«Судың түсі қандай?» Тәрбиеші бағыттауымен парақтағы су бейнелерін өзгеруіне қарай бояп шығу. Бұл бүгінгі өтілген тақырыпқа сәйкес баланың қаншалықты жетік меңгергенін анықтауға көмектеседі.
|
«Менің мамандығым» Мен өскенде кім болам? Деген сауалды қоя отырып, балалардың болашақ армандарын анықтау.
Мүмкін жауаптар: дәрігер, мұғалім, ғарышкер, өрт сөндіруші, поли ция, аспазшы, т.б.
«Мамандық жанашырлары» атты видеоролик көрсету. Аталған көрсетілім бойынша балалар қай салада болмасын мамандардың еңбегін бағалау керегін түсінеді.
|
Балалар парақ бетіне өзіне ұнайтын субұрқақтың суретін салады. Тәрбиеші баланың жұмысына ерекше баға береді.
|
Серуен
|
10.10-
10.50
|
«Менің көпіршіктерім. Аулада тәрбиеші көмегімен көпіршіктер жасап үйренеді. Қажетті заттар: стақан, су және сұйықтық. Сонымен қатар тәрбиеші көрсетуімен судың түсінің қандай жағдайда өзгеретінін, судың күйін бірге анықтайды.
|
«Қатып қал» жаттығуын жасау. Су, мұз, қар пішіндес әрекетті қайталау.
Су – түрлі икемде қимылдар жасау.
Мұз – орнында қатып қалу.
Қар – бір-бірін ұстап алу.
|
«Мамандық иегерлері» сахналық қойылым. Балалар өздеріне берілген суреттегі мамандар бойынша біріге отырып, қызмет барысында көрініс қояды. Балаларға ұсынылған суреттер: мұғалім, дәрігер, кітапханашы, дәрігер, аспазшы, тігінші, полиция қызметкері, сәулетші, суретші.
|
«Өз қолымнан». Балалар тәрбиешімен бірге пластик бөтелкеден субұрқақ жасап шығарады. Ғимарат алдындағы субұрқақ пен қолдан жасалған субұрқақтың айырмашылығын атап көрсетеді.
Қажетті құралдар: пластик бөтелке, су, ине, ыстық клей.
|
|