Бекіту сұрақтары


Оқытудың/оқудың негізгі мәселелерінің сипаттамасын беріңіз



бет2/4
Дата17.03.2023
өлшемі22.97 Kb.
#470898
түріЛекция
1   2   3   4
Документ Microsoft Word

2. Оқытудың/оқудың негізгі мәселелерінің сипаттамасын беріңіз.
Оқу/оқытудың негізгі мазмұнын «не нәрсеге оқу/оқыту» емес, «қалай оқу/оқыту» құрайды: білік, дағды, машық, құзырлық, білімді игеру практикасы.
 Өмір бойы өздігімен үйрену.
 Білім тек өзіндік тұрғыдан игеріледі, өйткені «білім» дегеніміз жеке адамның қандай да болмасын мәселе мен проблема, ақпарат пен мәлімет бойынша құрастырған ойы, идеялары, пікірі, көзқарасы, түсінігі, дәлелдері, уәждері, тұжырымы. Ал оқу/оқыту – үйренушінің «МЕН-і» бірінші орынға қойылатын процесс.
 Білім бірлескен әрекеттер арқылы игеріледі: үйрену/оқу – коммуникативтік процесс, бірлесе үйренудің тиімділігі жалғыз үйренуден анағұрлым жоғары.
 Білім дегеніміз өмірде қажетті және қолданбалы мәселелер болғандықтан, білім игеру процесі тәжірибеге, практикаға (күнделікті өмірге) негізделеді.
 Оқытудың негізі – өмір сүруге үйрену/үйрету.
 Оқытудың негізгі мақсаты – адам болуға үйрену/үйрету.
Оқыту дегеніміз диалог, ал диалог – адамгершілікке үйренудің ең тиімді әдісі.
 Білім мазмұны үйретушінің талаптырымен айқындалмай, үйренушінің мұқтаждары мен мүдделерінен туындайды.
 Оқыту қоғамға қызмет жасау идеясы арқылы жүзеге асырылады.

3. Сыни ойлау дегеніміз не?
Сыни ойлау сипаты туралы негізгі тұжырымдар:
1.Сыни ойлау – бұл жағымды және өнімді іс-әрекет, өмірге белсенді араласудың негізі.
2.Сыни ойлау – бұл нәтиже ғана емес, үдерістің өзі де.
3.Сыни ойлаудың көріну сипаттары жағдайға байланысты өзгеріп отырады.
4.Сыни ойлау жағымды немесе жағымсыз оқиғалардың әсерінен пайда болады.
5.Сыни ойлау эмоциялық түрде де, тиімді ойлау түрінде де көрінеді.
Сыни ойлау – сенім («Не нәрсеге/кімге сенуім керек?») мен құндылықтарды таңдау, қандай
да болмасын мәселе бойынша барлық туындаған сұрақтар қарастырылғанша «сыпайы» түрде
күмәндану.
Сыни ойлау: белгіленген критерийлер бойынша бағалау; рефлексия түріндегі күмәндану;
дербес түрде пайымдау, қорытындылау; логикалық талдауды қолдану; жүйелі түрде ойлау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет