Тақырып 5. Басқару және үкіметтің орындаушы және өкілеттілік органдары қызметтерінің ұйымдастырушылық негізі
Жергілікті өзін өзі басқару органдарының қаржылық саладағы өкілеттілігі
Әлемдік практика көрсеткендей, жергілікті өзін өзі басқару органдарының ең басты өкілеттілігі бюджетті толтыру мен оны басқару. Мемлекеттің бюджеттік - салық саясаты Европалық хартияда көрсетілген жергілікті өзін өзі басқарудың жалпы қағидаларына сүйенеді /9-бап/:
-
ұлттық экономикалық саясат аясында жергілікті өзін өзі басқару органдары жергілікті мөлшерде қаржылық қаражаттары болуына және өздерінің қызметтерін атқару барысында қаражаттарды еркін игеруіне құқығы бар;
-
жергілікті өзін өзі басқару органдарының Конституциямен берілген және заң жүзінде пайдалануға болатын қаржы қаражаттары болады;
-
жергілікті өзін өзі басқару органдары жергілікті салық пен адамдардан түскен қаражаттардың бір бөлігін өздеріне қалдырады;
-
жергілікті өзін өзі басқару органдарынын қаражатына негізделген қаржылық жүйелердің жұмысы мейлінші әртүрлі және оралымды болуы керек, өйткені жергілікті органдардың іс-қимылы барысында болатын болжанбаған шығындарға ілесу үшін;
-
жергілікті орындары қаражат көздерінің дұрыс бөлінбеген нәтижелерін түзету үшін, әрі қаржылық тене-теңдік процедураларын енгізу әлсіздерді қорғауға септігін тигізеді.
Жергілікті өзін өзі басқару органдары жергілікті бюджетті бекітеді және оны пайдалану барысына бақылау жасайды.
Салық салу мен жинаудың жалпы қағидалары ҚР Конституциясына сәйкес бекітіледі. ҚР салық кодексі енгізілген, онда жергілікті бюджетке түсетін кірістердің ең төменгі мөлшері көрсетілген /пайдаға салынатын салық, қосымша құнға салынатын салық және т.б./.
Муниципалдық меншіктің құрамына кіретін кәсіпорындардың алған пайдасына салынатын салық мөлшерін жергілікті өзін өзі басқару органдары дербес анықтайды. Мынадай салықтар: жарнамадан, автокөліктерді алып сатудан түскен т.б. жергіліктіге жатады.
Жергілікті өзін өзі басқарудың өкілеттілігі табиғатты қорғау заңдылығын бұзу мен айыпалу және тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғаудан түскен қаржыны бюджеттен тыс мақсатты қорларды құруға құқы бар.
Жергілікті өзін өзі басқару органдары муниципалдық займ мен лотереялар шығаруға құқығы бар.
Жергілікті өзін өзі басқару органдары банктерден қысқа мерзімге несие алуға және несие беруге құқығы бар.
Жергілікті бюджетке меншікті жекелендіруден түскен табыс, кейбір қызмет түрлерімен айналысуға рұқсат-лиценция беруден алынған ақша, табиғи ресурстарды пайдаланудан аударылған кірістер толықтай түседі.
Жергілікті өзін өзі басқару органдарының муниципалдық меншікті басқарудағы өкілеттілігі
Қазақстан Республикасының Конституциясы жергілікті өзін өзі басқару органдарына меншік иемдену құқығын толықтай берген: иеленуге, пайдалануға және бұл меншікті басқаруға кепілдік береді.
Жергілікті өзін өзі басқару органдары муниципалдық меншікке қатысты төмендегідей өкілеттіктері бар:
Муниципалдық меншіктің құрамына кіретін мүліккке байланысты меншік құқығына иелік жасайды /жергілікті бюджет қаржысы, бюджеттен тыс қорлар, жергілікті өзін өзі басқару органдарының мүлкі, жер және басқа табиғи ресурстар, кәсіпорындар және ұйымдар, тұрғын үй қоры, ешкім тұрмайтын ғимараттар, білім, денсаулық, мәдениет, спорт және т.б. мекемелер/.
-
Муниципалдық меншік объектілерін жекелей және заңды тұлғаларға уақытша және тұрақты пайдалануға береді, жалға өткізеді, осыған байланысты келісімдер жасаумен айналысады.
Келісімдерде жекешелендірілген не пайдалануға берілетін объектілердің беру жағдайын, шарттарын анықтайды: жергілікті өзін өзі басқару органдарының өкілетті қызметшілері муниципалдық меншікті жекешелендірудің тәртібі мен жағдайларын анықтай алады;
-
сыртқы экономикалық қызметпен айналысады.
Жергілікті өзін өзі басқару органдарының табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өкілеттілігі
Жергілікті өзін өзі басқару органдары жерді пайдалану жағдайын анықтайды және жерді пайдалануды бақылайды. Мұндай өкілеттілік ҚР Конституциясы және ҚР Жер кодексімен реттеледі.
Жергілікті өзін өзі басқару органдары жерді пайдалануға, жалға және меншікке беруге құқығы бар. Қазақстанда жерді пайдалану ақылы, сондықтан жер салығы алынады.
Жергілікті өзін өзі басқару органдары жерді есепке алу, бөліп беру жұмыстарын ұйымдастырады, жер бөліктерінің шекарасын белгілейді.
Жергілікті өзін өзі басқару органдары суландыру жұмыстарына қатысады. Суландыру жүйелері мен құрылыстарын иелігіне алып оларды жобалау және сараптау жұмыстарына қатысады.
Жер қойнауының байлықтары муниципалдық меншіктің иелігінде болуы мүмкін. Жергілікті басқару органдары өзінің аумағында пайдалы қазбалаларды іздеп, зерттеп және пайдаланып жатқандардан төлем алуына құқығы бар.
Су кодексіне сәйкес кішігірім су объектілері муниципалдық меншікке берілуі мүмкін.
Жергілікті басқару органдары су объектілірін пайдаланды реттеу, су объектілерінде суды пайдалану тәртібін орнатады /суға түсетін орындар, суды жіберетін, малды суғаратын және т.б./.
Жергілікті басқару органдары мемлекеттік органдармен органдармен бірлесе отырып қоршаған ортаны қорғау шараларын өткізеді.
Жергілікті өзін өзі басқару органдары қоршаған ортаны қорғаудың негізгі бағыттарын дайындайды. Осыған орай ауаға қалыпты және қалыптан тыс зиянды заттарды шығарудан алынған түсімдер мен, күл-қоқысты шығарудан түскен және экологиялық тәртіпті бұзудан түскен айыптардан жергілікті экологиялық қорлар құрылады.
Экологиялық қорлардың қаржысын пайдалану мақсатты:
-
сыртқы ортаны қорғау бағдарламаларын дайындау мен жүзеге асыру;
-
тазалайтын құрылыстарды салу;
-
экологиялық таза технологияларды енгізу.
Жергілікті өзін өзі басқару органдарының өндірістік инфрақұрылымды салу, сауда, тұрғын ұй- коммуналдық және халықты тұрмыстық қызметпен қамтудағы өкілеттілігі
Жергілікті өзін өзі басқару органдары жергілікті бюджеттің қаржысына жүргізілетін құрылыстардың жобасын дайындайды және бекітеді; тұрғын ұйлерді, әлеуметтік мәдени бағыттағы және коммуналды шаруашылық объектілерін жөндеу мен салуды ұйымдастыру, муниципалдық объектілердің құрылысын жүргізуге тапсырыс береді; өзінін жер аумағында өндірістік бағыттағы әр түрлі объектілерді салуға рұқсат береді.
Жергілікті өзін өзі басқару органдары жолды салу, муниципалдық мекемелер мен халықты көлікпен қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастырады. Олар жергілікті қоғамдық көлікпен жүрудің кестесі мен бағыттарын бекітеді.
Жергілікті өзін өзі басқару органдарының құзырына халықты және мекемелерді отынмен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, муниципалдық жарық, газ, жылу, су және тазалау жүйелерін ұстау мен дамыту кіреді.
Жергілікті өзін өзі басқару органдары ақпараттық қызметті ұстау мен ұйымдастыруға тиісті, яғни жергілікті өзін өзі басқаруға қатысты ақпарат әрбір адамға жетуі керек, ол кітапханаларда, архивтерде, мәліметтер банкісінде болуы керек.
Жергілікті өзін өзі басқару органдары әрбір Қазақстан азаматының Конституцияда көрсетілген баспанаға құқығын жүзеге асыру ісінде маңызды роль атқарады.
Муниципалдық жүргізу үшін органдар азаматтардың, ұйымдардың және кәсіпорындардың ерікті жарналарынан тұрғын үй құрылыстарын жүргізу қорларын құрып, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мәжбүр адамдарды тізімге алып, тұрғың үйлерді бөлу, сату есебін жүргізеді.
Жергілікті өзін өзі басқару органдары электр жарығына және газға тұрғын-коммуналдық тарифтер мен қызмет көрсету, тұтыну мөлшерін бекітеді, сонымен бірге муниципалдық меншіктегі кәсіпорындар үшін электр жарығы мен жылу энергияларының тарифын жекелей анықтауға құқысы бар.
Жергілікті өзін өзі басқару органдарының сауда, қоғамдық тамақтану мен тұрмыстық қызмет көрсету салаларындағы өкілеттілігі ҚР заңдарында көрсетіліген, мысалы, "Тұтынушылардың құқығын қорғау" заңы.
Жергілікті өзін өзі басқару органдары муниципалдық құрылым аумағындағы қоғамдық тамақтану және бөлшек сауда кәсіпорындарын тиімді орналастыруы керек. Олардың міндетіне осы салада нарықтық құрылымдардың, бәсекелестіктің дамуына және монополияны еңсеру кіреді.
Жергілікті өзін өзі басқару органдары бәсекелестікті шектеуге не болдырмауға бағытталған әрекеттерге бармауы керек.
Жергілікті өзін өзі басқару органдарының өкілеттілігіне жерлейтін орындарды ұстау және қызмет көрсету кіреді.
Жергілікті өзін өзі басқару органдарының әлеуметтік-мәдени облыстағы өкілеттілігі Қазақстан Республикасының Конституциясымен айқындалады, сол сияқты "ҚР азаматтарды медициналық қамсыздандыру" заңымен және т.б.
Жергілікті өзін өзі басқару органдарының өкілеттілігі жергілікті білімді басқару саласындағы
Органдарын құрып, оның құрылымын және өкілеттілігін анықтайды және білім беретін мекемелердің құрылтайшысы болады. Жергілікті өзін өзі басқару органдары білім мекемелерінің материалдық-қаржылық мәселелерін шешеді және жергілікті бюджетте білімге шығындар мен білімді дамыту қорларын құрайды. Оларға білім беру саласын қаржыландырудың жергілікті мөлшерін және білім мекемелерінің қызметін бақылау өкілеттілігі берілген. Олар стипендиямен, жатақхана мен интернаттардағы орындармен қамтамасыз ету, жеңілдікпен не тегін көлікпен жүру және тамақтану, материалдық көмек және т. б. сұрақтарды шеше алады.
Жергілікті өзін өзі басқару органдарының мәдениет саласындағы өкілеттілігі
Муниципалдық құрылымдар мәдениет пен өнер мекемелерінің қызметіне, тарих пен мәдениет ескерткіштерін сақтауға жағдай жасап, бұқаралық ақпарат құралдары мен ойын-сауық шараларын қамтамасыз ету.
Жергілікті өзін өзі басқару органдары мәдениет саласын басқаратын органдарын құрайды, бюджеттегі шығындарды ескереді, мәдениет үйлері мен ғимараттары құрылысын жүргізеді, халыққа бағалы мәдениет байлықтарын көрсетуге жағдай жасайды.
Жергілікті өзін өзі басқару органдарының денсаулықты қорғау саласындағы өкілеттілігі
Денсаулық мекемелерін ұстау мен дамыту, азаматтардың санитарлық қажеттілігін қамтамасыз ету, физкультура мен спортты дамыту, сыртқы ортаны қорғауға қатысу. Муниципалдық құрылымдардагы басқару органы шығындар мен халықтың денсаулығын сақтау үшін арнаулы қорлар құрады, міндетті медициналық қамсыздандыруды қамтамасыз етеді.
Жергілікті өзін өзі басқару халықтың санитарлық-тазалық сауатталығына да жауапты, халықты қоршаған қауыпты аурулардың пайда болуынан сақтандырады, медицина мекемелері мен халықтың денсаулығын сақтау саласының қызметін бақылайды, медициналық көмек көрсету стандартын орындауды, дәрілерімен қамтамасыз етуді бақылайды.
Жергілікті өзін өзі басқару органдарының әлеуметтік қорғау саласындағы өкілеттілігі
Олар зейнетақы мен жәрдемақы төлеу, оларды есептеу, зейнетақы мен жәрдемақы қосымшаларды төлеуге байланысты заңдылықты жүзеге асырады.
Жергілікті билік органдары әлеуметтік қызмет көрсететің мекемелердің көбейюіне ықпал етеді. Оған жататындар: әлеуметтік қызмет көрсететін орталықтар, жастары кәмелетке толмағандарды реабилитациялау орталықтары, жетім балаларға, мүгедектерге көмек көрсету орталықтары.
Жергілікті өзін өзі басқару органдары әлеуметтік қызмет көрсететін органдар және оларға көмек көрсететін әрі қолдайтын басқару органдарын құра алады. Оларды қаржыландыру жұмысы жергілікті бюджет және республикалық бюджет тарапынан іске асады.
Жергілікті өзін өзі басқарудың өкілеттілігі әсіресе халықты еңбек пен қамту саласында маңызды. Мысалы, жаппай қысқарту жағдайында еңбеккерлерді 6-ай мерзімге дейін жұмыстан шығармауға шамасы келеді. Сонымен бірге жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы төлеу тәртібі мен жағдайларын қабылдай алады.
Жергілікті өзін өзі басқару органдарының қоғамдық тәртіпті сақтаудағы өкілеттілігі
Қазақстан Республикасының Конституцияда қоғамдық тәртіпті сақтау муниципалдық құрылымдардың қарауына берілген. Жергілікті өзін өзі басқару органдарының осы саладағы өкілеттілігі төмендегідей заң актіларімен реттеледі: "ҚР Қылмыстың кодексі", "Милиция туралы", "Прокуратура туралы", «Тұтынушылар құқығын қорғау туралың, "Жол журу қауіпсіздігі туралы" және т.б. Сондай ақ өкілеттілігінде қоғамдық тәртіпті сақтау, әкімшілік және бақылайтын комиссиялар, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия және т.б. құру көзделген.
Жергілікті өзін өзі басқару органдары сот орындарына, прокуратураға қажетті ақпарат пен материалдарды қажет етсе беруге ықпал жасайды.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1. Жергілікті өзін өзі басқару органдарының әлеуметтік-мәдени облыстағы өкілеттілігі
2. Жергілікті өзін өзі басқару органдарының өкілеттілігі жергілікті білімді басқару саласындағы
3. Жергілікті өзін өзі басқару органдарының қоғамдық тәртіпті сақтаудағы өкілеттілігі
4. Жергілікті өзін өзі басқару органдарының мәдениет саласындағы өкілеттілігі
5. Жергілікті өзін өзі басқару органдарының денсаулықты қорғау саласындағы өкілеттіліг Ұсынылатын әдебиет
1.Құрманбаев С.Қ., Гамарник Г.Н., Сыдықов Е.Б., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент, Семей, 2004, 214 б.
2.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Сұлтанов Ө.С., Нұрекенов Н.Ғ. Муниципалды менеджмент. Семей, 2006, 184б.
3.Құрманбаев С.Қ.,Сұлтанов Ө.С., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент бойынша практикум. С., 2003, 132 б.
4.Танкиева А.Қ. Жергілікті басқару және оның өзекті мәселелері. Алматы. 2007
Тақырып 6. Жергілікті басқару органы жұмысындағы жоспарлау
Ірі экономикалық, әлеуметтік және демографиялық міндеттерді шешу жоспарлы және жобалы жұмыстарды әзірлеу кезінде кеменді көзқарасты талап етеді. Бүгінгі таңда тәжірибеге әкімшілік-аймақтық бірліктердің экономикалық және әлеуметтік дамуының кеменді жоспарларын жасау тәжірибеге еніп келеді.
Кеменді жоспарлаудың маңызды мақсаты - жергілікті өкімет органдары мен олардың аумағында орналасқан кәсіпорындардың күш-жігеріп әлеуметтік инфрақұрылымда дамытуды көздеген бағдарлама дайындау.
Осындай кеменді жоспарды жүзеге асыру елеулі қаржы ресурстарын талап етеді.
Бюджеттік жүйе, ведомство мен кәсіпорындардың ақшалай қаражаттарын реттеп, шоғырлау қажет. Ал бұл, өз кезегінде, аймақтық жиынтық қаржы балансын әзірлеуді талап етеді.
Қаржы жоспарларының алуан түрлерін біріктіру қажет:
-
шаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдары;
-
аумақтық бюджеттің;
-
тұрғын салықтың ақшалай, кірістері мен шығыстары.
Аталғандар осы аумақта құрылған және осында пайдаланатын ұлттық табысты бөлу және қайта бөлудің жеке тұстары мен казеңдерін көрсетеді; бұл әкімшілік-аумақтық бірліктің барлық қаржы ресурстарының жинақталуы мен пайдалануын толық суреттейді.
Аумақтық жиынтық қаржы балансының негізгі міндеті - аймақта жинақталған осында түскен және жұмсалған қаржы ресурстарының көлемін анықтау /орталықтандырылған және аумақтық бюджеттер қайта бөліп берген, сондай-ақ , кәсіпорындар мен ұйымдар ресурстары/.
Қаржы ресурстарын жоспарлау - аумақтық қаржы ресурстарын жұмылдыру мен деңгейдің аумақтық даму талаптарына сәйкестігінің дәрежесін анықтау.
Бюджеттің кіріс бөлігіне аумақта жинақталған, алайда жоғарғы бюджетке, ведомстволық қорларға және басқа арналарға жіберілген қаржы кіреді. Біріншіден, ол табыс салығы, қосымша құнға салынған салық пен жеке тұлғаларға салынған жоғарғы бюджеттерге жіберілетін салықтарының бөлігі, кәсіпорындардың ведомстволардың қорына төлейтін жарнамалары.
Аймақтың жиынтық қаржы жоспары оперативтік қаржы төлемі болмайды және қаржы несие жүйесінің оперативтік жоспарын алмастыра алмайды /бюджеттерді, кәсіпорындандыруың қаржы ресурстары және т.б./. Оның көмегімен қаржы-несие жүйесінік барлық түйіндері үймстіріледі, барлық оперативтік жоспарларының жалпы шектері мен құрылым анықталады.
Аумақтық қаржы жоспарын әзірлеуге қажет ақпарат:
-
аумақтық, экономикалық, қаржы, статистика органдарының деректері;
-
аумақтық өкімет органдары қызмет етуші бөлімшелерінің деректері;
-
аумақтық даму туралы экономикалық деректер /негізгі көрсеткіштер бойынша/;
-
аумақтық экономикалық және әлеуметтік дамуы жоспарлары жобаларының көрсеткіштері;
-
аумақта орналасқан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың, ведомстволық бағынуына қарамастан, кірістер мен шығыстар баланстарының мәліметі.
Аумақтық жиынтық қаржы балансы көрсеткіштерінің нысаны мен құрамы 6.3. кестеде көрсетілген.
Өзін өзі бақылайтын сұрақтар
-
Семей қаласының табиғи жағдайларын қысқаша мазмұндаңыздар.
-
Семей қаласының қандай муниципалды округтерін білесіңдер?
-
Семей қаласының муниципалды округтерінде экологиялық жағдай қандай факторлар бойынша бағаланады?
Ұсынылатын әдебиет
1.Құрманбаев С.Қ., Гамарник Г.Н., Сыдықов Е.Б., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент, Семей, 2004, 214 б.
2.Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Сұлтанов Ө.С., Нұрекенов Н.Ғ. Муниципалды менеджмент. Семей, 2006, 184б.
3.Құрманбаев С.Қ.,Сұлтанов Ө.С., Тойкин С.Қ. және т.б. Муниципалды менеджмент бойынша практикум. С., 2003, 132 б.
4.Танкиева А.Қ. Жергілікті басқару және оның өзекті мәселелері. Алматы. 2007
Модуль 3 Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржы-экономикалық негіздері
Тақырып 7. Басқарудың жергілікті орган қызметінің материалдық-қаржылық негізі.
Муниципалдық өкілдікті органдарға өз міндеттерін атқару үшін белгілі бір мүліктік және қаржы бюджеттік құқықтар беріледі.
Тәжиребі көрсеткендей осы құқықтарды ресурспен муниципалдық қаржы қамтамасыз етеді. Оған жергілікті бюджеттер (ҚР - облыс, аймақ, қала, ауыл, село бюджеттері) және аймақтың мұқтажын қанағаттандыру үшін пайдаланылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы кіреді. Муниципалдық қаржы тұрғын халыққа әлеуметтік-мәдени және коммуналдық-тұрмыс қажетін өтеу қызметтімен байланысты шараларды қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Сөйтіп, муниципалдық қаржы ол муниципалдық құрылымдардың экономикалық және әлеуметтік дамуына жұмсалатын ақшалай қаражат қорын, ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуді жүзеге асыруға ықпал ететін экономикалық қатынастар.
Муниципалдық қаржы арқылы мемлекет әлеуметтік саясатты жүзеге асырады. Жергілікті өкімет органдарына бюджет қаржысын беру арқылы білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын халыққа коммуналдық қызмет көрсету, құрылыс жүргізу мен және жолдарды қалпында сақтау істерін қаржыландырады.
Муниципалдық қаржының көмегімен мемлекет тарихи, географиялық, әскери және басқа жағдай нәтижесінде экономиклық және әлеуметтік дамуы бойынша Қазақстанның басқа аймақтарынан артта қалған аймақтардың экономикалық және әлеуметтік даму денгейлерін теңестіре алар еді. Осындай артта қалушылықты жеңіп шығу үшін аймақтық бағдарламалар әзірленуге тиіс. Оларды жүзеге асыруға қажет қаржы тиісті әкімшілік-аймақтық бөліністердің бюджет кірістері көздерінен, сондай-ақ жоғары бюджеттер салығынан жинақталады. Муниципалдық бюджеттерге аймақтық салықтардан қаржы аударылады, сондай-ақ субвенциялар бөлінеді, яғни денсаулықты сақтау, жол құрылысы, коммуналдық объектілердің және дамуының т.б. жоғары құрылымдар бюджетінен бөлінетін қаржы ресурстары.
Муниципалдық қаржы ресурстарының көздері
Муниципалдық қаржыны пайдаланудың басты бағыты әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымның қаржысымен қамтамасыз етілуі болып табылады. Муниципалдық қаржыландырудың көзі - бюджет қаржылары мен шаруашылық жүргізу субъектілерінің қаржысы (кәсіпорын, ұйымдар) болып саналады. Муниципалды қаржылардың құрамдас бөлігі - жергілікті бюджеттер. Бүгінгі таңда жергілікті аймақтарында өндірістін және өндірістін емес салалардың кешенді дамуын бұрын соңды болмаған дәрежеде қамтамасыз етуге міндетті. Олардың аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы үйлестіруші рөлі де артады. Бұл жергілікті органдардың қаржы базасын одан әрі кеңейту және нығайту, муниципалдық құрылымдардың қаржы ресурстарын қалыптастыру және пайдалану тәсілдерін жетілдіру мен тығыз байланысты аса маңызды проблемаларды шешудің қасиетін туғызады.
Муниципалдық қаржы түйінінің бірі - шаруашылық жүргізетін субъектілердің қаржысы болып табылады. Оған:
-біріншіден, муниципалдық меншікке кіретін кәсіпорындардың қаржы ресурстары жатады. Көбінесе ол коммуналдық кәсіпорындар,
-екіншіден, ол кәсіпорын, фирма, ұйымдардың әлеуметтік-мәдени және тұрғын үй-коммуналдық объектілері қаржыландыруға пайдаланылатын қаржы ресурстары.
Шаруашылық жүргізетін субъектілер өз қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыда қолдау мақсатымен үй, пәтер, мектепке дейінгі балалар мекемесін, әдістемелік мекемелерді және демалыс объектілерін сатып алады немесе салғызады. Тіпті муниципалдық қаржысынаң жалпы көлемінде кәсіпорындардың едәуір қаржысы әлеуметтік дамуға жұмсалады.
Муниципалдық қаржысының зандық негізі
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында жергілікті органдарға өзіне қарасты аймақта шаруашылық және мәдени құрылысты басқару саласында үлкен құқық берілген. Олар құрылысты, коммуналдық шаруашылықты, білім беру, денсаулық сақтау ісін басқарады; ауыл, қаланы өркендету шараларын жүзеге асырады; жол құңысы саласындағы жұмысты ұйымдастырады.
Муниципалдық өкілдікті және атқару органдарының өз аймақтарындағы экономикалық және рухани даму саласындағы шешімін күткен міндеттерді орындаудағы рөлін одан әрі арттыру қажет. Осының бәрі олардың құқықтарын кеңейтіп, материалдық техникалық базасын нығайтуды талап етеді. ҚР 1992 жылдың 13 қантарындағы «Жергілікті өзін-өзі басқару туралың Заңында осы мәселердің бәрі тілге тиек етілген. Осы Заңда жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық негізгі көрсетілген. Оған аймақтың табиғи ресурстары, коммуналдық меншік, сондай ақ жергілікті бюджетке кіріс кіргізу көзді болып табылатын меншіктің басқа түрлері кіреді.
Жергілікті өкімет органдары және аймағында орналасқан кәсіпорындардың өзара реттеледі. Ол қарым-қатынастар келісіл негізінде жүзеге асады. Барлық кәсіпорындар жергілікті бюджтті толықтыру ісіне өз кірісінің бөлігін беру арқылы қатысуға міндетті. Жергілікті өкімет органдарына өзінен жоғары органдармен келіспей ақ, кәсіпорын құру, аймақ қансеттілгін қанағаттандыру мақсатымен олардың бағытын өзгертуге, аймақтың жергілікті шаруашылықты басқарудың және аймақ аралық, салалық және сала аралық органдарын құнуға құқылы.
Заңға сәйкес, жергілікті өкімет органдары өздеріне берілген өкілеттін шамасында аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуынан, жоспарларын өздері әзірлейді.
Жергілікті өкімет органдарының жаңа құқықтарында валюталық өзін-өзі ақтау принципі негізінде сыртқы-экономикалық қарым-қатынас жасауға жол ашты. Жергілікті өкімет органдары өз аймағында орналасқан кәсіпорындардың осындай байланыстарынын кеңеуіне, экспорттық базаны сыртқы рынокта бәсекеге түсуге қабілеті бар өнім, өндіру жұмыс, қызмет көрсету жөніндегі шараларды жүзеге асырады.
Тиісті аймақта құрылып пайдаланылатын қаржы ресурстарының жалпы көлемін анықтау үшін жергілікті өкімет органдары аймақтық жиынтық қаржы балансын жасайды. Ал мемлекеттік және қоғамдық орган кәсіпорын мекеме мен ұйымдар жергілікті өкімет органдарына осы балансты әзірлеуге қажет мәлімет береді.
Тұрғын халықты әлеуметтік тұрғыдан қорғау мақсатымен өкімет органдарына ағымдағы шығындар бөлігінде жергілікті бюджеттің ең төмен мөлшерін ұстау құқығы беріледі. Ол жергілікті бюджеттің былтырғы шығындары деңгейіп сақтай отырып, жоғарғы органдар шешімдерінен туындайтын шығындарды ескере отырып жасалады.
Жергілікті өкімет органдары қаржы ресурстарының бюджеттік тыс қорын, валюталық қорын құрып, пайдалануға, жергілікті өкімет органдары мен кәсіпорындарды қаржысын жалпы аймақтың шараларды қаржыландыру үшін біріктіруге құқылы.
Оларға мынадай құқық беріледі:
-
жергілікті бюджет қаржысысын пайдаланудың бағытын дербес белгілеу;
-
қаражаттың мөлшеріне қаран тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, құқық қорғау органдарына жұмсалатын шығындардың бекітілген нормаларын арттыруға;
-
тұрған халықтың кейбір санаттарына көмек көрсету үшін қосымша жеңілдіктер мен жәрдемақы белгілеуге;
-
резерв қор ашуға.
Жергілікті өкімет органдарына қаржы-бюджет қатынастыры бойынша белгілі құқықтар берілген. Ережелерді біріктірілген, ең төмен мөлшердегі бюджет, ең төмен әлеуметтік және қаржы нормалары, қаржысына орташа қамтамасыз етілу, бюджет дербестігі және қаржы қатынастарын реттеу принциптері.
Жергілікті өкімет органдары үшін:
Бекітілген кірістердің деңгейлері, олар минималды бюджеттік кіріс бөлімінің 70% кемінде құрауға тиіс; дотациялар мен субвенцияларды беру және пайдалану тәртібі; ретегіш налогтардан аударалатын нормативтерінін бекіту және белгілеу принциптері; бюджеттің әртүрлі түлеріне кірісті бөлу. Жергілікті өкімет органдары өз бюджеттерінің шығынын қалыптастыруға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |