Белоктардыњ ќ±рылысы жєне ќызметі


Пептидтердің биологиялық ролі



бет7/19
Дата12.10.2023
өлшемі3.96 Mb.
#480570
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
L1БелокKZ

Пептидтердің биологиялық ролі.

  1. Адамның көптеген маңызды гормондары пептид, мысалы, глюкагон, окситоцин, вазопрессин.

  2. Асқорыту үдерісін реттеуші пептидтер, мысалы, гастрин, холецистокинин.

  3. Тамырлар тонусы мен артериялық қысымды реттеуші пептидтер, мысалы, ангиотензин ІІ, брадикинин.

  4. Тәбетті реттеуші пептидтер, мысалы, лептин, β-эндорфиндер.

  5. Ауырсынуды басу әсеріне қабілетті пептидтер, мысалы, опиодтық пептидтер (энкефалиндер, эндорфиндер).

  6. Жоғары жүйке әрекетін реттеуге, ұйқы, есте сақтау, оқып үйрену және т.б. биохимиялық үдерістеріне қатысатын пептидтер.

  7. Трипептид глутатион жасушаларды бос радикалдардың тотықтыру үдерістерінен сақтайды.





Глутатион - трипептиді



Биомедициналық маңызы. Пептидтерді дәрілік препараттар ретінде қолданылады, мысалы, кейбір антибиотиктер мен қатерлі ісікке қарсы препараттар пептидтер болып табылады.
Эндогендік протеиндердің ыдырауы процесінде орташа молекулалы пептидтер (ОМП) түзіледі. ОМП-ның негізгі бөлігі молекулалық массасы 300-5000 Да болатын полипептидтерден тұрады. ОМП-лар әртүрлі биологиялық активтілік көрсетуге қабілетті. Физиологиялық жағдайда, орташа молекулалы пептидтердің 95%-ы негізінен гломерулярлы сүзілдіру жолы арқылы шығарылады.
Бүйректің экскреттік қызметінің жетіспеушілігі және толық өтпеген гидролиз қан плазмасында ОМП концентрациясының жоғарылауына әкеледі. Науқастың қансырауындағы орташа молекулалардың концентрациясы қалыпты жағдайда 8-10 есе артық болуы мүмкін.
ОМП-ның жиналып қалуы микроайналымның бұзылуына, сонымен бірге, натрий және калий иондарының мембрана арқылы тасымалдануының бұзылуына, ағзаның иммундық жауабының бұзылуына, кейбір ферменттердің активтілігінің басылуына әкеледі. Клиникалық практикада ОМП уланушылықтың (интоксикацияның) критерийі ретінде анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет