«бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие



бет169/230
Дата31.05.2024
өлшемі3.7 Mb.
#502171
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   230
pr vn bol sd kz

6) Өткізу мерзімі: 4-шы апта.
7) Әдебиет:
8) Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер).
Сұрақтары:

  1. Жіті жүрек жеткіліксіздігінің себептері қандай?

  2. Естен тану деген не?

  3. Коллапс деген не?

Тесттер:
1 ~ Пенициллинмен емделген науқаста кенеттен әлсіздік, кеуденің қысуы, суық тер, жіп тәрізді пульс, гипотония байқалады – бұл:

  1. анафилактикалық шок

  2. жіті солқарыншалық жеткіліксіздік белгілері (өкпе ісінуі)

  3. бүйрек эклампсиясы белгілері

  4. өкпе артериялары тармақтарының тромбоэмболиясы

  5. жіті оңқарыншалық жеткіліксіздік белгілері

2 ~ Науқаста төс артының ауырсынуымен қатар кенеттен әлсіздік, бас айналу, тұншығу, суық тер, тахикардия, гипотония байқалады - бұл:

  1. бүйрек эклампсиясы белгілері

  2. анафилактикалық шок

  3. кардиогенді шок белгілері

  4. өкпе артериялары тармақтарының тромбоэмболиясы

  5. жіті солқарыншалық жеткіліксіздік белгілері (өкпе ісінуі)

3 ~ Үдемелі әлсіздік, бас айналу, суық тер, жіп тәрізді пульс, гематокриттің, гемоглобин деңгейінің төмендеуі- бұл:

  1. ішкі қан кету кезінде жіті қантамыр жетіспеушілігі белгілері

  2. кардиогенді шок белгілері

  3. анафилактикалық шок

  4. бүйрек эклампсиясы белгілері

  5. өкпе артериялары тармақтарының тромбоэмболиясы

4 ~ Жүректің оң жақ бөліміне салмақ түсуінің аускультативті белгісі:

  1. өкпе артериясынан ІІ тонның айқын акценті

  2. жүрек ұшында 1 тонның кенеттен әлсіреуі

  3. жүрек ұшында шапалақтаушы І тонның пайда болуы

  4. жүрек ұшында систолалық және диастолалық шулардың пайда болуы

  5. 1 және 11 тондардың кенеттен әлсіреуі

5 ~ Жіті коронарлық жеткіліксіздігі кезінде қолданылады:

  1. эуфиллин, преднизолон, адреналин

  2. нитроглицерин, морфий, гепарин

  3. строфантин, лазикс, натрий нитропруссиді көктамырға

  4. лазикс көктамырға, коринфар тіластына

  5. супрастин, пипольфен

6 ~ Бронх демікпесі ұстамасын басатын дәрі-дәрмек:

  1. нитроглицерин, морфий, гепарин

  2. строфантин, лазикс, натрий нитропурсиді көктамырға

  3. эуфиллин, преднизолон, адреналин

  4. лазикс көктамырға, коринфар тіластына

  5. пенициллин

7 ~ Жіті өкпе ісінуі кезінде ең алдымен қолданылады:

  1. лазикс, увлажненный кислород, натрий нитропурсиді көктамырға

  2. нитроглицерин, морфий, гепарин

  3. лазикс көктамырға, коринфар тіластына

  4. эуфиллин, преднизолон, адреналин

  5. пенициллин

8 ~ Гипертониялық кризді басу үшін қолданылады:

  1. лазикс көктамырға, коринфар тіластына

  2. нитроглицерин, морфий, гепарин

  3. строфантин, лазикс, натрий нитропурсиді көктамырға

  4. пенициллин

  5. эуфиллин, преднизолон, адреналин

9 ~ Жіті қантамыр жеткіліксіздігі кезінде алғашқы көмек көрсету үшін қолданылатын дәрі-дәрмектер:

  1. мүсәтір спирті иіскеу үшін, мезатон, кордиамин инъекция түрінде

  2. морфий, лидокаин көктамырға

  3. капотен, фуросемид

  4. строфантин, лазикс

  5. супрастин. адреналин

10 ~ Анафилактикалық шокты емдеуде қарсы көрсеткіші бар шаралар:

  1. науқасты төсекке жатқызу, астыңғы жақты фиксациялау +

  2. натрий нитропурссидін көктамырға тамшылатып ендіру

  3. кордиамин, наркотиктер ендіру

  4. преднизолон, адреналин, антигистаминді заттарды, кордиамин ендіру

  5. супрастин, адреналин ендіру

Есептер:
1. Кардиологиялық бөлімшеде жатқан науқаста туыстары келіп кеткеннен кейін бастың шүйде бөлімінің ауыруы, бас айналу, жүрек айну пайда болған.
А. Мейірбикенің тактикасы қандай?
2. Әйел кісі, 50 жаста, 20 жылдан бері артериалдық гипертензиямен ауырады, кардиологиялық бөлімшеге үдемелі ентігуге, тұншығуға, кеудеде қысу сезіміне, бірден әлсіздікке, шырышты қиын түсетін қақырықпен жөтелге шағымданып түсті.
Объективті: жалпы жағдайы ауыр. Төсектегі қалпы мәжбүрлі, аяғын төмен түсіріп, төсекке қолдарын тіреп отыр. Акроцианоз. АҚ 260\130 мм.с.б.б. Пульсі 120 рет мин.. Инспираторлы ентігу. ТАЖ 48 рет 1 мин. Жүрек шекаралары: оң жағы 1.0 см төстің оң қырынан сыртқары. Жоғарғысы III ұабырға. Сол жағы 3 см бұзанаорта сызығынан сыртқары. Аускультативті: 1 тон әлсіреген, шоқырақ ырғағы, өкпе артериясы үстінен II тон акценті. Өкпе аускультациясында тыныс әлсіреген. Төменгі бөлімдерінде құрғақ және ылғалды сырылдар. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Тексергенде: ЭКГ ЖЭО солға ауытқуы, R I, aVL, V5-6 амплитудасының жоғарылауы, ST сегментінің депрессиясы, Т V5-6 I, aVL тісшелерінің деформациясы. Рентгенологиялық: сол жақ қарынша гипертрофиясы, қолқа кеңейген, ұзарған. Көз түбінде: "қиылысу симптомы" .
А. Сіздің диагнозыңыз?
Б. Жедел емдік көмек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   230




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет