Беруін талдау Оқу құралы Қостанай



бет16/49
Дата12.05.2023
өлшемі0.97 Mb.
#473579
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   49
ef f keet2012

3.2 Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау


Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.
Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмакты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.
Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-материалдық қүндылықтардыц азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден тұсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіде— азаюына әсер етеді.
Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші -жалпы табыс.
Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.
Бұл ауытқуға келесі факторлар әсер етті:

  1. өткізілген әнімнің өндірістік өзіндік қүны;

  2. өнім бірлігінің бағасы;

  3. өткізілген енім көлемі (саны);

  4. өткізілген өнім құрамындағы қүрьшымдық өзгерістер.

Жоғарыда аталған факторлардың осы ауытқуға әсерін анықтау керек. Олардың есебі келесі түрде жургізіледі.
1. Өнімнің өндірістік өзіндік құнының өзгерісінің әсері, өткізілген өнімнің нақты өзіндік құнынан өткізілген өнімнің накты көлемінің жоспарлы өзіндік құнын алып тастау жолымен мына формула арқылы табылады:



- өткізілген өнімнің нақты көлемі;
- өнім бірлігінің нақты өзіндік құны;
- өнім бірлігінің жоспарлы өзіндік құны.

2. Жалпы табыстың нақты көлемінің жоспардан ауытқуына қолданыстағы баға өзгерісінің әсері келесі формула бойынша есептеледі:






Мұндағы: және - өнім бірлігінің сәйкесінше нақты және жоспарлы бағасы.
Өткізу көлемінің өзгерісінің жалпы табыс ауытқуына әсерін анықтау үшін алдымен өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу дәрежесін анықтау керек.
Жалпы табысқа тауарлы өнімдерді өткізу көлемінің өзгерісінің әсері келесі есеп арқылы анықталады:
1. N .

Мұндағы: -өндірістік өзіндік құны бойынша өткізу көлемі жоспарының орындалу деңгейі;


, - өткізілген өнімінң сәйкесінше нақты және жоспарлы өндірістік өзіндік құны.
2. .

Мұндағы: - тауарлы өнімді өткізу көлемінің табысқа тигізетін әсері;


- жоспарлы жалпы табыс.


Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші – негізгі қызметтен алынған (түскен) табыс. Ол сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары арасындағы айырма ретінде мына формула бойынша бойынша анықталады:

ДН Ж - РК .


Мұндағы: ДН - негізгі қызметтен алынған табыс;


ДЖ - жалпы табыс;
РК - кезең шығындары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет