Бекітемін Ұто директоры Қ. C.Әбдиев 2013 ж



Дата17.06.2016
өлшемі72.04 Kb.
#141471


Бекітемін

ҰТО директоры

_____________ Қ.C.Әбдиев

2013 ж. «_____»_________
5В072000 - «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»

5В072100 - «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»

5В072700 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы»

5В072800 – «Өңдеу өндірістерінің технологиясы»

мамандықтарына арналған

«Бейорганикалық химия» пәні бойынша

ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1. Құрастырылу мақсаты:

Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.



2. Міндеті:

ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.



3. Тест мазмұны мен жоспары:

Тест «Бейорганикалық химия» пәнінің типтік оқу жоспарына сәйкес оқу материалының келесi тақырыптарынан тұрады:





Мазмұны

Тапсырмалар саны

1

Химияның негізгі заңдары мен түсініктері.

Атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі түсініктері. Атом, молекула, салыстырмалы атомдық масса, моль. Молекулалық массаны анықтау. Химиялық таңбалар, формулар, теңдеулер. Химияның стехиометриялық заңдары: зат массасының сақталу заңы, құрам тұрақтылық заңы, еселік қатынастар заңы, эквиваленттер заңы, Авогадро заңы. Реагенттер құрамы мен сандарын өзгеру белгілері бойынша элементтердің тотығу дәрежесі, қайтымдылығы, жылу эффектісі, агрегаттық күйі және катализатордың қатысуы бойынша химиялық реакциялардың жіктелуі.



2

2

Атом құрылысы және химиялық элементтердің периодтық жүйесі.

Атом құрылысының құрамы және модельдері. Атомның кванттық механикалық моделі. Квант сандары. Атомдық орбитальдары. Паули принципі. Атомдық орбитальдарды толтыру реті, Клечковский және Хунд ережелері. Элемент атомдарының электрондық және электрондық-графикалық формулалары. Атомның қалыпты және қозған күйлері. Элементтің валентілігі және тотығу дәрежесі. Д.И. Менделеевтің периодтық заңының маңызы мен химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы. Атомдардың, элементтердің және олардың қосылыстарының кейбір қасиеттерінің өзгеруінің периодтық сипаттамасы.



2

3

Бейорганикалық қосылыстар.

Бейорганикалық қосылыстардың кластары және олардың генетикалық баланысы. Электролиттік диссоциация сипаты және атом құрылысы тұрғысынан бейорганикалық гидроксидтердің сипаттамасы. Қышқылдар және негіздердің термиялық беріктілігі мен күші. Тұздардың типтері, олардың алынуы және қасиеттері. Аррениус, Бренстед және Льюистің қышқылды-негіздік теориялары.



2

4

Химиялық байланыс және молекулалардың құрылысы.

Химиялық байланыс туралы негізгі түсініктері. Химиялық байланыстың түрлері: коваленттік, иондық, металдық, сутектік және донорлы-акцепторлық. Химиялық байланыстың түзілуі механизмдері: алмасу және донорлы-акцепторлық. Валентті баланыстар әдісі және молекулалы орбитальдар әдісі туралы түсінік. Химиялық байланыстың сипаттамалары: энергия, ұзындық, полюстік, қаныққандық, беріктік, бағыттылық және валентті бұрыш. Атомдық орбитальдардың гибридтелуі және молекуланың геометриясы. Заттардың физика-химиялық қасиеттеріне химиялық байланыс табиғатының әсері. Молекулааралық әрекеттесуі. Заттың агрегаттық күйі.



2

5

Комплексті қосылыстар.

Комплексті қосылыстардың номенклатурасы және жіктелуі. Вернердің комплексті қосылыстар түзілуінің координациялық теориясы. Комплексті қосылыстардың құрылысы: сыртқы мен ішкі сфералар, комплекстүзуші, лигандтар, комплекстүзушінің заряды және координациялық саны. Комплексті қосылыстардағы байланыстардың табиғаты. Сулы ерітіндідегі комплексті қосылыстардың электролиттік диссоциациясы және тұрақсыздық константасы. Комплексті қосылыстардың алынуы және қасиеттері.



2

6

Химиялық термодинамика.

Химиялық термодинамиканың негізгі түсініктері: жүйелер, үрдістер, параметрлер, функциялар, заңдар. Химиялық реакциялардың жылулық эффектісі туралы түсінік. Термохимияның Лавуазье-Лаплас және Гесс заңдары. Термодинамикалық функциялар: энтропия, энтальпия, ішкі энергия, Гиббс энергиясы, Гельмгольц энергиясы және химиялық потенциалы. Химиялық реакциялардың бағыттылығы және өздігінен жүру мүмкіндігі. Термодинамикалық функциялардың өзара байланысы және есептеулері.



2

7

Химиялық кинетика. Химиялық тепе-теңдік

Химиялық кинетиканың ұғымдары. Химиялық реакцияның кинетикалық сипаттамалары: молекулалық, реттілік, жылдамдық, константа, активтену энергиясы және жартылай айналу периоды. Химиялық реакциялар жылдамдығына әсер ететін факторлардың, яғни концентрация, температура, қысым, әрекеттесуші заттардың табиғаты. Активті соқтығысу теориясы. Гомогенді, гетерогенді және ферментті катализ. Химиялық тепе-теңдіктің шарттары және константасы. Тепе-теңдіктің термодинамикасы. Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы – Ле Шателье принципі. Химиялық тепе-теңдікке әсер ететін факторлар: концентрация, температура және қысым.



2

8

Ерітінділердің жалпы қасиеттері.

Ерітінділердің жалпы сипаттамасы. Ерітінділердің жіктелуі. Еру үрдісінің физика-химиялық сипаты. Идеал ерітінділер заңдары: Рауль, Вант-Гофф, Коновалов, Генри. Заттардың ерігіштігі. Заттың ерігішітігіне әсер ететін факторлар. Еру үрдісінің термодинамикасы. Суда аз еритін электролиттің ерігіштік көбейтіндісі туралы түсінік. Тұнбаға түсу және тұнбаның еруі шарттары мен жолдары. Ерітіндінің құрамын өрнектейтін әртүрлі әдістер. Ерітінді концентрацияларының түрлері.



2

9

Электролит ерітінділері.

Электролиттер ерітінділері және электролиттік диссоциация. Электролиттік диссоциацияның дәрежесі мен константасы. Электролиттердің күші. Электролиттік диссоциация үрдісінің теориялары мен механизмдері (Аррениус, Дебай-Гюккель, Менделеев). Электролиттер ерітінділердегі иондардың бір-бірімен өзара әрекеттесуі. Электролиттердің иондық күші. Электролиттік диссоциацияға әсер ететін факторлар. Бейорганикалық қосылыстардың электролиттік диссоциациясы. Ионды реакциялар, олардың бағыттылығы.



2

10

Тұздар гидролизі.

Судың иондық көбейтіндісі. Судың константасы. Әртүрлі қышқылдардың, негіздердің және тұздардың сулы ерітінділердің ортасындағы сутектік көрсеткіштің мәндері. Тұздар гидролизінің дәрежесі және константасы. Гидролизге әсер ететін факторлар. Тұздардың гидролизі. Тұздар гидролизінің механизмі. Қайтымды және қайтымсыз гидролиз.



2

11

Тотығу-тотықсыздану реакциялары.

Тотығу-тотықсыздану реакцияларының (ТТР) негізгі түсініктері: тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш, тотығу, тотықсыздану, электрондық баланс, тотықтырғыш және тотықсыздандырғыштың эквиваленттік массасы. Типті тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар. Элементтің заттағы тотығу дәрежесі бойынша оның тотығу-тотықсыздану реакциясындағы ролін анықтау. ТТР-ның өтуіне әсер ететін факторлар. ТТР теңдеуінің құрылуы және теңестірілуі. ТТР-ның типтері: молекулааралық, молекула ішіндегі, диспропорциялану және конпропорциалану.



2

12

Электрохимиялық үрдістер.

Электрохимиялық үрдістер туралы түсінік. Электродтық потенциал және электродтардың типтері. Кернеу қатары. Суға және қышқылдарға қатысы бойынша металдардың белсенділігі. Нернст тендеуі. Тотығу-тотықсыздану потенциалы – заттардың тотығу-тотықсыздану қабілеттік өлшемі. Даниэль-Якобидің гальваникалық элементі. Электрохимиялық элементтер сұлбасы, электр қозғаушы күші (ЭҚК) және термодинамикасы. Электролиттер балқымасының және ерітінділерінің электролизі. Фарадей заңдары. Металдардың коррозиясы.



3




Бір нұсқадағы тест тапсырмаларының саны:

25


4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Тест тапсырмалары студенттердің бейорганикалық синтездеуде элемент-термен қосындылардың химиялық және физика- химиялық ерекшеліктерін зерттеу бойынша білімдерін анықтауға мүмкіндік береді.



5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.



6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.

Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.

7.Тапсырманың формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.



Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.

8. Тапсырманың апробациясы:

Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет