Белгілі бір халықтың құндылықтар өлшемін құрайтын іргелі категориялар


Зерттеу жұмысының ғылыми-теориялық негіздері



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата06.10.2022
өлшемі326.44 Kb.
#462099
1   2   3   4   5
Аңдатпа Шормақова АБ

Зерттеу жұмысының ғылыми-теориялық негіздері. Зерттеу жұмысында 
антропоөзектік 
бағытқа 
сәйкес 
семасиологиялық, 
ономасиологиялық, 
этнолингвистикалық, лингвомәдениеттанымдық зерттеулер жасаған шетелдік 
және отандық зерттеушілердің еңбектері негізге алынды. Атап айтқанда, 
лингвомәдениеттанудың ғылыми сала ретінде қалыптасуына үлес қосқан: 
В.Н. Топоров, В.В. Иванов, Е. Бартманский т.б., аталмыш саланың жүйеленіп, 
ары қарай тереңдетілуіне үлес қосқан: В.А. Маслова, Е. Телия, Ю. Степанов, 
Р.М. Фрумкина, О.Ю. Кущева, В.И. Карасик, В.Б. Колосова, В. Воробьев
С.Г. Тер-Минасова, Б.А. Серебренников, А. Вежбицская т.б., Отандық тіл 
біліміндегі: Ә. Қайдар, М. Копыленко, Т. Жанұзақов, Б. Қалиев, Н. Уәли, 
Ж. Манкеева, 
З. Ахметжанова, 
Г. Смағұлова, 
А. Ислам, 
Қ. Айдарбек,
Б. Сүйерқұл, Қ. Қайырбаева, К. Күркебаев, А. Әмірбекова, А. Байғұтова, т.б. 
ғалымдардың еңбектері қарастырылды.
Зерттеудің әдіснамалық негізі ретінде лингвомәдени ұстаным 
басшылыққа алынып, тіл – таным құралы ретінде сипатталды; антропоөзектік 
ұстаным негізінде тілдегі адам факторы қарастырылды; жүйелі ұстаным 
негізінде өсімдік атаулары өзара байланысты, мағыналық тұтастықта сипатталса, 
аксиологиялық ұстаным негізінде фитонимдерді лингвомәдени талдау арқылы 
адамның қоршаған ортаға көзқарасы, оны бағалауы мен пайдалануы көрсетілді. 
Зерттеу жұмысының негізгі әдістері мен тәсілдері: линвомәдени 
концептілік талдау; дискурстық талдау; салыстырмалы тарихи, салыстырмалы 
типологиялық әдіс; компоненттік талдау әдісі, еркін ассоциативті эксперимент 
әдісі, сауалнама әдістерімен қатар, тілдік бірліктерді жинау барысында жаппай 
іріктеу, жіктеу, топтастыру тәсілдері қолданылды.
Зерттеудің теориялық маңызы. Диссертациялық жұмыстың нәтижелері, 
ең алдымен, Қазақстан Республикасында тіл саясатын жүзеге асырудың 
стратегиялық мақсат-міндеттеріне сәйкес талаптарды қанағаттандырады. Атап 
айтқанда, өсімдік атаулары сөздік қорының белгілі бір бөлігін қамтитындықтан, 
мемлекеттік тілдің қолданысын дамыту бойынша заңнамалық және 
бағдарламалық құжаттарда аталатын ұлт тілінің лексикалық қорын сақтау, 
жинақтау, жаңғырту жұмыстарын нысаналы түрде орындауға ықпал етеді, қазақ 
тілінің ұлттық корпусын қалыптастыруға өзіндік үлесін қосады. Сонымен қатар 
қазақ тіл біліміндегі тілтанымдық зерттеулердің қазіргі жаңа бағытқа сай 
ғылыми парадигмасы шеңберінде орындалатындықтан, қазақ тілінің «тіл мен 
мәдениет» сабақтастығында жүргізіліп жатқан іргелі және қолданбалы 
проблемаларын шешуге айтарлықтай ықпал етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет