Негізгі мәселелер және дәрістің қысқаша мазмұны:АҚШ сыртқы саясатының қалыптасуының негізгі шарттары.Сыртқы саясат қалыптасуындағы конгресс және президенттің ролі. Буржуазияның қалыптасуы ХҮІІІ ғ. 70 ж.Отарлардың пайда болуы. Метрополия мен отарлар арасындағы қайшылықтардың ұлғаюы. Тәуелсіздік үшін соғыстың алғышарттары және себептері. Тәуелсіздік үшін соғыстың басталуы, барысы, әскери қимылдар.АҚШ-тың құрылуы.Соғыстың тарихи маңызы.1787 жылғы Конституция. Америка ағартушылары.Бенджамин Франклин, Д.Адамс, Д. Мэдисон, Т. Пейн, Т. Джефферсон, А. Гамильтон.Қоғамдық пікірдің ролі.. ХҮІІІ ғ. аяғындағы-ХІХ ғ. 1 жартысындағы АҚШ-тың экономикалық дамуы.1793-1807жж. американ саудасының «алтын ғасыры». Өнеркәсіп төңкерісінің басталуы. АҚШ-тың территориялық өсуі. Монро доктринасы. Демократиялық және республикалық партиялардың құрылуы. 1860 ж. президенттік сайлауда А. Линкольнның билікке келуі. Азамат соғысынң алғы шарттарының қалыптасуы. Қоғамдағы қайшылықтар.
XVIII ғасырдың соңы — XIX ғасырдың алғашқы онжылдығында АҚШ-тың экономикалық даму деңгейі Батыс Еуропадан, әсіресе Англиядан әлі де артта қалып отырған болатын. Оның өнеркәсібі енді ғана аяғынан тұра бастады, бірақ та капиталдың шоғырлануы, ішкі нарықтың қалыптасуы және ағылшынның техникалык жетістіктері өнеркәсіптегі төңкеріске түрткі болды. XVIII ғасырдың 90-жылдарында АҚІП-та жеке фабрика түріндегі көсіпорындар пайда болса, ал XIX ғасырдың екінші ширегінде фабрикалық жүйе енгізіле бастады.
АҚШ-тың тұңғыш президенті Джордж Вашингтон (1789—1797) кезінде елдің каржы жүйесі нығайтылып, ұлттык банк құрылды және бірыңғай ақша жүйесі енгізілді.
Жол-көлік торабын құрудың орасан зор маңызы болды. XIX ғасырдың бірінші ширегінде-ақ құбырлар салына бастады. 30-жылдардың басында теміржолдар пайда болды, ал 1860 жылы 30626 мильге жеткен осы теміржолдардың ұзындығы бойынша дүние жүзінде АҚШ бірінші орынға шықты. 1869 жылы континентаралық жолдар жұмыс жасай бастады.
АҚШ жалпы батыстық бағытта дамыды. Еркін жаткан аумақтар бірінен соң бірі қоныстанылып, кейін олар тең құқықты штаттар ретінде одаққа кабылданды. 1861 жылдың өзінде-ақ АҚШ аумағында 40 штат болды.
Жаңа жерлерді игеру АҚШ экономикасының аграрлық сипатына себепші болды. Жер алу үмітімен Батысқа америкалықтармен қатар өзге елдерден қоныс аударушылар (иммигранттар) да бет алды. Жер сату — мемлекет үшін кірістің өте маңызды кайнар көзі болды. Жер сатып алып, онда фермерлік шаруашылықты жолға қою өте қымбатка түсетін еді. Тек жалданып істеуге немесе жерді жалға алып іс бастауға мүмкіндік болды. Скваттерлік те, яғни жерді өз бетімен басып алу да жалғасын тауып жатты. Ал 1841 жылдан бастап қоныстанушы басып алған жер бөлігін өзіне меншіктенуі жөнінде құжат алуына мүмкіндік туды (бос жатқан жерлерді тартып алу заңы бойынша). Көптеген фермерлік "отбасылык" түрде болды. Олардың өнімдері сатуға түсіп жатты. Бидай, жүгері, шошқа еті елдің шығысы мен оңтүстігіне сатуға шығарылса, батыстың ауыл шаруашылықты аудандарына арзан фабрикалық заттар әкелінді.
40-жылдарда басталган соқа, шөпшалғы, баулайтын және басқа да техникаларды шығару ауыл шаруашылығының дамуына ықпал етті. Отбасылык еңбектің басым болуы және оны механикаландыру еркін штаттардағы америкалық ауыл шаруашылығы дамуының ерекше сипаты болды.
АҚІП-та өнеркәсіптегі жұмысшы табы қалыптасты. Иммигранттар ғана емес, сондай-ақ көптеген америкалықтар да еңбекақысын ақша түрінде алуды бағалай бастады.
Америкалық қоғамға тән сипат алған жағдай жастардың фабрикаларда жұмыс істеуге ұмтылысы болды. Фермерлік шаруашылықты отбасының үлкен балалары мұра қылса, кішілері бөлініп шығып, өз бетінше еңбек етіп, ақша таба бастады.
Сословиелік ұғым жоқ америкалық қоғамда еңбекақы табуға көптеген жағдайлар болғандыктан, "баю мүмкіншілігі мол еді: балалары ата-аналарынан асып түсуге ұмтылды. Бүған иммиграция қолайлы жағдай туғызды: елге қоныс аударып келіп жатқан жарлы-жақыбайлар ауыр жұмыстарға жалданып, жергілікті АҚШ азаматтарының "жоғары" өрлеуіне мүмкіндік жасады. Ірі америкалық алпауыттардың бәрі осындай "төменнен" шыққандар еді. Мысалы, XIX ғасырдың екінші жартысындағы теміржол және болат құю зауытының қожасы Эндрю Карнеги өзінің мансабын қарапайым теміржол қызметшілігінен бастаған.
№16 дәріс
Тақырыбы:1945-50ж.ж. АҚШтың сыртқы саясаты...
Негізгі мәселелер және дәрістің қысқаша мазмұны: Г.Трумэн үкіметінің сыртқы саясаты.Дж.КЕннеди доктринасының тежелуі .НАТО-ның пайда болуы.АҚШ және БҰҰ.Қырғи қаьбақ соғыс
№ 17 дәріс
Тақырыбы: АҚШ-тың стратегиялық монополиясы
Негізгі мәселелер және дәрістің қысқаша мазмұны: Дәріс мазмұны: АҚШ-тағы атом монополиясының ақыры. АҚШ-тың отаршылдықтан азат ету процесі мен ұстанымы. Д.Эйзенхауер доктринасы.ОАГ ролі.Куба революциясы және АҚШ ұстанымы.
№ 18 дәріс
Тақырыбы: Дж.Кеннедидің сыртқы саясаты.
Негізгі мәселелер және дәрістің қысқаша мазмұны: Дәріс мазмұны: Дж.Кеннедидің сыртқы саясаттағы бағдарламасы..Жаңа меже бағдарламасы.. 1960ж.ж. АҚШ-тың аймақтық саясаты.
АҚШ-тың социалистік әлемді мойындауы.
Бейбітшілік корпусын құру.
№ 19 дәріс
Тақырыбы: 1970ж.ж. АҚШ-тың сыртқы саясаты.
Негізгі мәселелер және дәрістің қысқаша мазмұны: Дәріс мазмұны: Сыртқы саясаттағы жаңа факторлар.. Г. Киссинджер тұжырымдамасы Шығыс-батыс стратегиялық балансы.
1975ж. Хельсинки қорытынды актісі.
№ 20 дәріс
Тақырыбы: Президент Д.Картердің сыртқы саясаты.
Негізгі мәселелер және дәрістің қысқаша мазмұны: Дәріс мазмұны:Трилатерализм доктринасы.АҚШ-КСРО қатынасы.ОСВ-2 келісім-шарты. АҚШ және дамушы елдер.
Д.Картердің біріктіру саясаиы.
№22 дәріс
Тақырыбы:Б.Клинтонның сыртқы саясаты..
Негізгі мәселелер және дәрістің қысқаша мазмұны: Дәріс мазмұны:АҚШ және БҰҰ, НАТО бітімгершілігімиссиясы.Ұлттық қауіпсіздіктің американдық стратегиясы.Ақш және Косово дағдарысы.:АҚШ және әлемдік интеграциялық процестер.Ғаламдық мәселелер және АҚШ саясаты. Клинтонның маңызды ұрандарының біріне американдық экономиканың гүденуін қамтамысыз етуге және әлемдік аренада АҚШ-тың жетекші қатарда болуы үшін ішкі тұрақтылыққа қол жеткізуге шақыруы айналды. Бұл міндетті атқаруда шешуші рөл мемлекетке тиесілі еді, себебі ол рынокты толықтырып отырды, еркін бәсекелестікті анықтаушы болды. Клинтон әкімшілігінің экономикалық стратегиясы бюджет дефицитін қысқартуға, адамдарды инвестициялауға, шетелдік рыноктармен байланысты кеңейте түсуге бағытталды. Клинтон әкімшілігі бастапқыда экономиканы тұрақтандыруға, кейін оның тұрақты өсуіне қол жеткізді, ол өз кезегінде жұмыс орындарының біршама көбеюіне, инфляцияның қысқаруына, тұрғындардың сатып алу қабілеттілігінің артуына көмектесті.
Осы тәрізді басқа да факторлар қатары президенттің 1996 жылғы сайлауда жеңіп шығуын қамтамсыз етті. Клинтонның билік басында отыруының екінші мерзімі жанжалдар қатарымен танымал болды, тіпті оны сот шешімі арқылы биліктен тайдыруға дейін баруға да аз-ақ қалды.
Екі президенттік мерзім ішінде Клинтон әскери шығындарды айтарлықтай шектеді, сонымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру шығыны реформасын жүргізуге бағыт алды. Оған қоса кейбір әлеуметтік бағдарламалар эффективтілігін көтерді. Демократтар билік басында болған уақыт ішінде АҚШ-та жаңа 20 миллион жұмысшы орны пайда болды. 1998 жылдан бастап Құрама Штаттар тұрақты бюджеттік сальдо – профицитке қол жеткізе алды. Ондаған жылда алғаш рет федералды үкімет табысы шығынынан асып түсе бастады.
Әкімшіліктің маңызды экономикалық жетістігі инфляция деңгейінің екі қайтара төмендеуі болды, ол американдықтардың өмір сүру деңгейінің жоғары болуын сақтап қалды. Бюджет дефицитін жою әскери шығындарды қысқарту нәтижесінде мүмкін болды. Әскери мақсаттағы шығын 1998 жылы федералды бюджеттің 16% құрады. Нәтижесінде үкіметтің әлеуметтік шығыны әскери шығыннан 3 есеге асып түсті. Үкімет бағдармаларында маңызды орынды үздіксіз технологиялық революцияны бастан кешіруші экономика жағдайындағы жұмысшы күшінің жоғарғы мамандандырылған деңгейін қамтамасыз етуші, маңызды функция ретінде білім беру саласына қолдау көрсету алады. Клинтон кезінде федералды бюджет ғылымға кететін шығынның үштен бір бөлігін, сондай-ақ бастапқы зерттеу шығынының жартысын өз мойнына алған болатын. Клинтон әкімшілігінің сыртқы саяси стратегиясы АҚШ үшін экономикалық жағдайына, эффективті әскери машинаны модернизациялауға, теледидар, кино, Интернет арқылы тұрақтанған мәдени-ақпараттық салаға сүйене отырып, «әлемдік көшбасшы» рөлін сақтап қалу қажеттілігіне негізделді.
1993 жылдан бастап Солтүстік американдық еркін сауда зонасының құрылуы туралы келісім күшіне енді (НАФТА). 1994 жылы американдық президент ұсынысы бойынша «Америка еркін сауда зонасының» құрылуы жөнінде шешім қабылданды (ТАФТА). АҚШ Азиалық- Тынық мұхиттық қоғамдастықтың белсенді қатысушысы. Сондай-ақ жаңа « Еуроатлантикалық рынок» құру туралы жоспар дайындалуда.
23 -дәріс
Тақырыбы:Канада және Версаль -Вашингтон жүйесі.
Негізгі мәселелер және дәрістің қысқаша мазмұны: 1919ж. Париж конференциясы.1921ж. Вашингтон конференциясы.Кеңес еліне қарсы интервенцияға Канаданың қатысуы. АҚШ президенті В.Вильсонның беибіт бастамалары Вильсонның 14 пункті (январь)
Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталды. (11 ноябрь)
Халықаралық қатынастардағы Версаль – Вашингтон жүйесі.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
1919 – 1925 ж.ж. Халықаралық қатынастардың Версаль – Вашингтон жүйесінің қалыптасу кезеңі.
1919 ж. 18 – январь – Париж бітім конференциясының басталған уақыты (27 ел; басты рольді АҚШ президенті В.Вильсон, Англияның премьер – министрі Г.Л. Джордж және Францияның премьер – министрі Ж.Клемансо атқарды.)
Версаль бітім келісімі ( 1919 ж. 28 июнь)
1. Келісімге Ұлттар Лигасының жарғысы енгізілді.
2. Германия территориясының 1/8 бөлігінен айырылды ( Эльзас пен Лотарингия Францияға берілді, округ – Бельгияға, Силезияның бөлігі – Чехославакияға, Пруссия мен Поморьяның бөлігі, Позань – Польшға, Солтүстік Шлезвиг – Данияға); жалпыға бірдей әскери міндеткерлік жойылды; сүңгуір қайықтар, соғыс және теңіз авиациясын ұстауға тыйым салынды; соғыс шығындары.
3. Австрия, Болгария, Венгрия және Түркиямен бейбіт келісімге қол қойылды.
Ұлттар Лигасы (1919 – 1946 ж.ж.)
Ұлттар Лигасының жарғысы (26 бап)
Елдер арасында ынтымақтастықты дамыту, бейбітшілік пен қауіпсіздікке кепілдікті қамтамасыз ету;
Халықаралық даулы мәселелерді шешудің құралы ретінде соғыстан бас тарту;
Агрессорларға қарсы санкциялық шаралар (халықаралық дағдарысты болдырмау механизмі);
Вашингтон конференциясы (1912ж. 12 ноябрь) Азия – Тынық мұхиты аймағындағы жағдай және қарусыздану мәселесі.
1. “Бес мемлекеттің келісімі” (АҚШ, Англия, Жапония, Франция, Италия теңіз қару – жарақтарын шектеу жөнінде келісімге келді)
2. “Тоғыз мемлекеттің келісімі” – Қытайдың тәуелсіздігі мен суверенитетін жариялауға келісілді.
Версаль – Вашингтон жүйесі негізсіздігінің себебі
1924 ж. Авгусі – Лондон конференциясы Дауэс жоспарын мақұлдады. Оның негізгі Германияның соғыс шығындарын төлеу тәртібі өзгерді. Франция мен Бельгия өз әскерлерін Рурдан шығарды.
1928 ж. 27 авгусі – Парижде соғысты саясат жүргізудің құралы ретінде шектеу жөнінде көп жақты келісімге (Бриан – Келлог пактісінің бастамашылары – Франйияның сыртқы істер министрі. Бриан мен АҚШ Мемлекеттік Секретары Келлог) қол қойды.
24- дәріс
Тақырыбы:1923-29ж.ж. Канаданың сыртқы саясаты.
Негізгі мәселелер және дәрістің қысқаша мазмұны: 1923ж. Канада-американ келісім-шарты.1926ж. империя конфедерациясы. Соғыс жағдайында құрылған коалициялық үкімет берік бірлестік болған жоқ. У.Лорье өлімінен кейін 1919 жылы либералдар басшысы 1837 жылғы Жоғарғы Канададағы көтеріліс басшысының немересі, бұрыңғы еңбек министрі - Уильям Лайон Макензи Кинг болды. Ауруы бойынша отставкаға кеткен Р.Борденнің орнына 1920 жылы консерваторлар басшысы Артур Мейген болды. Партия либералды-консерваторлы болып аты өзгертілді. Басшылықтың ауысыуы партияларға жоғалтқан позицияларын қайта қалпына келтуруге көмектескен жоқ. 1930 жылға дейін ешбір екі партиялардың біреуі де парламентте көп орынға ие болған жоқ.
1921 жылғы сайлаудан кейін үкіметті Макензи Кинг (1921-1926жж) басшылығымен либералдар қалыптастырды. 1921 жылғы сайлауда консерваторларға қарағанда коалицияға либералдармен бірге енген фермерлік Ұлттық прогрессивті партия көп дауыс жинады.
Елдің ішіндегі дағдарыстық жағдайды билеуші шеңбер жетістікті сыртқы саясатпен өтеуге тырысты. 1919-1920 жж Париж бейбіт конференциясында Канада өзі бейбіт келісімдерге қол қойды және Англияның қарсылығын жеңіп, басқа доминиондармен бірге Ұлттар Лигасында өкілеттілікке құқық алды. Канада антикеңестік интервенцияға қатысу үшін өзінің әскерлерін жіберді. 1918 жылы қазанда канадалықтар Владивостокқа түсірілді. Мұнда олардың солдаттар саны 4,5 мың адамға дейін жеткізілді. 1918 жылы күзде канадалық артиллериялық бригада Архангельскке жіберілді. Әскери істерге канадалық солдаттар белсенді қатысқан жоқ.
Либералдардың экономикалық мәселесі реконверсия өткізуге және соғыс уақытындағы мемлекеттік реттеу шараларын айналдыруға бағытталды. Барлық соғыс аралық уақытта Канада «бидайдық доминион» репутациясын сақтаған аграрлы- индустриалды мемлекет болды. Шаруашылық жандану 1919-1920 жж уақытша және шектеулі сипатта болды. Ол 1920-1921 жж өнеркәсіптік және аграрлық дағдарыспен ауыстырылды. Дағдарыстан шығу жолдарын үкімет шетел инвестицияларын тарту мен провинциялардың шикізат ресурстарын кең түрде қолданудан іздестірді. Канадаға біртіндеп британ капиталын ығыстырған американ капиталының енуі күшейтілді. АҚШ пен Англия арасындағы канадалық экономиканың маңызды салаларын басқару үшін күрес шиеленісті. Дағдарыс жұмысшы халықтың жағдайының төмендеуіне және жұмыссыздықтың өсуіне алып келді. 1919 жылы екі ай ішінде Виннипегте профессионалдық кеңестерді қолдауға көпмыңдық стачкалар жалғасты. 1922 жылы Торонтода Канаданың Жұмысшы партиясы құрылды.
Үкімет қоғамның назарын сыртқы саясатқа аударуға тырысты. Канада жастүріктерге қарсы Ұлыбританияның әскери саясатын қолдаудан бас тартты. Англиямен бекітілген Лозанн келісіміне қол қойылған жоқ. 1921-1922 жж Вашингтон конференциясы кезінде Канада АҚШ жағында болды. 1920 жылы Макензи Кинг Англиядан Канаданың жеке дипломатиялық өкілеттіліктерін бекіту құқығына қол жеткізді. 1923 жылы Англияның қатысынсыз Канада АҚШ-пен балық аулау туралы келісімге қол қойды.
25- дәріс
Тақырыбы:1936-39ж.ж. Канаданың сыртқы саясаты.
Негізгі мәселелер және дәрістің қысқаша мазмұны: Бітімгершілік саясаты.Канада-американ қатынасы.
Испаниядағы соғыс және Канада позициясы.Канаданың 2-дүниежүзілік соғысқа кіруі..
1926 жылы ағылшын генерал-губернатор кезекті сайлау жасаудан бас тартқан және консерваторларға А.Мейген (1926 ж шілде-қыркүйек) басшылығымен жаңа үкімет құруға бұйрық берген кезде Канадада конституциялық дағдарыс орын алды. Нәтижесінде сайлаулар өтті және либералдар Макензи Кинг (1926-1930 жж) үкіметін құрды. Ағылшын генерал-губернаторымен болған келіспеушіліктен кейін Макензи Кинг 1926 жылғы империялық соғысқа қатысты. Канада бағынбайтын позиция ұстанып, доминиондар үшін «империяда тең статусқа» қол жеткізді. Бағынуды қолдамаған, доминиондардың автономиясын жариялаған «Бальфур декларациясы» қабылданды. Доминиондар соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешуге құқық алды. Генерал- губернатор құқықтары корона өкілеттілігімен шектелді. Канадаға ағылшын үкіметі атынан комиссар тағайындалды.
1927 жылы Канада федерацияның құрылуы күнінен бастап 60 жыл - «бриллиантты туған күнін» өткізді. Осы жылы АҚШ, кейін Францияжәне Жапония өкілеттерімен дипломатиялық алмасу болды. Алайда 1927 жылы ағылшындардың қысымымен Кеңес Одағымен қатынастар үзілді. Либералдық үкімет экономикалық гүлдену жағдайында әрекеттенді. Канадада өндіріс пен капиталдың концентрациясың күшею толқыны өтті. Шаруашылықты электрификациялау басталды. Өңдейтін өнеркәсіп салаларында біршама көтерілу байқалды. 1962 жылдан бастап Канада комбайндар шығара бастады. 1930 жылға Канада экспорт көлемі бойынша дүние жүзінде бесінші орынға шықты. Канада француз аралдары арқылы АҚШ-қа спирт контрабандасын жүзеге асырды. 1927 жылы астық, әлемдік рынокта азық-түлік өніміне және ауыл шаруашылық шикізатына сұраныстың көтерілуі елдің аграрлық дағдарысты жеңуге мүмкіндік берді.
Осы жылдары шетел инвестициясының ағымы күшейді. Сонымен қатар Канада экономикасының сыртқы өнеркәсіптік және финанстық рыноктар жағдайына тәуелділігі оның 1929-1933 жж дүние жүзілік экономикалық дағдарыстың катастрофикалық әрекетімен түсіндірілді. Биржаның құлауы АҚШ пен Канадада бірге болды. 1933 жылға Канада өндірісінің көлемі екі есеге қысқарды. Әсіресе фермерлер жағдайы ауыр болды. Батыста 8 жыл ішінде құрғақшылық тұрды, жер шаң – тозаңнан зардап шекті. Ауыл шаруашылығы азық-түлігіне бағаның күрт төмендеуі 1933 жылы мыңдаған фермерлердің үкімет иждивениясында қалуға әкелді.
1930 жылғы сайлаулар халықтың либералдар саясатына сенімсіздігін көрсетті. Консервативтік кабинетті миллионер Р.Беннет (1930-1935жж) қалыптастырды. Р.Беннет үкіметі дағдарыстық жағдайларды жеңу әдісін қатаң протекционизмде және ішкі ресурстарды мобилизациялауда көрді. 1930 жылы жұмыссыздық бойынша көмектесу туралы заң қабылданды.
Р.Беннет парламенттен алған диктаторлық артықшылықтар оған бірқатар репрессиялық шаралар өткізуге мүмкіндік берді. Иммиграцияға тыйым салынды және «жағымсыз» шетелдіктердің күштеп депортациясы басталды. Ксенофобия мен ұлтшылдық күшейді. Фашисттік ұйымдар пайда бола бастады. Үкіметтің «оңға» бұрылысы жаңа демократиялық ұйымдардың құрылуына әкелді, мысалы соғыс пен фашизмге қарсы Канадалық Лига. Беннеттің жариялаған реформаларының кең бағдарламалары- «жаңа бағыт», парламент арқылы 8 сағаттық жұмыс күнін, апта сайын демалыстар жасау, жұмыссыздық бойынша сақтандыру консерваторлардың билікте ұзаққа қалуына көмектескен жоқ.
26- дәріс
Тақырыбы:Канада 2-дүниежүзілік соғыста..
Негізгі мәселелер және дәрістің қысқаша мазмұны: Соғысқа қатысуы.Канада-американ қатынасы.
Канаданың 2-дүниеж. Соғысқа қосқан үлесі.Кеңес елімен 1945 жылдың маусым айында Канадада Федералдық сайлау өтіп, либералдық партия жеңіске жетті. Сайлау науқанына дайындық кезінде бұл партия «жұмыс орнын көбейтіп, Канада халқының тұрмыс жағдайын жақсартамыз және жаңа әлеуметтік тәртіп жақтаймыз» деген уәделерімен жеңіс тұғырына шықты.
Соғыстан кейінгі жылдарда Канада өнеркәсібінің өнімі 12 пайызға кеміді. 1946 жылы өнеркәсіп өнімі одан әрі төмендеп, 7,5 пайызға жетті. Мұның басты себебі- Канаданың соғыстан кейінгі әскери-соғыс кәсіпорындарының қысқаруына тікелей байланысты болды.
1950 жылдардың бірінші жартысында Канада экономикасы қайтадан оңалып, қалпына келтірілді.
Канада экономикасында мемлекеттік кәсіпорындардың Канадада мемлекеттік қаржысына, сондай-ақ акцияларды сатып алу арқылы құрылды. мемлекет қаржысына теміржол және авиация, ядролық кәсіпорындар мен жолдардың, порт құрылыстарының, электрэнергетика және тағы басқа құрылыстардың акциялары сатып алынып, мемлекеттік кәсіпорындардың саны көбейтілді.
Канада экономикасында тау-кен өндірісінің рөлі ерекше. Канада экспортының 85 пайызы минералдық шикізат, жартылай фабрикат, азық-түлік тауарларын құрайды. Канада экономикасында шетел капиталының үлес салмағы өте жоғары. Әсіресе АҚШ капиталының үстемдігі сақталуда. Шетел капиталы құрамындағы Америка капиталының үлес салмағы 80 пайыздан асады. Канада кәсіпорындарының жартысынан көбі шетел капиталының меншігінде, яғни солардың бақылауында.
Кен байлықтарын игеру жағынан Канада дүние жүзінде ІІІ орында. Мұнай өндіру және оны өңдеу жағынан да Канада ең озық елдердің қатарында.
Канада- дамыған индустриалдық - аграрлық елдердің қатарына жатады. Елдің экономикасында ауыл шаруашылығы басты орын алады. Елдің аграрлық секторы дәнді дақылдар өндіруге бейімделген. Ауыл шаруашылығы қажетіне жердің 8 пайызы ғана пайғаланылғанына қарамастан, Канаданың ауыл шаруашылығы өте пайдалы, механикаландыру деңгейі әбден өркендеген салалардың қатарында.
1960 жылдардан бастап қару-жарақ, стратегиялық шикізат қорын, фермерлердің астық қорын халықаралық рынокта сату және сатып алу мемлекеттің қамқорлығында болды. Міне, мұның өзі елдің экономикасын өрге бастырудың басты құралына айналды.
Либералдық партия консерваторлардың қолдауына сүйене отырып, Америка экономикасына (1947 ж) ықпалдастық саясатын енгізді. бірақ 1950 жылдарда консерваторлар биліктен бас тартқан кезде (1957-1963 жж) елдің саяси өмірі шиеленісе түсті, әлеуметтік және ұлттық қарама-қайшылықтар өрши бастады.
Әйтсе де консерваторлар үкіметі елдегі федералдық- провинциялық қатынастың күйреу барысын тоқтата алмады. Консерваторлар "Конфедерация- болсын, орталықтандыру- болмасын!" деген ұранымен өздерінің бағдарламаларын іске асырып, либералдардың экономикалық саясатын одан әрі жалғастыра берді.
27 -дәріс
Тақырыбы:Дж. Дифенбикер үкіметінің сыртқы саясаты.
Негізгі мәселелер және дәрістің қысқаша мазмұны: Ағылшын-Канада қатынасы.Канада және АҚШ.: Консерваторлардың сыртқы саясаты. 1968ж. сайлау кампаниясы. П.Э.Трюдо үкіметінің билігі. 80- ж.ж. Канаданың экономикалық-даму динамикасының нашарлауы. Ұлттық қайшылықтардың шиеленісуі. 1993 ж. сайлау. Интеграциялық байланыстардың өсуі. Канада НАФТА құрамында. 80-90 ж.ж. Канададағы дағдарыс және оның шешу жолдары. «Трюдо кезеңінің»аяқталуы. Қазіргі Канада.
Пьер Эллиот Трюдо мерзімнен бұрын сайлауға 1968 ж маусымда барды және оларды жеңіп шықты. Ол елді экономикалық депрессиядан шығару жіне әлеуметтік-саяси тұрақтылықты қайта құру сияқты ауыр мәселелерді алдына қойды. Жаңа премьер-министр – Монреальдағы профессор - өзінің саяси қызметін канада қоғамын алаңдатқан ұлттық бірліктің аса ауыр проблемасын тұрғызудан бастады.
1969 ж П.Трюдоның шешімімен Канадада екі ресми тілдер жөнінде заң қабылданды. Осындай шешімнің нәтижесі федералдық қызметтерде франкоканадтықтардың үкіметін кеңейту, құжаттарды екі тілде жүргізу және шенеуніктерге француз тілін үйрету болды. 1969 ж аймақтық экономикалық даму министрлігі құрылды. Министрлікке берілген құралдардың негізгі үлесі Квебекке бағытталды.
Үкіметтің шаралары «бір ел – бір ұлт» принципінен шықты. Ұлттық проблемаларды осындай жолмен шешу аймақтық дамуды, әлеуметтік инфроқұрылымның жақсаруын, Француз Канаданың мәдени және тілдік ерекшелігін мойындауды болжады.
Лебералдарға әлеуметтік қолдауды жүзеге асыра алатын шешуші әрекеттер экономикалық проблемаларды талап етті. Инфляция мен жұмыссыздықтың өсуі, бюджеттік тапшылық пен шаруашылық даму қарқынының төмендеуі П.Трюдо үкіметінің назар ортасына айналды. Академиялық шеңберден шыққан, премьер-министр кабинет жанында ғылыми-зерттеу топтарын құрды, мемлекеттік қызметке жас маман кадрларын тартты. Министрлер кабинеті ішкі және сыртқы болып бөлінді. Елді тиімді басқару үшін министрліктер британ үлгісі бойынша үлкендерге (тәж министлігі) және кішілерге (мемлекеттік) болып бөлінді. Соңғылары эксперттік-аналитикалық функцияларды орындады.
П.Трюдо әлеуметтік саясатта жалпыға түсінікті шараларды өткізді: жұмыссыздық бойынша сақтандыру, қоғамдық жұмыстардағы бағдарламаларға өзін-өзі басқаруды енгізді. Аз қамсыздандырылған азаматтарға салықтар төмендетілді, зейнетақы мен жәрдемақылардың көлемі жоғарлатылды. Сонымен қатар экономикада дағдарысты құбылыстарды жеңу қолдан келмеді. Үкімет депрессия кезеңін кешкен экономиканы тікелей ынталандыра алатын шараларды өткізген жоқ. Р.Никсонның әкімшілігі 1971 ж канада импортына қарсы протекционисттік шаралар енгізді. Бұл біржақты акция канада-американ қатынастарын шиеленістірді.
П.Трюдо екінші үкіметті (1972-1974) 1972ж сайлаудағы либералдардың сәтсәздігінен кейін тек Жаңа демократиялық партиямен одағымен құра алды. Либералдар бірнеше реформистік шараларды өткізуге мәжбүр болды.
Коалициялық кабинеттің негізгі тактикасы экономикалық және әлеуметтік сфераларда оперативті жауап беру болды. Жұмыс бастылықты үлкейту, тұрғындардың сатып алу қабілетін қолдау және ұлттық бизнесті көтермелеу басымды мәселелердің арасына кіргізілді.
Мемлекеттпен кең әлеуметтік бағдарламалардың басқа жақты өткізілу федералды шығындардың және эмиссиялардың тез өсуі, елдің алтын қорының төмендеуі болды. Қосымша қаржыны іздеуде 1973 ж П.Трюдо кабинеті Канадада шетел капиталы үстіне бақылау жүргізу жөнінде заң қабылдады. Кең прероготивпен федералдық агенттік (ФИРА) құрылды. Заң ұлттық капиталдың төмен үлесімен қатысуының шаруашылық салаларын канадизация алғышарттарын құрды. Бюджетті толықтыру мақсатында провинциялар мен орталық арасында мұнай мен газ экспортынан табыстарды бөлу реформасы өткізілді. Федералдық билік өзінің үлесін төрт есеге көтерді.
1974 ж сайлауда либералдар парламентте өзіне көп орын қайтарып алды және социал-демократтармен одақ қажеттілігі жойылды. Кешікпей сайлаудан кейін Канадада 1974-1975 жж дүниежүзілік экономикалық дағдарыс пайда болды. Реттеудің неокейнсиандық әдістер жұмыссыздық пен инфляция (стагфляция) біруақытылы өсуінің жағдайында керек емес болып шықты.
П.Трюдоның үшінші кабинеті (1974-1979) үкіметтік саясаттың жалпы қарқынын төмендетті. «Приоритеттермен жаттығу» атты жыл бөлінді. Бұл либералдар үкіметін шапшаң жағдайлық жауап беруден алаңдатты. Дағдарысты құбылыстарға мемлекеттің жауабы кеш келді. Экономикалық процестердің мемлекеттік реттеулерін сақтау шешілді.
1975 ж бағалар мен табыстарға бақылау енгізілді. Жалақының өсуін бақылаған арнайы Антиинфляциялық басқарма құрды. Үкіметке жауап ретінде 1976 ж ұлттық наразылық күнін өткізу болды, барлық елдегі ереуілдерге 1 млннан астам адам қатысты.
1976 ж ірі кәсіподақты орталық – Канада жұмысшылар конгресі және Альберт үкіметі бақылау шараларын заңсыз деп оны алып тастауды талап етті. Жоғарғы сот үкімет жағын қолдаған.
П.Трюдо кабинетінің сыртқы саяси бағдарламасы «үшінші альтернативаны» - Канаданың сыртқы байланыстарындағы приоритеттерді қайта қарастыру, Европа, Латын америкасы және Жапония сияқты елдермен байланыс активизациясы арқылы АҚШ-тың шексіз ықпалына «қарсы тұрушылық» құруды қолдауында тұрды. П.Трюдо экономикалық ұлтжандықты көтермеледі. Либералдар алғаш рет Канадада американ капиталының ықпалын шектеу бағдарламасымен және АҚШ-тан саяси тәуелділігін сынаумен шықты.
Американ-канада қатынастары АҚШ-тан келген «қышқылды жауын-шашын» проблемасының шығуымен, американ танкерлерімен арктикалық теңіздерді ластаудан қорғау туралы заң қабылдануы, сондай-ақ Канадада 200 мильдік балық аулау зонасын енгізуімен шиеленісті. Американ мұнай монополияларының қарсылығы П.Трюдоны жаңа энергетикалық саясатты және экономиканың «канадизациясын» жүргізуге талпындырды.
Канаданың «тәуелсіздігін» үкіметтің көрсеткішті акциялары
көрсетуі керек болды. П.Трюдо Канададан АҚШ-тың ядролық қаруын шығаруды қолға жеткізді және Европада канадалық әскердің ядролық қаруланудан бас тартты. Канада ЕЭО-пен ынтымақтастығын бастады. Канада Хельсинкидағы жиналыстың соңғы актісіне қол қойды. 1970 ж Социалистік Қытаймен дипломатиялық қатынастар орнатылды. 1976 ж Канада және Жапония арнайы келісімде ынтымақтастық негізін анықтады. Канада еркін қозғалысты сақтағысы келіп, Американ мемлекеттерінің ұйымына кірген жоқ. 1976 ж Канада дүниежүзілік жетекші елдердің «жетілік» құрамына қабылданды.
Оған қоса канадалық әскери өнімнің АҚШ-қа жеткізілуі вьетнам соғысы кезеңінде жалғасын тапты. Канада Чилидегі А.Пиночеттің режимін қолдаған болатын.
П.Трюдо үкіметіне АҚШ пен Канада өзара байланысын әлсіздендіре алмады, канада экономикасы үлкен дәрежеде АҚШ шаруашылық кешенінде интеграцияланған. 1974-7975 жж экономикалық дағдарыстан шығу канада үшін тек АҚШ-пен ғана мүмкін болды. П.Трюдо Канада экономикасының депресиядан шығу жолын таба алмады. 1979 ж бюджет тапшылығы 10 млрд долларды құрады.
1979 ж сайлауда Прогресивті-консерваторлық партиядан және оның көшбасшысы Джозеф Кларктен (1979-1980) жеңіліс тапқан П.Трюдо социал-демократтармен қайтадан коалиция құра алды, үкіметтік дағдарысты тудыра алды және өзінің төртінші үкіметін (1980-1984) құра алды
.
28- дәріс
Тақырыбы:Л.Пирсон үкіметінің сыртқы саясаты..
Достарыңызбен бөлісу: |