97. Бериллий өндірісінің технологиялық жабдықтарын басқару, автоматтандырылған немесе механикаландырылған болуы және апатсыз жұмысты, тексеруді және технологиялық үрдісті реттеуді қамтамасыз етеді.
98. Жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету технологиялық регламенттің талаптарына, әзірлеушілердің пайдалану құжаттарына сәйкес әзірленген нұсқаулардың талаптарына сай жүргізіледі.
99. Жабдықтарға қызмет көрсетуге пайдаланылатын аспаптар мен құралдар орындалатын жұмыстардың және қауіпсіздік талаптарына сәйкес болады.
100. Жарамсыз жабдықтарды және бұзылған құралдар мен аспаптарды пайдалануға тыйым салынады.
101. Машиналар мен механизмдерді қолмен майлау, олар толық тоқтап тұрғанда немесе бұл операцияларды орындаудың толық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы құрылғылар болған жағдайда жүргізіледі.
102. Бериллий өндірісінің жұмыстық аумақтарында және тұрақты жұмыс орындарында шу және діріл деңгейлері гигиеналық нормативтердің рұқсаттама берілетін мәндерінен артпайды.
103. Коммуникация немесе аппараттар бұзылып, сынған жағдайда кенеттен ауаға бериллий тозаңы және басқа зиянды заттардың мол мөлшері тасталуы мүмкін өндірістік жайларда, ауаның шаңдануын бір сағат ішінде гигиеналық нормативтерге дейін төмендетуге мүмкіндік беретін ағымды қамтамасыз ететін қосымша желдеткіштер және газ тазалау апараттары қарастырылады.
104. Ыдыстар мен баллондарды дайындау, монтаждау, жөндеу, пайдалану және куәліктендіру қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды жайластыру және қауіпсіз пайдалану Талаптарына сәйкес болады.
105. Бейөткізгіш болып табылатын сұйықтар және сусымалы заттарды қабылдау, өңдеу және олардың орнын ауыстырумен байланысты резервуарлар, технологиялық жабдықтар, құбырлар, құйып-төгетін құрылғылар және басқа жабдықтар статикалық тоқтан қорғалады.
106. Ғимараттардың, жабдықтардың құрылыстық конструкцияларының элементтерінің дабылдық-ескерту бояулары сондай-ақ қауіпсіздік белгілері 12.4.026-2002 МСТ Дабылды бояулар, қауіпсіздік белгілері, дабылды белгілер талаптарына сәйкес орындалады.
107. Негізгі және қосымша жабдықтарды, АжБӨҚ ағымдық және күрделі жөндеулер, жоспарлық-алдын алу жұмыстардың ұйымның техникалық жетекшімен (бас инженермен) бекітілген кестелеріне сәйкес жүргізіледі.
1-параграф. Өндірістік жабдықтарды орналастыру және жұмыс орны
108. Бериллий өндірістерін жаңадан жобалағанда және әрекеттегі өндірістерді қайтадан құрғанда өндірістік жайларды жоспарлауды, технологиялық үрдістің ағымдылығын және тізбектілігін есепке ала отырып жүргізеді. 109. Негізгі және қосымша жабдықтардың орналасуына өзгерістер енгізуді осы Талаптарға сәйкес жүргізеді.
110. Өртқауіпті үрдістердің жабдықтары, сондай-ақ шулы-діріл шағаратын және шаң-газ бөлетін жабдықтар оқшаулатылған жайларда орналастырылуы тиіс. Технологиялық жабдықтарды толық тығыздап жабу мүмкін болмаған жағдайда оны сиректетілген қысымын 5 мм.су.бағ. кем емес мәнде ұстап, жабық бөлмеге орналастырады. Көрсетілген жайлар, көрсеткіштері операторлық бөлмеге шығарылған, қысымның өзгеруін бақылайтын апаратпен қамтамасыз етеді.
111. Жабдықтарды жабық бөлмелерде, камераларда, бокстерде орналастырған жағдайда өзара оқшаулату, бөлмелер арасындағы байланысты, бөлмелердің қажетті қорғалу дәрежесіне байланысты тұрақты санитарлық, стационарлық шлюздер немесе дәлізшелер арқылы жүзеге асыру ұсынылады. 112. Ыдырата және тазалай балқыту пештері бөлек оқшаулатылған жабық бөлмелерде орналасады. 113. Лигатураны тазалау, қайта балқыту және алуға тағайындалған вакуумдық пештер басқа өндірістік учаскелерден оқшауланып орнатылады. 114. Технологиялық учаскелерде уақытша пайдаланылмайтын жабдықтар мен құралдарды сақтау үшін қосалқы бөлмелер қарастырылады.
115. Қабырғалар және аралық бөлгіштер мен жабдықтың шығып тұрған бөлігіне дейінгі ара қашықтық бір метрден кем болмайды.
116. Апараттар, станоктар және жабдықтардың басқа түрлерінің арасындағы ара қашықтық технологиялық тиімділігімен, ыңғайлылығымен, қызмет көрсету және жөндеу қауіпсіздігімен анықталады.
117. Жабдықтарды орнатқанда келесілерді алдын ала қарастырады:
1) көлік жүру үшін негізгі орталық жолдардың ені 3 метрден емес;
2) жұмыс істейтіндер үнемі жүретін жерлердегі негізгі жолдардың ені 2 метрден кем емес;
3) апараттарға және басқа жабдықтарға қызмет көрсету орындарының негізгі жолдарының ені 1,5 м кем емес;
4) айналасында қызмет көрсету қажет аппараттардың арасындағы жолдардың ені 0,8 метрден кем емес;
5) жабдықтарды, арматураларды және аспаптарды мерзімдік тексеру, реттеу және қарау үшін жүретін жолдардың ені 0,8 метрден кем емес;
6) жұмыс орнынан апаттық шығу жолдарына дейінгі жолдардың (адамдарды шығару үшін) ені 1 метрден кем емес.
118. Цехтардағы орталық немесе негізгі жолдар түзу болып орындалады.
119. Ең аз ара қашықтық, фундаментті, оқшаулағыштарды, қоршауларды және тағы басқа есепке алғандағы, жабдықтардың ең шығып тұрған бөліктерінің арасындағы өту жолдары үшін белгіленеді.
120. Жебір, жанғыш сұйықтардың құбырларын, оларды пайдалану және оларға қызмет көрсету қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын есепке ала отырып салынады.
121. Қойыртпақты және ерітінділерді сүзу үрдістері үшін мүмкіндігінше қолмен орындалатын операцияларды қажет етпейтін және өндірістік жайларға тозаңдар бөлінуін болдырмайтын, үздіксіз жұмыс істейтін жабдықтарды пайдаланады. Осы талаптарға жауап бермейтін жабдықтарды жабық бөлмелерде, бокстарда орналастырады.
122. Тұрақты жұмыс орындары, жабдықтарға қызмет көрсетудің ыңғайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін алаңдармен жабдықталады.
123. Әрбір жұмыс орнында жұмыстардың орындалуының қауіпсіздігі үшін жұмыстық күйде ұсталып және тиісті қажетті қосалқы құрылғылармен аспаптармен қамтамасыз етеді.
124. Бериллиймен ластанған құрал-саймандар, аспаптар, арнайы киімдер, сынамалар және өндіріс өнімдерінің бөлме-жай ішіндегі орнының ауыстырылуы, жабық ыдыс ішінде жүргізіледі.
125. Уытты заттармен ауаның апаттық ластануы мүмкін жұмыс орындарында немесе учаскелерде арнайы шкафшаларда тыныс алу органдары үшін жеке қорғаныс құралдарының қосымша жинақтары болады.
126. Демонтаждалған жабдықтарды тазалау және жуу үшін арнайы жабдықталған бөлме қарастырылады.
127. Үлкен өлшемді, демонтаждалған жабдық тікелей жұмыс орнында тазалануы және ыстық сумен және бумен жуылады.
128. Ұсақ бөлшектер және құрал - саймандар жуу бөлмелеріне арнайы жүкқораптарда жіберіледі.
129. Жабдықтардың ішін тексеруге және тазалауға арналған арнайы есіктер оларға еркін және қауіпсіз жете алатын жерлерде орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |