Есептер:
1. Науқас 34 жаста, әлсіздікке, басының қысып ауыруына және бас айналуына, ісінуге шағымданады. Объективті: артериалдық қысымының жоғарылауы және сол қарынша гипертрофиясы байқалады. Зәр анализінде: протеинурия, цилиндрурия.
А. Сіздің алдын-ала диагнозыңыз.
Б. Ары қарай тексеру жоспарын құрастырыңыз.
1) Тақырып: №29. Эндокринді жүйе ауруларын алдын -алу.
2) Мақсаты: Эндокринді жүйе ауруларын алдын –алуды оқыту.
3) Тапсырма:
- СӨЖ тақырыбы бойынша әдебиет таңдау (каталогтармен, журналдармен,
монографиялармен, сөздіктермен, оқу әдебиеттерімен, интернет мәліметтерімен жұмыс жасау)
- сабақ тақырыбы бойынша конспект, презентация, көрнекті құралдар (буклеттер, интеллект карта) құрастыру
тест тапсырмаларын шешу
берілген тақырып бойынша өз бетінше 4-5 тест құрастыру
4) Орындалу түрі:
- «кейс-стади»
- постерлік доклад
- тақырып бойынша эссе Кластерлер
- тақырып бойынша глоссарий
презентация
интеллект карта
5) Орындалу критерилері.
1. Презентация –өз бетінше орындалуы керек, белгіленген уақытта, көлемі кемінде 20 слайд және кемінде 5 әдебиет көзі болуы керек. Слайдтар мазмұнды және қөркемді болуы керек. Қорғау кезінде автор тақырып бойынша тереңірек білімін демонстрациялауы қажет, талқылау кезінде сұрақтарға жауап бергенде қателіктер жібермеуі керек. Слайдтардың мазмұны толық және көркем, тақырып бойынша өз ойымен интегрирленген мәлімет болуы керек.
2. Интеллект карта және буклет жинақы орындалған және белгіленген уақытында өткізілген болуы керек. Өз бетінше кемінде 5 әдебиет қолданылуы керек. Сызбалар, кестелер және суреттер болуы керек.
3.Студенттердің жеке сұхбатының жазбасы және, немесе дәрігердің пациентпен сұхбатының видео-аудио таспасын таңдау.
4.Меңгерген тәжірибелік дағдылары жазылған күнделік арнау
5.Әр тақырып бойынша өзінің индивидуалды ой қатынасын суреттеу
6.Рөлдік ойындар қою
Достарыңызбен бөлісу: |