3-5. Сұрақтарды дұрыс жауаптарымен сәйкестендіріңіз.
1
|
Адамның бір қызығы -
|
А
|
Қазаққа қарасөзге дес бермедім
|
2
|
Өзім де басқа шауып, төске
өрледім
|
В
|
Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім
|
3
|
Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ
|
С
|
бала деген
|
Айтылым. Тыңдаған мәтінде кездескен төмендегі сөздерді қатыстырып, диалогқа түсіп, өзара түсінісіп, ойларын толықтырып отырады, екіжақты ауызша хат алмасу (0,5 балл).
Бала, медресе, оқыту, еңбек ету, жек көру, шен алу, ақын Абай, ғылым,
Оқылым. Мәтінді мұқият оқыңыз. Төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз. (1 балл)
Қорқыттың нақыл сөздері
Баят руында Қорқыт ата дейтін білікті, сәуегей адам болыпты. Тәңірі зердесіне салған соң оның барлық болжамдары қатесіз болған. Оғыз тайпаларында Қорқыт ата ең қиын деген мәселелерді шешкен. Қандай ғана қиын іс болмасын, Қорқыттың кеңесін алмай, ел ешбір жұмысқа қол ұрмаған. Ел оның барлық өсиетін (билігін) бұлжытпай орындаған.
Қорқыт атадан мынадай нақыл сөздер қалыпты: «Тәңірге сиынбаған адамның тілегі қабыл болмайды. Тәңірісі құрамаса, ешкімнің бірі екеу болмайды. Тәңірі бендесінің маңдайына не жазса, сол болады. Оның жазуынсыз адам жамандық көрмейді, ажал келіп, өлмейді. Өлген тірілмейді, кеудеңнен қаның кетсе, ол қайтып келмейді. Жігіт тірісінде Қаратаудай қылып, бір күн тыным көрмей дүние жияды, байиды. Бірақ соның ішінен ол өзіне тиісті үлесін ғана жейді. Сулар тарам-тарам болып қаншама тасып аққанымен, теңіздерді толтыра алмайды. Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді. Өзіңнен тумаса ұл өгей: қаншама бағып, қаққаныңмен ол саған ұл болмайды. Ер жетіп, ат жалын тартып мінген соң өз жөніне кетеді, бәлки ол тәрбиелеген адамға көрдім-білдім деген сөзді де айтпас. Күлді қаншама үйгенмен төбе болмас. Қара есектің басына жүген таққанмен – тұлпар болмас. Күңге сары пай шапан жапқанмен – бәйбіше болмас. Қар қаншама қалың жауғанмен – жазға бармас. Гүлденіп өскен бәйшешек – күзге бармас. Тозған мақта бөз болмас, ежелгі жау ел (дос) болмас. Ат қиналмай жол шалмас. Қайыспас қара балтасыз жау алынбас. Мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге де жарамас.»
Достарыңызбен бөлісу: |