Белок биосинтезінің негізгі сатылары: транскрипция және трансляция. Генетикалық код, оның қасиеттері. Белок биосинтезі



бет2/6
Дата20.02.2024
өлшемі1.79 Mb.
#492539
1   2   3   4   5   6
Трансляцияның жалпы кезеңдерінің сызбанұсқасы

Трансляция кезеңдері.

  • Трансляцияның І-ші кезеңі: амин қышқылдарының активтелуі.
  • Бұл кезеңге қажетті заттар:
  • 20 амин қышқылы, АТФ, Мg2+, 20 тРНҚ, 20 аминоацил -тРНҚ - синтетаза ферменті.

  • Бұл кезең жиырмадан астам аминоацил - тРНҚ-синтетаза ферментінің қатысуымен өтеді. Бұлар айрықша талғамдылық көрсететін ферменттер, атап айтқанда осы ферменттің көмегімен амин қышқылы өзіне тән тРНҚ таныса, тРНҚ өзіне тән амин қышқылдарын таба алады. Сондықтан бұл ферментті "адаптор" деп те атайды. Аминоацил-тРНҚ-синтетаза ферменттерінің осындай айрықша қасиет көрсетуіне тРНҚ-ның құрылысының өзгешілігі жағдай жасайды.

тРНҚ-ның құрылысы үйеңкі жапырағына ұқсас келеді. Міне осындай құрылысы бар І20-ға жуық т-РНҚ белгілі. Сонымен қатар аминоацил-т-РНҚ-синтетаза ферментінің бір ерекшелігі, олар өздері жіберіп алған қателігін кезінде жөндеп отырады.

  • тРНҚ-ның құрылысы үйеңкі жапырағына ұқсас келеді. Міне осындай құрылысы бар І20-ға жуық т-РНҚ белгілі. Сонымен қатар аминоацил-т-РНҚ-синтетаза ферментінің бір ерекшелігі, олар өздері жіберіп алған қателігін кезінде жөндеп отырады.

Трансляцияның 2-ші кезеңі - полипептидтік тізбектің инициациясы.

  • Трансляцияның 2-ші кезеңі - полипептидтік тізбектің инициациясы.
  • Бұл кезеңге қажетті компоненттер:
  • и-РНҚ; белок синтезін бастаушы кодон /АУГ/.

  • Бұл кодон барлық жағдайда метионинге немесе формилметионинге тән болады; N -формилметиониннің т-РНҚ-сы; үлкен және кіші суббірліктер; ГТФ; Мg2+-иондары; белок синтезін бастаушы белоктық факторлар, оларды Ғ1, Ғ2, Ғ3 деп белгілейді.
  • Полипептидтің, амин қышқылдың құрамы туралы информациясы бар и-РНҚ рибосоманың кіші суббірлігімен қосылады. Сонан соң бұл и-РНҚ + кіші суббірлік комплексі белок синтезін бастаушы амин қышқылы метионинді тіркеген т-РНҚ мен қосылады. Енді бұл түзілген комплекс рибосоманың үлкен суббірлігімен қосылып, активті, белок синтезін жүргізуге дайын рибосоманы құрайды.
  • Осы активті рибосоманың түзілуіне Ғ1, Ғ2, Ғ3 белоктық факторлар да өз үлесін қосады. Рибосоманың кіші суббірлігі 21 белоктан және 1600 нуклеотид тізбегінен тұратын бір р-РНҚ-нан тұрса, үлкен суббірлік 34 белоктан және 3200 және 120 нуклеотидтік тізбектерден тұратын екі р-РНҚ-дан тұрады. Осы жоғарыда түзілген комплекстердің нәтижесінде үлкен суббірлікте екі центр пайда болады. Оларды: пептидилді, амино-ацилді центрлер деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет