Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының
2014 жылғы « 26» желтоқсандағы
№ 302
бұйрығымен бекітілген
Бериллий, оның қоспалары және олардан бұйымдар өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бериллий, оның қоспалары және олардан бұйымдар өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленген және бериллий, оның қосындыларын және олардан бұйымдар өндіру (бұдан әрі – бериллий өндірісі) кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
2. Барлық бериллий өндірістерінде ғимараттар мен құрылыстарға, резервуарларға, технологиялық жабдықтарға, сақтандырғыш құрылғыларына, бақылау, басқару жүйелерінің аспаптарына, желдету және газдарды тазарту жабдықтарына паспорттар, формулярлар және (немесе) пайдалану құжаттары болуы тиіс.
3. Бериллий өндірістерінде мынадай құжаттар әзірлеу және жүргізу қажет:
1) қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, қалпына келтіруге, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасы (бұдан әрі –жоба);
2) жұмысты жүргізу қағидаларын белгілейтін технологиялық регламенттер және нормативтік техникалық құжаттар;
3) резервуарлардың, технологиялық жабдықтардың, құбыр желілерінің, арматураның, сақтандырғыш құрылғыларының, бақылау, басқару жүйелерінің, ғимараттар мен құрылыстардың паспорттары.
4. Қолданыстағы және жаңадан енгізілетін қауіпті өндірістерді пайдаланушы ұйымдар технологиялық регламенттер, өндірістік бақылау туралы ереже, аварияларды жою жоспарларын (бұдан әрі – АЖЖ), қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу және бекітуге тиіс.
5. Бериллий өндірісі меншікті газдан қорғану қызметін құруы немесе осындай газдан қорғану қызметі қызмет көрсетуі тиіс.
6. АЖЖ-да персоналдың авариялық жағдайды жою және авариялардың алдын алу, апат туындаған жағдайда - оқшаулау, салдарын барынша төмендету бойынша жедел әрекеттері, бұл ретте қолданылатын техникалық жүйелер мен құралдар көзделуі тиіс.
Әкімшілік, жұмысқа жаңадан қабылданған барлық жұмыскерлерді жұмыстарды орындау аймағына қатысты қолданыстағы АЖЖ таныстыруы тиіс.
7. Технологиялық схемаға, аппаратуралық ресімдеуге, бақылау, байланыс, хабарлау және аварияға қарсы автоматтық қорғаныс жүйелеріне өзгерістер енгізу жобаны әзірлеушімен немесе осындай объектілерді жобалайтын мамандандырылған ұйыммен, өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасының оң қорытындысы және келісімі болған кезде шығарушы зауытпен келісілген жобалау және техникалық құжаттамаға өзгерістер енгізгеннен кейін жүзеге асырылады. Өзгерістер енгізу кезінде бериллий өндірісі технологиялық процесінің қауіпсіздік деңгейін төмендетуге болмайды.
8. Толық жасалмаған және жобадан ауытқулары бар жаңа және қалпына келтірілген және осы Қағиданың талаптарына сәйкес келмейтін объектілерді пайдалануға қабылдауға болмайды.
9. Қолданысқа енгізілетін жаңа өндірістерге, технологияларға және жабдықтарға технологиялық нұсқаулықтар әзірленеді және ұйымның техникалық басшысы бекітеді. Қалпына келтіру процесінде уақытша технологиялық нұсқаулықтар әзірленеді.
10. Дәрігерлік қорытындысы жоқ адамдар бериллий өндірісінде жұмыс істеуге жіберілмейді.
11. Мерзімдік тексерулер және олардың мерзімділігі Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
12. Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастыру «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бойынша даярлықтан өтпеген және білімі тексерілмеген адамдар жұмысқа жіберілмейді.
13. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласының мамандарын, жұмыскерлерін дайындау және қайта даярлау ұйымның әкімшілігіне жүктеледі.
14. Персонал және келушілер журналда тіркеле отырып, кіріспе нұсқаулықтан өтеді, ұйым белгілеген объектіде болған кездегі қауіпсіздік шараларымен және авария туындаған кездегі әрекеттермен танысады.
15. Ұйымның әкімшілігі лауазымды адамдарды және персоналды арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке қорғаныс құралдарымен (бұдан ары – ЖҚҚ) қамтамасыз етеді.
16. Бериллий өндірісінде газ қауіпті және аса қауіпті жұмыстарды орындау тәртібі сақталуы тиіс. Газ қауіпті және аса қауіпті жұмыстардың тізбесін және оларды орындау тәртібін ұйымның техникалық басшысы бекітеді және өзгерістер немесе толықтырулар енгізу кезінде қайта қаралады.
17. Кәсіпорында еңбек шарттарын, қоршаған ортаның жай-күйін бақылайтын қызмет ұйымдастырылады.
Еңбек шартын бақылауды ұйымдастыру кезінде мынадай көрсеткіштерді бақылау көзделеді:
1) жұмыс істейтін аумақтың ауасындағы берилий құрамы;
2) желдетудің тиімділігі;
3) тері қабатын тазалаудың тиімділігі;
4) өткізілген металл сынықтарының ластығы;
5) жұмыс орындарындағы жарықтандырудың жай-күйі;
6) жұмыс орындарындағы шудың және дірілдің деңгейі;
7) микроклиматтың параметрлері.
18. Жұмыс орнындағы ауада берилийдің құрамын бақылау үшін стационарлық пункттер жабдықталады.
19. Берилийдің құрамы бойынша барынша рұқсат етілген деңгейі және концентрациясы осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.
2. Бериллий өңдірісінің аумағыңда және өндірістік үй-жайларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
-
параграф. Берилий өндірісінің аумағында өнеркәсіптік
қауіпсіздікті қамтамасыз ету
20. Бериллий өндірісінің аумағы таза болуы және өндіріс қалдықтарынан жүйелі түрде тазартылуы тиіс. Жазғы уақытта жолдарға, тротуарларға және өткел жолдарға су себу қажет. Қыс мезгілінде бериллий өндірісінің аумағы және ғимараттардың шатыры қар мен мұздан тазартылуы тиіс.
21. Жолдардың, тротуарлардың және өндірістік алаңның қалған аумағының бериллиймен және оның қосындыларымен ластану дәрежесін ұйымның арнайы қызметі мерзімді түрде бақылауды жүзеге асырады (ластану деңгейі және бақылаудың мерзімділігін пайдаланушы ұйыммен белгілейді).
22. Шығын қоймаларын оқшауланған секцияларда немесе бериллий өндірісінің аумағындағы жеке тұрған қойма ғимаратына жалғанып салынған қоймаларда орналастыруға рұқсат етіледі.
23. Шығын қоймаларын өндірістік және қосалқы ғимараттардың жертөлелерінде орналастыруға тыйым салынады.
24. Жанатын, жеңіл тұтанатын материалдардың, улы және жарылуы қауіпті заттардың қоймалары дербес учаскелерде орналасуы тиіс.
25. Сығымдалған немесе сұйытылған газ бар ыдыстарды сақтау орнынан өндірістік ғимарат қабырғаларына дейінгі арақашықтық кемінде 20 метр болуы тиіс.
26. Жұмыс орындарын, жолдарды, үй-жайлардың есіктерін, өртке қарсы жабдықтардың, өрт сөндіру және байланыс құралдарына баратын жолдарын бітеуге тыйым салынады.
27. Ғимараттар мен құрылыстардың найзағайдың тікелей соққысынан қорғанысы найзағай қабылдағыштардан, токты бұрғыштардан және жерге қосулардан тұратын жеке найзағайдан қорғау қондырғысынан жасалуы тиіс.
28. Ғимараттар мен құрылыстар техникалық жағынан жарамды күйде болуы тиіс.
Өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды жоспарлы-алдын ала жөндеу жұмыстары ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйін техникалық қадағалау саласындағы қолданыстағы нормативтік техникалық актілердің талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс.
29. Ғимараттардың құрылыс конструкциясының жүктемесін өзгертуге есептерді тексергеннен кейін және өзгерістерді жобалау ұйымымен келіскеннен кейін рұқсат етіледі.
30. Барлық мақсаттағы үй-жайлардың ішкі жұмысында беті тегіс, лас жинамайтын, жуу ерітінділермен, қышқылдармен, сілтілермен реакцияға түспейтін материалдар пайдаланылады. Беті бұзылған кезде жабынды қалпына келтірілуі тиіс.
31. Басқыштар болған жағдайда едендер еңіс жасалады. Есіктердің және терезелердің полотносы қарапайым профильден жасалады.
32. Ластануды азайту және берилийден жақсылап тазалау үшін жобаланып және қалпына келтірілетін жатқан ғимараттар пен құрылыстардың қабырғасы мен төбесі, қабырғасы мен едені жалғасқан жерлері дөңгеленген пішінде болуы тиіс.
33. Едендердің төсемдері үшін қосылыстары аз болатын материалдар қолданылады.
34. Берилиймен және олардың қосындыларымен жұмыс істеу кезінде ағаш және паркет едендер төсеуге болмайды.
35. Өндірістік үй-жайлардың қабырғалары мен төбелерінің беті уытты заттардың әсерінен қорғайтын және оларды оңай тазалауды және жууды қамтамасыз ететін материалдардан жасалады.
36. Берилиймен жұмыс істелетін барлық үй-жайларда тұрақты ылғалды жинау жұмыстары жүзеге асырылады, ол үшін бұл үй-жайлар ыстық және салқын сумен, арнайы кәріз жүйесімен жабдықталады.
37. Үй-жайлардағы шаңды тазарту үшін технологиялық жабдықты шаңнан тазалау үшін қолданылуы мүмкін арнайы вакуумды жүйе көзделеді.
38. Барлық санитарлық-тұрмыстық үй-жайларды әрлеу кезінде шаңды аз жинайтын жеңіл жуылатын материалдарды көздеген жөн (жылтыр тақтайшалар, әйнек блоктар, пластикат және сол секілді) қолданылады. Жұмсақ жиһаздарды пайдалануға болмайды.
39. Берилий мен оның балқымаларын өңдеу учаскелері мен цехтары өз құрамында жеке және арнайы киімдер қатаң түрде бөлініп сақтайтын санитарлық өткізгіш үлгісінде құрылған санитарлық-тұрмыстық ғимараттармен жабдықталады.
40. Санитарлық-тұрмыстық үй-жайлардың құрамына жеке, арнайы киімдерді, арнайы аяқ киімді сақтау үй-жайлары, киім шешу бөлмесі душ үй-жайлары, кезекші персоналдың және тазалау мүкәммалын сақтау бөлмесі кіреді.
41. Өндірістік және зертханалық үй-жайлар үшін қарапайым конструкциядағы, ылғалмен тазалауға және ласты жоюға болатын жабындысы бар жабдықтар мен жұмыстық жиһаздар көзделеді. Жұмсақ жиһазды пайдалануға тыйым салынады.
42. Жарылыс қауіпті шаңмен, бумен, газдармен жұмыс жүргізілетін немесе өндіріс процесінде бөлінетін үй-жайларда едендер төсемінің, қабырғалардың, төбелердің және ішкі конструкциялардың материалдары ұшқын шығу, тұтану және жарылу мүмкіндіктерін тудырмауы тиіс.
43. Техникалық құрылғыларды қашықтықтан басқару аппаратурасы орналасуы тиіс үй-жайлар таза аймақта орналасуы және бақылау үшін қарау терезелері көзделуі тиіс.
44. Өндірістік үй-жайларға санитарлық өткізгіш үлгісінде ұйымдастырылған санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар арқылы ғана кіруге рұқсат етіледі.
45. Қызметкерлердің санитарлық-тұрмыстық жайларға соқпай өндірістік үй-жайларға кіруіне және одан шығу рұқсат етілмейді. Санитарлық-тұрмыстық үй-жайларды жоспарлау кезінде жұмыскерлердің қарама-қарсы кездесу мүмкіндіктеріне жол берілмейді. Осы мақсатта жеке киімін шешетін бөлмеден арнайы киім бөлмесіне өту үшін дәліз көзделеді. Кері душ бөлмесі арқылы өтуі тиіс.
46. Кір арнайы киім жууға тиісті арнайы киімдердің жеке контейнерлерінде қабылдауы тиіс.
47. Душ бөлмесіне кіретін жерде пайдаланған респираторларды жинауға арналған контейнер жабдықталады. Душ үй-жайларында душ алдындағы бөлмелер көзделеді.
48. Персоналдың арнайы киімде санитарлық - тұрмыстық және әкімшілік ғимараттарға кіруіне тыйым салынады.
49. Пайдаланылған арнайы киімді сақтау, қол жуу, дәретхана, душ және душ алды үй-жайларының қабырғалары және аралықтары үй-жайлардың ені бойынша ылғалға төзімді, тазалануы жеңіл және жуу құралдарын пайдалана отырып, ыстық сумен жууға болатын, ашық түсті материалдан жабылуы тиіс.
50. Бериллий өндірісінің цехтарында жабдықталған демалыс бөлмелері көзделеді. Демалыс бөлмесіне кіру, қолжуғышпен, сүлгімен (электрсүлгі, қағаз сүлгілері бар контейнер) жабдықтанған тамбур арқылы өтеді. Демалыс бөлмесі дәрі қобдишасымен, таза респираторлар сақтауға арналған контейнерлермен және пайдаланылған респираторлар жинауға арналған контейнерлермен қамтамасыз етіледі.
Бериллийдің концентраты 0,1 шекті рұқсат етілген концентраты (бұдан әрі - ШРК) аспайтын үй-жайларда сатураторлар орнатуға болады, бұл ретте сатуратор орналасқан жер күшті ауа алмасуымен қамтамасыз етіледі.
51. Берилийді, оның қосындыларын өндіруде және олардан бұйымдар жасағанда ҚР МЕМСТ 12.4.026-2002 «Белгі берудің бояу түстері, қауіпсіздік белгілері және белгі беру сызықтары» талаптарына сәйкес ескерту белгілері, тану бояулары және бүркемелеу қалқандары қолданылады.
52. Осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген берилийді және оның қосындыларын өндіруде қолданылатын химиялық заттарға міндетті түрде қауіпсіздік паспорттары қоса берілуі тиіс.
2-параграф. Жылыту және желдету жүйелерін пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздкті қамтамасыз ету
53. Желдету желілерін жобалау, орнату және пайдалану кезінде берилийдің сору желдеткіштердің ауа желілерінде немесе сүзгілерде шаңының өздігінен жануы жағдайына арналған іс-шаралар көзделуі тиіс. Осы іс-шаралардың құрамында өртті автоматты сөндіру және өрт ошағын оқшаулау жүйелері мен құралдары көзделуі тиіс.
54. Өндірістік үй-жайларда желдеткішпен біріктірілген су және ауа жылуы қолданылады.
55. Жылыту жүйелерінің қыздыру элементтері беттері ластан жеңіл тазартуға мүмкіндік беретін тегіс материалдардан жасалады.
56. Барлық өндірістік үй-жайлар ауаны сору және ауа кіргізу желдеткіштерімен жабдықталады.
Жабдықтардан сорылатын ауаның көлемі қимадағы ауа қозғалысы жылдамдығының есебіне байланысты айқындалады. Жылдамдықты процестерді жылытусыз жүргізу кезінде – 2,0 м/с, ал процестерді жылытумен жүргізу кезінде – 2,5 м/с есебімен алу қажет. Берилий өндірісінің өндірістік үй-жайлары атмосфераға қатысты герметикалануы тиіс.
57. Коммуникация немесе аппараттар зақымданған кезінде ауаға бериллий тозаңының және басқа да зиянды заттардың көптеген көлемде кенеттен таралуы мүмкін, сондықтан да ауаның шаңдануын бір сағаттың ішінде гигиенелық нормативтерге дейін төмендетуге мүмкіндік беретін, ауа айналымының тиісті еселігін қамтамасыз ететін резервтік желдеткіштер мен газдан тазалайтын аппаратуралар көзделеді.
58. Жергілікті және жалпыалмастыру желдеткіші (ауа соратын және шығаратын) бөлек желілермен жүзеге асырылуы тиіс.
59. Металл кесу және өңдеу станоктарының жұмыс құралының сору түтігінің қабылдау бөлігіндегі ауа қозғалысының есептік жылдамдығы өңделетін материалды майдалаудың барынша жоғары жылдамдығынан кемінде 20 пайыз (кемінде 50 м/с) жоғары болуы тиіс.
60. Бериллий және оның қорытпаларымен жұмыс істейтін өндірістік үй-жайлардың жалпы және жергілікті желдету жүйесі шығатын ауаның көлемі кіретін ауаның көлемінен артық болатындай етіп есептеледі. Қажетті ауа алмасудың есебі, әдетте, бериллий тозаңының болжамды бөлінулерін ШРК дейін араластыру шартымен жүргізіледі.
Герметикалық бокстарда (камераларда) ауаның сиретілуі шамамен кемінде 10,0 даПа, каньондарда - кемінде 5,0 даПа болуы тиіс. Камералардан (бокстардан) қарағанда каньонда цехішілік көліктің өтуіне арналған ағаш ойықтар болады.
Сору желдеткіштерінің ауа құбырларындағы ауа қозғалысының жылдамдығы еңіс және тік учаскелерде – кемінде 15 м/с, ал көлбеу учаскелерде – кемінде 20 м/с болуы тиіс. Жобада желдету құбырларын мерзімді тазалауды қамтамасыз ететін тәсілдер мен құралдар көзделуі тиіс.
61. Бериллий және оның қорытпаларын өңдеуге арналған цехтерден немесе учаскелерден сорылып алынған ауа, сондай-ақ еріту және дәнекерлеу қондырғыларынан бөлінетін вакуумдық қалдықтары атмосфераға шығарылар алдында арнайы тазаланудан өтуі тиіс.
62. Сору жүйелерінің қалдықтары жеке ғимараттарда немесе ғимараттар мен құрылымдардың ішінде оқшауланған үй-жайларда орналасқан газ-шаң тазалау құрылыстарында жүргізеді.
Ылғалды тазарту қондырғыларын (скрубберлерді), газды алдын ала тазарту қондырғыларын технологиялық жабдықтар орналасқан аймаққа орналастыруға рұқсат етіледі.
Сорылған қалдықтарды тазарту бериллий қосындыларын технологиялық процеске қайтара отырып жүргізіледі.
63. Қышқылдардың және сілтілердің буы аралас ауаны бериллий қосындыларымен бірге шығаратын ауа құбырлары олардың ықпалына төзімді қабаттармен жабдықталады.
64. Ауаны тазалау тәсілін таңдау технологиялық процестердің қандай да бір сипатына байланысты жүргізіледі.
65. Сорылған шығарындыларды алдын ала тазалау (ірі қоспалардан тазалау) шаң, тозаңдар және басқа да заттардың бөлінген жерде жүргізіледі, содан кейін шығарылатын ауа орталықтандырылған майда тазалау қондырғыларына беріледі.
66. Жергілікті сору қондырғыларының жұмысы қызмет көрсетілетін технологиялық жабдықтардың жұмысымен тоқтатылуы қажет. Бұл ретте желдеткіш тоқтап қалған жағдайда тиісті сигналдың берілуі көзделуге тиіс.
Суланған ерітінділерді ылғалды шаң бөлгіштерге беруді аппараттарда сулану тоқтаған жағдайда тиісті сигнал (жарықты немесе дыбысты) бере отырып желдету қондырғысының жұмысымен тоқтатқан жөн. Ылғалды шаң ұстағыш аппараттардың конструкцияларында аппаратты ашпай толық суландыру және жуу мүмкіндігін көздеген жөн.
67. Жалпы алмасу және жергілікті сору жүйелерін бір ауа шығару жүйесіне қосуға болмайды.
68. Бериллий өндірісінде желдету және газ тазалау құрылыстарын дұрыс пайдалануды, жөндеуді сапалы және уақтылы өткізуді ұйымның желдету қызметі немесе газ тазалау қызметі бақылайды.
69. Желдету жүйелері және газ тазарту құрылыстары бойынша мынадай құжаттама жүргізіледі:
1) желдету жүйелерін және шаң-газ тазалау қондырғыларын пайдалану және жөндеу жөнінде журнал;
2) жабдықтарды пайдалану және жөндеу жөнінде технологиялық регламент немесе жұмыс нұсқаулықтары;
3) ауа құбырларын тазарту, ылғалды тазарту аппараттарындағы ерітінділерді ауыстыру кестесі;
4) жоспарлы-алдын алу жөндеулерінің кестесі;
5) барлық желдету жүйелерінің ауа құбырларының таралу сызбасы және орналасқан жерлері көрсетілген паспорттар.
70. Желдету жүйелері және газ тазарту қондырғыларын пайдалану кезінде мынадай талаптар қамтамасыз етіледі:
1) ауаға тасталатын шығарындыларды бериллийден және басқа уытты заттардан тазарту факелдің жерге тиген орнындағы зиянды химиялық заттар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес, бериллийді және оның қоспаларын өңдіру кезіңде негізгі зиянды химиялық заттарының тиісті рұқсат етілген шекті мөлшерден аспайтын есеппен жүзеге асырылады. Факел тиген жердің топырағында зиянды химиялық заттар ШРК жоғары жиналса, залалды топырақ қабаты қалпына келтірілуі тиіс;
2) пайдалану кезіндегі сенімділігі;
3) газ тазалау құрылғысын жөндеу кезінде қызмет көрсететін персоналдың өніммен тікелей байланысу мүмкіндігін болдырмайтын, барынша герметизациялау мен оқшаулауды қамтамасыз ету;
4) сору камералары бар, сору желдеткішімен жабдықталған оқшауланған үй-жайларда сүзгілерді тазалайтын және ауыстыратын персоналға арналған арнайы киімдерді (пневмокостюм) сақтау және жууға арналған бөлме көзделеді. Сору камераларының ішкі қабырғалары сабын ерітіндісі бар жылы сумен щеткамен сүртілуі қажет. Жуылған су ағып кетуі үшін траптар қойылады;
5) сүзгілерді ауыстыру кезінде шаң көтерілмеуі үшін сүзгілерді сулап алу қажет;
6) сүзгілерді ауыстыру қысым барынша төмендеген соң жүргізіледі. Сүзгілердің қарсылығының көлемін бақылау үшін манометрлер орнатылады, олардың көрсеткіштері желдету жүйелерін пайдалану журналына тіркеледі;
7) сору ауа құбырларында сүзгенге дейін және кейін ауаның бақылау сынамаларын алатын құрылғы орнатылады;
8) ластанған ауаның өндірістік үй-жайларда айналуына жол берілмеуі тиіс.
71. Желдету жүйелері қондырғылардың нақты жұмыс параметрлеріне сәйкестігі жылына кемінде бір рет тексерілуі тиіс.
Желдету жүйелері мынадай жағдайларда жоспардан тыс тексеріледі:
1) технологиялық жабдық өзгертілген режимде үш айдан артық жұмыс істегенде немесе оны жаңа тұрақты жұмыс режиміне ауыстырған кезде;
2) құрылғыны салғаннан, күрделі жөндеуден немесе қалпына келтіруден кейін.
72. Тексерудің нәтижелері актімен ресімделіп, оны желдету қызметінің басшысы бекітеді және құрылғының паспортына жазылады.
73. Желдету жүйелері және шаң-газ тазалайтын қондырғылар операторлық аймақтың басқару пультіне шығарылған, жазатын құрылғылары, жарықты-дыбысты сигнализациялары бар стационарлық бақылау-өлшеу аспаптарымен (бұдан әрі - БӨА) жабдықталуы тиіс.
Желдеткішпен бір уақытта жұмыс істеуі үшін жабдықты автоматтандыру және бекіту көзделеді.
74. Желдету жүйелері тазартылған ауадағы заттардың концентрациясын анықтау және аппараттар жұмысының тиімділігін айқындау мақсатында сынама алатын құралдармен жабдықталады. Сынама алатын орын қызмет көрсетуге ыңғайлы болуы қажет.
75. Бериллий өндірісінде жұмыс аймағының ауасында бериллийдің ШРК-дан артық болған жағдайларды техникалық басқарушы бұндай жағдайларды тексереді.
76. Тексеру нәтижесі бойынша ұйымның техникалық басшысы жұмыс аймағының және қоршаған ортаның ауасында бериллийдің ШРК-дан артуына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар әзірлейді және бекітеді.
77. Пайдалану процесінде ұйымның техникалық басшысы бекіткен кесте бойынша желдеткіш жүйелері және шаң - газ тазалау жабдықтары жұмысының тиімділігі тексеріледі.
78. Кіретін ауаны сору аумағында кіру жүйелеріне ластанған ауаның кіруіне жол берілмеуі тиіс.
Бұл шартты орындау мүмкін болмаған жағдайда ауа ағза үшін зиянды заттардан тазартылады. Жұмыс аймағына берілетін ауадағы бериллийдің концентрациясы өндірістік үй-жайларға арналғаннан 0,1 ШРК - дан аспауы тиіс.
79. Арнайы киімдерден ласты кетіру үшін бериллий тозаңының көп бөлініуімен операциялар жүргізілетін үй-жайлардың (бокс, каньон) кіреберісінде санитарлық шлюздарда арнайы киім мен аяқ киімдерді тазалауға арналған құрылғылар жабдықталады.
Шығарылатын ауа атмосфераға шығарылар алдында жобаға сәйкес тазартылады.
80. Техникалық бақылау бөлімінің үй-жайы негізгі технологиялық үй-жайларға қойылатын талаптарға сәйкес келуі тиіс. Шаңдайтын өнімдерді өлшеу сору шкафтарда орындалады.
3-параграф. Бериллий өндірісіндегі су құбырларын және кәріз жүйелерін пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету
81. Өндірістік үй-жайларды және санитарлық өткізу орындарын жинастыруды үнемі жүргізу, үй-жайлардың қабырғасын, жабдықтарды, үлдір арнайы киімдерді және арнайы аяқ киімді жуу үшін ауыспалы шлангтарды қосатын крандары бар ыстық және суық судың стационарлық құбырлары көзделуі тиіс.
82. Өндірістік және шаруашылық-ауызсу құбырларының жүйелерін біріктіруге тыйым салынады.
83. Судың температурасы құбырлардағы ауа ылғалының конденсациясына алып келген кезде үй-жайлардың ішіне тартылатын өндірістік және шаруашылық - ауызсу құбырлары құбыр бетіндегі шаңды жууға мүмкіндік беретін, беті суға төзімді материалмен қапталады.
84. Киімнің тұтануы немесе химиялық күюлер болуы мүмкін өндірістік үй-жайлар шаруашылық - ауызсу құбырына қосылған фонтандармен, крандармен, өзіндік көмек жуынғыштармен, апаттық душтармен қамтамасыз етіледі.
85. Бериллий өндірісінде мынадай кәріз жүйелер көзделеді:
1) шаруашылық;
2) арнайы;
3) жаңбыр суына арналған.
86. Құрамында уытты заттары бар өндірістік ағын су үшін жеке кәріз жүйесі орнатылады. Өндірістік ағын су құбыр немесе арнайы автокөліктермен қалдық сақтайтын қоймаға жіберіледі.
87. Ағын суды (шаруашылық және жаңбыр) су қоймаларына төгу шарты тазалау тиімділігін тұрақты бақылау талаптарына сәйкес келуі тиіс.
88. Кәріз құрылғылары және арнайы кәріз желісі барлық жүйе бойынша сенімді герметизацияланады және механикалық жағынан айтарлықтай берік және тотығуға шыдамды материалдан жасалады, гидравликалық бекітпелер орнатылады.
89. Қол жууға арналған суық және ыстық суы бар қол жуғыш орнатылуы және электрсүлгі немесе бір рет қолданылатын қағаз сүлгілер көзделуі тиіс.
4-параграф. Жарықтандыру жүйелерін пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету
90. Өндірістік үй-жайларды жарықтандыру Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкес орындалады.
91. Қауіптілігі жоғары учаскелерде (электр пештері, майдалағыштар, өндірістің құрғақ шаңдайтын өнімдерін түсіру және тағы басқа), жабдықтарды қашықтықтан басқару қалқандары жанында тәуелсіз қоректену көздері бар апатты жарықтандыру көзделеді.
92. Жұмыс және авариялық жарықтандыру шырақтары олардың бекітпелерінін сенімділігін, қауіпсіздігін және қызмет көрсету ыңғайлылығы қамтамасыз етуі тиіс.
93. Өндірістік үй-жайларда орнатылатын жарықтандыру арматурасы қабырғаларды, төбені, еденді және жабдықтарды жуу кезінде ылғалдың түсуіне, зиянды заттармен ластануына жол бермеу үшін шаң-ылғалдан қорғалған түрде жасалады.
94. Шырақтарға қауіпсіз қызмет көрсету және жөндеу үшін стационарлы және ауыспалы құрылғылар (алаңдар, шағын көпірлер және баспалдақтар, телескопиялық мұнара және гидрокөтергіштер) көзделеді.
95. Ауыспалы электр жарықтары үшін кернеуі
42 Вольттен аспайтын шырақтар қолданылады.
96. Ауасының құрамында жарылуы қауіпті газдар, шаңдар және булар болуы мүмкін металл ыдыстардың, пештің, қазандықтардың, құдықтардың, майдалағыштардың ішінде жұмыс істеген кезде ауыспалы жарықтандыру үшін кернеуі 12 Вольттан аспайтын, жарылыстан қорғалған шамдар қолданылуы тиіс.
3. Бериллий өндірісінде технологиялық процестерді жүзеге асыру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Достарыңызбен бөлісу: |