Қимылды ойын
«Мысық пен тышқан» шапшаң ойынын ойнату. Екі баланы мысық не тышқан етіп таңдап алу, қалған балалардың шеңбер құрап, мысықты кіргізбеуге күш салуын ескерту.
|
Қимылды ойын:
Аулада балаларға кезекпен доп лақтырылады, сұрақ қойылады. Балалар допты қағып алып, сұраққа жауап беруі тиіс. Мысалы: қала – Алматы, киім – көйлек, тағам – бешбармақ деген сияқты. Бұл ойын балалардың жылдам әрі дұрыс жауап беруіне септігін тигізеді.
|
Қимылды ойын
«Тимбилдинг» ойыны. Балалар бірнеше жұпқа бірігіп, қолдарындағы матаны мықтап ұстап, допты келесі жұпқа лақтырады. Ойын шарты бойынша жұптар допты түсіріп алмай келесі топқа лақтыруы тиіс.
|