік болмаған жағдайда, көп мөлшерде сұйықтық ішу пайдалы. Уланумен күресу мақсатында - организмге көп мөлшерде «В» тобының витаминдерін, аскорбин қышқылын, глюкозаны енгізіп, қайталап қан құйып, асқазанды сода ертіндісімен жуып, содалы клизмалар жасайды. Зәрліқандық уланумен күресудің нәтижелі әдістері - перитониалды диализ бен гемодиализ (жасанды бүйрек). Бірақ, бұл әдістер зәрліқан тудырған себептерді жоя алмайды, тек науқастың өмірін аз да болса ұзартуға жәрдемдеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   230




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет