Бериллийді, оның қосындыларын және олардан бұйымдар өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


Бириллий концентратының тиеуі және түсірілуі механикаландырылады



бет6/6
Дата19.06.2016
өлшемі276 Kb.
#147586
1   2   3   4   5   6

206. Бириллий концентратының тиеуі және түсірілуі механикаландырылады.

207. Металдық бериллий құймасын және оның қорытпаларын, бериллий және оның қорытпаларынан жасалған бұйымдарды, сонымен қатар бериллий тотығының негізінде күйежентектелген бұйымдарды тасымалдау және сақтау, олардың сақталуын қамтамасыз ететін кез келген бөлме-жайда және кез келген ыдыста жүргізіледі.

208. Негізгі және аралық, қатты, шаңданатын өнімдерді бір цехтан екіншіге және цехтың ішінде бір учаскіден екіншісіне тасымалдау, пневмодірілді-вакуум көлікпен немесе қақпақтары тығыздалып жабылатын жүк қораптарда жүргізіледі.

209. Ерітінділер мен қойыртпақтарды тасымалдау үшін, мүмкіндігінше, өндірістік жайлардың бериллиймен ластануын болдырмайтын насостарды пайдаланады.

210. Бериллий өндірісінің өнімдерін технологиялық үрдістерді жүргізуге лайықталмаған ыдыстарда жинауға рұқсаттама берілмейді.

211. Бериллийі бар өнімдерді жұмыс орындарында, кез келген қолданымдағы жайларда сақтау тәсілі, өндірістік жайдың және ауаның ластану мүмкіндігін тудырмайды.

212. Өндірістік алаңның жерінде бериллий өндірісінің жартылай дайын өнімдерін тек қана қоймаларда сақтауға рұқсат етіледі.

213. Бериллий өндірісінің қалдықтарын тасымалдау, сақтау, зарарсыздандыру және жою «Тау - кен және кенсіз кәсіпорындарда қалдық және қалдық сақтау шаруашылығын пайдалану қауіпсіздік Талаптарға» сәйкес жүргізіледі.


214. Бериллий өндірісінің қалдықтарын тасымалдау үшін жолдардың және өндірістік алаңдардың өндіріс өнімімен ластануын тудырмайтын ыдыс және көлік қолданылады. Осы мақсаттарда жабдықталмаған көлікті пайдалануға тыйым салынады.

215. Бериллий өндірісінің қалдықтары, соның ішінде құрамында уытты заттары бар қалдықтар қойыртпақ тасымалдағыш құбырлармен немесе арнайы машинамен қалдық қоймасына бағытталады. Қалдық қоймасының толтырылған карталарын қайта құнарландыру, бекітілген тәртіпте жүргізіледі.

216. Өндіріс қалдықтарын (ыдыс, сүзгіш маталар, сүртетін материалдар тағы басқа) жоюды тиеп - түсіру үрдістері механикаландырылған, шаң тұту жүйесімен жабдықталған арнайы пеште өртеу арқылы немесе қалдық сақтағыш қоймаға әкету арқылы жүргізуге кеңес беріледі.

217. Ерекше жағдайларда өндіріс қалдықтарын жұмыс орындарынан арнайы, тығыздалып жабылатын жүкқораптармен әкетуге рұқсаттама беріледі.



6-тарау. Өртке қарсы қорғаныс

218. Жинақты немесе жоңқа түріндегі бериллийі бар технологиялық үрдістерді өртқауіптілігі бойынша «Д» санатына 2006 жылы 8 ақпанынан Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар Министірінің № 35 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі жөніндегі Ережелеріне сәйкес жатқызады. (№ 4126 нормативті құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген).

Жинақты немесе жоңқа түріндегі бериллийі бар технологиялық үрдістерді өртқауіптілігі бойынша «Д» санатына жатқызылады.

Ірілігі бестен он микрон бериллий ұнтағы түзілетін технологиялық үрдістер өртқауіптілігі бойынша «В» санатына жатады.

Бес микроннан кіші орташа іріліктегі бериллий ұнтағын түзетін технологиялық үрдістер (соның ішінде шаң тазалау жүйесі) өртқауіптілігі бойынша «Б» санатына, ал бөлме-жай электр қондырғыларын орнату ережесі бойынша В-ІІ класына жатады.

Шаң тазалау жүйесінің сүзгіштері, соққылы - құйындатқыш және басқа майдалағыш, қажалағыш және басқа осы сияқты жабдықтардың жайларын В-Іа класының жайларына жатқызу қажет.

Бериллий ұнтағын арнайы ыдыста сақтау бөлмесі және жинақты немесе жоңқа түріндегі бериллиймен жұмыстар жүргізілетін бөлмелер В-ІІ класс бөлмелеріне жатқызылады.

219. Металдық бериллий ұнтағын алатын немесе қолданатын өндірістік жайлар ең өрт-жарылыс қауіпті болып табылады және оларда өртке қарсы арнайы шаралар қарастырылады.

220. Ірілігі бес микрометрден кем ұнтақ алуға тағайындалған жайлардың қабырғаларындағы әртүрлі шығыңқы жерлері, бөренелер тағы сол сияқты саны барынша аз болады.

221. Орташа ірілігі бес микрометрден кем бериллий ұнтағын майдалау, қажалау және қайта салуға байланысты технологиялық операциялар инерттік ортада (аргон атмосферасында) жүргізіледі.

222. Ылғалды бериллий ұнтағын кептіруді 200-2500С жоғары емес температурада жүргізу қажет, бұл жағдайда кептіру аппаратын аргонмен үрлеген тиімді.

223. Бериллий ұнтағымен жұмыс жүргізілетін жайларда ашық от болуына рұқсат берілмейді, дәнекерлеу және басқа отпен жүргізілетін жұмыстар, бұл жұмыстарды жүргізуді алдын ала дайындап, ұйымдастырудан кейін жүргізіледі. Жабдықтар бериллий ұнтағынан алдын ала мұқият тазартылады.

224. Орташа ірілігі бес микрометрден кем берилий ұнтағын арнайы, ыстыққа төзімді, тығыздалып жабылатын, аргонмен толтырылған жүкқораптарда тасымалданады және сақталады.

225. Бериллий ұнтағы салынған жүкқораптарды сақтау алғашқы және арнайы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған, оқшауланған жайларда ұйымдастырылады.

226. Әр түрлі фракциялы бериллий ұнтағын сақтау жобамен анықталады.

227. Бериллий ұнтағын жеңіл тұтанатын заттармен, күшті тотықтандырғыштар, қышқылдар және сілтілермен бірге сақтауға тыйым салынады.

228. Бериллий ұнтағын су қабатының астында сақтауға кеңес берілмейді.

229. Бериллий ұнтағы бар жүкқорапты ашқан кезде жүкқорап қабырғаларының температурасын қадағалай отырып, оған ауаны мөлшерлеп жіберуге кеңес беріледі. Жүкқорап қатты қызған жағдайда оны қауіпсіз жерге апарып, аргонмен үрлейді.

230. Жоғары температуралық вакуумдық пештер, суытатын сумен цехтың тәуелсіз, екі су көздерінен су алатын су құбырларынан қамтамасыз етіледі.

231. Пештің жұмыстық кеңістігіне су кетпеуі үшін, суыту жүйесін үнемі тексеріп, қарап отыру қажет, сонымен қатар апаттық дабыл қарастырылады. Вакуумда жұмыс істейтін пештер жарылыстық қақпақтармен (мембрана) жабдықталады.

232. Ішкі қабырғаларында металдың өздігінен жануға бейім, тозаңдық түйіршіктерінің қонуы мүмкін, вакуумда жұмыс істейтін пештерді ашу алдында инертті газбен толтырылады.

233. Желдету жүйелерінің ауа жолдары және каналдары жанбайтын материалдан жасалады (мысалы болаттан).

234. Вентиляциялық жүйенің ауа жолдарында шаң жинауға жағдай туғызатын иіндері және басқа бөлшектері мүмкіндігінше аз болады. Ауа жолдарындағы шаң жиналуы мүмкін жерлерінде (иіндері, өтпелі жерлері тағы сол сияқты) шаңнан мезгілмен тазартып отыру үшін есікшелер (люк) орнатылады. Тазалау ұйымның техникалық жетекшімен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.

235. Ауа жолдарының жабынды, бөлгіш және қабырғалары арқылы өтетін жерлеріндегі ауа жолдары мен саңылау арасындағы бос жерді жанбайтын материалмен толтырады.

236. Өртке қарсы бөлгіштердегі саңылауды, температура шектік мәнге көтерілген кезде автоматты түрде жабылатын ысырманың көмегімен, жолдың (ауа жолының) екі жағынан қорғалады.

237. Желдету және ауа жолдарындағы автоматты ысырмаларды сору желдеткішіндегі сүзгіш камералардың әрқайсысының алдында және соңында койылады.

238. Металдық бериллий ұнтағын алу операцияларының шаң - газ тазалау жүйесінің жеңдік сүзгілері үшін, жанбайтын немесе жануы қиын маталар таңдалады.

239. Бериллий ұнтағын сүзу үшін маталардың жаңа түрін қолдануды оны бериллиймен шаңдандырумен бірге жануына сынақтар жүргізгеннен соң жүргізіледі.

240. Металдық бериллий ұнтағын өндіруде, жалын (олар сүзгісі бар камераларда жанған жағдайда) жеңдік сүзгімен, негізінен төменнен жоғары қарай таралатындықтан шаң - газ тазалау аппараттарының қабырғаларына жылулық жүктемені азайту үшін, сүзгінің биіктігін мүмкіндігінше азайтады.

241. Сүзгіш жеңдерді қайта қалпына келтіруді (шаңын сілкіп) сүзгінің кедергісі шектік мәндерге жеткенге дейін үнемі жүргізіледі. Жеңдік сүзгілерді пайдаланғанда матаның кедергісінің 250 мм.су.бағ. артық мәнге өсуіне рұқсаттама берілмейді.

242. Жеңдерді қалпына келтіргеннен соң сүзгінің шанабынан бериллий ұнтағын дереу түсіріп, әкетеді. Жүк қорап-жинағыш бериллий ұнтағымен 2/3 көлеміне дейін толған жағдайда жеңдік сүзгілерді пайдалануға рұқсаттама берілмейді.

243. Шешіліп алынған жеңдерді, көмуге әкетілгенге дейін құрғақ жайларда тығыздап жабылатын, жанбайтын қаптамаларда сақталады.

244. Ұнтақтық операцияларда шаң - газ тазалау жүйелерін пайдалану, осы жүйелерге су, тез жанатын сұйықтың булары, жарылысқауіпті газдар және аппараттың қабырғасына соғылған кезде ұшқын шығаратын заттар мен жану (ұшқын) көздерінің түсуін болдырмайтын етіп ұйымдастырылады.

245. Өрт және жарылысқауіпті учаскілер және тәжірибелік-өндірістік қондырғылар автоматтық өрттік дабылмен жабдықталады.

246. Ұйымның территориясында және өндірістік бөлмелерде жанармай және жеңіл тұтанатын сұйық заттарды сақтау 2006 жылы 8 ақпанынан Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар Министірінің № 35 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі жөніндегі Ережелерінің» талаптарына сәйкес өңделеді. (№ 4126 нормативті құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген).

247. Ғимараттардың, құрылыстың және жабдықтардың құрамаларын жуу және сүрту үшін, жеңіл тұтанатын сұйық заттарды қолдануға тыйым салынады.

Жұмыс орнында орнатылған жабдықтарды жуу (сүрту) үшін өртке қауіпсіз сұйық заттарды және препараттарды қолдану қажет.

248. Дайын өнім, жартылай дайын өнім, ыдыс, жабдық және сол сияқты белгілі бір учаскелерде сақталуы және қызметкерлерді көшірген кезде бөгет жасамайтындай етіп орналастырылады.

249. Шатырдағы жайларды қандай болсын материалды сақтауға немесе өндірістік мақсаттарда пайдалануға рұқсат берілмейді. Шатырдағы жайлар үнемі бекітілген, ал есту терезелері жабық болады. Шатырдағы жайлардың кілттері тәуліктің кез келген уақытында алуға болатын, белгілі жерде сақталады.

250. Бериллий ұнтағының өндірісі орналасатын барлық цехтар, шеберханалар, қоймалар және басқа жайлар жобаға сәйкес алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

251. Әрбір өндіріске әзірленетін технологиялық нұсқауларда қолданылатын шикізат және материалдардың, негізгі және қосымша химиялық үрдістердің қасиеттері, осы өндірісте қолданылатын аппараттардың тағы сол сияқты толық сипаттамасынан басқа, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты маңызды технологиялық көрсеткіштерді бақылау тәсілдері баяндалады.

252. Өрт бойынша ең қауіпті өндіріс учаскелерінде (газбен электр дәнекерлеушілер, қоймашылар, ұнтақтық операциялардың аппаратшылар тағы басқа жұмыс істейтін жұмысшылар және қызметшілер мекеме әзірлеген және өртке қарсы қызметпен келісілген 6 - 8 сағаттық бағдарлама бойынша өртке қарсы технологиялық минимум өтіп, емтихан тапсырады.

253. Жанып жатқан бериллий ұнтағын сөндіру келесі әдістермен жүргізіледі:

1) келесі ұнтақтық материалдарды қолдану әдісімен: құрғақ құм, фторлы кальций, ас тұзы, графит ұнтағы (ұнтақтық сөндіру әдісі);

2) аргонды қолдану әдісімен (көлемдік газбен сөндіру).

254. Қол жетерлік, беті ашық бериллий ұнтағы жанған жағдайда оны механикаландырылмаған материал беру әдісімен (күрекпен, күрекшемен және тағы басқа) құрғақ құм, фторлы кальций, ас тұзы, графит ұнтағымен сеуіп, жабады.

255. Фторлы кальцийді пайдаланған жағдайда, оны жанып жатқан бериллий ұнтағына себуді қолмен (күрекшемен, күрекпен) және қол немесе тұрақты пневматикалық құрылғымен ұнтақтық сөндіру арқылы жүзеге асыруға болады.

Сөндіру үшін фторлы кальцийдің шамалық шығыны 1 кг бериллий ұнтағына 100 кг/м2 немесе 1 кг Са Ғ 2 - құрайды.

256. Жабылатын аппаратта немесе жүк қорапта жанып жатқан бериллийді көлемдік газдық сөндіру кезінде, оны аргонмен үрлегенге дейін аппаратты (жүк қорапты) мүмкіндігінше тығыздап жабады.

257. Аппараттың, жүк қораптың немесе жабық ыдыстың ішіндегі бериллийді көлемдік газдық әдіспен сөндіру үшін газдың шығынын теңдеумен есептеп табады (1-қосымшада көрсетілген).

258. Азот және көмір қышқыл газын көлемдік газдық әдіспен сөндіру үшін қолдануға болмайды.

Азот бериллий ұнтағын өшірмейді, ал көмір қышқыл газы ортасында ұнтақтың жануы ауаға қарағанда қарқынды жүреді. Мысалы, егер ауада бериллий ұнтағы 6800С температурасында жанса, ал көмір қышқыл газында 5700 С температурада жанады.

259. Жанып жатқан бериллийді сөндіруге су, химиялық және ауалымеханикалық көбікті пайдалануға рұқсаттама берілмейді.

260. Өртті аңғару жүйесі сенімді жұмыс істеуі және шаңданған ортада қателесіп іске қосылмайды.

Хабар беруші сапасында қорғалған, сезімтал элементі бар жылулық датчикті қолдануға кеңес беріледі.

261. Сүзгілердің камераларындағы хабар берушілерді бүйірлік және үстіңгі қабырғаларында орналастырады.

Хабар беру жүйесінің қателесіп іске қосылуын болдырмау үшін, оның, камераның бір бөлігінде орналасқан екі хабарлағыштан түскен дабылдар үйлескен жағдайда ғана іске қосылуын қарастырады.

262. Қабылдау-бақылау аспаптары өрт, желдету жолдарындағы автоматтық ысырмалардың жабылуы, желдеткіштердің өшірілуі, өрт сөндіру қондырғыларының іске қосылуы, сыртқы сумен суыту дренчерінің іске қосылуы туралы дабылдардың берілуін қамтамасыз етеді.

263. Жеңдік сүзгілердің камераларының қорабын сақтау мақсатында өрт кезінде қораптың сыртқы бетін сумен салқындатады, ол үшін дренчерлерді қораптың үстіңгі бөлігінің периметрі бойынша орнату тиімді.

264. Сүзгі камерасының бір бөлімінде өрт болған жағдайда, өрт сөндіргіш затты жанып жатқан және онымен көршілес бөлімдерге немесе камераның барлық бөлімдеріне береді.

265. Оттың таралуын болдырмас үшін жер асты туннелінің, желдету жолдарының басында және аяғында, әрбір камераның алдында және соңында автоматты ысырмалар орнатады.

266. Жер асты туннельдерінде және желдету жолдарында автоматты хабарлағыштар орнату қажет, олардың дабылдары бойынша ысырмалар автоматты түрде жабылып, желдеткіштер өшеді.

267. Сүзгілерді өшіргеннен соң жанудың газ түріндегі өнімдерін әкету үшін ысырмаларды ашып, желдеткіштерді іске қосады. Көрсетілген операция бериллийдің қоршаған ортаға тасталатын шығарындыларын болдырмаудың тиісті шараларынан кейін орындалады.

268. Бериллийді бар жайлардағы өртті өшіру, тыныс алу жолдарын оқшаулайтын қорғау құралдарын қолдану арқылы, арнайы дайындалған қызметшілермен жүргізіледі.




7-тарау. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

269. Жұмыс аймақ үшін өндірістік бөлмелерде микроклиматтың көрсеткішінің шамасын жыл мезгілімен жұмыстың орындалу ауырлығын ескере отырып, ұстап тұрады.

270. Санитарлық рұқсатнама орнында үнемі дәрі қобдишасы және сабын, сүлгі, жөке, теріні дезинфекциялаушы және жұмсартқыш заттардың қажетті қоры болады.

Дәрі-дәрмек жинағы мен құрамын қадағалап отыруды цех басшылығы немесе дәрігерлік бөлімнің жұмысшысы жүргізеді.

271. Дәрігерлік бөлім, ең адамдары көп немесе жарақаттану бойынша ерекше қауіпті цехтарға жақын орналасады.

272. Су себезгісін пайдаланатын әрбір адам, бір рет жуынуға 20 г сабын қажет есебінен, сабынмен қамтамасыз етіледі. Сабынның сілтілігі аз түрлерін ғана («Детское», «Вазелиновое» тағы басқа) пайдалануға кеңес беріледі.

Ыстық және суық су бергіштері бар қол жуғыштар, бір реттік қолданымдағы сулықтар немесе электрлік сүлгілермен жинақталады.

273. Бериллий өндірісінің жайларында тамақтану бөлмелерін орналастыруға тыйым салынады. Бериллий өндірісінің жұмысшылары асханаларда тамақтанады.

274. Өндірістік жайларда қызметкерлердің жеке қорғаныс құралдарынсыз немесе ақауы бар жеке қорғаныс құралдарымен жүруіне тыйым салынады.

275. Бериллий өндірісінде жеке киімді, ішкі киімді, аяқ киімді, шұлықтарды және бас киімдерді пайдалануға болмайды.

276. Ауаның бериллиймен ластану көзі болып табылатын жабдықтарды күтуші қызметшілер және бокстарда, жабық бөлмелерде, оқшауланған жайларда орналасқан жабдықтарды жөндеумен шұғылданатын жұмысшылар оқшаулайтын жеке қорғаныс құралдарымен (скафандр, пневмомаска, пневмокеудеше және тағы басқа) қамтамасыз етіледі.

277. Жақын арада жүргізіліп жұмыс істелінетін жерде скафандрларды, пневмомаскаларды, пневмокеудешелерді таза ауаның стационарлық ажыратқышқа қосады. Арақашықтықта шлангінің ішінде ЖҚҚ орналастыру қажеттілікте, шлангінің ұзындығынан асса, демалу органдарын қорғау үшін автономды көмекші жеке қорғаныс құралдарын пайдаланады.

278. Тыныс алу органдарының ЖҚҚ-на қосымша берілетін ауа көлемі 15 м3/сағ. кем болмайды.

279. Бериллиймен және оның қосындыларымен жүргізілетін барлық жұмыстар резіңке қолғаптармен орындалады. Қолғаптардың түрі орындалатын операциялардың сипатына сәйкес болады.

280. Бериллийдің еритін қосындыларымен жұмыс істейтін жұмысшыларға дерматиттен сақтандыру ретінде қосымша, ұзындығы шынтаққа дейін жететін, резіңке қолғаптың ішінен киетін мақтадан тоқылған матадан тігілген қолғаптар беріледі.

281. Отпен орындалатын жұмыстарды орындаған жағдайда қызметшілер отқа төзімді арнайы киіммен қамтамасыз етіледі.

282. Бериллий және оның қосындылары өндірісінің барлық жұмысшылары күнде, тек қана таза жеке қорғаныс құралдарын алады.

283. Жеке қорғаныс құралдары лас аумақтан әрбір шыққан сайын санитарлық өңдеуден (жуылуы) өтеді. Арнайы киімді жөндеу тек қана жуылғаннан соң орындалады.

284. Бериллиймен ластанған жұмыс киімдерін жуу үшін ұйымдарда механикаландырылған, бөлек кір жуатын жер қарастырылады. Бериллий өндірісінің арнайы киімдерін қалалық кір жуатын жерлерде жууға тыйым салынады.

285. Мекемеде еңбек жағдайын, қоршаған ортаның күйін бақылауға міндетті қызмет ұйымдастырылады.

Еңбек жағдайын тексеруді ұйымдастыру кезінде келесі көрсеткіштерді бақылау қарастырылады:

1) жұмыстық аумақтың ауасындағы бериллийдің мөлшері;

2) желдеткіш жұмысының тиімділігі;

3) тері қабатын тазалаудың тиімділігі;

4) тапсырылатын металл сынықтарының ластануы;

5) жұмыс орындарын жарықтандыру күйі;

6) жұмыс орындарындағы шу және дірілдің деңгейі;

7) микроклиматтың көрсеткіштері.

286. Бериллийдің мөлшерінің шектік рауалы деңгейі және концентрациясының мәндері 2 - қосымшада келтірілген.

287. Жұмыс орындарының ауасындағы бериллийдің мөлшерін тексеру үшін стационарлық орындарымен жабдықталады.



Қолданылатын қысқартылған сөздер
БӨҚжА - автоматика және бақылау - өлшеу құралдары;

ТҚБ - техникалық бақылау бөлімі;

ШРК - шекті рұқсат етілген концентрация;

ЭҚТ – электр қондырғылардың құрылу Талаптары;

ЖҚҚ - жеке қорғаныс құралдары.

_____________________





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет