Беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы кмм



бет2/47
Дата05.03.2024
өлшемі287.88 Kb.
#494300
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Т1, Т2 емт.ҮЛГІЛЕРІ пароль - Orken2024

5 СЫНЫП І нұсқа
(4-бөлім «Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі»)
Оқу мақсаты:
5.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу
5.3.4.1 эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу.
5.4.3.1 омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану
  1. тапсырма. Оқылым. Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. (1 балл)


Төрт түлік мал – халқымыздың байлығы.Қазақ халқының тарихы осы төрт түлік малмен тікелей байланысты. Төрт түлік малдың ең қасиеттісі түйе болып табылады. Қазақ халқы түйені дала кемесі деген. Ол шөлге шыдамды, жүк артса
- көлік, жесе - ет, ал жүні - киімге жараған. Қазақтар түйенің жүнінен жүн шапандар киген, ол жеңіл, жұмсақ әрі қыста жылы болған. Тағы түйенің жүнінен тек жамылғы көрпелер жасаған, аяқ асты тастауға болмайды деп төсеніштер жасамаған. Түйенің шудасы қайнатып, емге пайдаланған, ал терісінен ер қаптаған. Ал сүтін болса емге пайдаланған. Сүті қою, құнарлы. Сүтінен шұбат, құрт, балқаймақ, т. б. жасаған.
Сиыр малың қазақтар көбінесе тамаққа жараған сиырды кейде көшке де, егіске де пайдаланып отырған. Сиыр да үйдің берекесі, айран - сүттің көзі, отбасының асыраушысы ретінде қадірлі мал болған. Ертеде сиыры жоқ үй ас - ауқаты жұтаң болып есептелген. Ертеде сиырдың терісінен құдықтан су тартатын қауға ыдыстар, қымыз ашытатын сабалар, сусын құятын торсықтар жасаған. Тіпті сиырдың тезегін отын ретінде, егіншілікке пайдаланған. Ал мүйізінен тарақ жасаған.
Қой төрт түліктің ішіндегі қазақтың сүйіктісі «Мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көл көсір» деген қазақ атамыз. Өзі өсімтал, тез ет алып қонақ кәдеге жарап отыратын, сүті майлы әрі жұғымды. Қой мен ешкінің иленген терісі түрлі сырт киім мен аяқ киім тігуге пайдаланған. Қойдың жүнінен киіз басып, жіп иіріп, баулар жасалады, кілемдер, текеметтер тоқылады.
Қазақ халқы қой мен ешкіні «уақ мал» деп атайды. Ешкі өте өсімтал мал. Ешкінің еті жеңіл, әрі сіңімді, сүті өте құнарлы. Ешкінің сүттісін арнайы ұстап, ана сүтіне жарымаған баланы ешкі сүтімен асыраған. Ешкінің серкесін әрдайым қойдың отарына қосып отырады, оның бүкіл отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін қасиеті бар. Ешкі жеңілтек мал деп есептелген, мінезі ұшқалақ, шыдамсыз баланы «ешкі құсап селтеңдеп» деп ешкіге теңеп отырады. Тағы ешкінің жүнінен түбіт орамалдар тоқиды. Ол жылы әрі жұмсақ болады. Қазақтың қасиетті малдарының бірі - жылқы. Ат - ер қанаты. Жылқы жүйрік, әрі өте төзімді мал оны салт мінуге, күш көлік ретінде пайдаланады. Сайын далада ұшқан құспен жарысып, халық үшін атқа мініп жауға шапқан батырларымызда аз емес. Қымызды емге пайдаланған, бойыңды қыздырып
қысты күні жылы әрі жұғымды болады. Жылқының жалынынан, құйрығынан арқан жіп есілді, етінен қазы - қарта, жал - жая жасайды.
Төрт түліктің пайдасы туралы өлеңдер ( қымыз, шұбат, сүт т. б. )




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет