Тарау 2. Қаржылық есептемесі және оның талдауы
Мақсаты: Кәсiпорынның қаржы жағдайын игеру үшiн қолданылатын ақпараттармен танысу. Бухгалтерлік баланс, қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебін қарастыру.
Жоспар:
2.1 Кәсiпорынның қаржы жағдайын игеру үшiн қолданылатын ақпараттар
2.2 Бухгалтерлік баланс
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп
2.4 Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі
2.1 Кәсiпорынның қаржы жағдайын игеру үшiн қолданылатын ақпараттар
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттык негізі қаржылық есеп беру болып табылады. Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 "Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп беруге мыналар жатады:
1) бухгалтерлік баланс;
2) қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;
3) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.
Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылуы тиіс. Мысалы, оған субъектіге әсер етуші тәуекел мен белгісіздік туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер туралы түсініктерді жазуга болады.
Субъектілерге қаржылық есепті бухгалтерлік есеп етандартында анықталған жеңілдетілген түрде толтырып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егер де төмендегі көрсетілген 3 шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана (соңғы 2 қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады:
1) зейнетақыны, жәрдем ақша және басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салық және басқа Қазақстан Республикасының төлемдерін салу үшін жылдық табыс Қазақстан Республикасының заңымен көрсетілген 10000 есе есептік көрсеткіштен аспайды;
2) қаржылық жыл бойы қызметкерлердің орташа саны 50-ден аспайды;
3) активтердің жалпы құны 60000 еселік есептік көрсеткіштен аспайды.
Қазіргі кезде бізде қолданылып жүрген отандық қаржылық есеп негізі шамалары бойынша халықаралық есеп стандартыньщ талаптарына сай келеді, себебі Қазақстан Республикасында соңғы жылдары бухгалтерлік есепті халықаралық тәжірибеге бейімдей отырып реформалау процесі белсенді жүргізілді, ол біріншіден, негізін құраушы нарықтық қатвшастар болып табылатын жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, екіншіден, біздің елі- міздің әлемдік экономикалық кеңістікке кіруімен байланысты.
«Қаржылық есептің мақсаты - бухгалтерлік есепті» «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептегі негізгі ашылулар» деген стандартында көрсетілгендей, - бұл қолданушыны заңды түлғаның қаржылық жағдайы және оның қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында болған өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.
Қаржылық есеп негізінен өтелген жағдайлардын қаржылық нәтижелерін және де кәсіпорын үшін инвестициялық шешімдер мен несие беру бойынша шешімдерді шешу үшін, сондай-ақ субъектінің болашақтағы ақша ағымдарын және осы субъектіге сеніп тапсырылған ресурстар мен басқарушы органдардың жұмыс тарымен байланысты ресурстар мен міндеттемелерді бағалау үшін қажетгі пайдалы ақпараттарды сипаттайды. Алайда қаржылық есеп қолданушыларға экономикалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық акпараттарды қамтымайды. Қаржы есебін пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер субъектінің ақша қаражаттарын айналдыру мүмкіндігін бағалауды, сондай-ақ оларды айналдыру уақытын есептеу және нәтижеге сенімді болуын талап етеді. Бұл нәтижесінде, субъектінің өз жұмысшыларына және жабдықтаушыларына ақы төлеу, пайызды төлеу, несиені қайтару және табысты тарату қабілетін анықтайды. Егер де қолданушылар тек қана субъектінің қаржылық жағдайын, қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі қаржылық есебінің өзгерісін сипаттайтын ақпараттармен емес, сонымен қатар барлық қажетті ақпараттармен жабдықталған болса, онда олар, яғни қолданушылар ақша қаражаттарының айналдыру мүмкіндігін одан да жақсы бағалайды. Бірақ коммерциялық құпияны қорғау туралы заң қолданушылар алатын қаржылық ақпаратқа шек қояды, дегенмен олардың ішінде кейбіреулері (тергеу органдары, ревизорлар, аудиторлар) өкілдігі болған жағдайда қаржылық есепте көрсетілген ақпараттарға қосымша ақпараттарды талап ете алады. Қолданушылардың көпшілігі қаржылық есепке қаржылық ақпараттың басты көзі ретінде сенуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |