Белгілі бір халықтың құндылықтар өлшемін құрайтын іргелі категориялар



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата06.10.2022
өлшемі326.44 Kb.
#462099
1   2   3   4   5
Аңдатпа Шормақова АБ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қоғамдағы ұлттық болмысты тануға 
деген талпыныс өз кезегінде әр ұлттың өзіндік ерекшелігін айқындап, олардың 
кешенді лингвомәдени зерттеулермен дәйектелуін талап етеді. Бұл тектес 
зерттеулерде тіл халықтың ұжымдық этномәдени санасында қалыптасқан ғалам 
бейнесін сақтаған ұлттық-мәдени құндылық ретінде сипатталады.
Тіл – өз ұлтының бойтұмары іспетті тұнып тұрған қасиетін белгілейтін 
таңбалық жүйе деп анықталса, соның нәтижесінде қалыптасқан тілдің 
кумулятивтік (мұрагерлік) қызметі әлі де терең зерттеулерді қажет ететіні 
түсінікті. Адам баласы өзін қоршаған ортаны заттық әлемді игеру барысында 
таниды десек, өсімдіктер де заттық әлемнің бір бөлшегі ретінде адамның 
күнделікті тұрмысында қорек көзі, баспанасы, ауруына шипа болатын дәрісі 
ретінде қолданылады. Осымен байланысты халықтың жүріп өткен жолы мен 
тәжірибесі барысында өсімдіктердің тіл иесі болмысына енуіне олардың ең 
алдымен бейнелеуіштік, қолданыстық белгілері себеп болған. Оның тілдік 
көрінісі өсімдік атауларында және оған қатысты қалыптасқан мәдени-
коннотациялық тілдік бірліктерде. Сондықтан да, кейінгі уақытта халықтың 
мәдениеті мен сөз мағынасы, бейнелі ойлау мен сөздердің қолданыс жиілігі 
сияқты мәселелерді күн тәртібіне қоятын лингвомәдениеттану саласындағы 
зерттеулерге баса назар аударылуда. 
Қазіргі таңдағы тілді зерттеудің антропоөзектік парадигмасына сай жаңа 
деңгейдің талаптары тіл арқылы тіл тұтынушыларының болмыс-бітімін, 
мәдениетін, кәсібін, тәжірибесін т.б. тануға қатысты қазақ тіліндегі өсімдіктер 
әлемін лингвомәдени тұрғыдан жүйелі және кешенді зерттеу зерттеу 
тақырыбының өзектілігін белгілейді.
Зерттеудің нысаны – қазақ тіліндегі өсімдік атаулар жүйесі. 
Зерттеу жұмысының пәні – қазақ тіліндегі өсімдік атауларының 
лингвомәдени бейнесін анықтау.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Қазақ тіліндегі өсімдік атауларының 
мазмұнындағы ұлт болмысын танытатын мәдени-тілдік ақпаратты ашу. 


Жұмыста қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер 
қойылды: 
- ұлт болмысын тіл арқылы танудағы «өсімдіктер әлемінің тілдік бейнесін» 
зерттеудің лингвомәдениеттанымдық ұстанымдарын көрсету;
- тілдің кумулятивтік қызметі арқылы өсімдік әлемінің қазақ танымында 
этномаркерленуінің прагматикалық (емдік, кәделік, көркемдік, сәндік, т.б.) 
сипатын түсіндіру; 
- өсімдік атаулар жүйесіндегі архетиптік, мифологемдік сипаттағы мәдени-
тілдік деректердің қазақ танымындағы символдану үдерісін көрсету; 
- өсімдік 
атауларының 
мазмұнындағы 
ұлттық 
құндылықтарды 
паремиологиялық қордағы, фразеологиялық жүйедегі, көркем мәтін 
дискурсындағы мәдени-коннотация негізінде тану; 
- өсімдік 
атауларының 
рухани 
мәдениетке 
қатысты 
мазмұнын 
кумулятивтік қызметі арқылы ашу;
- жиналған материалдар негізінде өсімдік атауларының танымдық сайтын 
әзірлеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет