ISSN 1563-0358 KazNU Bulletin. Economy series. №2 (108). 2015
59
Алтаев Б.Ш., Тайтаразова М.Б.
болуы мүмкін.
Бұл салымның деңгейі жоғары
екенін білдіреді, себебі аталған жағдайда айны-
малы шығындар сату бағасының кез келген
деңгейінде, сатудан түскен
табыстың азырақ
бөлігін құрайды (зиянсыздық графигін пайда-
ланумен байланысты
барлық шарттарды естен
шығармау керек, мысалы, тұрақты шығындар
белгілі бір диапазонда ғана тұрақты болады, ал
сатудан түскен табыс пен айнымалы шығындар
өнім көлемінің
деңгейіне байланысты өзгере-
ді). Компания осы қаржылық стратегияны таң-
даса, жоғарғы пайда алады, егер өнім шығары-
лымының деңгейі зиянсыздық нүктесінен жо-
ғары болса жəне керісінше,
егер шығарылым
деңгейі төмендесе, үлкен зиян шегеді. Басқаша
айтқанда, өндіріс көлемінің сəл өзгерісіне бай-
ланысты, компанияның табыстары қатты өзге-
ретін болады. Бұл жоғары тəуекелділік страте-
гиясы [3].
Келесі стратегия
компанияның тұрақты
шығындарының төмен деңгейіне негізделеді.
Бұл жағдай төмендегі 2-суретте көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: