Тарау 9. Кәсіпорынның потенциалдық банкроттылығын және кәсіпкерлік қатерін талдау
Мақсаты: Банкроттықтың түсінігі және оны алдын алудың белгілі механизмімен танысу. Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың ролі мен маңыздылығын қарастыру.Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың негізгі әдістерімен танысу.
Жоспар:
9.1 Банкроттықтың түсінігі және оны алдын алудың белгілі механизмі
9.2 Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың ролі мен маңыздылығы.
9.3 Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың негізгі әдістері.
9.1 Банкроттықтың түсінігі және оны алдын алудың белгілі механизмі
Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Ол соттың шешімі мен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады. Қазақстан Республикасының "Банкроттық туралы" 07.04.95 жылғы №2173 Заңына сәйкес, қарызды төлеуге шамасы жоқ ұғымы ақшалай міндеттер бойынша кредиторлар сұранысын, еңбекақы телеу талабын қанағаттандыра алмау, сонымен қатар өзіне тиісті мүлік есебінен бюджет пен бюджегтен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмау жатады.
Банкроттықтың пайда болуының негізгі себептерін келтірейік:
1. Шаруашылық жүргізу жағдайын жасаудың объективті себептері:
экономиканы реформалаудың нормативті және заң шығаратын базаларының, қаржылық, ақша, несие, салық жүйелерінің жетілмегендігі;
инфляцияның аса жоғары деңгейі;
фирманың құнды қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі;
бәсекелестің жоғары деңгейі және соның нәтижесінде пайда болған сәйкес келмейтін өндіріс шығындары төмендемей, өнім бағасының төмендеуі..
2. Шаруашылық жүргізуге тікелей қатысты субъективті себептер:
банкроттықты уақытында болжап және қелешекте одан сақтана алмау;
жарнама, өтімділік жүйесінің болмауы, сұранысты дұрыс зерттемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;
өндіріс көлемінің төмендеуі;
ұқсас, бірақ сапасы жоғары өнімдердің бағасына кейбір түрлердің бағаларының жақындауы;
ақталмаған жоғары шығындар;
өнімнің төменгі рентабельділігі;
өндіріс циклінің өте келемді болуы;
үлкен қарыздар мен өзара төлей алмаулар;
ескі басқарма басшыларының нарықты қүруға бейімделе алмауы, сұранысы жоғары өнімдерді шығаруда іскерлік керсетпеуі, инвестициялық, бағалық, қаржылық саясаттың тиімдісін таңдай алмауы.
Кәсіпорындардың жаппай банкроттыққа ұшырауы жағымсыз әлеуметтік қиындықтарға соқтыруы мүмкін, сондықтан нарықтық экономикасы дамыған елдерде, оларды толық күйреуден қорғау мен алдын алудың белғілі механизмі қалыптасқан.
Осы механизмнің негізгі элементтері мыналар:
банкроттықты құқықтық реттеу;
кәсілорынның банкроттығы жайында актілерді жүзеге асыруға шешім қабылдау процестерінің нормативтік-әдістемелік, экономикалық, ұйымдық қамтамасыз етілуі;
перспективалы тауар өндірушілерді қолдау мақсатында, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға мем-лекеттік қаржылық көмек шаралары;
қайта құру және жою шараларын қаржыландыру;
банкроттық процедураға қатысушыларға экономикалық көмек көрсету;
кең ауқымды қоғам үшін банкроттар жайында ақпараттардың жариялылығын қамтамасыз ету, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындардың тізімін жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |