Белгілеулер мен қыскартулар



бет4/6
Дата25.04.2023
өлшемі88.96 Kb.
#472690
1   2   3   4   5   6
Материал 1

Сабақтың тақырыбы: Көркем жазуға үйрену.
Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларды көркем, сауатты жазуға дағдыландыру.
- Балаларды таза,сұлу және түсінікті жазуға үйрету.
- Оқушыларға көркем жазу-өнер екенін ұғындыру.
Сабақтың міндеттері:
- әдемі жазу және жеке әріптерді өзара құрастырып жазуға үйрету;
- әріп элементтерінің дұрыс жазылуын қадағалау;
- таза жазу арқылы үзіліссіз жазуына машықтандыру;
- бір,екі,үш тактімен жазуын үйрету;
- жедел жазу кезінде әріптердің бір-бірімен қосылу жолдарын көрсету;
- жазу ережелерін сақтау;
- ритмикалық жазуға төселдіру.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
Оқушылар білуі керек:
- көлбеу жазу;біркелкі жазу,ара қашықтық сақтап жазуын;
- әріптер мен әріп элементтерін бұзбай дұрыс жазуын;
- бас әріп және кіші әріптердің жазылу үлгісін;
- әріп элементтерінің дұрыс жазылуын;
- жазу тазалығын сақтау,артық сызықтар жасамауын;
- каллиграфия;
- көркем,сұлу,сауатты жазуын.
Оқушылар игеру керек.
- жазу ережесін сақтауды;
- әріп таңбаларының жазылуын;
- есту арқылы жазуды;
- буын құрамындағы әріптерді бір-бірімен қосып жазуды;
- сөйлемдегі сөздердің жеке-жеке жазылуын;
- белгілі ережеге байланысты жазу үлгісін;
- көркем жазуға бейімделуін.
Оқушының құзіреттілігіне тән талаптар:
- Түрлі жазба жұмыстарын орындау барысында сауатты жазып көркем жазу машығын қалыптастыру.
- Ритм мен тактілеу арқылы икемді жаза білуін игерту.
Күтілетін нәтиже:
- әріп элементтерін,әріптің толық таңбасын,оның элементтерінің
- ретімен жазылуын біледі;
- көркем,сауатты жазуға жүйелі түрде жаттығады.
- Жалпы көркем жазу дағдысына, үзіліссіз жазуға үйренеді.
- Жазу материалы бойынша (буын,сөз,сөйлем,мәтін,шығарма,мазмұндама,) т.б. қажетті жазба жұмыстарын игереді;
- Көркемдеп жаза біледі.
- тұрақты жазу дағдысы қалыптасады.
Сабақ жоспары:
1.Бастауыш сынып оқушыларының каллиграфиясын жетілдіру
2. 1-сыныптағы жазу . «Жазу дәптерін пайдалану тәртібі»
3. Бірінші сыныптағы жазу сабағын жүргізудің үлгісі
3.1 Жазу сабағында жаңа әріпті көркем жаздыру үлгісі
3.2 Әріпті жазып үйренудің тәртібі
3.3 Көркем жазуға бейімдеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет