Адам ағзасында белоктар үлесіне дене салмағының ¼ бөлігі келеді. Қазіргі кезде адам ағзасында 100000 астам белоктар болатыны белгілі, олардың атқаратын биологиялық қызметтері алуан түрлі: - Адам ағзасында белоктар үлесіне дене салмағының ¼ бөлігі келеді. Қазіргі кезде адам ағзасында 100000 астам белоктар болатыны белгілі, олардың атқаратын биологиялық қызметтері алуан түрлі:
- 1. Катализаторлық, ферментативтік қызмет атқарады. Ферменттер химиялық құрамы жағынан – белоктар. Олар ағзадағы əртүрлі химиялық реакциялардың, процестердің жүру қарқынын реттейді.
- 2. Тасымалдаушы қызмет атқарады. Айталық қан құрамындағы гемоглобин деген белок оттегін өзіне байланыстырып, əртүрлі мүшелердегі ұлпалар мен жасушаларға тасымалдаса, екінші бір қандағы альбумин деген белок май қышқылдарын тасымалдайды.
- 3. Ағзаның қозғалуын қамтамасыз ететін белоктар, оларға бұлшық еттегі актин мен миозин белоктарын жəне жасуша мембранасындағы тасымалдаушы белоктарды т.б. жатқызуға болады
- 4. Қорғаныштық қызметі, ондай белоктар ағзаның иммундық қасиеттерін жүзеге асырады, қанның ұюы қан сары суының құрамындағы фибриноген белогінің фибринге айналуына байланысты. Бұл да белоктың қорғаныштық қасиетін көрсетеді.
- 5. Көптеген белоктар биологиялық активті заттар. Солардың ішінде гормондар, токсиндер т.б.
- 6. Белоктар құрылымдық қызмет атқарады. Олар кез келген жасуша мембранасының құрамында, цитоплазмасының негізі бола отырып, құрылымдық элементтерін түзеді. Жоғарғы сатыдағы жануарлардағы талшықты коллаген, ретикулин деген 17 белоктар жасушааралық матриксте болады, ал α - кератин белогі шаш, тырнақ, жүн, қауырсындардың негізін құрайды. Белоктар жасушадағы липидтермен байланыса отырып, жасушалардың, жасуша ішіндегі органеллалардың мембранасын құрайды.
- 7. Қор ретінде жиналатын белоктар: сүт құрамында - казеин, жұмыртқа белогі – альбумин, өсімдік дəніндегі көптеген əртүрлі қор белоктары т.б.
- 8. Белоктардың рецепторлық қызметі. Көптеген белоктар, əсіресе, гликопротеидтер, таңдамалы түрде белгілі бір заттармен байланысады. Жүйке импульсін жасушаларға жеткізу қызметін атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |