Белгілеулер мен қыскартулар


Р.с Сабақтың тақырыбы



бет6/6
Дата25.04.2023
өлшемі88.96 Kb.
#472690
1   2   3   4   5   6
Материал 1

Р.с



Сабақтың тақырыбы

Сағ. саны

Мерзімі


Басып жазу жаттығуы

1





Басып жазу жаттығуы

1





Ауада жазу.Әріптерді оңға қарай біркелкі көлбеу жазу

1





Әріптерді оңға қарай біркелкі көлбеу жазу

1





Оңға қарай біркелкі көлбеу жазу

1





Баспа әріптер мен жазба әріптер

1





Әріп элементін дұрыс жазу

1





Әріп элементін дұрыс жазу

1





Жазу жолындағы әріпті тұтас жазу

1





Жазу жолындағы әріпті тұтас жазу

1





Кіші,бас әріпті жазу (жаттығулар үлгісі)

1





Кіші,бас әріпті жазу (жаттығулар үлгісі)

1





Әріптерді талдап жазу

1





Әріптерді талдап жазу

1





Әріптерді тұтас жазу

1





Әріптерді тұтас жазу

1





Үзіліссіз қосып жазу

1





Үзіліссіз қосып жазу

1





Үзіліссіз қосып жазу

1





Графикалық жаттығулар

1





Графикалық жаттығулар

1





Буындар жазу

1





Буындар жазу

1





Буындық диктант

1





Тақтадағы сөздерді жазу

1





Есту арқылы сөздер жазу

1





Айту арқылы сөздер жазу

1





Сөздік диктант

1





Екі сөзден тұратын сөйлем жазу

1





Екі-үш сөзден тұратын сөйлем жазу

1





Көшіру диктанты

1





Диктант жұмысы

1





Көркем жазу

1





Көркем жазу

1




Жұмыс бағдарламасы «Көркем жазуға үйрету технологиясы» курсы бойынша күнтізбелік жоспары


3-сынып

Р.с



Сабақтың тақырыбы

Сағ. саны

Мерзімі


Үзбей жазу жаттығуы

1





Үзбей жазу жаттығуы

1





Есту арқылы сөздер жазу

1





Есту арқылы сөйлемдер жазу

1





Көшіріп жазу

1





Көшіріп жазу

1





Жедел жазу

1





Жедел жазу

1





Үзіліссіз жазу

1





Үзіліссіз жазу

1





Графикалық жаттығулар

1





Графикалық жаттығулар

1





Ритмикалық жазу

1





Ритмикалық жазу

1





Жатқа жазу

1





Көру диктанты

1





Ескерту диктанты

1





Сөздік диктант

1





Шығармашылық диктант

1





Сызба бойынша мәтін құрастыру

1





Сызба бойынша мәтін құрастыру

1





Мазмұндама жазып үйренейік

1





Мазмұндама жазып үйренейік

1





Тактілеу арқылы ритмдік жазу

1





Тактілеу арқылы ритмдік жазу

1





Сын жұмыстары

1





Сын жұмыстары

1





Сын жұмыстары

1





Сын жұмыстары

1





Көркем жазу

1





Көркем жазу

1





Әдемі жазайық

1





Әдем жазу –өнер /сайыс/

1





Қорытынды сабақ

1





Басып жазу жаттығуы

1




2.2 Бірінші сынып оқушыларын көркем жазуға мектепте үйретудің практикалық негізі
2.3 Тәжірбелік – эксприменттік жұмыстың нәтижесі


ҚОРЫТЫНДЫ


Көркем жазу пәнінде әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы болуға тиіс. Мектепке алғашқы келген күнней бастап баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ісіне салдыр – салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуіне әкеп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез – құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке, тыңғылыққа, ұқыптылыққа үйретеді. Бірақ бұл үрдіс баяу қалыптасады.Мұндай мақсатқа жету көптеген талаптарды орындаумен тікелей байланысты.


Көркем жазу пәнінің алғашқы сабақтарында оқушылардың жеке басына және мектепке қойылатын гигиеналық талаптар мен сынып жиһаздарының дұрыс орналасуы, тақта мен парта арасындағы қашықтықтың сақталуы, жарықтың дұрыс түсуі, партаның оқушы бойына сәйкес болуы немесе оның жазу кезіндегі ыңғайлылығы, оқушының партаға дұрыс отыра білуі, дәптер мен көру арақашықтығын сақтауы, жазу құралдарын тиімді пайдалануын ескеруі шарт.
Бастауыш мектептердің алдына қойылатын жауапты міндеттердің бірі- оқушылардың таза, көркем жазуын қалыптастыру. өйткені каллиграфиялық мәдениет жалпы жазу мәдениетінің аса қажетті саласы екені белгілі. Жазудың әдемі болуы оқушының мінез-құлқын тәрбиелеуге, әсемдік сезімін оятуға, ой өрісін дамытуға мейліеше әсер етеді. Таза, сұлу жазылған жазба жұмыстары оңай, тез оқуға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар сырттай көрер көзге де сүйкімді. Көркем жазу оқушыны ұқыптылыққа, тыңғылықтылыққа, еңбексүйгіштікке баулиды.
Көркем жазудың негізі бастауыш кластарда қалыптасады. Бастауыш мектепке арналған қазақ тілі праграммасында әдемі жазуға қойылатын негізгі талаптар белгіленген.
1-класта көркем жазу сауат ашу кезеңінен басталып, оқу жылының соңына дейін үзбей жетілдіріледі. әдетте, мұғалім жалпы жазу жұмысын, оның ішінде көркем жазуды, бастаудан бұрын сыныппен біршама даярлық жұмыстары жаза білу икемділігін меңгеруге керекті төмендегідей дәстүрлі ережелерді қамтыды:
1. Оқушыларды жазу кезінде дұрыс отыруға машықтандыру (аяқтың еденге немесе столдың табалдырығына толық тірелуі, екі білектің стол үстінде болуы, сол қол шынтағының стол- парта бетінен аздап (1-2 см) шығыңқы болуы, бастың сәл ғана еңкейіңкі болып, көз бен қалам ұшы ара қашықтығының 25-30 см-ден кем болмауы, денені түзу ұстау, кеудені стол бетінен 3-5 см алшақ етіп отыру).
Дұрыс отыру ережелері орындалмаса, жас балалардың дене пішіні мен көзіне едәуір зақым келетінін мұғалім естен шығаруға тиіс емес.
2. Дәптерді дұрыс орналастыру (дәптер кеуденің ортасына бағытталып, оң жақ ұстіңгі бүрышы-жоғары, сол жақ ұстіңгі бұрышы төмендеу еіліп, көлбеу қойылады. Стол жиегінен көлбеу бұрышы 25 с болу керек).
3. Қаламды дұрыс ұстауға машықтандыру (қаламды үш саусақпен қарыстырмай, еркін ұстау, сұқ қолымен үстінен, бармақпен- сол жағынан, ортаңғы саусақпен қағазға әлсіз тиіп, солдан оңға қарай еркін қимылдап, жылжып отыруға тиіс, саусақтар қалам ұшынан 2-2,5 см қашықтықта болуы тиіс, пастаны жиі тексеріп, ауыстырып отыру, оның қатып қалмауын, еріп кетпеуін қадағалау).
Көркем жазуды бастаудан бұрын сыныппен біршама даярлық жұмыстары жаза білу икемділігін меңгеруге еректі дәстүрлі ережелерді үйреткен абзал.
Бұл ережені орындау нәтижесінде оқушылар жазу техникасының аса бір қажетті шарты – солдан оңға қарай көлбеу жазуға машықтандыру.Жазу жұмысы әріптер тобы бойынша өткізіледі.Көркем жазуға арналған жаттығулардың қатарына әріп элементтері мен тұтас әріптерді жазу,жеке сөздер,сөйлемдер кіреді.Оқу жылының аяғында оқушылардың жазу қарқынын (темпін) біртіндеп жылдамдату,кіші әріптер мен бас әріптерді алфавит ретімен жазу икемділігі қалыптастырылады.
Екінші сыныпта көркем жазу одан әрі жетілдіріле түседі.Оқушылардың бірінші сыныпта үйренген икемділігі бұл сыныпта дамытылады.Екінші сыныпта жүргізілетін көркем жазу сабақтарының негізгі мақсаты – жазу қарқынын жеделдету,біркелкі ритмикалық жазуға көшу.Оқушылардың оқулықтағы жаттығуды орындауын тексеріп,ондағы сұрақ-тасырмаларды еркін оқып түсінуі қандай қажет болса,оған байланысты жазба жұмыстарын жедел орындау да соншалық қажет екенін естен шығармау керек.Бұл сыныпта біркелкі ритмикалық жазу мен тез жазуға арналған графикалық жаттығуларды орындауға баса назар аударылады.Сондай-ақ жеке оқушымен дербес жұмыс жүргізу,әрбір оқушының жазуындағы жеке кемшіліктерді түзеуге көп көңіл бөлінеді.Соған байланысты графикалық жаттығулардың түрлері де көбейе түседі.Сөздегі әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып жаза білу машығы грамматика мен емлеге берілген жаттығу материалдарын орындау барысында мұқият еске алынады.Бірінші сыныптағыдай әріп тобымен жазу үзбей жүргізіледі.Бірінші,екінші оқушыларының жазуындағы басты кемшіліктердің қатарына көлбеу жазуды сақтамау,әріптердің біркелкі биіктікте жазылмауы,әріп көлемі мен олардың ара қашықтығының әртүрлі жазылуы сияқты қателерді жатқызуға болады.
Үшінші-төртінші сыныптарда оқушылардың көркем жазу икемділігі одан әрі жетілдіріледі.Әріптерді кішілеу етіп,тез жазуға арналған графикалық жаттығулар жүргізіледі.Алдыңғы сыныптардағыдай көркем жазу бұл сыныптарда да қазақ тілінің материалдарымен тікелей байланыстырылып өткізілуі тиіс.
Бағдарлама талаптарына сай әрбір қазақ тілі сабақтарының 6-8минуты көркем жазуға беріледі.Қажетті жағдайда оны жеке сабақ етіп өткізуге де болады.
Бастауыш сыныптарда көкем жазу жұмысы – оқу үрдісінің аса бір қиын саласы.Жалпы алғанда,жазусыз оқу тиянақты оқу бола алмайды. Жазу үрдісі кезінде оқушы сөзге ауызша іштен дыбыстық талдау жасайды (сөздегі дыбыстардың ретін белгілейді).Сонымен қатар ол дыбыстарды тиісті әріптермен таңбалайды.Сөзді жазып біткен соң,оны дыбыстап оқиды.Басқаша айтқанда,жазу үрдісіне оқушы оқу ережесін (әріптерді дыбысқа айналдырып оқу) және жазу ережесін орындайды.Бұл ереже –орфографиялық ереже делінеді.
Әріп таңбасын түсірудің өзі оқушының сол әріп бейнесін көз алдына айқын елестете білуіне тікелей байланысты.Әріп формасын жете танымаса,оны әдемі,сауатты,көркем етіп жазу да қиын.
Бастауыш сынып оқушыларының каллиграфиялық машықтарын жетілдіруде,сондай-ақ жалпы көркем жазу жұмысын жақсартуда,сынып бөлмесінің жарық болуы,ондағы жиһаздардың талапқа сай келуі шешуші рөл атқарады.Жазып отырған оқушы партада дұрыс,дәптерді дұрыс қою,қаламды дұрыс ұстау ережелерін сақтау керек.
Көркем жазудан оқушыларға жеке баға қойылмайды.Оқушының әрбір жазба жұмысын бағалауда,оның каллиграфиялық сапасы мұқият ескеріліп, қазақ тілі бойынша қойылатын жалпы бағаның ішіне көркем жазу бағасы да ескеріледі.Жалпы көркем жазу жаттығулары қазақ тіліне арналған дәптерлерге жазылады.Бұл бірінші сыныпта әріптердің жазылу үлгісі дәптерлерде көрсетілген.Байланыстырып жазуды қалыптастыру үшін:
а)қолжазба әріптерінің биіктігі мен ені 2:1қатысына қарай сай болу керек (үш негізгі элементтен тұратын ж,м,т,ф,ш,щ,ы,ю әріптерінен басқасы)
ә)жазу оң жаққа қарай 65градус көлбеу болуға тиіс,әріптер мен әріп элементтерінің көлбеулігі бірдей болуы керек.
Ритм –бүкіл жазу элементтерінің лайықты үйлесімін табуға көмектесетін амал,ал тактілеу (санау)қозғалысты бірқалыпты жетілдіріп,оқушылардың көркем жазу қарқынын жеделдетуге әсер етеді.
Жас ұрпақты сауатты,көркем жазуға үйрететін, қазақ тіліндегі грамматикалық ережелерді дұрыс түсініп,күнделікті өмірде қолдана алуға дәрежеге жеткізетін пән – қазақ тілі.
Курс мазмұны оқушылардың қаламды дұрыс ұстау және сауатты әрі таза жаза білуге,қатесіз жазуды меңгеруде әріп пен дыбысты айырып,әр сөзде неше дыбыс,неше әріп бар екенін ажырата біліп үйренеді.
Курс мазмұнында оқушының әріп элементтерінің дұрыс жазылуын және каллиграфия қадағаланады.
Бағдарлама құрылымы оқушылардың теориялық білімдерін сынауға қолданылады.Оларды көркем,сауатты жазуға үйретеді.
Сабақты өткізу түрлеріне оқушыларды көркем жазуға үйретуде түрлі жазба жұмыстардың жаттығулар, дыбыстар, буындар, сөздер, сөйлемдер, мазмұндама, шығармалар, диктант түрлерінің пайдасы өте зор.
Бастауыш сыныптың оқушыларын көркем жазуға үйретудің әдістемесін қолданудың мақсатында біз №9 мектеп-интернатының 1-сыныбының оқушыларында сабақ өткізген болатынбыз.
Зерттеу нәтижесінде біз жасалған сабақ жоспары мен күнтізбелік тәртіпті бастауыш сыныптың оқушыларына тәжірибе түрінде енгізіп қолдандық.













































ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. Суретті әліппе. Торсықбаев Ә.А, Биомарова Г.Ә. Алматы кітап
2. Қазақ тілі. Суретті сөздік Еденбаева З. Д. , Искакова Р. А.
3. Қазақ тілін оқыту әдістемесі –Рахметова С. 2005ж
4. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі. –Астана 2007жыл
5. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту методикасы,1987жыл
6. Сауат ашу бағдарламасы (1сынып). – 2003жыл
7. «Жазу үлгілері». - А, 2000-2002жыл
8. Қазақ тілі оқыту әдістемесі.-Атамұра 2005жыл
9. Қазақ тілі пәні бойынша оқу әдістемелік кешен.- Көкшетау-2008жыл
10. Казақ тілі пәнінен - Дайындауыш 55 сабақ - Көкшетау-2008жыл
11. Б.Масенова. Сауатты жазу, сөйлеу дағдысы, / Б.Масенова //Жайық ұстазы. 3 қазан. 2012жыл, № 21 (254) 6-бет
12. С.Шаншарова Сауатты жазуға төселдіру./ С.Шаншарова //Бастауыш мектеп. сәуір №4 2005 жыл 222-бет.
13. М.Синаева Білім берудегі диктанттардың маңызы./ М.Синаева //Бастауыш сынып, №4 , 2013 жыл, 11 – бет
14. Жұмабаева Ә.Е. Бастауыш мектептегі сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмытарының әдістемесі. /Жұмабаева Ә.Е. - Алматы.- 2014.- 3-9 бет
15. Каримова С.Е., Калдаманова З.А., Алимбаева С.С. «1-3 сыныптарға дамыта оқу мен жазу эксперименті бойынша жүргізілетін әдебиеттік оқу мен қазақ тілі пәндеріне арналған» әдістемелік кешені. ISBN 978-601-303-444-7 Қостанай 2015 ж.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет