Белгілеулер мен қыскартулар



бет2/6
Дата25.04.2023
өлшемі88.96 Kb.
#472690
1   2   3   4   5   6
Материал 1

Зерттеудің мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының көркем жазу дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық әдіс-тәсілдерін қарастыра отырып, оларды жетілдіру жолдарын зерттеу болып табылады.
Зерттеудің міндеттері:
- Жазуға үйретудің тарихымен танысу;
- Көркем жазудың мақсаты мен принциптерін, міндеттерін анықтау;
- Бастауыш сынып оқушыларын көркем жазуға үйретудің әдіс-тәсілдерін зерттеу;
- Бастауыш сынып оқушыларының көркем жазу дағдыларын қалыптастыру;
- Бастауыш сынып оқушыларын көркем жазуға үйрету жолдарын жетілдіру.
Зерттеудің практикалық маңызы. Зерттеу жұмысын мектеп оқушыларына, педагогтарға, бастауыш сынып оқушыларына, сабақ барысында қосымша әдебиет ретінде ұсынуға болады, сонымен қатар арнайы курстар мен семинар сабақтарда пайдалануға болады.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыруда жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланса, онда, қазіргі заман талабына сай білікті мамандардың даярлығын жетілдіре түседі.
Зерттеу құрылымы: Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, бірнеше тараулардан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I ТАРАУ. КӨРКЕМ ЖӘНЕ САУАТТЫ ЖАЗУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ, ТЕОРИЯЛЫК НЕГІЗДЕРІ


1.1 Көркем және сауатты жазудың шығу және даму тарихы


Ерте кезде адамдар тасқа, ағашқа т.б. заттарға жазуды бастаған. Заман дами келе түрлі жұмсақ материалдар: папирус, қағаз, перо, қаламсап пайда болды.


Өте ерте кезде адамдар тасқа сурет салу арқылы өз ойын білдірді. Бұл жазудың қалыптасу тарихының алғашқы кезеңі еді.
Алғашқы кезде жазуға үйрету көптеген қиындықтар туғызды. Көркем жазуға үйрету барысында көшіру әдісі, механикалық жаттығулар арқылы үйретілді. Бірнеше айлар бойы оқушылар алфавит бойынша әріптерді, буын, сөйлемдерді көшірді. Бірақ бұл әдістің еш нәтижесі болмады.Яғни, графикалық сауаттылық ескерілмей, тіпті өз жазғандарын оқи алмайтын жағдайлар да болды. Тек Петр I жазудың шрифтіне назар аударды.Орыс халқы Европалық шрифпен, яғни латын әріптерінің үлгісімен жаза бастады. Жазу оңайырақ болғанымен, көркем жазуға үйрету ұзаққа созылды.
Көркем жазуға үйретуде: тік жазу керек пе, әлде көлбеу жазу керек пе? Деген сұрақтар пікірталас тудырды. Бір кездері көптеген елдерде соның қатарында Ресей елінде де тіке жазу енгізілді. Алайда бұлай жазу ұзаққа созылған жоқ. Себебі тіке жазу оқушының денсаулығына ( қабырғаның қисық болуы т.б.) әсер ететіндігі дәлелденді. Көлбеу жазу тез әрі қолайлы болғандықтан енгізілді [1, б. 54].
1969 жылдан бастап республика мектептері оңайлатылған жаңа жазу шрифтісіне көшірілді.
Оңайлатылған алфавиттегі әріптердің басым көпшілігі өзінің сызылуы жағынан байланыстырып жазуға ыңғайластырылған.
Байланыстырып жазуды қалыптастыру үшін мұғалім мына төмендегілерді ескеруге тиіс:
а) қолжазба әріптерінің биіктігі мен ені 2:1 қатысына сай болу керек ( үш негізгі элементтен тұратын ж, м, т,ф, ш, щ, ы, ю әріптерінен басқасы).
ә) жазу оң жаққа қарай 65° көлбеу болуға тиіс, әріптер мен әріп элементтерінің көлбеулігі бірдей болу керек.
б) дөңгелек немесе жартылай дөңгелек элементтері бар әріптерді сөз ішінде басқа әріптермен байланыстырудың негізгі екі әдісі бар: үстіңгі және астыңғы.
Жазуға үйрету жүйесінде әр түрлі әдістер: көшіре жазу әдісі, сызықтық әдіс,ритмикалық әдіс, генетикалық әдіс, Карстер әдісі кеңінен қолданылды.
Қазіргі қазақ алфавиті. Қазақ алфавитіндегі әріп кесіні мен реті. Жазу дағдысын қалыптастыру кезеңдері: Жеке әріптерді жазу. Жазудың құрамына алфавит, графика және орфография енеді. Алфавит – тіліміздегі әріптердің белгілі бір жүйемен орналасу тәртібі. Графика – дыбыстың, буынның немесе сөздің айтылуы қалай болса, солай таңбалануы. Ал орфография тілдің белгілі бір нормаға келтірілген ережесін сақтап жазу.
Алфавит пен графиканы меңгеру – оқу мен жазудың ең алғашқы, ең қарапайым, бірақ ең маңызды дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Алайда жазуды меңгеру оның тағы бір басты бөлігі орфографияны игеруді қажет етеді.
Бастауыш сынып оқушылары орфографияны игере отырып, сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады, яғни өзінің сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре отырып, жеке басының жалпы даму деңгейі жоғары дәрежеге көтеріле береді. Міне, жазуға үйренудің басты маңызының өзі анықталады.
Жазбаша сөйлеудің өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, жазбаша сөйлеудің қабылдаушыға әсер ететіндей қосымша құралдары жоқ, ол бүкіл оқушы қауымға арналады, онда авторлардың эмоциясы мен сезімі, толқуы мен мұңаюы, қуанышы, реніші т.с.с. бәрі сөз арқылы жеткізіледі, жазу тілін қабылдау қиялдың жұмысын талап етеді. Жазу дағдысының бастамасы әріптің әрбір бөлігін сызып, жүргізу арқылы жаттықтырылатынын, бұл кезеңде бала басымен, бүкіл денесімен жоғары көтеріліп, төмен еңкейіп, екі жағына қисайып, неше түрле қозғалыстар жасайды [2, б. 92].
Орфография жазудың бүкіл жағдайларын тәртіптейді. Оған тілдің ережелері, оны дұрыс қолдану жатады.
Оқушы ереже бойынша, саналы түрде түсіне отырып, жазу арқылы алған білімдерін бірте-бірте дағдыға айналдыра береді.
Қысқасы, жазуға үйрету тіл ғылымының ерекше бір саласы болып табылатын жазу теориясына сүйенеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет