Беруін талдау Оқу құралы Қостанай


Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін талдаудың негізгі міндеттері



бет41/49
Дата19.05.2022
өлшемі1.18 Mb.
#457830
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   49
ef f keet up

8.2 Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін талдаудың негізгі міндеттері

Несие алу үшін қарыз алушы банкке несиенің мақсаты, бағыты, сомасы, пайдалану мерзімі, өтеудің нақты мерзімі, сонымен қатар несиеленетін шаралардың қысқаша сипаттамасы және оны жүзеге асырудың экономикалық тиімділігі көрсетіліп негізделген жазбаша арызбен (3 дана толтырылады) барады. Сол кезде ол банкке несие шоттарын ашу үшін қажет арыз міндеттеме береді. Несие шоттары банкте есеп айырысу шотын ашу бойынша ашылады.


Несие алу үшін қарыз алушы, оны пайдалану мерзіміне тәуелсіз, банкке келесі құжаттарды өткізеді:

    • несиеленетін шаралардың жоспарланған шығындары, несие өтелетін айналым активтерінің және күтілген түсімдер қозғалысының есебі бар техникалық-экономикалық негіздемелері;

    • қарыз алушының қаржылық жағдайын және несиеге қабілеттілігін анықтау үшін бухгалтерлік, статистикалық есеп берулер, табыстар мен шығындар туралы есеп берулер және басқа да мәліметтер;

    • банк тәжірибесінде қабылданған нысандар бойынша несиені өз уақытында қайтаруды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер (жедел міндеттемелер, кепіл міндеттемелері, кепілдемелер, кепілдікке алу, сақтандыру куәлігі және басқалар);

Қажет болған жағдайда банк сол орында алдын ала тексеру жүргізуі және қарыз алушының қаржы-шаруашылық қызметі туралы аудиторлық ұйымның қорытындысын талап етуі мүмкін.
Несиелік келісім-шарт жасауға дейін, қарыз алушыдан арыз және қажет құжаттарды алған кезде, банк кәсіпорынның өзінің қарыз міндеттемелері бойынша толық және бекітілген уақытта есептесе алады және жаңа несие алу үшін алғы шарттарды орындай алатын қабілеттілігін білдіретін, қарыз алушының несиеге қабілеттілігін талдауы қажет. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның несиеге қабілеттілігі несие алуға құқы және мүмкіндігі талданады. Ол алдыңғы несиелер бойынша есептесу кезіндегі ұқыптылығы, ағымдағы қаржы жағдайы және қажет болған кезде ақша қаражаттарының әр түрлі көздерін жұмылдыра алу мүмкіндігімен сипатталады.
Несиеге қабілеттілігін талдаудың мақсаты – банкпен несиелеу мүмкіндігі және шарттары туралы мәселені шешу алдында анықталатын, қарыз алушыға сапалық баға беру, клиенттің қарызға алған қаржыны несие шартының баптарына сәйкес қайтаруға қабілеттілігі мен несиелік салымдарының мақсатқа сайлығын және банк пен қарыз алушы арасындағы несиелеу тұрғысындағы әрі қарайғы қатынастың негізделуін және дұрыстығын бағалау (несиелеуді жалғастыру, тоқтату, ұқыпсыз қарыз алушыға санкцияларды қолдану).
Кәсіпорынның қызметіне талдау жүргізбестен бұрын төмендегідей жұмыстарды жүргізу керек:

  1. Нақты бір кәсіпорынның қызметін зерттеу кезеңін белгілеу; материалдарды іріктеп алу және жүйелеу; көрсеткіштердің өзара байланысын тексеру және олардың салыстырмалылығын бағалау. Жеке алғанда инфляциялық факторлардың әсерін жою керек, ол үшін елдегі жарияланатын индекстік бағалар негізінде базистік көрсеткіштермен салыстырылатын есеп беру көрсеткіштері қайта саналады.

  2. Жұмыстың екінші кезеңіндегі сыртқы талдау өткізу кезінде әр түрлі алдын ала талдау есептері жүргізіледі. Олардың қатарына есептік көрсеткіштердің базалық көрсеткіштерінен абсолютті және салыстырмалы ауытқуларының есебі; қорытынды көрсеткіштеріндегі жеке баптардың үлес салмағын анықтау; төлемқабілеттігінің, табыстылықтың және т.б. салыстырмалы көрсеткіштерінің есептері жатады.

  3. Үшінші кезеңде нағыз талдау жүргізіледі. Сандық өлшемдерді пайдалана отырып талдау, белгілі бір дәрежеде шеберлікті қажет етеді, өйткені көптеген, жиі қарама-қарсы тенденциялар мен көрсеткіштерден қарыз алушыға несие беру туралы мәселені шешу үшін кәсіпорынның төлемқабілеттігі жағдайын дұрыс бағалау үшін оның даму бағыттарын анықтай білу керек.

Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін талдаудың негізгі міндеттері:
- кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтау;
- қарыз алушының шаруашылық қызметінің тиімсіздігі салдарынан несие ресурстарын жоғалтудан алдын ала сақтандыру;
- қарыз алушы кәсіпорынды оның тиімділігін көтеру бағытында қызметін ынталандыру;
- несиелердің тиімділігін көтеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет