Белоктардыњ ќ±рылысы жєне ќызметі


ІІІ. Протеиндер құрылымының ұйымдасуы және қасиеттері



бет8/19
Дата12.10.2023
өлшемі3.96 Mb.
#480570
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
L1БелокKZ

ІІІ. Протеиндер құрылымының ұйымдасуы және қасиеттері
Бір-бірімен пептидтік байланыспен қосылған АҚ қалдықтарының кезектескен реті протеин молекуласы құрылымдық ұйымдасуының бірінші реттік құрылымы деп аталады. Ол әрбір протеиннің өзіндік құрылымдық ұйымы өзінің арнайы гені бойынша кодталған.
М олекула бойында қайта қайталанатын -NH-CH(R)-CO- тобының тізбегі пептидтік негіз деп аталады. Полипептидтік тізбек қаншалықты ұзындықта болғанына қарамастан, қашан да оның негізінде барлық протеиндер де абсолютті бірдей болатын молекулалық білік болады. АҚ қалдықтың бос альфа-аминотобы -N-соңы, ал альфа-карбоксилді тобы -С-соңы деп аталады. Протеиндік тұлға осы альфа-топтардың өзара әсерлесуінен ұзын білік тәріздес қалыптасады. Бұл білікте АҚ-дың радикалдары бүйірлік «бұтақтар» тәріздес орнығады. Бұл радикалдардың саны, мөлшерінің қатынасы, кезектесіп келуі реті бойынша бір протеин келесі протеиннен айырмашылықта болады. Бірінші реттік құрылымның конфигурациясы аминоқышқылдардан құралған ұзын жіп тәріздес тізбек.
Екінші реттік құрылым – бұл полипептид молекуласы тізбегінің кеңістікте ықшамдалып ұйымдасқандағы конформациясы болып табылады, ол тізбектегі әртүрлі аминоқышқылдардағы -С=О және –N-Н арасында сутектік байланыстар түзілуі арқылы қалыптасады. Екінші реттік құрылым ықшамдалуында 3 негізгі кофигурация кездеседі:
1. Альфа-спираль – әртүрлі формалар бойынша: – спиральдердің екі оралымы арасындағы белгілі бір қашықтық, спиральдер көлемінің белгілі бір кеңдігі бойынша ерекшеленіп сипатталады. Протеиндерге оң бағытта оратылған спираль тән. Бұл спиральдерде 10 оралымға 36 АҚ қалдығынан келеді. Мұндай спиральдерге жинақталған барлық пептидтерде ол абсолютті бірдей болады. Альфа-спираль бір орамдағы АҚ-ның - N-Н тобы мен екінші орамдағы басқа АҚ-дағы - С=О топтары арасындағы сутектік байланыс арқылы бекиді. Бұл сутектік байланыстар спираль осьінің бойына паралельді орналасқан және көп рет қайталанады. Сондықтан, спираль тәрізді құрылым мықты ұсталынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет