«бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие



бет230/230
Дата31.05.2024
өлшемі3.7 Mb.
#502171
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   230
pr vn bol sd kz

Есептер:
1. Науқас 28 жаста, қолдарының және аяқтарының ұсақ симметриялық буындарындағы ауырсынуға, таңертеңгілік ісінуіне, төсдарыектен тқрғаннан кейін 1-1,5 сағаттан соң басылатын таңертеңгілік құрысуға шағымданады. Ауру үш ай бұрын пайда болған, алдымен білезік-алақан буындары ісініп қатты ауыған, содан кейін үдеріс саусақ буындарында, балтыр табан буындарында дамыған. Алған емінің әсері аз болған. Қараған кезде: қол, аяқтарының буындары ісінген. Буындар қозғалысы шектелген. Пальпаторлы білектің бүгілетін аймағында тері астында бұршақ көлеміндей түйіндер анықталады. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек қантамыр жүйесі патологиясыз. Бауыр, көкбауыр қлғаймаған. Жұмыс істей алмайды. Өзін күте алады.
А. Диагноз қойып, оны негіздеңіз.
Б. Тексеру жоспарын құрастырыңыз.
2. 55 жастағы науқаста буындардың тұрақты өзгерістері пайда болды. Объективті: алақанның фалангааралық дисталды буындарының, ортаңғы фалангааралық және алақан буындарының деформациясы байқалады.
А. Сіздің алдын ала диагнозыңыз қандай?
Б. Қандай клиникалық симптомдарды анықтауға болады?
Аралық бақылау.
1. Тәжірибелік дағдылар:
1. Буындар деформациясына тән негізгі объективті симптомдарды анықтаңыз.
2. Буын аурулары бар науқастарды стацонардан шығарғанда берілетін тағайындауларды жазыңыздар.
2. Тесттер:
1.Ревматизмнің клиникалық көрінісі сипатталады:

  1. жүрек-қантамыр жүйесінің зақымдалуымен

  2. буындардың зақымдалуымен

  3. перикардтың шектелуі зақымдалуымен

  4. қантамырлардың зақымдалуымен

  5. эндокардтың шектеулі зақымдалуымен

2. Ревматизм дамуында басты роль атқаратын микроорганизм:

  1. стафилакокк

  2. вирусты инфекция

  3. пневмококк

  4. А тобындағы β – гемолитикалық стрептококк

  5. грамм – теріс мәнді флора

3. Ревматизм дегеніміз:

  1. инфекциялық ауру

  2. токсико – аллергиялық ауру

  3. генетикалық ауру

  4. инфекциялық – аллергиялық ауру

  5. қабыну – дистрофикалық ауру

4. Ревматизмде көбіне зақымдалатыны:
| митральды қақпақша +
| қолқа қақпақшасы
| үш жармалы қақпақша
| өкпе артериясы қақпақшасы
| екі қақпақшаның қатар зақымдануы
5. Ревматизмде 6 ай өткен соң тез қалыптасатын ақау:

  1. митральды қақпақша жетіспеушілігі

  2. митральды стеноз

  3. қолқа сағағы стенозы

  4. өкпелік бағана стенозы

  5. үш жармалы қақпақша жетіспеушілігі

6. Митральды стеноз қалыптасу мерзімі:

  1. ревматизмнің алғашқы шабуылы кезінде бірден

  2. ревматизм шабуылынан 6 ай өткен соң

  3. 5-6 жыл бойы қалыптаспайды

  4. алғашқы шабуылдан соң 2 жыл өте

  5. ревматизм шабуылынан 10 жыл өткен соң

7. Кардит, полиартрит, тері асты түйіндері, сақина тәрізді эритема .... симптомдарына жатады.

  1. миокардит

  2. перикардит

  3. инфекциялық эндокардит

  4. ревмокардит \ревматикалық эндомиокардит\

  5. ревматоидты артрит

8. Ревматизмнің алғашқы шабуылы ең жиі кездесуі:

  1. 7-14 жастағы балаларда

  2. орта жастағы адамдарда

  3. 50 жастан кейін

  4. емшек жасындағыларда

  5. кез келген жаста

9. Біріншілік ревмокардиттің басталуы:

  1. жұтқыншақ маңы инфекциясынан \баспадан\ кейін 1-3 жұмадан соң

  2. бронхиттен кейін

  3. жоғарғы тыныс жолдары инфекциясы кейін

  4. жұтқыншақ инфекциясымен байланыстылығы жоқ

  5. созылмалы холециститтен кейін

10. Жемсау кезінде төс сабы үстінен шығатын перкуторлы дыбыс:

  1. перкуторлы дыбыстың тұйықталуы

  2. перкуторлы дыбыстың әлсіреуі

  3. перкуторлы дыбыстың қысқаруы

  4. тұйық перкуторлы дыбыс

  5. ашық перкуторлы дыбыс

11. Қантты диабет диагнозы анықталады:

  1. ашқарында плазмадағы глюкозаның деңгейі >6,7ммоль/л

  2. ашқарында капиллярлық қандағы глюкозаның деңгейі > 6,7ммоль/л

  3. ашқарында плазмадағы глюкозаның деңгейі >7,0ммоль/л

  4. ашқарында капиллярлық қандағы глюкозаның деңгейі ашқарында капиллярлық қандағы глюкозаның деңгейі >6,1ммоль/л

12. Инсулин ... тежей отырып липид және ақуыз алмасуын реттейді:

  1. бұлшықетте және бауырда ақуыз катаболизмін

  2. бұлшықетте және бауырда ақуыз синтезін

  3. адипоциттердегі липолизді

  4. айналымдағы триглицеридтердің гидролизін

13 Глюкозо-толерантты тест ... жоқ кезде жүргізіледі.

  1. диабеттің клиникалық симптомдары және ашқарында гликемия деңгейінің 6,1ммоль/л- ден жоғарылауы

  2. диабеттің клиникалық симптомдары және ашқарында гликемия деңгейінің 5,5ммоль/л –ден жоғарылауы, бірақ 6,7ммоль/л-ден төмендеуі

  3. диабеттің клиникалық симптомдары және ашқарында гликемия деңгейінің 5,5ммоль/л –ден жоғарылауы, бірақ 6,1ммоль/л-ден төмендеуі

  4. диабеттің клиникалық симптомдары және ашқарында гликемия деңгейінің 7,5ммоль/л –ден жоғарылауы, бірақ 8,1ммоль/л-ден төмендеуі

  5. диабеттің клиникалық симптомдары және ашқарында гликемия деңгейінің 8,5ммоль/л –ден жоғарылауы, бірақ 9,1ммоль/л-ден төмендеуі

14. Диффузды токсикалық жемсауды көбінесе салыстыратын ауру:

  1. ревмокардит және ревматикалық жүрек ақаулары

  2. кардиосклероз тахикардиялық түрімен

  3. жыбыр аритмиясы

  4. жүрек ақаулары

15. Диффузды токсикалық жемсаудың сіздерге белгілі асқынуы:

  1. эндокринді офтальмопатия

  2. тиреотоксикалық миопатия

  3. тиреотоксикалық криз

  4. тиреотоксикалық жүрек

  5. созылмалы нефрит

16. Жайылмалы артроз:

  1. тізе буындарын зақымдайды

  2. мойын омыртқаларын зақымдайды

  3. тәж артерияларын

  4. көптеген буындарды зақымдайды

  5. перифериялық артерияларды

17.Тізе буынының артрозы:

  1. жайылмалы артроз

  2. деформациялаушы артроз

  3. коксартроз

  4. Полиартрит

  5. гонартроз

18. Түйінді артроз кездеседі:

  1. шынтақта

  2. саусақтарда

  3. қабырғаларда

  4. тізе буындарында

  5. табандарда

19. Семіздік кезінде тағайындалатын емдәм:

  1. № 7

  2. № 9

  3. № 10.

  4. № 8

  5. № 1

20. Ұйқы безінің эндокринді ауруларына кіреді:

  1. қантты диабет

  2. гипотиреоз, гипертиреоз

  3. Иценко-Кушинг

  4. созылмалы панкреатит

  5. семіздік






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   230




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет