Белгілі борыш, немесе болашақ төлем есебінен алдын ала берілетін ақшалай зат



бет6/8
Дата15.07.2016
өлшемі0.51 Mb.
#200053
1   2   3   4   5   6   7   8

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары :

  1. Жергілікті қаржы ресурстарының муниципалдық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ролі қандай?

  2. Муниципалдық ресурстар қалай қалыптасады?

  3. Муниципалдық қаржы қалыптасуының заңдық негізі қандай?

  4. Жергілікті бюджеттердің кіріс және шығыс жақтары қалай қалыптасады?

Ұсынылатын әдебиеттер

1.Құрманбаев С.Қ., Гамарник Г.Н., Сыдықов Е.Б., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент, Семей, 2004, 214 б.

2.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Сұлтанов Ө.С., Нұрекенов Н.Ғ. Муниципалды менеджмент. Семей, 2006, 184б.

3.Құрманбаев С.Қ.,Сұлтанов Ө.С., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент бойынша практикум. С., 2003, 132 б.

4.Танкиева А.Қ. Жергілікті басқару және оның өзекті мәселелері. Алматы. 2007
Тақырып14. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық мәселесі


  1. Мемлекеттің экономиканы реттеуінің қажеттігі мен мәні

  2. Аймақтар экономикасы мемлекеттік реттеуінің механизмдері мен тәсілдері

1. Мемлекеттің экономиканы реттеуінің қажеттігі мен мәні


Нарықтық шаруашылық жағдайында ұлттық экономикалық дамуын реттеу ісі ерекше маңызға ие болады. Оның себебі нарықтық жүйенің мынадай кемшіліктерін жеңу қажетілігінде жатыр: біріншіден, ұжымдық және қоғамдық қажет бар тауар шығарып қызмет көрсету үшін ынталандыру шараларының болмауы; екіншіден, шаруашылық жүргізетін субъектілерде өзінің өндірістік қызметінің нәтижелеріне жауап әрекет жасауға мүдделі болмайтыны; үшіншіден, еңбек етуге құштар және жұмыс істей салатындарға еңбек кепілінің жоқтығы; төртіншіден, азаматтардың тұрақты тұрмысқа деген құқығының кепілсіздігі; бесіншіден, ғылымдағы іргелі зерттеулердің дамуына ықпал етуге қабілетсіздік; алтыншыдан, даму тұрақсыздығы, инфляциялық процестерге ұшырау қауіпы. Аталған проблемаларды қоғамда өтіп жатқан әлеуметтік-экономикалық процестерге араласудың түрлі формаларын пайдалану арқылы мемлекет шешуге тиіс.

Мемлекеттің экономиканы реттеуі - барлық нарықтық жүйелерде кездесетін белгі болуға тиіс. Ал ауқымы, ұйымдастыру нысандары және жолдары әртүрлі болуы мүмкін. Мемлекеттік реттеу - нарықтық экономикадағы реттеу механизмі жүйелерінің бірі, онда нарықтық - нақты жүйе /рыноктың, өзін-өзі реттеу механизмі/, монополистік реттеу /монополистік қарсы реттеу/ және ұлттық реттеу жүйесі.

Экономиканың дағдарысқа ұшыраған кезінде мемлекеттік реттеудің қажеттілігі арта түсетінін тарихи тәжірибе көрсетіп отыр. Нарықтық жүйенің дамымаған кезінде нарықтық қатынастардың қалыптасу және құрастыру процесінің өзі реттеудің объектіне айналады.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік реттеуі - мемлекеттік /республикалық және аймақтық экономикалық органдар жүйесі арқылы/ өндіргіш күштердің кеңістікте орналасуы және дамуы процесіне, аумақтық /муниципалдық/ құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуына жоспарлы шаралармен ықпал етуі. Ол түрлі бағдармалар, болжамдар, жоспарлар да көрінісін табады және тікелей, жанама реттеу түрінде жүзеге асырылады.

Аймақтық дамудың мемлекеттік реттеуінің объектісі болып республиканын жеке аймақтары /муниципалдық құрылымдары/ экономиканың белгілі аумақтық-құрылымдық жүйесі ретіндегі республиканың шаруашылығы. Мемлекет тарапынан реттеу ықпалына республика аумақтары шегінде өндіргіш күштерді кеңістік орналастыру және даму процестері, нарықтық қатынастарды қалыптастырудың аймақтық аспектілер, сондай-ақ жеке аймақтар дамуының басқа аспектілері.

Аймақтық дамудың мемлекеттік реттеуінің субъекті республикалық және аумақтық экономикалық органдар болады.

Экономиканының мемлекеттік реттеуінің негізгі нысандары - құқық нормалары, бюджет - салық тетіктері, несие - ақша құралдары және стратегиялық жоспарлау.

Әкімшілік-құқықтық реттеудің мақсаты - адамдар қызметінің алуан тұрлерін, олардың әлеуметтік құқық нормалары көмегімен ұйымдастыру; мемлекеттік және аймақтар басқару органдары коммерциялық ұйымдардың құзырын, өкілеттер мен міндеттер ауқымын анықтау. Құқықтық реттеу механизмін түрлі нормативтік актілер, заңдар, жарғылар, заңға сәйкес актілер- құқық көздері.

Нарықтық экономиканың мемлекеттік реттеу жүйесінің маңызды құрылымдық элементтері болып бюджет - салық жетістіктері табылады. Осы жүйенің негізгі элементтері салық саясаты, мемлекеттік /республикалық/ бюджет, амортизациялық саясат.

Салық саясаты экономикалық өсу, ғылыми-техникалық өрлеуді ынталандыру, құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру, еліміздегі шығарылатын тауарлардың экспорттық бәсекелесуге қабілетін арттыруда қолданылады.

Осы проблемаларды шешу үшін қолданылатың тәсілдердің екі тобы бар:

а/ салық жүйесінде және салық мөлшерлерлері деңгейіндегі өзгерістер және

б/ кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға инвестициялық қызметінің мөлшеріне ықпал ету мақсатымен тікелей және жанама жеңілдіктер беру.

Мемлекеттік бюджеттің көмегімен жүзеге асырылады:

а/ приоритетті ғылыми зерттеулерді, біліктілігі жоғары жұмысшылар күшін даярлау бағдарламасын, инфрақұрылымды жаңарту бағдарламаларын қалыптастыру және жүзеге асыру, елдің қоғаныс қабілетін және конверсияны қамтамасыз ету саласындағы бағдарламаларды қаржыландыруға бағытталған мемлекеттік инвестицияларды қаржыландыру;

б/ негізгі капиталды модернизациялау және оның өнімділігінің өсүін қаржылай ынталандыру, табиғатты қорғау және табиғатты ұғымды пайдалануда шараларын қаржылау, әлеуметтік инфрақұрылым салаларын қаржылау және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің қызметін қамтамасыз ету;

в/ мемлекеттің материалдық резервтерін толықтыру, басқа жалпы мемлекеттік мұқтаждарға қажет ресурстарды сатып алуы.

Амортизациялық саясат негізгі капиталды жеделдетуді, ғылыми-техникалық өрлеуді қамтамасыз ету үшін қолданылады.

Несие-ақша құралдары - мемлекеттің ұдайы өндіріс процесіне ықпал ету құралдары болып табылады. Оларды қолдана отырып, мемлекет Ұлттық банк арқылы меншік институттар ауқымы мен сипатына ықпал етеді, өйткені дамыған нарықтық жүйеде олар елдің бүкіл ақша-несие жүйесінің негізі болады. Осы реттеу бір бірімен байланысты бірнеше бағытта жүзеге асырылады: есеп саясаты; ең төмен резервтер саясаты, ақша эмиссиясын басқару; ашық нарықтағы операциялар, ерікті келісімдер.


2. Аймақтар экономикасы мемлекеттік реттеуінің механизмдері мен тәсілдері

Жоғарыда аталған проблемаларды шешу және экономиканың мемлекеттік реттеуін жүзеге асыру үшін мемлекет әлеуметтік-экономикалық процестерге ықпал етудің түрлі механизмдері мен тәсілдерін қолданады.



Аймақ экономикасы мемлекеттік реттеуінің маңызды механизмдері:

  • жалпы мемлекеттік және аймақтық мүдделерінің өзара байланысы мен үйлесуін, аймақтағы өндірістік-экономикалық, интеллектуалды және экспорттық мүмкіндіктерді нығайту және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін аймақтардың әлеуметтік экономикалық дамуы және ҚР өндіргіш күштерінің орналастырылуының ұзақ мерзімді перспективаға бағытталған кешенді болжамы;

  • кешенді болжамда атап көрсетілген еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының кезендері мен приоритеттеріне мақсат тұтқан жалпы мемлекеттік, аймақтық және салалық деңгейлеріндегі стратегиялық жоспарлар жүйесі;

  • ірі ауқымды аймақ аралық проблемаларды шешу жөніндегі жалпы мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру;

  • жеке аймақтар дамуындағы өткір проблемаларды шешу жөніндегі мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру, оның ішінде экологиялық апатқа ұшыраған аудандарды, тоқырауға ұшыраған шағын және орта қалаларды мемлекеттік қолдаудың, шалғайдағы ауылды аудандырды дамытудың арнаулы бағдарламалары;

  • тиісті аймақты дамытуды жеделдеу мақсатымен, оның мүмкіндіктерін неғұрлым толық пайдалану, шетелдік инвестицияларды тарту, қазіргі заманға сай технологияларды, шетелдік ғылыми-техникалық басқару тәжірибесін тарту, таяу және алыс шетелмен экономикалық интеграция үшін тиісті заң, институционалдық және әдістемелік негізгі бар арнаулы экономикалық аймақтар құру;

  • қаржы-несие және салық тетіктері.

Аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеу тәсілдері жоғарыда атап кеткендей екі топқа бөлінеді: тікелей /әкімшілік/ және жанама /экономикалық/.

Экономиканы реттеудің тікелей тәсілдері реттеудің бөлгілі объектісінің экономикалық қызметіне араласуға бағытталады. Оларға нақты тауардың /қызметтер/ белгілі көлемін өндіруге мемлекеттік тапсырыс беру, орталықтандырылған күрделі қаржы, дотациялар бөлу, субсидия /субвенсия беру/, баға, тариф және т.б. ең жоғарғы және ең төменгі шегін белгілеу.



Жанама тәсілдер бір объектіге ғана бағытталмайды, олар нарықтың барлық шаруашылық жүргізуші субъектілеріне қатысты. Олардың қатарына салықпен реттеу, қаржы-несие, ақша, амортизациялық саясат және т.б. жатады.

Аймақтық экономиканы реттеу үшін мемлекет тәсілдер жүйесін қолданады. Ол икемді, сараланған және кешенді, аймақтар ерекшелігін, олар шешетін стратегиялық және тактикалық міндеттердің сипатын ескеретін болуға тиіс.

Стратегиялық маңызы бар минерал ресурстары бар, өнеркәсіптік негізгі салалары өнімін өндеуге мамандандырылған аймақтар, сондай-ақ ғылыми-өндірістік потенциалы жоғары, әскери-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындары дамыған алысақтарды мемлекеттік реттеу тәсілдері, бірінші кезенге, аймақтың экономикасын қайта құруға ықпал ету және жағдай туғызуға, сонымен қатар кәсіпорындарды техникамен қаруландыруға бейімделуге тиіс. Оның мақсаты - экспортқа бейімделген өнім және конверсия салаларында халық тұтынатын тауар шығару. Осы аймақтар үшін сыртқы сауда және шетелдік инвестицияларды тарту саласындағы мемлекеттік реттеу, ірі кәсіпорындарда жекешелендіру шарттарын белгілеу, ішкі және шетелдік инвестицияларды тарту ісіндегі мемлкеттік реттеу терең маңызға ие болады. Осы аймақтарда құрылымдық қайта құруды ынталандыру факторы приоритетті саламен бойынша амортизациялық жеңілдіктер беру, сараланған инвестиция және салық несиесі бола алады. Осы аудандарға салық жеңілдіктері жүйесі арқылы шетелдік инвестицияларды тарту, ең алдымен қысқа мерзім ішінде дүниежүзілік деңгейге шығып, бүкіл шаруашылықты техникамен қаруландыру ісіне, сонымен қатар жалпы аймақтық инфрақұрылымда маңызды рөл атқаруы мүмкін.

Еліміздің азық-түлік қорын қалыптастыратын аймақтар тобында, экономикалық тетіктер мен ынталандырулар шағын және орта бизнестің дамуына, халықты жұмыспен қамтуды арттыруға, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу түрлері мен тәсілдерін кеңейту, техникалық қызмет көрсету орталықтарын, көтерме-өндірістік нарықтар, сауда үйлері мен биржаларын, маркетинг қызметін, лизинг компанияларын, кәсіпорындар мен меншіктің түрлі нысанды ұйымдарының агроөнеркәсіптік интеграциясының жаңа тиімді нысандарын қалыптастыру.

Экологиялық апатқа және тоқырауға ұшыраған, сондай-ақ шағын және орта қалалар, шалғайдағы аудандарға арналған мемлекеттік реттеу тәсілдері ең алдымен оларға экономикасын жандандыру және халықты әлеуметтік қолдау, экологиясын жақсарту және әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша белгілі жобалар мен мақсатты кешенді бағдарламаларды жүзеге асыру, сондай-ақ шетелдік техникалық және гуманитарлық көмекті тартуға ықпал етуге бағытталуға тиіс.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Аймақтың экономиканы мемлекеттік реттеуінің мәні неде?

2.Аймақтың экономиканы мемлекеттік реттеуінің қандай әдістерін Сіз білесіз?

3.Білім саласында аймақтық саясаттың мәні неде?

4.Денсаулық сақтау саласының маңызы қандай.

5. Халықты әлеуметтік қорғау мәселелерінің аймақтық саясатынің мәні неде?



Ұсынылатын әдебиет

1.Құрманбаев С.Қ., Гамарник Г.Н., Сыдықов Е.Б., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент, Семей, 2004, 214 б.

2.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Сұлтанов Ө.С., Нұрекенов Н.Ғ. Муниципалды менеджмент. Семей, 2006, 184б.

3.Құрманбаев С.Қ.,Сұлтанов Ө.С., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент бойынша практикум. С., 2003, 132 б.

4.Танкиева А.Қ. Жергілікті басқару және оның өзекті мәселелері. Алматы. 2007
Тақырып 15. Унитарлы және федеративті мемлекеттегі муниципалдық басқару

Франциядағы муниципалдық үкімет идеясы қоғамдастықты жергілікті істерді сондағылардың өздерінің қараулары бойынша шешу қажеттігінен туған. Жергілікті өзін өзі басқару идеясы ең алғаш рет 1790 жылы Турэнің Францияның Ұлттық жиналысында жасаған баяндамасында тұжырымдалды.

Франция басқа да құрлықтық елдер сияқты аумақтық басқару мен өзін өзі басқаруда бір реформа ғана жасап қойған жоқ. Айталық 1982 жылды алып қарасақ, елде аумақтық басқару үш деңгейде жүзеге асырылған: олардың екеуі: коммуна мен департамент аумақтық ұжымдар, ал үшіншісі небәрі «территориялық ашық мекеме», яғни статусы анықталмаған заңды құрылым ғана болған.

Француз мамандарының пікірінше децентрализациялаудың себептері: саяси және ұйымдастырушылық-техникалық жайлар болған.



Біріншіден, децентрализация мемлекеттің, қоғамның барлық өмір саласына үнемі ықпал жасауының өсе түскендігіне шектеу жасау мақсатында туған.

Екіншіден, қоғамдық деңгейде шешім қабылдарда көптеген жергілікті факторлар ескерілмеді, нақты жағдайлар мен азаматтардың мүдделеріне сай келмеді, ал жұртшылық мемлекеттік мекемелерге жүгінгеннен гөрі өздері сайлаған тұлғалармен жұмыс істеуді артық санады. Осы тұрғыдан алғанда децентрализация – демократияны дамытудың қажетті жолы болып табылады.

Үшіншіден, азаматтың өзін көрсете білу құқын, сондай-ақ азаматтардың бірлестіктерін ұжым ретінде тану қажеттігі туды. Децентрализация, И.Люшердің пікірі бойынша осындай қажеттіліктерді және жергілікті ерекшеліктерді ескеруді қамтамасыз етеді.

Ұйымдастырушылық-техникалық сипаттағы себептерден бөліп көрсетілетіндері: орталықтың оларға ештеңе істей алмайтындығы экстремалды жағдайларда шешім қабылдарда жауапкершіліктен жалтарып кететіндігі.

Ұлыбританияда жергілікті өзін өзі басқару корольдік үкіметтен жеке жеке қалалар мен аумақтардың бөлініп шыға бастаған кезінен басталған. Мысалы, Генрих 1-ші 1129 жылы құрған Лондон хартиясында былай деп жазған: «Азаматтар шағымдарын қараулары үшін сотты өз орталарынан сайлаулары керек». Бұдан әрі хартия «ешкімді де ешкім король болсын, басқа болсын басқа жерге жібере алмайды. Лондонның барлық тұрғындары жол жүру ақысынан, тауарларын өлшету ақысынан, басқа да Англияның барлық жерінен және теңіз порттарынан өту ақыларынан босатылады».

Қазіргі кезде британдық жергілікті өзін өзі басқару мынадай сипаттарға ие: жергілікті өзін өзі басқару органдарының заңды тұлғалық статустары бар; тиісті аумақтарда әкімшіліктік өкілеттіліктері бар; қаражат дербестігі сақталған, оның ішінде жергілікті салықтарды өздері белгілейді; жергілікті органдардың басшылары сайланып қойылады. 1985 жылдан бері жергілікті өзін өзі басқару заңдылығы жаңартылған және даму мен жетілдіруде еркін тенденциялары бар болып отыр.

Жапониядағы жергілікті өзін өзі басқару («дзити») нақты билік жүргізе алады, биліктің жергілікті органдары өз иеліктеріндегі меншіктерін өздері жұмсай алады, заңдылық шегінде өздері қаулы-қарарлар қабылдап алады. Жергілікті автономия туралы Заң үкіметтің жергілікті органдары өздері атқаратын функциялардың аясында заңды қаулылар алады және жергілікті өзін өзі басқаруды жүзеге асырады. Аталған заңмен қатар жергілікті өзін өзі басқарудың құқықтық негізін елеулі түрде жергілікті коммуналдық қызмет, жергілікті салықтар және басқалар туралы қаулылар құрайды.

Жапонияда жергілікті өзін өзі басқару органдарының құрылымы екі деңгейден тұрады:



  • префектуралық;

  • қалалық.

Жергілікті өкілетті органдар (жиналыс) жергілікті заңды жиналыстың функцияларын атқарады. Жиналыстың тиісті нормативтік-құқықтық актлері жалпы ұлттық заңдарға және үкіметтің қаулыларына сәйкес жарияланады.

Жапонияның аумағы 43 “кен” префектурасына, бір арнаулы қалалық “То” (Токио), екі “фу” префектурасына (Осака, Киото) және бір «до» префектурасына (Хоккайдо) бөлінген.

Муниципалдық деңгейдегі қалаға (“си”), поселкелерге, деревняларға жатқызылады. Муниципалдық деңгейдегі жергілікті өзін өзі басқарудың барлық бірліктері өздерінің көлемдеріне қарамастан бірдей құқықтық статусқа ие.

Жиналыстың компетенциясына енетін мәселелер жылына төрт реттен артық шақырылмайтын пленарлық сессияларда қаралады.

Германияда жергілікті өзін өзі басқару институттары басқарудың ерекшеліктері ескеріле отырып сөзсіз өзгеріп, жетілдіріліп отырды, оларды мамандар бөліп көрсетті, олар: полицейлік мемлекет жағдайындағы абсолютизм кезеңіне басқару; либералды “құқықтық мемлекет” кезінде басқару; “тұтыну қоғамы” кезінде басқару, “жоспарлы экономикалы мемлекет” кезінде басқару.

Бұдан басқа мемлекеттің федералдық құрылымы ФРГ-нің конституциясы мемлекеттік органдарға өзін өзі басқару аясына орайластырып жеке жеке жерлер берді; оларда жергілікті өзін өзі басқарудың формалары сан алуан болды, бұл ФРГ-нің коммуналдық моделіне елеулі әсер етті.



Өзін-өзі тексеру тест сұрақтары

1.Ұлыбританиядағы жергілікті өзін өзі басқару

2.Жапониядағы жергілікті өзін өзі басқару

Ұсынылатын әдебиеттер

1.Құрманбаев С.Қ., Гамарник Г.Н., Сыдықов Е.Б., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент, Семей, 2004, 214 б.

2.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Сұлтанов Ө.С., Нұрекенов Н.Ғ. Муниципалды менеджмент. Семей, 2006, 184б.

3.Құрманбаев С.Қ.,Сұлтанов Ө.С., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент бойынша практикум. С., 2003, 132 б.

4.Танкиева А.Қ. Жергілікті басқару және оның өзекті мәселелері. Алматы. 2007
3.Практикалық сабақтың құрылымы
«Муниципалды менеджмент» пәнінің практикалық сабақтарында дәрісте қаралатын сұрақтарды пысықтау, қосымша сұрақтарды талқылау қарастырылады. Практикалық сабақ он бес тақырыптан тұрады.Мұнда әрбір сабақтың мақсаты, оқу - әдістемелік нұсқаулары ұсынылған.

Практикалық сабақтың тақырыбы №1 Басқару мәні

Бұл тақырып бойынша сабақтың мақсаты ұсынылған. Студенттің дәріс сабағын терең игеруі үшін өзін өзі бақылау сұрақтары ұсынылған. Жоғарыда көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қосымша сұрақтарға дайындалғанда қолдануы қажет.

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №1

Сабақтың мақсаты: Ұйым басқару мәнінің себептері. Ұйымның анықтамасы. Басқару процессінің анықтамасы басқару қызметін жүзеге асыру ретінде. Басқару қызметтері: жоспарлау, жұмысты ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау, басқару шешімін қабылдау процесстері. Ұйым стратегиясын жасау. Басқару кадрларымен жұмыс істеумен танысу.

Сабақтан алған білімді тексеру сұрақтар №1

1.Басқару ғылымының анықтамасы, обьектісі мен әдістері

2.Басқару ғылымы мектептерінің қалыптасуы мен айырмашылқтары

Ұсынылатын әдебиеттер

1.Құрманбаев С.Қ., Гамарник Г.Н., Сыдықов Е.Б., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент, Семей, 2004, 214 б.

2.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Сұлтанов Ө.С., Нұрекенов Н.Ғ. Муниципалды менеджмент. Семей, 2006, 184б.

3.Құрманбаев С.Қ.,Сұлтанов Ө.С., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент бойынша практикум. С., 2003, 132 б.

4.Танкиева А.Қ. Жергілікті басқару және оның өзекті мәселелері. Алматы. 2007

Практикалық сабақтың тақырыбы №2 Муниципалды менеджмент ғылыми пән ретінде

Бұл тақырып бойынша сабақтың мақсаты ұсынылған. Студенттің дәріс сабағын терең игеруі үшін өзін өзі бақылау сұрақтары ұсынылған. Жоғарыда көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қосымша сұрақтарға дайындалғанда қолдануы қажет.

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №2

Сабақтың мақсаты: Пәннің мәні және міндеттері. Муниципалды құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуын болжағанда, қолданылатын әдістермен нормативтер.

Муниципалдық басқарудың аймақтық негізі. ҚР аймақтық басқарудың реформасымен студенттерді таныстыру.



Сабақтан алған білімді тексеру сұрақтары №2

1.Муниципалды менеджменттің кіріспесіне нені жатқызады?

2.Нормативтік әдісті сипаттаңыз.

3.Баланстық әдісті сипаттаңыз.

4.Экономикалық-математикалық әдісті сипаттаңыз.

5.Жүйелік талдау әдісіне сипаттама беріңіз.

6.Статистикалық әдісті сипаттаңыз

Ұсынылатын әдебиеттер

1.Құрманбаев С.Қ., Гамарник Г.Н., Сыдықов Е.Б., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент, Семей, 2004, 214 б.

2.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Сұлтанов Ө.С., Нұрекенов Н.Ғ. Муниципалды менеджмент. Семей, 2006, 184б.

3.Құрманбаев С.Қ.,Сұлтанов Ө.С., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент бойынша практикум. С., 2003, 132 б.

4.Танкиева А.Қ. Жергілікті басқару және оның өзекті мәселелері. Алматы. 2007



Практикалық сабақтың тақырыбы №3 Муниципалдық басқарудың даму тарихы

Бұл тақырып бойынша сабақтың мақсаты ұсынылған. Студенттің дәріс сабағын терең игеруі үшін өзін өзі бақылау сұрақтары ұсынылған. Жоғарыда көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қосымша сұрақтарға дайындалғанда қолдануы қажет.

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №3

Сабақтың мақсаты: Бұл тақырып бойынша студенттерге Орта ғасырдағы қалалық дәне ауылдық қоғамдастар. ХІХ ғасырдағы муниципалдық реформалар. Аймақтық басқарудың аймақтық негізі. Еркін қоғамдастық теориясы. Жергілікті басқарудың мемлекеттік теориясы туралы қарастырылады.

Сабақтан алған білімді тексеру сұрақтар №3


  1. ХІХ ғасырдағы муниципалдық реформалар.

  2. Аймақтық басқарудың аймақтық негізі.

  3. Еркін қоғамдастық теориясы.

Ұсынылатын әдебиеттер

1.Құрманбаев С.Қ., Гамарник Г.Н., Сыдықов Е.Б., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент, Семей, 2004, 214 б.

2.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Сұлтанов Ө.С., Нұрекенов Н.Ғ. Муниципалды менеджмент. Семей, 2006, 184б.

3.Құрманбаев С.Қ.,Сұлтанов Ө.С., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент бойынша практикум. С., 2003, 132 б.

4.Танкиева А.Қ. Жергілікті басқару және оның өзекті мәселелері. Алматы. 2007

Практикалық сабақтың тақырыбы4 Үкіметтің орындаушы органдарының жергілікті өкілеттіліктерінің өзара қарым қатынасы

Бұл тақырып бойынша сабақтың мақсаты ұсынылған. Студенттің дәріс сабағын терең игеруі үшін өзін өзі бақылау сұрақтары ұсынылған. Жоғарыда көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қосымша сұрақтарға дайындалғанда қолдануы қажет.

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №4

Сабақтың мақсаты: Студенттерге ҚР әкімшіліктік- аймақтық бөлінуі. ҚР орындаушы органдарының жергілікті өкілеттіліктерінің жүйесі. Маслихат- депутаттар жиналысы қала, облыс, ауыл тұрғындарын жергілікті өзін өзі басқарудың формасы. Маслихаттың өзара қарым қатынасы туралы түсініктемелер ұсынылады.

Студенттердің білімін бағалаудағы тексеру тапсырмалары №4


  1. Жергілікті өзін өзі басқарудың құқықтық негіздері

  2. Жергілікті өзін өзі басқаруды қолдаудың мемлекеттік шаралары

Коммуналдық басқарудың негізгі деңгейлері және олардың сипаттамасы

Ұсынылатын әдебиеттер

1.Құрманбаев С.Қ., Гамарник Г.Н., Сыдықов Е.Б., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент, Семей, 2004, 214 б.

2.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Сұлтанов Ө.С., Нұрекенов Н.Ғ. Муниципалды менеджмент. Семей, 2006, 184б.

3.Құрманбаев С.Қ.,Сұлтанов Ө.С., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент бойынша практикум. С., 2003, 132 б.

4.Танкиева А.Қ. Жергілікті басқару және оның өзекті мәселелері. Алматы. 2007
Практикалық сабақтың тақырыбы №5 Басқару және үкіметтің орындаушы және өкілеттілік органдары қызметтерінің ұйымдастырушылық негізі

Бұл тақырып бойынша сабақтың мақсаты ұсынылған. Студенттің дәріс сабағын терең игеруі үшін өзін өзі бақылау сұрақтары ұсынылған. Жоғарыда көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қосымша сұрақтарға дайындалғанда қолдануы қажет.

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №5

Сабақтың мақсаты: Бұл тақырыпта Маслихат қызметін жүзеге асыру формалары. Сессия қызметтің негізгі формасы ретінде. Маслихат сессиясы төрағасының міндеттері және сайлау шарты. Тұрақты және уақытша комиссия жұмысын ұйымдастыру. Әртүрлі сферадағы жергілікті органдардың өкілеттілігі туралы студенттерге түсініктеме беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет