6) Өткізу мерзімі: 11-ші апта.
7) Әдебиет:
8) Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер).
Сұрақтары:
Стенокардия және миокард инфарктысы кезінде ауырсыну синдромының айырмашылығы қандай?
Миокард инфарктысы кезінде қандай ЭКГ өзгерістерін көруге болады?
Миокард инфарктысына күдік болған кезде сіздің тактикаңыз қандай?
Тесттер:
1~ Трансмуральды миокард инфарктісінде некрозды өзгеріс орналасуы:
жүрек етінің барлық қабаттарында
субэндокардиальді
терең жүрек етінде
оң қарыншада
субэпикардиальді
2~ Трансмуральды миокард инфарктісіндегі ЭКГ–да:
QS комплексі жазылады
QRS комплексі кеңиді
қарыншалық комплекстің тек соңғы бөлігі өзгереді
S тісшесі тереңдейді
R тісшесі төмендейді
3~ Спонтанды стенокардия ұстамасы кезінде ЭКГ-да пайда болуы мүмкін өзгеріс:
патологиялық Q тісшесі
R тісшесі төмендейді
QRS комплексі кеңиді
ST сегменті жоғары ығысады
ЭКГ өзгермейді
4~ Миокардтың жиырылу функциясы туралы мәлімет беретін тексеру әдісі:
ЭхоКГ
ЭКГ
жүректің тіке проекциядағы рентгенографиясы
поликардиография
коронарография
5~ ЖИА – ын операциямен (қолқа – тәж артериясы шунтын салу арқылы) емдеу қажеттілігін анықтайтын тексеру әдісі:
ЭхоКГ
селективті коронарография
рентгенокимография
ЭКГ
поликардиография
6~ Миокард инфарктісіндегі резорбтивті – некротикалық синдромға ... жатпайды.
ЭТЖ – ы тездетуі
лейкоцитоз
ферменттер деңгейі көтерілуі
гиперкалиемия
дене қызуы көтерілуі
7~ Миокард инфарктісі диагнозын қоюға көмектесетін ең сенімді синдромдар жиынтығы:
аритмиялық, ауру синдромы, жүрек жетіспеушілігі
ауру синдромы, ЭКГ – дағы өзгерістер, жүрек жетіспеушілігі
ауру, резорбтивті – некротикалық синдромдар, ЭКГ – дағы өзгерістер
ауру синдромы, сол қарыншалық жетіспеушілік
ауру синдромы, кардиогенді шок
8~ Миокард инфарктісіне күдік болса, бірінші көмек көрсету реті:
тіл астына нитроглицерин беруден
ЭКГ тексеруінен
наркотикалық анальгетиктер арқылы ауру синдромын қайтарудан
әуелі толық ауру және өмір анамнезін анықтаудан
тыныштандырудан
9~ ЖИА – на күдігі бар 40 жастағы науқас ЭКГ – да ешқандай өзгеріс табылмаса, әрі қарай тексерілу әдісі:
физикалық жүктеме сынамасы \ВЭМ\ өткізу
поликардиграфия өткізу
ЭхоКГ – ны өткізу
технециймен миокард сцинтографиясын өткізу
кеуде рентгенографиясын өткізу
10~ ЖИА жиілігіне адам жасының, жынысының әсері:
көбіне 40-50 жастағы ерлерде кездеседі
көбіне ерлерде кез – келген жаста кездеседі
ешқандай әсері жоқ
көбіне 40-50 жастағы әйелдерде кездеседі
жасы жас ерлерде жиі кездеседі
Достарыңызбен бөлісу: |