1.2 Көркем жазудың мақсаты, міндеті, принциптері.
Мектептегі оқыту үрдісі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмыстың негізгі мақсаты – балаға хат таныту, оқу мен жазуды үйрету.Сауат ашу – аса жауапты да күрделі жұмыс. Өйткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге үйретіліп қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс.Демек, сауат ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементтерін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса, солай жазбай, оңға қарай біркелкі көлбеу жаза,оның жазуға машықтандыру міндеті де тұр.Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы қалыптасады.
Көркем жазу пәнінде әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы болуға тиіс. Мектепке алғашқы келген күнней бастап баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ісіне салдыр – салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуіне әкеп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез – құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке, тыңғылыққа, ұқыптылыққа үйретеді. Бірақ бұл үрдіс баяу қалыптасады.Мұндай мақсатқа жету көптеген талаптарды орындаумен тікелей байланысты [3, б. 23].
Көркем жазу пәнінің алғашқы сабақтарында оқушылардың жеке басына және мектепке қойылатын гигиеналық талаптар мен сынып жиһаздарының дұрыс орналасуы, тақта мен парта арасындағы қашықтықтың сақталуы, жарықтың дұрыс түсуі, партаның оқушы бойына сәйкес болуы немесе оның жазу кезіндегі ыңғайлылығы, оқушының партаға дұрыс отыра білуі, дәптер мен көру арақашықтығын сақтауы, жазу құралдарын тиімді пайдалануын ескеруі шарт.
Осыдан кейін осы талаптардың сабақта орындалуы, әріп формалары мен арақашықтығы біркелкі болуы ескерілуі.
Әріптің көлемі біркелкі болуы I, II сыныптарда аса назар аударылады Мәселен, 1 сыныпта кіші әріптің биіктігі 4 мм, жұмыс жолының көлемі және жоғарғы сызығынан аспау керек. Бос әріптің биіктігі 8 мм, жоғарғы жағы---- жұмыс жолының сызығына жетпеу керек.
2 – 3 сыныптарға арналған дәптерлер арақашықтығы 9 мм болатын бір түзу сызықпен сызылған.Кіші әріптің биіктігі – 3 мм, бас әріптің биіктігі 7 мм.
Көркем жазуға үйренудің принциптері жалпы дидактикалық принциптерге сүйенеді.
Көрнекілік принципі жазуға, әсіресе көркем жазуға үйренудің негізі Яғни, сабақта түрлі таблицалар тақтаға, оқушылардың дәптерлеріне т.б. жазуды сабақта пайдалану.
Көрнекілік принципін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан Я.А. Коменский, К.Д.Ушинский т.б.
Осы принцип негізінде Я.А.Коменский алғашқы оқытудың методикасын жазды.
К.Д.Ушинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп, көрнекілік балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалардың заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды деді.
Көркем жазуда оқушы ғана түсіндіру, тапсырма беру көп қиындық тудырады. Бұған қоса мұғалімнің жазу үлгілеріне жазып көрсетуі қолтаңбаның дұрыс қалыптасуына әсерің тигізеді.
Оқушылар түсіне отырып жазуының маңызы зор.Мәселен, оқушылар көлбеу жазудың не үшін керектігін түсіне отырып жазу керек. Сонымен қатар көркем жазудан алған оқушылардың білімдерінің кейбіріне ереже ретінде қарау керек. Мысалға, оқушылар гигиеналық талаптарды, әріп элементтеріне қойылатын талаптарды білу керек. Ережелерді оқушыларға біртіндеп үйретіледі. Ең бірінші ереже – гигиеналық және әріптің солдан оңға қарайкөлбеу жазуы [4, б. 32].
Екінші ереже – элемент, әріп, сөз арасындағы қашықтықтың сақталуы. I, II сыныпта оқушылар бұл ережелерді қайталап, өз айтқандарын көрсете білуі керек.
Түсіне отырып жазу оқушылардың өзінің немесе өзгенің қатесін түзетуге үлесі зор.
Қайталау принципі бойынша жаттығулар жазу арқылы жазу дағдылары автоматтандырылады. Барлық дағдылар жаттығу жасау барысында жалдам орындалады немесе беки түседі.
Бірақ барлық жаттығуларды орындау барысында дағдылар қалыптаса бермейді.Орындалатын жаттығуда көзделген мақсатқа сай іс - әрекеттер жасалыну тиіс.
Жаттығу немесе қайталау – дағдысы қалыптастырудың ең ескі түрі жаттығуды қайталап орындату нәтиже бермейді. Ол үшін жасалған жаттығуға анализ жасау, салыстыру арқылы қорытындылып отыру керек. Қайталау принципін демалыстан келген кезде қолданған пайдалы. Ол арқылы оқушылар ұмытып қалған дағдыларын қалыпқа келтіреді.
Көркем жазу дағдыларын игерту оқушылардың ерекшеліктерін ескеруді талап етеді: қолдың қимылы, нерв жүйесі т.б. 6 жасар баланың жазу дағдыларын игеру қиынға түседі.Себебі, олар баяу қимылдайды.
Қарапайымнан күрделіге қарай жүру принципі немесе бірте – бірте күрделену.Мәселен, 6 жасар бала әріп элементтерін әріпті, содан кейін сөз жаза бастайды. Бірақ біз олардан бір сөзді үзіліссіз жазуын талап ете алмаймыз.Бұл 6 жасар балаға қиындықтуындайды.
II сыныпта оқушының үзіліссіз жазуды үйренеді.
Онайдан қиынға қарай жүру әріптің формасымен жұмыс істеу барысында қалыптасады. Әріптерді бірнеше топқа бөліп қарастырамыз. Бірінші топқа – жазылуы оңай әріптер кірсе, екінші топқа қиын әріптер жатады.Әріптерді бұлай топтау арқылы жазу гигиеналық принцип болып табылады.
Оқушыларды көркем жазуға үйрете отырып, олардың жеке дара ерекшелігін ескеру керек: оқушылардың жазу қабілеттерін білу, көзінің көру қабілетін ескеру, қимыл – қозғалыстарын ескеру қажет.
Мұғалім оқушының дұрыс отыруын, дәптерді орналастыруын, қаламсапты ұстауын, әріптің формасын , тез немесе баяу жазуын байқап отыру керек. Мұның бәрі мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс істеріне, ата – анасына кеңес беруге, үйге тапсырманы дұрыс беруге көмектеседі.
Көркем жазуда оқу мен жазуды байланыстыра алу маңызы К.Д. Ушинскийдің оқу мен жазуды байланыстыра жүргізу принципі мектеп тәжірибесінде өз нәтижесін көрсете білуі [5, б. 46].
Жалпы баланың коллиграфиялық дағдысын қалыптастыруда көркем жазу пәні тек жазуға үйретумен ғана шектелмейді, жалпы педагогикалық – саяси тәжірибелік маңызы, мағынасы бар пән болып табылады.
Көркем жазуға үйрету кезінде саусақтың қазғалысының маңызы зор. Яғни, оқушы қаламсапты ұстай білу керек.Бұл қозғалыстар мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Баланың шар, төртбұрыш т.б. заттарды ұстай білу қабілеті 15 айлығында дамыса, қаламсап ұстай білу қабілеті кешірек қалыптасады.
4 – 5 жасар баланың салған түзу сызықтары қисық және ирелек болып келеді. 6 жасар баланың жазуы бір шама түзеледі. Алайда, тік сызықты элементтерден дөңгелек элементтерге көшкенде біршама ауытқулар болуы мүмкін.
Көркем жазу үрдісін жүзеге асыру үшін жазу құралдарының (қаламсап, қарындаш, бор) көмегі керек. Бұл заттардың қолданылу жолдарын білу міндетті.
Ережесі:
1. Жазудың құралдарын пайдалана білу;
2. Дәптердің дұрыс орналасуы;
3. Дұрыс отыра білу;
4. Қолдың дұрыс қозғалысы;
Дұрыс жазу үшін:
1. Үлгі мен жазудың нәтижесін салыстыра білу;
2. Баспа әріпті жазбаша түрде жаза білу;
3. Әріптің дұрыс жазылуын білу;
4. Әріпті байланыстыра білу(үзіліссіз, жоғарғы жағынан, төменгі жағынан);
5. Әріптің біркелкілігін сақтау;
6. Сызықтар арасында және бір сызықта жаза білу;
7. Жазудың басталуы және бір жолды дұрыс толтыра білу;
8. Жазудың бағытының дұрыстығы;
Бұл ережелерге оқушылар бірден емес 2 - 3 жылда қалыптасады. Жазу барысыында оқушы көптеген талаптарды орындау қажет. Көп жағдайда оқушы жазуды үйрене бастағанда дәптердің дұрыс орналасуы, дұрыс отыру, қаламсапты дұрыс ұстау ситяқты ережелерді ұмытып кетеді: қаламсапты бар күшімен ұстайды, жазуы түзу болу үшін өзіне қарай тік сызуға тырысады, бірақ көлбеу жазу керек екендігін ұмытып кетеді. Мұндай қателіктерден қашу мүмкін емес. Қатені түзеу яғни, әр оқушыға ескерту ұзақ уақытқа созылады. Тек берілген жаттығуларды орындау оқушыға жеңіл болға кезде ғана түзетеді. Оқушылардан орфаграфиялық жазуды талап ете бастағанда оқушылар тақтадан немесе мұғалім айтуы бойынша жазады да, жазудың графикалық сауаттылығын бақылау баяулайды. Тіпті мұғалім айтқан дыбыс таңбаларының формасын ұмытып кетеді.
Әріптің үлгісі мен оқушының өзі жазған әріптерді салыстыра алмаудың негізгі себептері:
Үлгімен салыстыра келе қате жазғаның көре тұра оқушы қайта түзеп жаза алмайды. Себебі, әріптің жазылу бағытын білмейді. Яғни, көзбен қозғала отырып жазу қабілеті дамымаған. Оқушыға дұрыс жазуға көмектесу үшін мұғалім қолын ұстап бағыттап отыру керек.
Мұғалім тақтаға әріптің жазылу әдісін көрсеткенде оның жазылу ерекшеліктеріе назр аудармайды [6, б. 23].
Жазу жұмысының гигиенасы. Жазу сабағында ми ғана емес, сондай – ақ көптеген бұлшықеттер де жұмыла жұмыс істейді. Сондықтан оған мынадай бірқатар талаптар қойылады: партада дұрыс отыру(бұл бұлшық еттердің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді),жарықтың түсуі, қағаздың сапалы болуы, қарама – қарсы түсті сияны пайдалану, жазу құралдарының баланың жасына сәйкестігі, жетілдірілген жазу техникасы (әріптердің көлбеу немесе түзу кескіні).
Жазу жұмысы, әсіресе үздіксіз жазу жұмысы (диктант) барынша қажытатын жұмыс деп есептелінеді. Қолдың басын бүгілдіретін және жазылдыратын бұлшық еттердің жұмысы білек, желке және бастың ауырлығын көтеріп, дұрыс отыруы қамтамасыз ететін арқа бұлшық еттерінің жұмысымен ұштасады. Демек, басқа да сабақтағыдай, жазба сабағы үстінде дұрыс отыруы талап етіледі, ұзақ уақыт жазу үстінде бұлшық еттердің қажуы салдарынан оқушының отыруы бұзылады. Мұнда организм рефлекторлы жолмен қосымша тірек нүктесін іздеп, кеуде қуысын партаның жиегіне тірейді, бұл тыныс алу мен қан айналымын бұзады.
Жазу жұмыс кезінде көзге көп күш түседі, өйткені әріптерді дәптер парағындағы сызықтардың арасына дәлме – дәл келтіріп жазу талап етіледі: зейінді жұмылдыру қажеттігі және қол басы бұлшық еттерінің дәл жұмыс істеуі жұмыс істеп тұрған орталықтарды ғана емес, сонымен бірге тұтас алғанда бүкіл организмді қажытады. Жазу жұмысы тез қажытпауы үшін қалам мен оның ұшын тисінше тандай білу қажет. Сонымен қатар, қолдың, қол басы мен саусақтардың дұрыс қалпын сақтау дағдыларын қалыптастыруы керек.
Парта оқушының бюойы сай келмейінше, оның бетінің керекті көлбеулігі (12 – 150) сақталмайынша жазу ережесін сақтау мүмкін емес.
Қиғаш жазу кезінде дәптер денеге қарама – қарсы, оның парта қақпағының жиегіне көлбеулік бұрышы 30 – 400 болып орналасуы тиіс. Сонда қиғаш сызықтар мен штрихтар стол жиегімен тік бұрыш түзеді. Оқушы әріп сызықтарын бір – біріне параллель түсіреді немес қағаздың қиғаш сызықтарының үстіне жүргізеді. Оқушы денесінің екі иық буынын байланыс- тыратын көлденең осі және көздің негізгі сызығы өзара, сондай – ақ партаның оқушы жақ жиегіне параллель болуы тиіс. Бұл талапты сақтамау дұрыс отыру қалпын, келе – келе мүсінді бұзып, омыртқа жотасынның бір жағына қарай қисаюы – сколиозға және алыстан көрмеушілікке әкеп соғады [7, б. 12].
Шарикті қаламсап.
Қазіргі таңда жазуға құралдары ғылыми техникалық прогреске сай болу керек. Бүгінде жазудың кең таралған құралы шарикті қаламсап. Оқушылар қаламсаппен жаза білу керек. Ол өте қолайлы және жеңіл. Қаламсаппен жазудың перомен жазу кезіндегі орналасуы өзгеше болады. Шарикті қаламсап бұрыштан 50 – 55 0, перо – 35 – 45 0.
Қаламсапты үш саусақпен: үлкен, сұқ саусақ, бармақпен ұстаймыз. Сұқ саусақ бармақпен ортаңғы саусақтын ортасында орналасып, қаламсапты жоғары жағынан ұстап тұрады. Сұқ саусақ пен қаламсап басының арақашықтығы 1,5 ,2 см болу керек. Жазу барысында сұқ саусақпен сәл ғана қысып ұстау керек. Сияның түсі көк немесе көкшіл болу керек. Қызыл түсті сияны мұғалім ғана қолданады. Қызыл түспен қатені, бағаны таңбалайды.
Сабақ барысында қаламсапты ашып, шашпау керек. Әр түрлі түсті сия тек мұғалімде ғана болады.
Дәптер.
1 сыныпқа арналған қазіргі дәптерлер екі түзу сызықпен сызылған, кіші әріптің биіктігі – 4 мм, бас әріптің биіктігі – 8 мм.
2 – 3 сыныпқа арналған дәптерлер арақашықтығы 9 мм болатын бір түзу сызықпен сызылған. Кіші әріптердің биіктігі – 3 мм, бас әріптің биіктігі – 7 мм.
Жалпы, көркем жазу жаттығулары қазақ тіліне арналған дәптерге жазылуы. Тек 1 сыныпта арнайы дәптер болады. 1 сыныпқа әріптердің жазу үлгісін мұғалім өзі кезіп көрсетеді.1 – 3 сынып әріптердің жазылу үлгілері әрбір оқушының жазу ерекшеліктеріне қарай белгіленеді.
Жұмыс көлемі: 1 сыныпта – 2 жол ( екінші жарты жиындықта ), 2 сыныпта – 3 жол, 3 сыныпта – 3 – 4жол болуы тиіс.
Көркем жазудан оқушыларға жеке баға қойылмайды. Алайда әрбір жеке оқушының қалай жазғаның елемеу деген сөз емес. Оқушының әрбір жазба жұмысын бағалауы,оның колеграфиялық сапасы мұқият ескеріліп, қазақ тілі бойынша қойылатын жалпы ішіне көркем жазу бағасы да ескеріледі.
Жазу жұмысын жақсарту үшін мұғалім оқушы дәптерін жүргізуге қойылатын төмендегідей біртұтас арнайы талаптарды жүзеге асырады:
1. Аса ұқыпты, түсінікті етіп жазу.
2.Дәптердің сыртқы бетіне жазылатын жазулардың біркелкі болуы, оның қандай мақсатқа арналғанын көрсету (қазақ тіліне арналған дәптер, ана тіліне арналған дәптер т.б.), (сынып, мектептің номері мен аты, оқушының фамилиясы мен өз атын жазып қою)
1 – сынып оқушыларына арналған дәптердің сыртына жазылатын жазу үлгісін мұғалімнің өзі жазаы.
3. Шетіндегі ашық жолдарды басып жазбау.
4. 1 – сыныптың қазақ тілі мен математика пәні бойынша бірінші тоқсандағы жұмысары.
1 – сынып екінші жарты жылдықтан бастап, сондай – ақ 1 – 3 сыныптарда жазба жұмысының арнаулы мерзімі көрсетіледі. Күн аты – араб цифрмен, ай аты жазумен беріледі. Цифрлардың соң дефис қойылмайды.
5. Жаттығу мен есеп нөмерлерін қою, жазба жұмысының қайта орындалғанын ( сыныпта, үйде ) көрсету.
6. Азат жолдарды сақтап жазу.
7. 1 – 3 сыныптарда әрбір жазба жұмысының тексін, жұмыстың датасы мен тақырыбы (аты) көрсетілген бетте азат жолдан бастап жазу.
8. Қазақ тілінен орындалатын жұмыстың датасы мен тақырыбы арасына жол қалдырмай жазу. Математика дәптерінде мұндай жағдайларда тек екі тор көз тастау керек [8, б. 55].
Әр күнде орындалған жұмыстан соң немесе әрбір аяқталған текстен кейін қазақ тілі дәптерінде екі жол, математика дәптерінде төрт тор көз тастап жазу ( бұл – бір жұмыспен екінші жұмыстың шекарасын көрсету үшін және баға қою үшін керек).
9. Жазба жұмыстарында жіберілген қателерді төмендегідей тәртіппен түзету: қате жазылған әріпті не тыныс белгісін көлбеу сызықпен сызып тастау керек, қате жазылған сөз бөлігі мен сөйлемді жіңішке сызықпен сызу: сызылған таңбалардың орнына керекті әріптерді, сөздерді, сөйлемдерді жазу; қате жазылғандарды жақшаға алмау.
10. Барлық түзету сызықтарын ұқыпты етіп қарандашпен, аса қажет жағдайда – сызғыш арқылы орындау қажет. Барлық оқушылардың қазақ тілі мен математикаға арналған дәптерлері әрбір сабақтан соң тексеріледі.
Тақта. Сыныптағы тақта қара немесе күнгірт жасыл түске боялуы тиіс. Тақтаның қабырғаға жабыстырылып, екі жағы ашылатын болу керек. Міндетті түрде тақтаның бір бөлігі дәптердегі сызықтармен тепе – тең прапорцияны сақтай отырып сызылуы тиіс. Әсіресе 1 – 2 сыныпта міндетті түрде тақтаның бір жағы жазу сабағына, екінші жағы математика сабағына арналып сызылуы керек. Тақтаның ортасына күнделікті күнді жазып отырады. Тақтаның ортасындағы жазу біркелкі болу үшін арнайы сызықпен сызылады. Мұғалім тақтаға ақ бормен жазады. Бор тақтаны сырып кетпеуі үшін жұмсақ болу керек. Кейде дауысты немесе дауыссыз дыбыстарды ажырату үшін түрлі – түсті борлар қолданады. Мұғалім тақтаға жазғанда: біркелкі, байланысын дұрыс сақтап, бағытын дұрыстап жазу керек. Оқушы мұғалімнің жазуынан әріпті жазу үлгісін көруі тиіс. Тазалық пен дұрыс жазу барлық сабақтарда, сондай – ақ үйге тапсырма бергенде де сақталуы керек. Сабақ өту барысында мұғалім оқушыны тақтаға шығарып әріпті жазудағы қолының қозғалу бағытын байқап отыру керек. Байқай отырып тақтаға жазумен дәптерге жазудың бағыты бірдей емес екенін ескеру қажет.
Айырмашылығы мынада:
1. Дәптерге жазуда қолдың ұсақ бұлшық еттері жұмыс істейді. Ал, тақтаға жазуды қол бұлшықеттерімен қоса иық бұлшықеті де жұмыс істейді.
2. Дәптерге жазуда көбінесе өзімізге қарай жазамыз және әріптің көлбеулігі дәптердің орналасуына байланыты жүзеге асырылады. Тақтадағы жазу оңға қарай жазылады. Бірақ екеуінің нәтижесі бір болуы тиіс.
Егер оқушының дәптердегі жазуының тексеру үшін мұғалім әріптің үлгісіне көз бағытымен қараса, тақтадағы жазуды тексеру үшін біраз жер алшақ тұру керек [9, б. 23].
Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы қалыптасады.
Әдемі жазу - өнер. Таза, анық, әдемі жазуды оқу де жеңіл ондай жазумен берілген ойды түсіну де оңай. Әріп таңбалардың әдемі, көркеметіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуында ықпалы бар. Мектепке алғашкелген күннен бастап баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өзісіне салдыр – салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуіне әкеп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез – құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке тыңғылықтылыққа, ұқыптылыққа үйретеді.
Оқушыларды көркем жазуға үйретуде үш нәрсені басшылыққа алу керек: біріншісі - әріптерді мәнерлі жазуға және жеке әріптерді жазуға өзара құрастыра білу, екіншісі - әріп элементін дұрыс жазуға дағдыландыру, үшіншісі – жазу жұмысына өте ұқыпты, мұқият болуды қалыптастыру. Жас жеткіншектің көркем жазу дағдысы біртіндеп қалыптасады. Бастауыш сынып оқушыларынла белгілі – бір жазу жүйесі қалыптаспаған, бірақ мектептің ықпалы нәтижесінде көркем жазу пәнінде мұғалімнің сыныптан тыс уақытта ата – ананың ықпалымен жазудың дағдысын қалыптасады. Жазу дағдыларын қалыптастыру немесе оны дамытып отыруды негізгі шарттардың бірі әрі бастысы оқушының жазба жұмыстарын орындау кезіндегі психологиялық ерекшеліктерін айқындау болып табылады. Сынып оқушыларының біреуін немесе әрбір жеке оқушыда жазба жұмыстарын орындау барысында әр түрлі психологиялық физиологиялық өзгерістер болып отыруы мүмкін. Ондай психофизиологиялық өзгерістерді байқамаудың салдарынан орындалған жазба жұмыстардың нәтижесі де әр деңгейде болады [10, б. 46].
Жазу жұмыстарын орындау, жазу дағдысы қалыптастыру,дамыту мақсатында психофизиологиялық анализ жасау, сонымен қатар жалпы жазу үрдісіне қойылатын талаптар мен принциптеріне сүйену. Олай болмаған жағдайда оқушылар көркем әрі сауатты жазудан кемшіліктері мен жазудың жылдамдығын арттыру барысындағы жазу айқындығы төмендейді Міне, біз көркем жазуды қалыптастыру теориялық негіздерін қарастыру. Келесі тақырыптартарынныңда әрбір дыбыс таңбасының жазу формасын, олардың бір – бірімен қалай жалғанатынын,әріп сапасын, қателерді жоюдың жолдарын көрсетуіміз керек.Оқушылардың жазу көркемдігі сауаттылықты және жазу жылдамдығын арттыру барысында да жазу айырмашылығын сақтай білу дағдыларын дамыту – барлық пән мұғаліміне басты міндет. Себебі, қазіргі қоғамға өз ойын жаза алмайтын, сауатты азамат қажеттілігі артта түсуде.
1.3 Бірінші сынып окушыларының кқркем жазуға үйретудің әдіс тәсілдері
Бастауыш мектептердің алдына қойылатын жауапты міндеттердің бірі- оқушылардың таза, көркем жазуын қалыптастыру. өйткені каллиграфиялық мәдениет жалпы жазу мәдениетінің аса қажетті саласы екені белгілі. Жазудың әдемі болуы оқушының мінез-құлқын тәрбиелеуге, әсемдік сезімін оятуға, ой өрісін дамытуға мейліеше әсер етеді. Таза, сұлу жазылған жазба жұмыстары оңай, тез оқуға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар сырттай көрер көзге де сүйкімді. Көркем жазу оқушыны ұқыптылыққа, тыңғылықтылыққа, еңбексүйгіштікке баулиды.
Көркем жазудың негізі бастауыш кластарда қалыптасады. Бастауыш мектепке арналған қазақ тілі праграммасында әдемі жазуға қойылатын негізгі талаптар белгіленген.
1-класта көркем жазу сауат ашу кезеңінен басталып, оқу жылының соңына дейін үзбей жетілдіріледі. әдетте, мұғалім жалпы жазу жұмысын, оның ішінде көркем жазуды, бастаудан бұрын сыныппен біршама даярлық жұмыстары жаза білу икемділігін меңгеруге керекті төмендегідей дәстүрлі ережелерді қамтыды:
1. Оқушыларды жазу кезінде дұрыс отыруға машықтандыру (аяқтың еденге немесе столдың табалдырығына толық тірелуі, екі білектің стол үстінде болуы, сол қол шынтағының стол- парта бетінен аздап (1-2 см) шығыңқы болуы, бастың сәл ғана еңкейіңкі болып, көз бен қалам ұшы ара қашықтығының 25-30 см-ден кем болмауы, денені түзу ұстау, кеудені стол бетінен 3-5 см алшақ етіп отыру).
Дұрыс отыру ережелері орындалмаса, жас балалардың дене пішіні мен көзіне едәуір зақым келетінін мұғалім естен шығаруға тиіс емес [11, б. 13].
2. Дәптерді дұрыс орналастыру (дәптер кеуденің ортасына бағытталып, оң жақ ұстіңгі бүрышы-жоғары, сол жақ ұстіңгі бұрышы төмендеу еіліп, көлбеу қойылады. Стол жиегінен көлбеу бұрышы 25 с болу керек).
3. Қаламды дұрыс ұстауға машықтандыру (қаламды үш саусақпен қарыстырмай, еркін ұстау, сұқ қолымен үстінен, бармақпен- сол жағынан, ортаңғы саусақпен қағазға әлсіз тиіп, солдан оңға қарай еркін қимылдап, жылжып отыруға тиіс, саусақтар қалам ұшынан 2-2,5 см қашықтықта болуы тиіс, пастаны жиі тексеріп, ауыстырып отыру, оның қатып қалмауын, еріп кетпеуін қадағалау).
Бұл талаптарды орындау бастауыш класс оқушылары үшін айтарлықтай дәрежеде оңайлыққа түспейді. Әсіресе, мектепке алғаш келген бірінші класс оқушылары дұрыс отыру ережесін орындауға бірден төселіп, көніге алмайды. Баланың еркін қозғалып, жиі қимыл жасап отыруы табиғи қажеттілік екені белгілі. Сондықтан мұғалім жазу барысында, біршама уақыт өткен соң, ара-тұра қозғалыс минуттарын өткізіп тұруға тиіс, сол сияқты, дәптерді стол үстіне дұрыс орналастырып, қаламды дұрыс ұстау икемділігі үлкен төзімділікті, мұғалім тарапынан ұдайы қадағалауды, сыныппен, ондағы әрбір оқушымен жалықпай жұмыс жұргізуді керек етеді.
Аталған ережелерді меңгергеннен кейін, оқушылар кіші әріптер мен бас әріптерді жазуға көшеді. Әріптерді сөз ішінде бір-бірімен дұрыс байланыстырып қоса білуді үйренеді. Сауат ашу кезеңі біткен соң, әріптерді дұрыс таңбалап жазуды қалыптастыру мақсатымен көркем жазу сабақтары жүргізілуге тиіс. Бұл кезеңдегі көркем жазу жұмысы тығыз да қарқынды етіліп өткізуді қажет етеді. Жазуды жазылуы оңай әріптермен бастап, жазылуы қиын әріптерді жазуға біртіндеп көшкен жөн. Басқаша айтқанда, жазу жұмысы әріптер тобы бойынша өткізіледі. Көркем жазуға арналған жаттығулардың қатарына әріп элементтері мен тұтас әріптерді жазу ғана емес, сонымен қатар жеке сөздер мен сөйлемдерді жазу да кіреді. Оқу жылының аяғында оқушылардың жазу қарқынын (темпін) біртіндеп жылдамдатуға көңіл бөлінеді. Кіші әріптер мен бас әріптерді алфавит ретімен жазу икемділігі қалыптастырылады.
Жазу жұмысының жақсарту үшін мұғалім оқушы дәптерін жүргізуге қойылатын төмендегідей біртұтас арнайы талаптарды жүзеге асырады [12, б. 35].
Аса ұқыпты, түсінікті етіп жазу.
Дәптердің сыртқы бетіне жазылатын жазулардың біркелкі болуы, оның қандай мақсатқа арналғанын көрсету (қазақ тіліне арналған дәптер, ана тіліне арналған дәптер т.б.), (сыныбы, мектептің нөмірі мен аты, өз фамилиясы мен өз атын жазып қою).
Сынып оқушыларына арналған дәптердің сыртына жазылатын жазу үлгісін мұғалімнің өзі жазады.
Шетіндегі ашық жолдарды басып жазбау.
1 сыныптың қазақ тілі мен математика пәні бойынша бірінші тоқсандағы жұмыстары.
1 сыныпта екінші жарты жылдықтан бастап, сондай-ақ 1-4 сыныптарда жазба жұмысының арнаулы мерзімі көрсетіледі. Цифрлардан соң дефис қойылмайды.
5. жаттығу мен есеп нөмірлерін қою, жазба жұмысының қайда орындалғанын (сыныпта, үйде) көрсету.
6. Азат жолдарды сақтап жазу.
7. 1-4 сыныптарда әрбір жазба жұмысының тексін, жұмыстың датасы мен тақырыбы (аты) көрсетілген бетте азат жолдан бастап жазу.
Қазақ алфавитіндегі әріптерді жазуға үзіліс жасау-жасалмауына қарай төменгі топтарға бөліп қарауға болады.
Кіші әріптер
1. Үзіліссіз жазылатын бір элементті кіші әріптер: ә,б,в,г,е,о,с,ь.
2. Үзіліссіз жазылатын көп элементті кіші әріптер: а,д,з,и,л,м,н,ң,п,т,у,ү,һ,ц,ч,ш,щ,ы,ю,я.
3. Бір үзіліспен жазылатын кіші әріптер: ғ,й,к,қ,ө,р,ұ,х,і,э.
4. Екі үзіліспен жазылатын кіші әріптер: ф,ж.
Ескерту: Ж әріпінің элементтерін екі түрлі етіп жазуға болады:
Бас әріптер
1. Үзіліссіз жазылатын бас әріптер: А, Ә, В, Д, Е, З, И, Л, М, Н, О, С, У, Ү, Ц, Ч, Ш, Щ, Ы, І, Ю, Я.
2. Біз үзіліспен жазылатын екі элементті бас әріптер: Б,Г,Р,Х,К,Қ,Ұ,Ө,Э.
3. Екі үзіліспен жазылатын бас әріптер: Г,Ж,П,Е,Ф.
4. Үш үзіліспен жазылатын төрт элементті бас әріп: Т.
1. Мұғалім жазу үлгісін өзі тақтаға қайта – қайта жазып көрсетуі тиіс.
2.Ауада жазу. Ұстаз әріпті ауада жазып көрсетеді. Бала қолдың қозғалысынан әріптің дұрыс формасын ұғады. Бұл әдіс оқу процесін жандандырады.
3. Көшірмесін түсіру әдісі. Жазылған әріптің үстінен басу.
Дайын үлгіден көшіру әдісі. Бұл еліктеу. Оқушы өз жазғанын ұстаздың жазғанымен салыстырады.
Әріпке анализ жасау әдісі. Мысалы: а әріпі бір дөңгелектен және бір ілмешектен тұрады.
Балалардың көркем жазу дағдыларын қалыптастыру үшін мынадай жаттығуларды пайдаланған жөн:
1. Ғажайып алаң. Тақтаға әріп жасырылады. Мұғалім жасырылған әріптің әрбір элементтері бойынша сипаттап айтады да, ал оқушылар қандай әріп екенін айтады. Мысалы: Түйе өркешін қарайық, ұқсайды оған қай әріп? Жаңа әріпті өту үшін 2 сағат беріледі. Бұл жаттығуды 2 – сағатында өткен өте тиімді.
2. Әріпті тап. Әріптің бір немесе екі элементі жазылады оқушылар қалған элементін тауып жазып көрсетеді. Барлық әріпті өткеннен кейін, сабағымыздың басында көркем жазу болады. Сол кезде пайдаланған тиімді. Бұл жаттығудың мақсаты білген білімдерін әрі қарай төселдіру дағдыларын қалыптастыру.
Орнын белгіле. Тақтаға немесе дәптерге алдын ала сөздер жазылады. Оқушылар әріп элементтерінің және әріптердің байланысу орнын белгілейді. Бұл жатттығуды қазақ тілі сабағында пайдаланған жөн [13, б. 14].
Бұндай жаттығулар жас жеткіншектің ойлауын дамытып, қызығушылығын арттырады. Оқушының каллиграфиялық дағдысына көп әсер беретіні ол алғашқы кезде, алғашқы рет қаламсап ұстап, әріп жазған кезі. Әдемі, сұлу жазудың фундаменті 1, 2 – сыныпта құйылады.
II ТАРАУ. БІРІНШІ СЫНЫН ОКУШЫЛАРЫНЫН КӨРКЕМ ЖӘНЕ САУАТТЫ ЖАЗУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Бастауыш сынып оқушыларын көркем жазуға мектепте үйретудің практикалық негізі
Бастауыш мектептердің алдына қойылатын жауапты міндеттердің бірі – оқушылардың таза,көркем жазуын қалыптастыру.Өйткені каллиграфиялық мәдениет жалпы жазу мәдениетінің аса қажетті саласы екені белгілі.Жазудың әдемі,көркем болуы оқушының мінез-құлқын тәрбиелеуге,әсемдік сезімін оятуға,ой-өрісін дамытуға мейлінше әсер етеді.Таза,сұлу жазылған жазба жұмыстары оңай,тез оқуға мүмкіндік беріп қана қоймайды,сонымен қатар сырттай көрер көзге сүйкімді.
Көркем жазу ұқыптылыққа,тыңғылықтылыққа,еңбексүйгіштікке баулиды.
Көркем жазудың негізі бастауыш сыныптарды қалыптасады.Бастауыш мектепке арналған қазақ тілі бағдарламасында әдемі жазуға қойылатын негізгі талаптар белгіленген.Бірінші сыныпта көркем жазу сауат ашу кезеңінен басталып,оқу жылының соңына дейін үзбей жетілдіріледі.
Көркем жазуды бастаудан бұрын сыныппен біршама даярлық жұмыстары жаза білу икемділігін меңгеруге еректі дәстүрлі ережелерді үйреткен абзал.
Бұл ережені орындау нәтижесінде оқушылар жазу техникасының аса бір қажетті шарты – солдан оңға қарай көлбеу жазуға машықтандыру.Жазу жұмысы әріптер тобы бойынша өткізіледі.Көркем жазуға арналған жаттығулардың қатарына әріп элементтері мен тұтас әріптерді жазу,жеке сөздер,сөйлемдер кіреді.Оқу жылының аяғында оқушылардың жазу қарқынын (темпін) біртіндеп жылдамдату,кіші әріптер мен бас әріптерді алфавит ретімен жазу икемділігі қалыптастырылады [14, б. 89].
Екінші сыныпта көркем жазу одан әрі жетілдіріле түседі.Оқушылардың бірінші сыныпта үйренген икемділігі бұл сыныпта дамытылады.Екінші сыныпта жүргізілетін көркем жазу сабақтарының негізгі мақсаты – жазу қарқынын жеделдету,біркелкі ритмикалық жазуға көшу.Оқушылардың оқулықтағы жаттығуды орындауын тексеріп,ондағы сұрақ-тасырмаларды еркін оқып түсінуі қандай қажет болса,оған байланысты жазба жұмыстарын жедел орындау да соншалық қажет екенін естен шығармау керек.Бұл сыныпта біркелкі ритмикалық жазу мен тез жазуға арналған графикалық жаттығуларды орындауға баса назар аударылады.Сондай-ақ жеке оқушымен дербес жұмыс жүргізу,әрбір оқушының жазуындағы жеке кемшіліктерді түзеуге көп көңіл бөлінеді.Соған байланысты графикалық жаттығулардың түрлері де көбейе түседі.Сөздегі әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып жаза білу машығы грамматика мен емлеге берілген жаттығу материалдарын орындау барысында мұқият еске алынады.Бірінші сыныптағыдай әріп тобымен жазу үзбей жүргізіледі.Бірінші,екінші оқушыларының жазуындағы басты кемшіліктердің қатарына көлбеу жазуды сақтамау,әріптердің біркелкі биіктікте жазылмауы,әріп көлемі мен олардың ара қашықтығының әртүрлі жазылуы сияқты қателерді жатқызуға болады.
Үшінші-төртінші сыныптарда оқушылардың көркем жазу икемділігі одан әрі жетілдіріледі.Әріптерді кішілеу етіп,тез жазуға арналған графикалық жаттығулар жүргізіледі.Алдыңғы сыныптардағыдай көркем жазу бұл сыныптарда да қазақ тілінің материалдарымен тікелей байланыстырылып өткізілуі тиіс.
Бағдарлама талаптарына сай әрбір қазақ тілі сабақтарының 6-8минуты көркем жазуға беріледі.Қажетті жағдайда оны жеке сабақ етіп өткізуге де болады.
Бастауыш сыныптарда көкем жазу жұмысы – оқу үрдісінің аса бір қиын саласы.Жалпы алғанда,жазусыз оқу тиянақты оқу бола алмайды. Жазу үрдісі кезінде оқушы сөзге ауызша іштен дыбыстық талдау жасайды (сөздегі дыбыстардың ретін белгілейді).Сонымен қатар ол дыбыстарды тиісті әріптермен таңбалайды.Сөзді жазып біткен соң,оны дыбыстап оқиды.Басқаша айтқанда,жазу үрдісіне оқушы оқу ережесін (әріптерді дыбысқа айналдырып оқу) және жазу ережесін орындайды.Бұл ереже –орфографиялық ереже делінеді.
Әріп таңбасын түсірудің өзі оқушының сол әріп бейнесін көз алдына айқын елестете білуіне тікелей байланысты.Әріп формасын жете танымаса,оны әдемі,сауатты,көркем етіп жазу да қиын.
Бастауыш сынып оқушыларының каллиграфиялық машықтарын жетілдіруде,сондай-ақ жалпы көркем жазу жұмысын жақсартуда,сынып бөлмесінің жарық болуы,ондағы жиһаздардың талапқа сай келуі шешуші рөл атқарады.Жазып отырған оқушы партада дұрыс,дәптерді дұрыс қою,қаламды дұрыс ұстау ережелерін сақтау керек [15, б. 94].
Көркем жазудан оқушыларға жеке баға қойылмайды.Оқушының әрбір жазба жұмысын бағалауда,оның каллиграфиялық сапасы мұқият ескеріліп, қазақ тілі бойынша қойылатын жалпы бағаның ішіне көркем жазу бағасы да ескеріледі.Жалпы көркем жазу жаттығулары қазақ тіліне арналған дәптерлерге жазылады.Бұл бірінші сыныпта әріптердің жазылу үлгісі дәптерлерде көрсетілген.Байланыстырып жазуды қалыптастыру үшін:
а)қолжазба әріптерінің биіктігі мен ені 2:1қатысына қарай сай болу керек (үш негізгі элементтен тұратын ж,м,т,ф,ш,щ,ы,ю әріптерінен басқасы)
ә)жазу оң жаққа қарай 65градус көлбеу болуға тиіс,әріптер мен әріп элементтерінің көлбеулігі бірдей болуы керек.
Ритм –бүкіл жазу элементтерінің лайықты үйлесімін табуға көмектесетін амал,ал тактілеу (санау)қозғалысты бірқалыпты жетілдіріп,оқушылардың көркем жазу қарқынын жеделдетуге әсер етеді.
Жас ұрпақты сауатты,көркем жазуға үйрететін, қазақ тіліндегі грамматикалық ережелерді дұрыс түсініп,күнделікті өмірде қолдана алуға дәрежеге жеткізетін пән – қазақ тілі.
Курс мазмұны оқушылардың қаламды дұрыс ұстау және сауатты әрі таза жаза білуге,қатесіз жазуды меңгеруде әріп пен дыбысты айырып,әр сөзде неше дыбыс,неше әріп бар екенін ажырата біліп үйренеді.
Курс мазмұнында оқушының әріп элементтерінің дұрыс жазылуын және каллиграфия қадағаланады.
Бағдарлама құрылымы оқушылардың теориялық білімдерін сынауға қолданылады.Оларды көркем,сауатты жазуға үйретеді.
Сабақты өткізу түрлеріне оқушыларды көркем жазуға үйретуде түрлі жазба жұмыстардың жаттығулар, дыбыстар, буындар, сөздер, сөйлемдер, мазмұндама, шығармалар, диктант түрлерінің пайдасы өте зор.
Бастауыш сыныптың оқушыларын көркем жазуға үйретудің әдістемесін қолданудың мақсатында біз №9 мектеп-интернатының 1-сыныбының оқушыларында сабақ өткізген болатынбыз.
Достарыңызбен бөлісу: |