Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2014 жылғы 4-ші тоқсандағы жұмыстары туралы



Дата17.07.2016
өлшемі67.63 Kb.

Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2014 жылғы 4-ші тоқсандағы жұмыстары туралы

Ауданда 22 жалпы білім беретін мектеп, оның ішінде 1 бастауыш, 3 негізгі және 18 орта мектеп жұмыс істейді. Мектептер бойынша оқушылар контингенті -2915 құрайды. Оңтайландыру жүргізіліп, Бөкебай және Бірлік бастауыш мектептері жабылды.Балалар  Н.Баймұратов атындағы және Глуховка орта мектептеріне автобуспен жеткізіледі.


        
Бюджет.
2014 жыл ішінде білім беру мекемелері бойынша бюджет 1 369,1 млн. теңгені құрады.

Материалды-техникалық база.
Оқу жылының басталуына дайындық бойынша ағымды жөндеу жұмыстарына 7,2 млн.теңге сомада ақша қаражаттары бөлінді.
Жалпы сомасы 300,0 мың теңгеге Башкөл және Мостик орта мектептеріне ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ағымдағы жылы апатты мектептердің орнына екі  жаңа мектептің құрылысына 180,0 млн теңге сомада ақша қаражаттары бөлінді. Қазіргі кезеңде 80 орынға арналған  Башкөл орта мектебінің құрылысы жоспарға сәйкес жүргізілуде, жұмыстарды ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. 80 орынға арналған Мостик орта мектебінің құрылысын 2015 жылдың соңында аяқтау жоспарлануда.
2014 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша  ауданның 3 мектебінде күрделі және ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді, олар: Канонерка орта мектебі-сомасы 32,2 млн теңгеге  ғимараттың күрделі жөндеуі, Б-владимировка орта мектебі – сомасы 23,6 млн теңгеге ағымдағы жөндеу, Семеновка орта мектебі- сомасы 39,9 млн теңгеге ғимараттың ағымды жөндеуі. Сомасы 4,0 млн теңгеге Қоянбай орта мектебінің 25 баланы қамтумен толық күнді шағын орталығының ағымды жөндеуі аяқталды. Бөденелі орта мектебінде 2,9 млн теңге сомада химия кабинеті сатып алынды.
Ағымдағы жылдың маусым айында сомасы 234,532 мың теңгеге «Айналайын» бала-бақшасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Сомасы 26,1 млн теңгеге Кривинка орта мектебі қазандығының қайта жаңарту, сомасы 2602 млн теңгеге Глуховка орта мектебі қазандығының қайта жаңарту, сомасы 1,3 млн теңгеге Б-Владимировка орта  мектебі қазандығының  ағымды жөндеу жұмыстары аяқталды.
Қатты отын 6419 тонна мөлшерінде жеткізіліп, 100 пайызды құрады.
Бөденелі орта мектебі сомасы 6,7 млн теңгеге 66330 тонна мөлшерінде сұйық отынның тасымалдауға және сақтауына келісімшарт жасады.
        
Мектепке дейінгі тәрбие.
Аудан мектептерінде 727 баланы қамтыған 38 шағын орталық бар. Олардан «Балапан» бғдарламасы бойынша 175 баланы қамтитын толық күнді 7 шағын орталық жұмыс істейді. 552 бала қысқа уақытты шағын орталығына қатысады.
Мектеп алды мекемелеріне қатысатын балалардың жалпы саны 952 баланы немесе 97,8 пайызды құрады. 2014-2015 оқу жылдары ішінде ауданның 22 мектебінің 29 мектеп алды дайындық тобында 386 бала білім алуда. 2015 жылы Өндіріс орта мектебінде 25 орынға арналған толық күнді шағын орталығының ашылуы жоспарлануда.
       
Ыстық тамақпен қамтамасыз ету.
  Барлық 22 мектепте ыстық  тамақтану ұйымдастырылды немесе 100 пайызды құрайды. Тамақтану рационына сүт пен  сүт өнімдері, дәрумені бар кисель қосылған. 1-4 сынып оқушыларына аптасына 6 рет 1 балаға 10 грамм есебімен, 5-11 сынып оқушыларына 20 грамм есебімен бал беріледі. Аудан бойынша аз қамтылған отбасылардың және жетім балалардың саны 405 баланы құрайды. Барлығы жалпылай оқыту қоры бойынша жергілікті бюджет есебінен тегін тамақтандырылады.
Демеушілердің есебінен аудан мектептері сүт және балмен 100 пайыз қамтылған.
 
Педагогикалық кадрлар.
Аудан бойынша 484 мұғалім бар, оның ішінде  жоғары біліммен -407 мұғалім, арнайы орта біліммен 74 мұғалім. 2014-2015 оқу жылдары жалпы білім беру мектептеріне «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 17 жас маман келді. 2012-2014 жылдар ішінде 80 мұғалім 3 айлық біліктілік арттыру курстарынан өтті.

Оқу-әдістемелік жұмыс.
Дәстүрлі түрлі зияткерлік дарыны бар оқушыларды анықтау мақсатында ғылыми жарыстар өткізіледі.
«Дарын» орталығының кестесі бойынша оқушылардың облыстық ғылыми  конференциясы өтті. Осы конференцида Кривинка орта мектебінің оқушысы Е.Каиржанов 1 орын, Борас орта мектеп-бақшасының оқушысы Н.Рахметуллина 2 орын және Д.Бектенов 3 орынға ие болды.
Ауданда аудандық семинарлар өтті: «Дене тәрбиесі салаутты өмір салтының негізі» тақырыбына Б-Владимировка орта мектебінің базасында және «Жаңа технология- заман талабы» тақырыбында Н.Баймұратов атындағы орта мектебінің базасында.
«Жас ұстаз-2014» жас мұғалімдер аудандық конкурсыжәне математика мұғалімдері сайыстары өткізілді.

Тәрбие жұмысы.
Аудан мектептерінде сабаққа келмейтін балалар мен жасөспірімдерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Кәмелеттік жасқа толмаған «тәуекел» тобына жататын балаларды спортық секцияларға тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Демалыстың әр алуан түрлерімен 2727 оқушы қамтылып, 99,8 пайызды құрады. Балалар мен жасөспірімдерді сауықтыруға, демалысына және жұмыспан қамтылуына 2014 жылы жергілікті бюджеттен 5,2 млн теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2 млн теңгеге артық.

Спорт.
Салауатты өмір салтын насихаттау және жастарды спортқа баулу мақсатында Бесқарағай ауданының аумағында 108 спорт ғимараты жұмыс істейді, оның ішінде 21 спорт залы бар: жалпы білім беретін мектептерде -18 зал, Бесқарағай ауданы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық балалар –жасөспірімдер спорт мектептебінде – 1зал, Бесқарағай колледжінде 1 зал; 50 жазықтық ғимараттар бар, оның ішінде 29- спорт алаңы, 21-футбол алаңы, 3-ипподром, 16-хоккей алаңы, 8- спорт залы, 7- атқыш тир.
2014 жылы 19 аудандық және 1 облыстық деңгейдегі іс-шаралар өткізіліп, 9 облыстық іс-шараларға қатысты.
2014 жылдың қаңтар айында өткен шаңғы жарыстарына 21 мектептен 138 адам қатысты. Осы іс-шара Канонерка ауылдық округінің шаңғы тебетін трассасында жалпы білім беру мектептерінің арасында өтті.
Бесқарағай ауданының қатысушыларының арасында «Жұлдызша» жүлдесіне шайбалы хоккей бойынша  Семияр орта мектебінің хоккей аланыңда өткен жарысқа 6 құрама команда қатысты. Олар: Семияр, М-Владимировка, Н.Баймұратов атындағы орта мектептері және Борас орта мектеп-бақшасы.
Осындай жарыстар өткізілуінің арқасында Өскемен қаласында «Жұлдызша» жүлдесіне шайбалы хоккей бойынша өткен Шығыс Қазақстан облысының чемпионатында Бесқарағай ауданының құрама командасына 2- ші жүлделі орынды иеленді.
Ауданның ауылдық округтерінің ерлері мен әйелдері арасында волейболдан чемпионат өткізіліп, 2014 жылы ерлер арасында Қарабас ауылдық округінің командасы, әйелдер арасында Бесқарағай ауылдық округінің командасы чемпионы атанды. Ауғанстаннан әскерді шығаруға 25-жылдығына арналған ерлер командасының арасында волейболдан турнир, Бесқарағай ауданының жалпы білім беру мектептерінің оқушыларының арасында баскетболдан жарыс, спорт ардагерлерінің арасында шахматтық турнир, Жеңіс күніне орай шағын футболдан турнир, Ұлы Отан соғысы жеңісінің 69- жылдығына орай бәйге өткізілді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері Күніне орай спорт ардагерлері арақасында «Бір жалау астында татулықпен» атты шахматтан турнир өтті. 2014 жылдың мамыр айында Борас орта мектебі-бақшасы базасында 2002-2003 жылы туған жасөспірімдер арасында, Ауғанстаннан әскерді шығаруға 25- жылдығына орай шағын футболдан облыстық турнир өткізілді. Осы турнирге Бесқарағай, Жарма, Бородулиха аудандарының, Курчатов және Семей қалаларының командалары қатысты. Бесқарағай ауданның командасы бірінші орынға ие болды.
2014 жылдың I жартыжылдығы ішіндегі дене шынықтыру және спорттың белсенді дамуын оьлыс деңгейіндегі жарыстардан алған жүлделі орындардан байқауға болады: аудан командалары Семей қаласының футбол залында ашық турнирден және жасөспірімдер арасында баскетбол жарысынан 1 орын алды, Семей қаласында ITF таэквандо бойынша облыстық жарыстардан біздің спортшылар жүлделі орындарды иеленді.
2014 жылдың бірінші жарты жылдығына Бесқарағай ауданының құрама командасы 2014 жылғы 18-25 маусым аралығында атақты күресші Балуан Шолақтың 150-жылдығына орай Зайсан қаласында өткізілген Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесіне Халық спортының XVIII ойындарына қатысып, Бесқарағай ауданы 12-ші орынды иеленді.
13-ші шілдеден 14-ші тамыз аралығында ауылдық округтердің арасында 2014 жылғы футбол бойынша Чемпионаты өтті.
2014 жылдың 16 тамызында Бесқарағай ауылының орталық алаңында «Денсаулық аптасы» акциясы негізінде «Денсулық фестивалі» өткізілді, 29 желтоқсанда ауылдық округтердің арасында Тұнғыш Президент күніне арналған шахматтан жарыс өткізілді.
Ағымдағы жылдың 13-ші және 20-шы желтоқсанында жалпы білім беру мектептерінің 2001-2002 жылы туылған оқушылардың арасында Шығыс Қазақстан облысы  әкімінің жүлдесіне «Сәулетай» балар спорттық ойынының Х облыстық бағдарламасында қазақша күрес, армрестлинг, үстел теннисі, тоғық құмалақ, волейбол, шағын футбол бойынша іріктеу  спартакиадасы өткізілді. Ағымдағы жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ауылдық округтердің арасында дойбыдан жарыс өткізілді. 17 қарашадан 15 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай аудан орталығының мекемелері мен ұйымдары арасында Х спартакиада өткізілді.

ҰБТ.
18 орта мектептің түлектері-163 оқушыны құрайды және 1 түлек экстернмен бітіреді, оның ішінде дәстүрлі емтиханды ҰБТ түрінде 91 (55 пайыз) және 73( 45 пайыз) түлек тапсырды (2013 жылы -57,4 пайыз). 18 орта мектептің ішінде 2 мектепте 11 сынып жоқ (Кривинка және Өндіріс орта мектетері) және екі мектептің оқушылары дәстүрлі емтихан тапсырды (Семеновка және Глуховка орта мектептері).
ҰБТ қорытындылары бойынша  ауданда орташа балл 73,2 пайызды құрады, бұл 2013 жылдың балл көрсеткішінен 7,2 пайызға жоғары (66 балл).
Үш жылдың көрсеткіші

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

қатысу %

орта балл

қатысу %

орта балл

қатысу %

орта балл

қатысу %

орта балл

60%

80,1б

66,9%

62 б

57,4%

66 б

45

73,2

Сосновка орта мектебінің оқушысы Губайдуллина Румия 116 балл алып, «Алтын белгі» аттестатын қорғай білді, сонымен қатар үздік аттестатты Б-Владимировка орта мектебінің оқушылары Тайгулакова Ажар (119 балл), Какимова Айым (116 балл) алумен, Беген орта мектебінің оқушысы Ергожина Дана (121 балл) 100 юалдан жоғары алумен дәлелдеді.

 

Білім беру, дене шынықтыру


және спорт бөлімінің басшысы К.Н.Тастенбекова       
Каталог: files
files -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
files -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет