Оқылым.
Мәтінді мұқият оқыңыз.
Ұшқан ұя
Кейде менің өнеге алған, тәлім үйренген, дәріс оқыған ұстаздарымды еске түсіріп ойға бататыным бар. Сондай шырын шақтарда ең алдымен ата-
аналарымның бейнесі елестейді. Солардың уағызы басымырақ бола береді... Өйткені есейе келе көрген көп ұстаздарым талай-талай тағылымға бой ұрғызғанымен, солардың бірде-бірі нақ өзімнің әжемдей, әке-шешем мен ауылдың қадірлі ақсақалдарындай өсиет айдынына жүздіре алған жоқ, молынан құлаш сермете алған жоқ десем, ардақты ұстаздарымның көңіліне келмес. Бұл сезім өзіме қанымның тартқанынан немесе жақыныма сезімімнің бөлектігінен, әлде ата-анаға деген парызымның молдығынан ғана туып отырған жоқ. Өмір шындығының өзі ақиқатқа бас ұрары даусыз. Дүние тарихы, жаратылыс шежіресі, жан-жануар болмысы жайлы алғашқы әңгімені әжемнен естігенімді, адамзат қауымының қалыптасуы туралы тұңғыш мағлұматты әжемнен алғанымды қалай ғана ұмытармын... Иә, әлемнің пайда болуы, тірлік дамуы, адамзаттың шығуы, өмір жайлы шынайы сезіммен азаматтық тұрғысындағы жан баурайтын аңыздарды айтқан; ненің жақсы, не жаман екенін, нені сүйіп, неден аулақ жүруді үйреткен; ар заңының, әдеттің жинағынан алғашқы тарауларды таныстырған да, ең алдымен, ата-ана, ағайын-туған еді. Әрине, ол кезде мен де өзге сәбилер сияқты әжем айтқан ертегі мен аңыздардың түпкі байыбына бара бермейтінмін, әке әңгімесінің өсиетін ұға бермейтінмін және үлкендердің талай-талай өнегесін орындай бермейтінмін... Ол кезде мені қызықтыратыны ертегі-аңыздардың ғажайып оқиғалары еді... Енді, міне, есейіп ер ағасы болғанымда ойласам, мен сол әңгімелерден адамзат өресінің өрісін тани берген екем ғой...
Бауыржан Момышұлы
Тапсырма:
Мәтін мазмұнына сай келетін мақалды табыңыз. Оқылым мәтіні қандай үлгіде жазылған?
Жазылым.
Мәтінде қандай адамзаттық құндылықтар көтерілген? Лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойыңызды дәлелдеп эссе («келісу», «келіспеу», аргументативті, дискуссивті эссе) жазыңыз.
Әдеби тіл нормалары
Мәтіндегі қарамен берілген сөздердің сөзжасамдық нормасын анықтаңыз
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар
Достарыңызбен бөлісу: |