Ұсынылатын әдебиеттер
1.Құрманбаев С.Қ., Гамарник Г.Н., Сыдықов Е.Б., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент, Семей, 2004, 214 б.
2.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Сұлтанов Ө.С., Нұрекенов Н.Ғ. Муниципалды менеджмент. Семей, 2006, 184б.
3.Құрманбаев С.Қ.,Сұлтанов Ө.С., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент бойынша практикум. С., 2003, 132 б.
4.Танкиева А.Қ. Жергілікті басқару және оның өзекті мәселелері. Алматы. 2007.
Тақырып 11. Аймақтағы экономикалық реформа процесстерін басқару
Нарықтық шаруашылық жағдайында ұлттық экономикалық дамуын реттеу ісі ерекше маңызға ие болады. Оның себебі нарықтық жүйенің мынадай кемшіліктерін жеңу қажетілігінде жатыр: біріншіден, ұжымдық және қоғамдық қажет бар тауар шығарып қызмет көрсету үшін ынталандыру шараларының болмауы; екіншіден, шаруашылық жүргізетін субъектілерде өзінің өндірістік қызметінің нәтижелеріне жауап әрекет жасауға мүдделі болмайтыны; үшіншіден, еңбек етуге құштар және жұмыс істей салатындарға еңбек кепілінің жоқтығы; төртіншіден, азаматтардың тұрақты тұрмысқа деген құқығының кепілсіздігі; бесіншіден, ғылымдағы іргелі зерттеулердің дамуына ықпал етуге қабілетсіздік; алтыншыдан, даму тұрақсыздығы, инфляциялық процестерге ұшырау қауіпы. Аталған проблемаларды қоғамда өтіп жатқан әлеуметтік-экономикалық процестерге араласудың түрлі формаларын пайдалану арқылы мемлекет шешуге тиіс.
Мемлекеттің экономиканы реттеуі - барлық нарықтық жүйелерде кездесетін белгі болуға тиіс. Ал ауқымы, ұйымдастыру нысандары және жолдары әртүрлі болуы мүмкін. Мемлекеттік реттеу - нарықтық экономикадағы реттеу механизмі жүйелерінің бірі, онда нарықтық - нақты жүйе /рыноктың, өзін-өзі реттеу механизмі/, монополистік реттеу /монополистік қарсы реттеу/ және ұлттық реттеу жүйесі.
Экономиканың дағдарысқа ұшыраған кезінде мемлекеттік реттеудің қажеттілігі арта түсетінін тарихи тәжірибе көрсетіп отыр. Нарықтық жүйенің дамымаған кезінде нарықтық қатынастардың қалыптасу және құрастыру процесінің өзі реттеудің объектіне айналады.
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік реттеуі - мемлекеттік /республикалық және аймақтық экономикалық органдар жүйесі арқылы/ өндіргіш күштердің кеңістікте орналасуы және дамуы процесіне, аумақтық /муниципалдық/ құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуына жоспарлы шаралармен ықпал етуі. Ол түрлі бағдармалар, болжамдар, жоспарлар да көрінісін табады және тікелей, жанама реттеу түрінде жүзеге асырылады.
Аймақтық дамудың мемлекеттік реттеуінің объектісі болып республиканын жеке аймақтары /муниципалдық құрылымдары/ экономиканың белгілі аумақтық-құрылымдық жүйесі ретіндегі республиканың шаруашылығы. Мемлекет тарапынан реттеу ықпалына республика аумақтары шегінде өндіргіш күштерді кеңістік орналастыру және даму процестері, нарықтық қатынастарды қалыптастырудың аймақтық аспектілер, сондай-ақ жеке аймақтар дамуының басқа аспектілері.
Аймақтық дамудың мемлекеттік реттеуінің субъекті республикалық және аумақтық экономикалық органдар болады.
Экономиканының мемлекеттік реттеуінің негізгі нысандары - құқық нормалары, бюджет - салық тетіктері, несие - ақша құралдары және стратегиялық жоспарлау.
Әкімшілік-құқықтық реттеудің мақсаты - адамдар қызметінің алуан тұрлерін, олардың әлеуметтік құқық нормалары көмегімен ұйымдастыру; мемлекеттік және аймақтар басқару органдары коммерциялық ұйымдардың құзырын, өкілеттер мен міндеттер ауқымын анықтау. Құқықтық реттеу механизмін түрлі нормативтік актілер, заңдар, жарғылар, заңға сәйкес актілер- құқық көздері.
Нарықтық экономиканың мемлекеттік реттеу жүйесінің маңызды құрылымдық элементтері болып бюджет - салық жетістіктері табылады. Осы жүйенің негізгі элементтері салық саясаты, мемлекеттік /республикалық/ бюджет, амортизациялық саясат.
Салық саясаты экономикалық өсу, ғылыми-техникалық өрлеуді ынталандыру, құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру, еліміздегі шығарылатын тауарлардың экспорттық бәсекелесуге қабілетін арттыруда қолданылады.
Осы проблемаларды шешу үшін қолданылатың тәсілдердің екі тобы бар:
а/ салық жүйесінде және салық мөлшерлерлері деңгейіндегі өзгерістер және
б/ кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға инвестициялық қызметінің мөлшеріне ықпал ету мақсатымен тікелей және жанама жеңілдіктер беру.
Мемлекеттік бюджеттің көмегімен жүзеге асырылады:
а/ приоритетті ғылыми зерттеулерді, біліктілігі жоғары жұмысшылар күшін даярлау бағдарламасын, инфрақұрылымды жаңарту бағдарламаларын қалыптастыру және жүзеге асыру, елдің қоғаныс қабілетін және конверсияны қамтамасыз ету саласындағы бағдарламаларды қаржыландыруға бағытталған мемлекеттік инвестицияларды қаржыландыру;
б/ негізгі капиталды модернизациялау және оның өнімділігінің өсүін қаржылай ынталандыру, табиғатты қорғау және табиғатты ұғымды пайдалануда шараларын қаржылау, әлеуметтік инфрақұрылым салаларын қаржылау және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің қызметін қамтамасыз ету;
в/ мемлекеттің материалдық резервтерін толықтыру, басқа жалпы мемлекеттік мұқтаждарға қажет ресурстарды сатып алуы.
Амортизациялық саясат негізгі капиталды жеделдетуді, ғылыми-техникалық өрлеуді қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Несие-ақша құралдары - мемлекеттің ұдайы өндіріс процесіне ықпал ету құралдары болып табылады. Оларды қолдана отырып, мемлекет Ұлттық банк арқылы меншік институттар ауқымы мен сипатына ықпал етеді, өйткені дамыған нарықтық жүйеде олар елдің бүкіл ақша-несие жүйесінің негізі болады. Осы реттеу бір бірімен байланысты бірнеше бағытта жүзеге асырылады: есеп саясаты; ең төмен резервтер саясаты, ақша эмиссиясын басқару; ашық нарықтағы операциялар, ерікті келісімдер.
Аймақтар экономикасы мемлекеттік реттеуінің механизмдері мен тәсілдері
Жоғарыда аталған проблемаларды шешу және экономиканың мемлекеттік реттеуін жүзеге асыру үшін мемлекет әлеуметтік-экономикалық процестерге ықпал етудің түрлі механизмдері мен тәсілдерін қолданады.
Аймақ экономикасы мемлекеттік реттеуінің маңызды механизмдері:
-
жалпы мемлекеттік және аймақтық мүдделерінің өзара байланысы мен үйлесуін, аймақтағы өндірістік-экономикалық, интеллектуалды және экспорттық мүмкіндіктерді нығайту және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін аймақтардың әлеуметтік экономикалық дамуы және ҚР өндіргіш күштерінің орналастырылуының ұзақ мерзімді перспективаға бағытталған кешенді болжамы;
-
кешенді болжамда атап көрсетілген еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының кезендері мен приоритеттеріне мақсат тұтқан жалпы мемлекеттік, аймақтық және салалық деңгейлеріндегі стратегиялық жоспарлар жүйесі;
-
ірі ауқымды аймақ аралық проблемаларды шешу жөніндегі жалпы мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру;
-
жеке аймақтар дамуындағы өткір проблемаларды шешу жөніндегі мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру, оның ішінде экологиялық апатқа ұшыраған аудандарды, тоқырауға ұшыраған шағын және орта қалаларды мемлекеттік қолдаудың, шалғайдағы ауылды аудандырды дамытудың арнаулы бағдарламалары;
-
тиісті аймақты дамытуды жеделдеу мақсатымен, оның мүмкіндіктерін неғұрлым толық пайдалану, шетелдік инвестицияларды тарту, қазіргі заманға сай технологияларды, шетелдік ғылыми-техникалық басқару тәжірибесін тарту, таяу және алыс шетелмен экономикалық интеграция үшін тиісті заң, институционалдық және әдістемелік негізгі бар арнаулы экономикалық аймақтар құру;
-
қаржы-несие және салық тетіктері.
Аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеу тәсілдері жоғарыда атап кеткендей екі топқа бөлінеді: тікелей /әкімшілік/ және жанама /экономикалық/.
Экономиканы реттеудің тікелей тәсілдері реттеудің бөлгілі объектісінің экономикалық қызметіне араласуға бағытталады. Оларға нақты тауардың /қызметтер/ белгілі көлемін өндіруге мемлекеттік тапсырыс беру, орталықтандырылған күрделі қаржы, дотациялар бөлу, субсидия /субвенсия беру/, баға, тариф және т.б. ең жоғарғы және ең төменгі шегін белгілеу.
Жанама тәсілдер бір объектіге ғана бағытталмайды, олар нарықтың барлық шаруашылық жүргізуші субъектілеріне қатысты. Олардың қатарына салықпен реттеу, қаржы-несие, ақша, амортизациялық саясат және т.б. жатады.
Аймақтық экономиканы реттеу үшін мемлекет тәсілдер жүйесін қолданады. Ол икемді, сараланған және кешенді, аймақтар ерекшелігін, олар шешетін стратегиялық және тактикалық міндеттердің сипатын ескеретін болуға тиіс.
Стратегиялық маңызы бар минерал ресурстары бар, өнеркәсіптік негізгі салалары өнімін өндеуге мамандандырылған аймақтар, сондай-ақ ғылыми-өндірістік потенциалы жоғары, әскери-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындары дамыған алысақтарды мемлекеттік реттеу тәсілдері, бірінші кезенге, аймақтың экономикасын қайта құруға ықпал ету және жағдай туғызуға, сонымен қатар кәсіпорындарды техникамен қаруландыруға бейімделуге тиіс. Оның мақсаты - экспортқа бейімделген өнім және конверсия салаларында халық тұтынатын тауар шығару. Осы аймақтар үшін сыртқы сауда және шетелдік инвестицияларды тарту саласындағы мемлекеттік реттеу, ірі кәсіпорындарда жекешелендіру шарттарын белгілеу, ішкі және шетелдік инвестицияларды тарту ісіндегі мемлкеттік реттеу терең маңызға ие болады. Осы аймақтарда құрылымдық қайта құруды ынталандыру факторы приоритетті саламен бойынша амортизациялық жеңілдіктер беру, сараланған инвестиция және салық несиесі бола алады. Осы аудандарға салық жеңілдіктері жүйесі арқылы шетелдік инвестицияларды тарту, ең алдымен қысқа мерзім ішінде дүниежүзілік деңгейге шығып, бүкіл шаруашылықты техникамен қаруландыру ісіне, сонымен қатар жалпы аймақтық инфрақұрылымда маңызды рөл атқаруы мүмкін.
Еліміздің азық-түлік қорын қалыптастыратын аймақтар тобында, экономикалық тетіктер мен ынталандырулар шағын және орта бизнестің дамуына, халықты жұмыспен қамтуды арттыруға, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу түрлері мен тәсілдерін кеңейту, техникалық қызмет көрсету орталықтарын, көтерме-өндірістік нарықтар, сауда үйлері мен биржаларын, маркетинг қызметін, лизинг компанияларын, кәсіпорындар мен меншіктің түрлі нысанды ұйымдарының агроөнеркәсіптік интеграциясының жаңа тиімді нысандарын қалыптастыру.
Экологиялық апатқа және тоқырауға ұшыраған, сондай-ақ шағын және орта қалалар, шалғайдағы аудандарға арналған мемлекеттік реттеу тәсілдері ең алдымен оларға экономикасын жандандыру және халықты әлеуметтік қолдау, экологиясын жақсарту және әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша белгілі жобалар мен мақсатты кешенді бағдарламаларды жүзеге асыру, сондай-ақ шетелдік техникалық және гуманитарлық көмекті тартуға ықпал етуге бағытталуға тиіс.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
-
Аймақтың экономиканы мемлекеттік реттеуінің мәні неде?
-
Аймақтың экономиканы мемлекеттік реттеуінің қандай әдістерін Сіз білесіз?
Ұсынылатын әдебиеттер
1.Құрманбаев С.Қ., Гамарник Г.Н., Сыдықов Е.Б., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент, Семей, 2004, 214 б.
2.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Сұлтанов Ө.С., Нұрекенов Н.Ғ. Муниципалды менеджмент. Семей, 2006, 184б.
3.Құрманбаев С.Қ.,Сұлтанов Ө.С., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент бойынша практикум. С., 2003, 132 б.
4.Танкиева А.Қ. Жергілікті басқару және оның өзекті мәселелері. Алматы. 2007
Тақырып 12. ҚР әкімшіліктік-аймақтық құрылысының реформасы
Жергілікті өзін өзі басқарудың тұрақты атқарушы органы болып әкімшілік саналады.
Жергілікті әкімшілік заңды тұлға болып есептеледі, сондықтан:
-
жергілікті бюджеттен қаржыланатын өзіндік көздері, жеке мүлкі болады;
-
өз атынан мүліктін және мүліктік емес құқық пен міндеттерді алады және жүргізеді;
-
сотта арыз беруші және жауап беруші болу;
-
өзіне гербілік мөрі, төртпул /штамп/ мөрі және банк мекемелерінде есеп және т.б. шоттары болады.
Әкімшілік құрылымы жергілікті өзін өзі басқарудың өкілетті органымен келісе отырып, атқарушы орган бекітеді.
Өзін өзі басқарудың атқарушы органдарындары құрылымында әкімшіліктің коллегиясы маңызды роль атқарады. Коллегия - жергілікті әкімшілік әкімінің жанында құрылатын кеңесетін ақылдасатың орган. Ол жергілікті жердің маңызды ұзақ мерзімдік және мақсатты бағдарламаларын талқылап, бекіту үшін шақырылады.
Әкімшілік қызметтің ұйымдастырушылық негізі болып жұмыс жоспарлары саналады. Оларды әкімшіліктің барлық құрылымдары муниципалдық құрылымдардын мәселелерін кешенді шешу үшін әр тоқсанға жасайды.
Әкімшіліктің жұмыс жоспарын жасау үшін оның орынбасары мен құрылымдық бөлімдердің басшылары тоқсанның бітуіне 15 күн қалғанға дейін өз ұсыныстарын әкім аппаратының жетекшісіне береді.
Аппарат жетекшісі түскен жүмыс жоспарларын талдап қорытып, келісіп, өзгерістер енгізіп айдың 5-жұлдызына дейін әкімге бекітуге ұсынады. Бекітілген жоспар департаменттерге, комитеттерге және басқармаларға жіберіледі және әкімнің орынбасарларына бекітілгеннен кейінгі үш күннің ішінде жеткізіледі.
Әкімшіліктің жұмыс жоспары 4 бөлімнен тұрады:
-
Әкім қарайтын мәселелер;
-
Коллегияда қаралатын мәселелер;
-
Әкімнің орынбасарлары қарайтын мәселелер;
-
Ұйымдастыру жұмыстары /семинар, жиналыс, ғылыми-практикалық конференция т.б./.
Жергілікті әкімі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес тағайындалады.
Жергілікті әкімшілік әкімінің қызметтері:
-
жергілікті бюджетті дайындау және оны орындауды ұйымдастырады, бюджетті орындау барысында несиелерді басқарып жұмсаушы қызметтерін атқару;
-
муниципалдық құрылымның генералдық аумақтық даму жоспарын дайындауды ұйымдастырады;
-
экологиялық қауіпсіздік бағдарламасын дайындау және орындауды ұйымдастырады;
-
әкімшіліктің құрылымы мен құрамын анықтап, жергілікті өзін өзі басқару органының өкілетті бірлігі, яғни мәслихатқа бекітуге ұсынады;
-
жылына кем дегенде бір рет халық алдында және жергілікті басқарудың органы мәслихатқа есеп береді /әкімшілік жұмысы туралы/;
-
тәртіпті қамтамасыз ету шараларын жүргізіп, қылмысқа қарсы күресті үйлестіреді;
-
муниципалдық құрылымдардың азаматтық қорғану жұмысына басшылық жасайды және аумақты, тұратын халықты төтенше жағдайлардан қорғау жұмыстарына басшылық жасайды;
-
әкімшіліктің басшылары мен муниципалдық кәсіпорындардың басшыларын тағайындайды және босатады;
-
шешімдер шығарады;
-
өзінің қызмет аясының шамасына қарай басқа да қызметтермен айналысады.
|
Әкім
|
|
|
|
Әкімнің орынбасарлары
|
|
|
|
|
|
Департаменттер
|
|
|
|
|
|
Комитеттер
|
Әкім аппаратының жетекшісі
|
|
|
|
Басқармалар
|
|
|
|
|
|
Орталықтар
|
|
|
|
|
|
Инспекциялар
|
|
|
|
|
|
Бөлімдер
|
|
Аумақтық
округтар
|
|
1. сурет. Семей қаласын басқару құрылымы
Әкімнің орынбасарларының қызметтері.
Олардың саны муниципалдық құрылымдардың деңгейіне байланысты /қала, аудан, село, ауыл/.
Мысалы, жергілікті өзін өзі басқару органының әкімінде:
а/ бірінші орынбасары;
б/ орынбасарлары-әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары;
в/ экономика жөніндегі, құрылыс жөніндегі және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасарлары.
Орынбасарлар арасындағы қызметтер әкімнің шешімімен белгіленеді. Олар өз қызметтерін әкімнің берген өкілеттілігі шеңберінде атқарады.
Семей қаласы әкімінің бірінші орынбасарының қызметтерін /шамамен/ келтіреміз:
1/ мына мәселелерге жетекшілік жасайды:
-
ауыл шаруашылыға, жер қатынастары, экология, орман шаруашылығы;
-
мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі аймақтық комитет сұрақтары.
2/ басшылық жасайды және бақылайды:
-
қалалық ауыл шаруашылық департаментін;
-
жер қатынастары жөніндегі қалалық комитеттің;
-
ауданаралық экология және биоресурстар жөніндегі басқармаға;
-
орман шаруашылығы бірлестігі;
-
қалалық инспекциялар.
3/ Басшылық жасайды:
-
жерді қорғау мен пайдалануды, балықты қорғау мен аңдар әлемін қорғауды бақылау;
-
жалға беру, қозғалмалы мүлік, стандарттау, метрология және сертификаттау орталықтары;
-
әскерге шақыратын, халық санағын жүргізетін және алдын ала сыйлыққа ұсынатын комиссия жұмыстары.
Әкімнің орынбасарлары өздеріне бекіттілген сұрақтар бойынша шешім қабылдайды, оларды тиісті органдар мен лауазымды қызметтейлер орындауы тиіс.
Жергілікті әкімшіліктің қызметін ұйымдастырып жүргізетін оның аппараты.
Семей қаласындағы әкім аппаратының негізгі құрылымдары мынадай:
-
жалпы бөлімі;
-
ұйымдастыру бөлімі;
-
бақылау бөлімі;
-
әділет бөлімі;
-
істер басқармасы.
Әкім аппараты бөлімдер құрылымына тағы басқа ұсақ құрылымдар кіреді.
Мысалы, әкім аппаратының жалпы бөліміне мыналар кіреді:
-
нұсқаулық құжаттармен жұмыс істеу секторы;
-
канцелярия;
-
көбейтіп-басатын бюро;
-
азаматтарды қабылдау және азаматтардың жолдаған хаттарын қарайтын сектор.
Әкім аппараты жетекшісінің қызметтері:
-
әкімнің тапсырмасын, әкімшіліктің қабылдаған құжаттарының орындалуын бақылау;
-
әкім аппараты қызметін ұйымдастыру;
-
архив жұмысы, азаматтық актілерді тіркеу органдарының жұмысын;
-
азаматтартың хатын, өтініштерін қарау, қабылдауды ұйымдастыру;
-
әкімшілік бөлімдері, аппарат қызметкерлері оқуын өткізу мен ұйымдастыру;
-
құжаттармен жұмыс істеу тәртібін қамтамасыз ету және әкімшіліктің іс қағаздарын жүргізу;
-
сыйлыққа ұсыну материалдарын дайындау;
-
әкімшілік жұмысын жоспарлау;
-
муниципалдық кеңестің мәжілістерін өткізуге дайындықты ұйымдастыру;
-
әкім аппаратының қаржылық-шаруашылық қызметі;
-
әкімшілік коллегиясының, мәжілісінің материалдарын дайындау;
-
әкімшілік бөлімі мен қызметінің жұмысын ақпараттандыру мен компьютерлендіру;
-
әкімшілік ғимаратында тәртіпті және жауапты қызметкерлердің кезекшілігін қамтамасыз ету.
Мына бөлімдердің жұмысын бағыттайды және бақылайды:
-
жалпы бөлімнің;
-
ұйымдастыру бөлімінің;
-
бақылау бөлімінің;
-
ведомствоаралық бөлімнің;
-
ЗАГС басқармасын.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
-
Семейдің әкімінің қандай өкілеттілігі бар?
-
Әкімшіліктің қызметтерін атаңыз.
-
Жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдастырушылық формаларының негізгі топтарын атаңыз.
-
Жергілікті өзін-өзі басқарудағы халық қатысуының маңызды формаларын атаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер
1.Құрманбаев С.Қ., Гамарник Г.Н., Сыдықов Е.Б., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент, Семей, 2004, 214 б.
2.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Сұлтанов Ө.С., Нұрекенов Н.Ғ. Муниципалды менеджмент. Семей, 2006, 184б.
3.Құрманбаев С.Қ.,Сұлтанов Ө.С., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент бойынша практикум. С., 2003, 132 б.
4.Танкиева А.Қ. Жергілікті басқару және оның өзекті мәселелері. Алматы. 2007
Тақырып 13. Жергілікті бюджет табысын жоғарлату жолдары.
Жергілікті өкімет органдары міндеттерін атқару үшін өзінің бюджетін қалыптастырады. Осы органдарға берілген бюджеттін және мүліктік құқықтар оларға өз бюджетін әзірлеп қарап, бекітіп орындауға, өздеріне берілген бюджетті, басқарып, одан кіріс алуға мүмкіндік береді.
Жергілікті бюджеті тұрғын халыққа өндірістің түпкі нәтижелерін жеткізудің негізгі арналарының бірі. Осы бюджеттер арқылы қоғамдық тұтыну қорлары арқылы осы бюджеттер тұрғын халықтың жеке топтарына бөліп беріледі. Осы бюджеттен өндірістін салаларының дамуы қаржыландырылады, және бірінші кезекте, жергілікті тамақ өнеркәсібі, коммуналдық шаруашылық.
Жергілікті бюджеттердің экономикалық мәні олардың міндеті арқылы көрінеді. Осы бюджеттер мына міндеттерді атқарады:
-
жергілікті өкімет органдарының қызметін қаржысымен қамтамасыз ететін ақшалай қор ашу;
-
осы қорлардың халық шаруашылығы салалары арасында бөлу және пайдалану;
-
осы өкімет органдарына бағынышты кәсіпорын, ұйым, мекемелердің қаржы-шаруашылық қызметін бақылау.
Жергілікті бюджеттер қоғамның әлеуметтік инфрақұрылымын жүргізу және дамыту ісіндегі маңызы зор.
Жергілікті өкімет органдарына мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың маңызы міндеті жүктелген. Тұрғын халыққа әлеуметтін қызмет көрсету шараларын қаржыландыру негізінен бюджет қаржысы кірістер есебінен жүзеге асырылады. Әлеуметтік саясатты жүзеге асыру көп материалдық және әлеуметтік ресурстарды талап етеді.
Жалпы мемлекеттік қаржы ресурстарын бюджеттік жүйенің салалары бойынша бөлудің негізінде аймақтың бюджеттердің дербестігі, оларды мемлекеттің қолдай, кіріс көздерінің аймақтық толықтыру принциптері жатыр. Осы принциптерге сәйкес жергілікті бюджеттердің кірістері кірістердің меншікті және реттегіш көздері арқылы қалыптасады.
«Меншікті, немесе бекітіліп берілген кірістер термині осы қаржы бюджеттік құқығы субъектінікі деген мағына береді, яғни толық немесе тұрақты қаржыланып отырған бөлігі үнемі жоғарғы бюджеттерге қамыспай, тиісті бюджетке түсіп отырады.
Меншікті бюджеттің негізін жергілікті салықтар мен алымдар, жергілікті бюджетке тұрақты бөлігі түрінде берілген республикалық және аймақтық салымдардан аудармалар құрайды.
Аймақтық өкімет органдарына бағдарламаларды басқаруына берілген меншікті кірістерден тыс қаржы ресурстарын өздеріне жүктелген міндеттерін атқару үшін мемлекет береді. Сөйтіп, мемлекет барлық бюджеттерді реттейді, кірістері мен шығындарын теңестіреді.
«Реттегіш кірістер термині жоғарғы бюджеттерден төменгі бюджеттерге кірістері мен шығыстарын реттеу /теңестіру/ үшін берілетін ақшалай қаражаттың жиынтығы.
Реттегіш кірістерге осы мақсатта қолданылатын барлық қаржы ресурстары жатады, яғни өзара есеп айырысу бойынша жоғарғы бюджеттерден түскен қаражай таруың республикалық салық, дотация, субвенцияларды проценттік аудармалар. Бұл жоғарғы өкімет органдарының төменгі органға заң актісі негізінде /заң, қаулы, шешім, өкім/ берген қаржылары. Қаржы алдын ала беріледі, яғни жоспарлы жылдың бюджеті туралы заң актісі және реттеу жоспары негізінде жоспарлы жыл басталмай тұрып, немесе жоғарғы өкім беруші және атқарушы органдардың нұсқау бойынша бюджетті атқару барысында.
Қазақстанда жергілікті бюджеттер мемлекеттік бюджет қаражаттар көлемінің кірістер бойынша 35%, ал шығындар бойынша 40% құрайды.
Жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері жергілікті салық пен алымдар құқылы қалыптасады.
Ең ірі жергілікті салықтар мен алымдар:
-
әкімшілік айыппұл мен санкциялар бойынша түсімдер;
-
автомобиль инспекциялары жинаған алымдар;
-
кәсіпорын, қоғамдық ұйымдар, банктер мен олардың филиалдарын тіркеуден алымдар;
-
көлік салығы;
-
жарнама салығы;
-
автомобиль, есептеу техникасы мен дербес компьютерлерді алып-сату салығы;
-
сауда құқығы алымы;
-
барлық ұйымдастыру-құқықтық нысанды кәсіпорындар мен азаматтардан милицияға, қаланы, ауыл көркейту және басқа мақсаттарға жұмсау үшін мақсатты алымдар;
-
кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан алынатын тіркеу алымы;
-
тауар биржаларында валютаны сату және сатып алу кезіндегі мәлімлерден алым;
-
елді мекендерді тазалау үшін салымдар;
-
қызметтің кейбір түрлеріне милициялардан түскен жарнама;
-
заңды тұлғалардан білім бері мекемелері қажетіне алынатын алымдар;
-
әлеуметтік сала объектілері мен тұрғын үй қорын қалпында сақтау салығы;
-
спирт ішімдектері мен сыра өндіру және сату құқығы үшін лицензиялық алым.
Мүлік салықтары, оның ішінде:
-
мұраға алу және басыбайлы беру тәртібімен өтетін мүлік салығы;
-
кәсіпордар мүлігіне салық;
-
жеке тұлғалар мүлігіне салық.
Жекешелендіруден түскен кірістер /муниципалдық құрылымдардың мүлігі/, оның ішінде:
-
муниципалдық меншіктің объектілерін жекешелендіру кірістері;
-
жерді сату кірістері;
-
азаматтарға пәтер сату кірістері.
Жер салығы, оған мыналар кіреді:
-
жер салығы және ауылшаруашылығы жерлері үшін жалгерлік ақы, оның ішінде орман қоры құрамындағы ауылшаруашылығы алқаптар;
-
жер салығы және шаруашылық жерлері үшін жалгерлік ақы;
-
жер салығы қаражаты орталықтандыру кірістері және ауылшаруашылығы жерлер, қала және басқа елді мекендер жерлері үшін жалгерлік ақы;
-
ауылшаруашылығы алқаптарын иелігінен алуға байланысты а/ш өндірісі шығындарын өтеу.
Міндетті медициналық сақтандыру, салалық қорлардың қаражаты. Жер қойнауы мен табиғи ресурстарды пайдалану төлемдері, оның ішінде:
-
арнайы салықтар және жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері;
-
орман төлемдері, оған жалгерлік ақы мен орман қорына кіретін жер ақысы;
-
өнеркәсіп кәсіпорындарының су шаруашылық жүйелерінен алған су үшін ақы;
-
зиянды заттардың нормативтік және нормадан тыс шығарылу, қалдықтарды орналастыру;
-
орманның ұдайы өндірісі, оны қорғау және күзетуге аударым жарнамалар.
Жергілікті өкімет органдары меншікті кірістерінің молайуына мүдделі болғандықтан, шаруашылық белсенділік танытып бюджетке қүйылатын төлемдердің молайуына ықпал етеді.
Жергілікті бюджеттердің басты реттегіш кірістеріне мына аударым жарнамалар жатады:
-
қосымша құнға салынатын салықтан;
-
акциздерден;
-
заңды тұлғалардан алынатын табыс салығынан;
-
жеке тұлғалардан алынатын табыс салығынан.
Жергілікті бюджеттердің кірістерінде көлемі мен экономикалық мәні бойынша жетекші орында реттегіш кірістерден түсетін аударым жарнамалар алып отыр.
Жергілікті бюджеттерді реттеудің бүгінгі таңдағы жүйесінің бір қатар артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Артықшылығы - жергілікті бюджеттерді жергілікті көздерінің өнімділігіне қарамастан қажетті қаражатпен қамтамасыз етуге мүмкін береді, кейбір аймақтың бірліктердің даму деңгейлерін тенестірудің алғышартын жасайды, жергілікті өкімет органдрын салық жинау жоспарларын орындауға ынталандырады.
Кемшілігі - жергілікті бюджеттердің реттегіш кірістерін қалыптастыру барысндағы субъективтілік элементерінің болуында, яғни аударым жарнамалардың нормативтерін таңдағанда және құрамын таңдағанда.
Еліміздің әр тұрғынының қажетті әлеуметтік мүліктермен қамтамасыз етілуінің ең төменгі нормасын есептеп бекіту қажет.
Елдің экономикалық әлеуметінің дамуы, тұрғын халық санының өсуі, кеттену процесінің кеңейуі аймақтық бюджеттердің саны мен көлемінің өсуінің негізгі факторлары болып шығындар табылады.
Жергілікті бюджеттердің өсуі кенттену процесімен тығыз байланысты, демек әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымның кеңейтілуімен. Жергілікті бюджеттердің жалпы көлемінде қалалық және поселкелік бюджеттерді үлес салмағы үнемі өсіп отырады.
Қалалар саны өсіп, қала тұрғындарының саны артып, әр тұрғынға шаққанда бюджет шығыны шағын қалалармен салыстырғанда 5-7 есе астын ірі қалалар санының өсуі қала бюджеттерінің шығынының өсуіне әкеп соғады, ал олардың өсуі қарқыны жергілікті бюджет буындарының өсу қарқынынан озып кетеді.
Экономикалық және әлеуметтік процесстердің нәтижелері жергілікті бюджеттірдің шығыс бөлігіне өз әсерін тигізеді. Жергілікті өкімет органдары қызметінің басты тұстары - бағынышты аумақта экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларын әзірлеу және оны жүзеге асыру.
Жаңғырған елді мекендердің көбеюі жергілікті бюджеттердің шығындарын арттырады. Шығындық артуы қираған тұрғын үй - коммуналдық және мәдени-тұрмыстық инфрақұрылымды қалпына келтіру және оны қалпында сақтауда жұмсалатын шығының өсуімен байланысты.
Семей қаласы бюджетінің шығындары құрылымының ең көп үлесін білім саласы құрайды ( 27,1%). Бұл шығындар мектептерді, бала бақшаларды, мектеп-интернаттарды, лицейлерді қаржыландыруға және олпрдың материлдық-техникалық базаларын нығайтуға бағытталады.
Үлесі бойынша екінші орынды денсаулық сақтау саласы алады (22,9%). Мұнда жергілікті деңгейде халыққа тұрақты және жедел дәрігерлік-санитарлық, мамандандырылған амбулаториялық-клиникалық көмек көрсету белгіленген.
Сонымен қатар, бюджеттің шығындарында елеулі орынды әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру алып отыр (12,6%).
2011 жылы Семей қаласында «Ертіс өзені арқылы көпірді салу» жобасы бойынша республика бюджетінің трансферттерінен 1 044 140 мың тенге қаржы бөлінген, соның нәтижесінде көлік және байланыс шығындарының көбеюіне әкелді (21,2%).
Дегенімен, кейбір салаларға-ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылысқа қала бюджетінен әлі де жеткілікті назар аударылып отырған жоқ, Сонымен, мемлекет жергілікті бюджет арқылы жергілікті жерлерде әлеуметтік саясатты қарқынды өткізіп отыр. Жергілікті бюджеттердің кейбір түрлері шығындарының құрылымы біркелкі емес екендігін атап өтуге болар және ол жергілікті шаруашылықтың көлеміне және оның түрлі деңгейдегі жергілікті органдардың бағыныштылығынды байланысты.
Қаржы ресурстарын пайдалануды басты бағыттарының бірі - жергілікті өндірістік базаны дамытуды қаржыландыру болуға тиіс, содан соң білім беру және денсаулық сақтау мекемелерін.
Достарыңызбен бөлісу: |